
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Сын есімнің жалпы сипаттамасы
Тіліміздегі заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын сан алуан қасиеттерін білдіретін сөздер үлкен бір топ құрайды. Осы топқа жататын сөздердің лексикалық мағыналарының жалпылануы, абстракциялануы нәтижесінде оларда заттың сындық белгісін білдіретін жалпы грамматикалық мағына пайда болады. Заттың сындық белгісін байқататын жалпы грамматикалық мағына сын есім деген жеке сөз табын тануға мүмкіндік береді. Сондықтан ғылымдағы сөздерді таптастырудың бірінші белгісіне, яғни семантикалық ұстанымға сәйкес- “сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы әрі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы(63, 174)” болып табылады.
Сөз таптарының морфологиялық сипатын сөз еткенде, ал-дымен олардың құрылымы, екінші жасалу тәсілі, одан соң түрлену жүйесі ескерілуі керек. Осы тұрғыдан келгенде сын есім құры-лымы жағынан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Ал жалаң сын есімдер өз ішінде негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер болып бөлінсе, күрделі сын есімдер біріккен, қосарланған, тіркескен сын есімдер болып бөлінеді.
Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады. Бірақ бұл мәселе сөзжасамда қаралатындықтан, бұған тоқталмаймыз.
Сөздерді топтарға бөлгенде олардың грамматикалық сипатын ашатын белгілердің бірі ретінде сөздердің түрлену жүйесі де еске-ріледі. Мысалы, зат есім өзінің көптелу, тәуелдену, септелу жүйелері арқылы басқа сөз таптарынан ажыратылады. Бірақ сын есімде мұндай түрлену жүйесі жоқ, яғни сын есім өзінің негізгі қызметіне сай зат есімге тіркесіп, оны анықтағанда, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан сын есім түрленбейтін сөз табына жатады. Сын есімнің тұлғалық өзгеріске түспеуі, түрленбеуі сөздерді таптастырудың морфологиялық ұстанымына байланысты белгісі болып есептеледі, өйткені “түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі (морфологиялық) принципі (32, 439).” Бірақ сын есімде басқа сөз таптарында кездеспейтін шырай категориясы бар.
Ғылымда қалыптасқан қағида бойынша жеке сөз табы бола-тын сөздер сөйлемде белгілі қызмет атқарып, басқа сөздермен байланысқа түседі. Осы тұрғыдан келгенде сын есім зат есімдермен тіркесіп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Олай болса сын есімнің белгілі сөйлем мүшесі бола алу қабілеті -оның синтаксистік ұстанымға сай белгісі.
Осы айтылған ерекшеліктер сын есімді жеке сөз табы ретінде танытатын белгілер деп есептеледі. Сондықтан “Сын есім” тақырыбын да үш блокқа бөліп қарастыруға болады:
1-блок-Сын есімнің семантикалық топтары
2-блок-Сын есімнің морфологиялық құрылымы
3-блок-Сын есімнің синтаксистік қызметі.
І блок Сын есімнің семантикалық топтары
Өмірдегі заттардың сындық белгілері өте көп, қасиеттері де сан алуан. Сонымен байланысты сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді(6, 176). Сол себепті сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді: 1)сапалық сын есімдер; 2)қатыстық сын есімдер.
Сын есімдерді мағыналық жағынан осылай екі топқа бөлу- ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, А.Байтұрсыновтың “Тіл-құрал” оқулығының 1915 жылы шыққан 2- бөлімінде сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген және ғалым бұлардың әрқайсысына сипаттама берген. “Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді,“ – дей келіп, оған ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік т.б. мысалдарды келтірген.
Ал “Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді,”-деп, биік, аласа, жуан, жіңішке, толық, нәзік, арық, семіз, қызыл, көк секілді мысалдармен көрсетілген. Әрине тек сынына келтірілген мы-салдарда түбір күйіндегі екі зат есім бір-бірімен тіркесіп келіп, бірін-бірі анықтап тұр, яғни аяқтың ағаштан, қасықтың күмістен, жүзіктің алтыннан жасалғанын білдіріп,анықтауыштық қызметте тұр, бірақ олар(ағаш, күміс, алтын) сын есім емес, сөз табы жағынан зат есім сөздер екендігі кейінгі ғалымдар еңбектерінде дәлелденген жайт
Ал сыр сынына берілген анықтама, мысалдары қазіргі оқу-лықтардағы сын есімнің сапалық деген мағыналық тобына келеді, сондықтан ғалымның сын есімдерді осылай топтап атауының үлкен мәні бар.
Сын есімнің шырай категориясын арнайы зерттеген (1951) және 1957 жылғы академиялық грамматикада “Сын есім” тақырыбын жазған Ғ.Мұсабаев сын есімдерді сапалық және қатыстық сын есімдер деп екіге бөлген.
Сапалық сын есімдер
Сапалық сын есімдер, оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, мағынасы жағынан заттың түрі мен түсін(ақ, қара, қызық, көк, сұр т.б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін( ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіреді.
