
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
Сөздерді тапқа бөлудегі екінші ұстаным немесе морфологиялық ұстаным олардың грамматикалық сипатына, түрлену жүйесіне байланысты. Олай болса зат есімнің де морфологиялық сипатын сөз еткенде, оның құрылымына, олардың түрлену жүйесіне қатысты мәселелер талдануы қажет.
Зат есімдердің құрылымы
Құрылымы жағынан зат есімдерді А.Ысқақов жалаң және күрделі деп екі топқа бөліп, оларды өз ішінде тағы да тармақтайды
(65, 154).
Жалаң зат есімдерді бөлшектенбейтін бір ғана сөзден тұратын түбір зат есім (от, су, көл, өзен, дала т.б.) және түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалатын туынды зат есімдер (қуырдақ, оймақ, малшы, биші, саудагер т.б.) деп екіге бөлген.
Күрделі зат есімдерді өз ішінде біріккен, кіріккен атаулар (ағайын, жарғанат, сәресі, алтыбақан т.б.), тіркескен күрделі зат атаулар (ақ бата, бесік бау, шағын несие, іс қағазы т.б.), қосарланған күрделі атаулар (өкпе-бауыр, мектеп-лицей, ар-ұят т.б.), қысқарған атаулар (Ахмет- Ақа, Мұқтар- Мұқа, ЖАК- жоғарғы аттестациялық комитет т.б.) деп бөлінеді.
Ал бұлардың жасалу жолдары, соған байланысты әрқайсысының іштей мағыналық топтарға бөліну жолдары сөзжасам курсында толық жан- жақты айтылатындықтан, бұл мәселелерге тоқталмаймыз.
Зат есімнің түрлену жүйесі
Грамматикалық категориялардың ішінде көптік, тәуелдік, септік категорияларының білдіретін мәндері заттық мағынамен байланысты болғандықтан, олардың көрсеткіштері өзі жалғанатын сөздерге заттық мән үстейтіндіктен, зат есімнің түрлену жүйесіне көптік, тәуелдік, септік категориялары жатады. Сонымен бірге зат есімнің кейбір топтары предикаттық қызмет те атқаратындықтан, жіктік жалғау адамға байланысты есімдерге жалғанады. Демек, зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, жіктік жалғауын қабылдайды.
Зат есімнің көптік категориясы
Көптік мағына заттың санымен байланысты, бірақ заттың санын дәл атамайды, тек қана заттың саны көп екенін білуге болады. Ал заттың санын дәл көрсету қажет жағдайларда сан есім қолданылады. Мысалы, елу кітап, отыз студент дегенде кітаптың да, студенттің де саны белгілі, ал кітаптар, студенттер дегенде тек қана заттың көптігін ұғуға болады, бірақ саны анық емес.
Тілімізде заттың санын дәл атауды қажет етпейтін, бірақ көптік ұғым берілетін жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, қымыз, көбелек, қоян, бидай т.б. Бұл сөздер ешбір қосымшасыз-ақ санауға келмейтін заттардың аты ретінде көптік ұғымды білдіреді. Немесе бірталай адам, қыруар мал дегенде зат есімнің алдында келіп, қосымшасыз анықтауыш болып тұрған бірталай, қыруар сөздері көптік ұғым жасап тұр. Ал жидектер, гүлдер дегенде –тер, -дер жалғаулары көптік мағынаны білдіреді.
Ғылымда тілдің осы ерекшелігін көрсететін арнайы категория бар. Оған жекелік- көптік категориясы жатады, әрі бұл категория зат есімге қатысты, өйткені жекелік, көптік ұғымдар затқа ғана қатысты айтылады.
