Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі

Сөздерді тапқа бөлудің үшінші ұстанымына сай әр сөз табы сөйлемде белгілі бір қызмет атқарады. Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болады(65 ,198). Мысалы,

Көгілдір көкте қалқиды,

Көк ала бұлттар тек баяу.

Көкпеңбек теңіз шалқиды,

Көп еді неткен көк бояу. (К.Ахметова)

Осы өлең жолдарындағы сын есімдер зат есім алдында тұрып, анықтауыш болып тұр. Сын есімнің зат есім алдында келіп тіркесуі- тілдегі қалыптасқан заңдылық. Бірақ сөйлемде зат есім түсіп қалып, сын есім орнына орнына қоданылатын кездері де болады, яғни сын есім заттанып қолданылатындығы жоғарыда айтылды. Мұндай жағдайда сын есім зат есімдер секілді түрленеді. Мысалы, Жаманға жақсы сөз өтпес (С.Сарайи). Өнерлінің қапасы нақ, өнерсіздің өкініші жоқ (А.Иүгінеки). Осы сөйлемдердегі жаманға, өнерлінің, өнерсіздің сөздері заттанып, барыс және ілік септіктер тұлғасында тұр.

Сын есімдер заттанған кезде табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Жақсыға сұқтан, жаманнан сақтан.

Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. Мысалы, Дәрмен мен Мәкеннің қолында тұрса, басқа мінез өзінен шықпайтынын саналы әйел жақсы аңғарды (М.Әуезов). Мына қып-қысқа хаттан ана көңілінің алаңы анық сезіледі.

Сын есім заттанғанда атау септікте тұрса, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы, Жақсылар байқап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер.

Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы да болады. Мысалы, Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш (Қ.Қазиев). Үйдің іші мұнтаздай тап-таза (С. Бақбергенов).

СООЖ

1. Сын есімнің шырайлары туралы қөзқарастар

2. Сын есімнің шырайлары және олардың ерекшеліктері

СӨЖ

  1. Сын есімнің заттану процесі.

  2. Сын есімнің қалыптасуындағы адьективтену амалының рөлі.

  3. Күрделі сын есімдерге мысал теріп, оларды сипаттау.

а/ Негізгі сын есім мен туынды сын есімді ажыратып, туынды сын есім жұрнақтарын сызықшамен бөліп көшіріңіздер. ә/ Туынды сын есімнің қай сөз табынан жасалғанын дәлелдеңіздер. б/ Сын есімнің астын сызып, олардың сөйлемнің қай мүшесі екенін талдаңыздар.

а) Адырсыз, жотасыз жазық алап,

Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған,

Басында үш жеміс бар былқылдаған,

Бірі-ақ, бірі – қызыл, бірі – сары,

  • Таңдап ал, мен берейін бірін саған /Абай/

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ /Абай/

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға /Абай/

ә) Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндері кең табиғат құшағында, мал өрісінде, түндері жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылыстарын бақылаудан туған көп жылдық тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілім жинақтаған. ... Қазақтар шексіз кең далада мал бағу, көшіп-қону, жолаушы жүру, түн қату және аң аулау, төрт құбыланы анық айыру, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап, бағыт-бағдарды дәл табу сияқтыларды ұрпақтарына үйретіп ұқтырған.

ІІ Сызбадағы қатені тауып, түзетіңіз:

а) Сын есімнің мағыналық топтары

сапалық

салыстырмалы

қатыстық

ә) Күрделі сындардың түрлері

Біріккен

қосарланған

туынды

тіркескен

б) Сын есімнің шырайлары

Жай

асырмалы

жалаң

салыстырмалы

күшейтпелі

в) Жалаң сын есімдердің морфемдік құрылымына қарай бөлінуі

Негізгі

тіркескен

туынды

г) Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі

Бастауыш

анықтауыш

толықтауыш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]