
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ілік септік
Ілік септіктің өзіне тән қоcымшалары бар (-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) және бұл қосымшалар сөздерге үндестік заңы бойынша жалғанады. Мысалы,оқушының, інінің, айдың, желдің, жапырақтың, теректің т.б.
Ілік септік қосымшалы да, қосымшасыз да тұлғада қолданылады. «Оның солайша я ашық, я жасырын қолданылғандағы мағыналары, әрине, дәл бірдей емес, өзара айырмашылық болады. (65, 64)ң Шындығында да бір септіктің екі тұлғасының тілде қатарынан қолданылуы олардың арасындағы белгілі айырмашылыққа байланысты. Өйткені олардың мағынасы мен жұмсалу орындарында, атқаратын қызметінде ешқандай ерекшелік болмаса, бұлардың екеуі бірдей тілде сақталмас еді. Әрине бұл екі тұлғаның екеуі де бір септік тұлғасы болғандықтан, олардың мағынасы мүлдем басқа болуы да мүмкін емес. Сонымен бірге бұл екі тұлғаның екеуі де алғашқы бір мағынадан тараған. Ілік септіктің алғашқы мағынасы тәуелдік категориясымен байланысты қалыптасқан. Анығырақ айтқанда, ілік септік алғаш меншікті заттың иесін білдірген. Көне жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалымдар (Батманов Н.А, Каримов К, Құрышжанов Ә, Томанов М, Ағманов Е, Мамедов Ю.К, Айдаров Ғ.т.б.) ілік септіктің бұл мағынасын үнемі көрсетіп отырған.
Міне, сол көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатқан ілік септіктің екі формасының мағынасы сол бір қалыпта сақталуы мүмкін емес. Ілік септіктің мағынасы да дамуға түскен. Осының нәтижесінде қазіргі ілік септіктің мағынасы өте дамыған.
Ілік септік жалғаулары сөзге жалғанғанда грамматикалық меншіктілікті (иелікті) білдіруі-оның негізгі мағынасы. Мысалы, Мырза аттан түспей, Жаяу Мұсаның үйіне шабарманын жұмсапты (М. Сәрсекеев).
Қазақ тілі грамматикаларында көрсетіліп жүргендей, ілік септіктің бұдан басқа да мағыналары бар:
- ілік септіктегі сөз адамдар арасындағы туыстық жақындықты, қарым-қатынасты білдіреді. Мысалы, Мен сол Хакімнің ағасымын (Х. Есенжанов). Жыршы білгенін інісінің жолдасынан жасырмады (сонда).
заттар арасындағы органикалық, табиғи байланысты білдіреді. Мысалы, Жусанның жапырағы өте ұсақ, жалбыздың жапырағы үлкендеу (оқулықта).
заттың, нәрсенің бөлшегі неге тән екендігін білдіреді. Мысалы,
Сары май, құрт, бәтір нан иісі Айғыздың мұрнын жарып жібере жаздады (Қ. Исабеков). Әбдіжан дән риза болған қалыппен қарттың қолын алып хош айтты (С. Бегалин).
- заттардың, құбылыстардың, абстракциялы ұғымдардың арасындағы әр түрлі тәуелділік қарым-қатынасты білдіреді. Мысалы, Біреуді ден қойып тыңдай білу- әдептіліктің белгісі.
- ілік жалғаулы зат есім кейбір қимыл есімдерімен тәуелділік байланыста айтылғанда, логикалық субъектіні білдіреді. Мысалы, Өзен жақтан балалардың шуылы естіледі (М. Мақатаев).
белгілі бір қасиеттің, сапаның кімге, неменеге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Назым достарының ұйымшылдығын қызыға әңгімеледі.
субстантивтенген сын есім арқылы көрсетіп, сапаның, белгінің не нәрсеге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Өзімізге қарасты ағайынның үлкендері де келген (Н. Ғабдуллин).
заттың белгілі бір қасиетінің артықшылығына немесе төмендігіне қарай заттардың өзге тобынан даралап, оқшаулап көрсетеді. Мысалы, Ақбөбек көріктінің көріктісі еді.
Міне, бұдан ілік септіктің қосымшалы тұлғасы меншікті заттың иесін де білдіреді және басқа да түрлі қатыстық мағыналар да қолданылатындығын байқауға болады.
