
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Барыс септік
Барыс септіктің зат есімге жалғанатын жалғаулары -ға,-ге-қа,-ке,-а,-е,-на,-не. Мысалы, ауылға, үйге, университетке т.б. Бұл септіктің грамматикалық мағыналары өте көп. Оқулықтарда көрсетіліп жүрген мынадай мағыналары бар:
барыс септіктегі сөз істің, қимылдың, іс-әрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін көрсетеді. Мысалы, Әкем қырық бірінші жылы майданға кеткенде сіздің жасыңыз 20 да екен (Н. Ғабдуллин).
қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын білдіреді. Мысалы, Ол жолаушыға терезеден үңіліп қарады (Н.Ғабдуллин).
іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын, не үшін істелетінін білдіреді. Мысалы, Әділбек әскери борышын өтегеннен кейін оқуға кетті.
барыс жалғаулы сөз өзі жалғанатын сөзінің семантикасына қарай кейде мөлшер, мезгіл мағынасында да қолданылады. Мысалы, Солардың арқасында екі араға, енді міне жол түсті, мың жылға созылатын құдалар жолы (Н. Ғабдуллин).
Барыс септігі қосымшасының жасырын түрде қолданылуы тілде өте сирек кездеседі. Мысалы, Астана барды.Сонау бір жылы келдің… Құлжа бардың. Сауда мақсатымен Жаркент, Құлжа барған (С. Бақбергенов).
Сондай-ақ С.Исаев «қазіргі тіліміздегі ер жету, бой жету тұрақты тіркестерді тарихи жағынан ерге жету, бойға жету түрлерінен, алдыңғы сөз барыс септікті тұлғадағы үлгіден қалыптасқан,ң-дей келіп, қазақтың әр кездегі жазба нұсқалары тілінде бұл тіркестердің ерге жету, бойға жету түрінде кездесетіндігін, сонымен бірге жету етістігінің әдетте барыс септік тұлғадағы сөзді меңгеретіндігі (мемлекетке жету, мұратына жету, арманына жету, жасына жету т.б.) арқылы дәлелдеген (21, 88).
Барыс септігіндегі сөздер сөйлемде толықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Ол не істерін білмей Аронға қарады (Х. Есенжанов). Альпинистер туды таудың төбесіне тікті.
Табыс септік
Бұл септіктің қосымшасы –ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,-н. Осы қосымшалардың ішінде –н тәуелдік жалғаулы зат есімнің үшінші жағынан кейін жалғанады (ел-і-н,жер-і-н т.б).
Табыс септігінің негізгі мағынасы қимылға түсетін объектіні білдіреді. Мысалы, Бүркітті көрген түлкі ол кезде тастың үңгіріне кіріп кеткен (С. Мұқанов). Қарапайым жұрттың ішінде беделді Бұланбайды Байжан да қатты қадірлейтін еді (Ғ.Мүсірепов).
Табыс септік те ілік септік секілді бірде ашық, бірде жасырын қолданылады.
Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары тілдің грамматикалық құрылысының дамуында әрқайсысы өзінше мағыналық реңкке ие болып, әрқайсысының қолданылатын орны мен қызметі ажыратылған. Сондықтан да, бұл екі форманың екеуі де тілде күні бүгінге дейін сақталып, қызмет атқарады .
Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формаларының бір-бірінен сөйлемдегі орны жағынан да айырмашылығы бар. Табыс септіктің қосымшасыз формасындағы сөздің орны тұрақты болса, қосымшалы формадағы сөзде ондай тұрақтылық міндетті емес.
Ол сабақты етістікпен тікелей жақын тұрып та, алшақ тұрып та, орын ауыстырып та тіркесе береді. Объектінің сабақты етістікпен тікелей тіркеспей, алшақ қолданылуы, не онымен орны ауысып тұруы оның объекті ретінде түсінілмеуін туғызады. Сондықтан, сөйлемде объекті өз орнында қолданылмағанда, оның объекті екенін көрсететін табыс септік қосымшасы жалғанады. Өйткені, тілде көне замандардан қалыптасқан заңдылық бойынша объекті тікелей сабақты етістіктің алдынан тіркеседі. Бұл заңдылық бұзылған жерде объекті қосымшасыз формада тұра алмайды. Осы жағдайға қарап, объектінің сөйлемде өзінің тұрақты орнынан басқа орында қолданылуы тілде табыс септіктің қосымшасының пайда болуына себеп болуы да мүмкін деген жорамал жасауға болады.
Табыс септіктің қосымшалы, қосымшасыз формалары жүйесіз қолданыла бермейді. Олардың әрқайсысы белгілі орында қолданылуға бейімделген.
Табыс септіктің қосымшалы формасы, негізінен, төмендегі жағдайда қолданылады.
- сөйлеуші объектіге ерекше мән беріп, оған көңіл аударғысы келсе, табыс септіктің жалғаулы формасы қолданылады. Мысалы: кітапты бер, журналды оқы, тамақты іш, т.б.
- табыс септіктегі сөздің алдынан жекелейтін, даралайтын, топ заттан бөліп көрсететін анықтауыш тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: бұл баланы танимын, мына кітапты оқыдым, т.б.
- жалқы есімдерде табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Асқарды көрдім, Айжанды шақырды,т.б.
- тәуелденген сөз табыс септіктің қосымшалы формасында тұрады. Мысалы: әкеңді танимын, кітабымды алдым, т.б.
- табыс септік жалғаулы сөз бен тіркесетін етістіктің арасында басқа сөз тұрса, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: киноны кеше көрді, егінді бүгін суарды, т.б.
- заттанған сөз таптары /сын есім, есімше, тұйық етістік т.б./ табыс септіктің қосымшалы формасында қолданылады. Мысалы: жақсыны сыйла, естігенді айтпа, көргенді айт, айтуды ұмытпа т.б.
- есімдік пен сан есім табыс септіктің қосымшалы формасымен қолданылады. Мысалы: мынаны түсіндірші, онды онға қос т.б.
- объекті бастауыш болып түсінілуі мүмкін құрылыста табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: Жолшыбай кейде биді, кейде қожаны, кейде төрені оңашалап әкетіп, алдағы бір ауылға жақындағанда ғана топқа қосылып отыр /Ғ. Мүсірепов/.
- бастауыш пен толықтауыш бір сөзден болғанда, табыс септіктің қосымшалы формасы қолданылады. Мысалы: адам адамды сыйлайды, аңшы аңшыны таниды т.б.
- күрделі етістікпен тіркескен толықтауыштар табыс септіктің қосымшалы формасында қоданылады. Мысалы: көшті бастап әкетті, жоспарды жүзеге асыру, табысты баянды ету т.б.
- экспрессивті мағынада жұмсалатын күрделі не қосарлы етістіктердің жетегінде айтылатын тура толықтауыштар табыс септіктің қосымшалы формасында қолданылады. Мысалы: Қатар тұрған екі самауырға таскөмірді тастап-тастап жіберді. Он жеті мың жылқыны жауып жіберіп…, еріксіз көшірмекші /Ғ.Мүсірепов/.
Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Рысқұлов машинаны тоқтатып, жерге түсті (Ш. Мұртаза). Төреші жап-жас қазақ балуаны Мұқанды күрес алаңына алып жүрді(М. Тәнекеев).