Сапалық сын есімдер негізінен қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер ретінде қарастырылады. Мысалы, ақ, көк, сары, жақсы, биік т.б. секілді сын есімдер түбір сөздер, бірақ сапалық сын есімдерді қосымшасыз негізгі түбірлер дегенді шартты түрде ғана алып, белгілі бір кезең, қалыптасқан дәстүр тұрғысынан қарамау жөнінде грамматикаларда ескертілген (31, 70). Осы пікірді проф. А.Ысқақов та жалғастырып, сапалық сын есімдерге түбір сөздерді жатқызу салты бар екендігіне тоқтала келіп, “бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұр-ғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған(63, 177),” -дейді.
Бірақ ғалым келтіріп отырған сын есімдер тарихи жағынан түбір сөздер болғанымен, сапалық сын есімдер қатарына жатады, өйткені оларда сапалық сын есімдерге тән белгілер бар. Ал сапалық сындардың ерекшеліктері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және сынның әр-қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады, екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданатын үстеме буындар жалғанады, үшіншіден, олар семантикалық ерекшелігіне қарай атрибуттық (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады (63, 177). Сонымен бірге, заттың сапалық белгісі өзінің бастапқы қалпын үнемі сақтап тұрмайтын ерекшелігі де айтылып жүр. “Мысалы, жаңа дәптер, қызыл орамал десек, мұндағы анықталушы зат есімдер (дәптер орамал) осы қалпында тұра бермей, пайдалану барысында сындық сипатын өзгертеді (ескі дәптер, қызғылт орамал) (49, 6)”
Қатыстық сын есімдер
Сын есімнің мағыналық топтарының бірі-қатыстық сын есімдер туралы грамматикаларда“қатыстық сын есімдер өздері жасалған түбір сөздің мағынасымен сыбайлас келіп, сол белгілі бір заттың белгісін басқа бір заттың, істің қатысы арқылы білдіреді (31, 71),”“бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-қимылдың қатысы арқылы білдіретін сөздер (63, 178),” “бір заттың белгісін басқа бір заттың, қимыл іс-әрекеттің, сынның қатысы арқылы білдіретін сөздер(32, 461),”-деген анықтамалар берілген. Мысалы, жауынды күз, білімді студент, сулы жер, үкілі домбыра, малды ауыл, күзгі жел, көршілес ауыл, қатулы қабақ, үюлі шөп т.б.
Осы мысалдардағы жауынды, білімді, сулы, үкілі, малды, күзгі, көршілес, қатулы, үюлі сөздері- қатыстық сын есімдер.
Қатыстық сын есімдер морфемдік құрамы жағынан-негізгі және көмекші морфемалардан тұрады, яғни“әр түрлі жұрнақтар ар-қылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады (31, 71),” Мысалы, оюлы (текемет), тастақ (жер), қарлы (қыс) т.б. секілді туынды сын есімдердің мағыналары өздерінің түбірі болып тұрған-ою, тас, қар сөздерімен тығыз байланысты, өйткені оюы жоқ текемет оюлы, тасы жоқ жер тастақ, қар жаумаған қыс қарлы деп айтылмаған болар еді, ал оларға жалғанған -лы,-тақ,-лы жұрнақтары текеметте, жерде, қыста сол белгілердің бар екенін көрсетіп тұр.
Олай болса, қатыстық сын есімдердің құрамындағы негізгі морфема мен қосымша морфеманың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады.
Қатыстық сын есімдер негізінен есімдер мен етістіктерден жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, қамысты, шилі, пайдалы, намысқор, күлдіргі, тапқыш, береген т.б. Осы қатыстық сын есімдер қамыс, ши, пайда, намыс есім сөздеріне –ты,-лі,-лы,-қор жұрнақтары жалғану арқылы, ал күлдір, тап, бер етістіктерінен –гі,-қыш,-еген жұрнақтары арқылы жасалған. Мұндай есімдерден және етістіктерден қатыстық сын есім жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар өте көп. Ол жұрнақтар проф. Н.Оралбайдың“Қазақ тілінің сөзжасамы” атты оқулығында кеңінен талданған(41, 136).
Осылайша, “сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар, я жоқ, соған бейімділік, мекендік т.б. тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу арқылы қатыстық сын есім болады(32, 462).”
Қатыстық сын есімнің, еңбектерде көрсетіліп жүрген тағы бір ерекшелігі олар сын есімнің шырай қосымшаларымен түрленбейді. Ал егер сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сын есімдер шырай тұлғалары арқылы түрленетін болса, онда олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып есептеледі. Мысалы, білгір-білгір-леу,-біп-білгір, өте білгір, икемді-икемдірек, икемділеу, іп-икемді, өте икемді т.б. Бұл ерекшелікке соңғы зерттеулерде де көңіл бөлініп жүр. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипатын қарастырған Г. Сыздықова өз зерттеуінде осы мәселені де қамтыған. Автор сапалық сын есімге ауысқан қатыстық сын есімдерді толық және жартылай ауысқан деп екіге бөліп, толық түбегейлі түрде ауысқан қатыстық сын есімдерде сапалық мән үстем болатындығын, ал жартылай ауысқан қатыстық сын есімдер бірде қатыстық, бірде сапалық мәнде қолданылатындығын мысалдармен дәлелдеген (49, 12).