Ілік септіктің жоғарыда айтылғандай, қосымшасыз да қолданылатын кездері бар. Мысалы, Тәңірберген ат тізгінін қарыстырып ұстап алған (Ә. Нұрпейісов). От лебінен ери бастаған қар төбеден мөлт-мөлт етеді (Ғ. Мүсірепов). Жағалай жиі орнатылған жеміс бақшасы бар (С. Шаймерденов).
Осы мысалдардағы ат тізгіні, от лебі, жеміс бақшасы-изафеттік құрылыстағы тіркестер.Бұл тіркестердің алғашқы компоненттері ілік септіктің қосымшасыз формасында тұр. Олардың ілік септікте тұрғанын оларға тіркескен тәуелдік жалғауының 3-жағында тұрған сөз көрсетеді, өйткені тәуелдік жалғаулы сөз қашан да ілік жалғаулы сөзбен тіркеседі. Сондықтан бұл екі формадағы сөз біріне-бірі көрсеткіш бола алады.
Изафеттік құрылыстағы тіркестердің бірінші компонентінің ілік септікте тұрғаны басқаша да дәлелденеді. Ол үшін осы тіркестерді ілік септіктің қосымшалы формасымен ауыстыруға болады:аттың тізгіні, оттың лебі, жемістің бақшасы. Осылайша бұл мысалдардағы сөздердің ілік септіктің қосымшасыз формасында тұрғанын анық байқалады.
Енді осы ілік септіктің қосымшасыз формасындағы сөздердің қандай мағына беріп тұрғанына көңіл бөлейік. Алдымен бұл изафеттік құрылыстағы тіркестердің ешқайсысы бір заттың екінші затқа меншіктілігін білдірмейді, яғни мұнда меншіктілік қатыс мүлдем жоқ. Бұл тіркестерде тек қана аттың тізгінге, оттың лепке, жемістің бақшаға қатысы ғана берілген. Объективті өмірдегі бір-бірімен тығыз байланысты заттардың қатысы көрсетілген, ол-ат пен тізгін, от пен леп, жеміс пен бақша. Осы байланыс ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы мен тәуелдік тұлға арқылы беріліп тұр.
Сөйтіп, бұл мысалдарда меншіктілік, тәуелділік қарым-қатынас емес, заттардың бір-біріне жалпы қатысы ретіндегі абстракт мағына бар.
Объективті өмірдегі заттардың бірімен бірінің қатысы, байланысы сан алуан. Мысалы, Осы арада бұлар күн ыстығы қайтқанша болды (Ә. Нұрпейісов). Ой мешеулігінен қамданбасқа сабыр жетпейді (Ғ. Мүсірепов).
Осы мысалдардағы зат пен оның белгісі, абстракт зат пен оның белгісі арасындағы байланыс изафеттік құрылыс арқылы берілген. Бұл тіркестерде тәуелділік, меншіктілік ұғым жоқ, тек қана зат пен оның белгісінің арасындағы қатынас көрсетілген. Олай болса, ілік септіктің қосымшасыз формасы негізінен қатыстық мағыналарды білдіреді. Енді солардың негізгілеріне тоқталайық:
объективті өмірдегі зат пен заттың арасындағы табиғи қарым-қатынасты ілік септіктің қосымшасыз формасы білдіреді. Мысалы, балық майы, ат тұяғы, ешкі түбіті, марал мүйізі, сиыр сүті, лақ терісі т.б.
осы топқа бір заттан тараған екінші заттың алғашқыға қатысы да ілік септіктің қосымшасыз формасы арқылы беріледі. Мысалы, күн нұры, найзағай оты, от лебі, таң жарығы, түн самалы, таң салқыны, кеш қараңғылығы, найзағай оты т.б.
мал, хайуанаттар мен төлдер арасындағы қатыс, байланыс та ілік септіктің қосымшасыз формасы арқылы беріледі. Мысалы, ешкі лағы, ит күшігі, қой қозысы, қаз балапаны, қоян көжегі т.б.
мекеме мен қызметкер арасындағы қатысты да білдіреді. Мысалы, поезд бастығы, мұнай инженері,құрылыс жұмысшысы, мектеп мұғалімі, смена бастығы, фирма директоры т.б.
заттың мекеніне немесе, керісінше мекеннің затқа қатысын да білдіреді. Мысалы, гүл алаңы, балықшылар аулы, студенттер жатақханасы, театр үйі, мал қорасы, су қоймасы т.б.
бір заттың атымен екінші заттың аталуынан пайда болған заттардың арасындағы қатысты білдіреді. Мысалы, Жамбыл музейі, Абай көшесі, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі т.б.
заттың мезгілге қатысы да ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы арқылы беріледі. Мысалы, көктем кезі, түс уақытында, қыс мезгілінде, жыл аяғы, жұмыс аяғы т.б.
өмірде әр заттың түрлі қимыл-әрекетке түсуі заңды. Заттың қимыл-әрекетінің бірсыпырасы оның белгісі ретінде затпен қарым-қатынасқа түседі. Осы байланыс тілде изафеттік құрылыстағы тіркес арқылы беріледі. Мұндай тіркесте ілік септігінің қосымшасыз тұлғасы қимыл-әрекеттің қай затқа қатысты екенін көрсетеді. Мысалы, Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді (М. Әуезов). Ауға тәуір балық түсетініне сенімі мол (Ә. Нұрпейісов).
Сонымен, ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы білдіретін қатыстық мағыналардың бастылары осылар.
Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз тұлғада қолданылуының өзіндік себептері бар. Проф. М. Балақаев ілік септіктің қосымшалы формасы тәуелденулі заттың қай затқа, кімге меншікті екенін әдейілеп, арнап көрсету керек болғанда ғана қолданылады, ал бұл мағына болмаса, изафеттік құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне заттық сапа ретінде жұмсалса, онда ілік септіктің жалғаусыз формасы қолданылады деп санайды (10, 39)
М. Балақаев ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз формаларының мағынасын меншіктілік және қатыстық мағынамен ғана байланыстырып қоймайды. Сонымен бірге меншіктілік мәнге ерекше көңіл болу, меншікті заттың иесін баса көрсету іліктің қосымшалы формасына қатысты деп санайды.
Міне, бұл пікірге ерекше мән беру керек. Тіл материалдары да осы пікірді растайды. Меншіктілік мағынаны білдіретін изафеттік құрылыстағы сөздер тіркесінде- ол меншіктілік мәннің жалпыланған түрі және оның шын мәніндегі бір заттың екінші затқа меншіктілігін, тәуелділігін көрсетуге арналған түрі бар. Басқаша айтқанда, жалпы алғанда, меншіктілік мәнге жататын изафеттік құрылыстағы тіркестердің өзі іштей біркелкі емес. Осымен байланысты мұнда ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз формасының қолданылуында да айырма бар. Осы ерекшелікті М. Балақаев дұрыс аңғарған. Мысалы: Ішкен мен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде жүрген бай баласы аз ба? Үштен, төрттен, бес-алтыдан шоғырланған ел кісілері, қала халқы (М.Әуезов).
Бұл мысалдарда бай баласы, ел кісілері, қала халқы деген изафеттік құрылыстағы тіркестерде меншіктілік мән түрлі дәрежеде. Осылардың ішінен бай баласы дегенде меншіктілік мән күштірек сияқты болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, бұл дұрыс емес. Себебі, мұнда белгілі бір байдың өзіне тән баласы туралы сөз болып отырған жоқ. Мұнда меншіктілік мағына емес, қатыстық мағына басым. Сондықтан да осындай фактілерді М. Балақаев ілік септіктің қосымшасыз формасының заттық сапа ретінде жұмсалуы деп таныған. Бірақ бұл сапа дегеннен гөрі қатыстық мағына дегенге сәйкес келеді.
Айтылған пікірдің ақиқаттығына көз жеткізу үшін осы мысалды нағыз меншіктілік мәнде алып қарайық. Мысалы: Хасен-Жұман байдың баласы. Бұл сөйлемде жоғарыдағы изафеттік құрылыстағы сөздер енді ілік септіктің қосымшалы формасында қолданылып тұр. Яғни бұл мысалдағы әңгіме бір заттың екінші затқа тәуелділігі туралы айтылып және бұл мағынаға ерекше мән берілген, өйткені сөйлемнің жалпы мағынасы сол мағынаны білдіруге арналған. Сондықтан да мұнда ілік септіктің қосымшалы формасы қолданылған.
Ілік септіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі-анықтауыш болуы. Мысалы, Исатайдың ақырған даусы естіліп, ол бастаған қалың қол көрінгенде, жау қаша жөнелді (Қ.Жұмалиев). Жаңадан жасалатын бұйымдарды да Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді (К. Оразалин).