Зат есімнің жекелік- көптік мағынасы ғылымда танылған. Бірақ 1954 жылғы оқулықта көптік категориясы ғана сөз болды. Ал кейінгі грамматикаларда (1962, 1967) зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі жеке тақырып етіп берілген, алайда бұларда жекешелік мағынаға көңіл бөлінбеген, тек қана көптік мағына мен оның берілу жолдары көрсетілген. А.Ысқақовтың оқулығында да көптік мағына талданған. Ғалымның пікірінше, “тілімізде көптік категориясы да, көптік жалғау категориясы да бар. Ал осы екеуі бір де емес және бірдей де категориялар емес. Көптік категориясы деген ұғым тым жалпы ұғым да, көптік жалғау категориясы- онан гөрі әлдеқайда жалқы ұғым. Мысалы, көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: лексикалық тәсіл арқылы да, морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да айтылады (63, 40)”. Одан әрі А.Ысқақов көптік категориясының жасалу жолдарын тілдік нақты мысалдармен дәлелдеген, бірақ “көптік жалғау категориясы” деген ұғымның сипаты ашылмаған. Осыны жіті аңғарған проф. С.Исаев “ол термин және ұғым (көптік жалғау категориясы) көптік жалғау дегенмен барабар болу керек. Мұнда, біріншіден, категория (әрине грамматикалық категория мәнінде) деген термин, белгілі бір тұрақты грамматикалық құбылыстың аты ретінде белгілі бір принциппен қолданылған. Екіншіден, “көптік жалғау категориясы” деген термин “грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілетін тектес, ыңғайлас әрі өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы болып келетін грамматикалық мағыналардың жиынтығы” деп анықталатын грамматикалық категория ұғымын тіпті жоққа шығарады (28, 64)”,- деп қарсылық білдіреді. Көптік ұғым бар жерде жекелік ұғым да болатындығы даусыз. Жекелік мағына зат есімнің лексикалық мағынасымен бірге түбір сөзде беріледі, бірақ оның қосымшасы жоқ. Осы бір- біріне қарама- қайшы екі ұғымның жиынтығы арқылы және жекеліктің арнайы тұлғасы болмай, көптік ұғым көптік жалғау арқылы берілуінен көптік категориясының сипаты ашылады. Осымен байланысты С.Исаев “Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама- қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады (28, 55)”,- дей келіп, көптік категориясын осы еңбегінде “Сан-мөлшер (көптік) категориясы” деп атаған.
“Қазақ грамматикасында” (2002) “Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі- оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден- бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан басқа да амал- тәсілдері бар (32, 454)”,- деп көрсетіліп, тек қана көптік мағынаның арнаулы қосымшасы- көптік жалғауының ерекшеліктері сөз болған.
Көптік ұғымның ғылымда танылып жүрген берілу жолдары мынадай:
а) Көптік ұғымды сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіру лексикалық тәсіл деп аталады.
Тілімізде лексикалық тәсілмен көптік ұғымды білдіретін сөздер тобы бірнешеу:
- жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары (су, сүт, ұн т.б.).
- ру, халық, ұлт, ел аттары (қазақ, қырғыз, өзбек т.б.).
- әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары (көбелек, қоңыз, түлкі т.б.).
- өсімдік аттары (арпа, сұлы, жусан т.б.).
- адамның ішкі құбылыстарының, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары (ермек, қуаныш, ізгілік т.б.).
ә) Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы синтаксистік тәсіл деп аталады. Мысалы, жиырма үй, сексен трактор, тау-тау астық, бірталай жыл т.б.
А.Ысқақов сөздердің қосарлануы арқылы да (бала-шаға, кәрі-жас т.б.) көптік ұғым білдіріледі деп есептеп, оны лексика-синтаксистік тәсіл деп атаған (6, 41).
С.Исаев “сан есімдер, сандық мәні бар сөздер, қайталама қос сөздер зат атауының алдынан келіп, оны анықтап тұрса, ол зат біреу емес, бірнешеу (көп) екенін түсінеміз (28, 66)”,- дей келіп, көптік мағынаның осылайша берілуін аналитикалық тәсіл деп атаған.
б) Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы морфологиялық тәсіл деп аталады.
Сөзге жалғанғанда көптік ұғым беретін қосымшалардың ғалымдар көрсетіп жүрген үш-төрт түрі кездеседі:
- тіліміздегі көне құбылыс ретінде саналатын, яғни орхон-енисей жазбаларында көптік жалғау ретінде жұмсалған –т қосымшасы бар. Бірақ бұл қосымша сол кездің өзінде “атақ-дәрежені, шенді білдіретін тарқан- тарқат, тігін- тігіт секілді азын- аулақ сөздердің құрамында кездескен. (10, 88)”.
- сондай-ақ біз, сіз, көз, егіз деген сөздердің құрамында кездесетін –з, (-ыз, -із) формалары да көптік мағынаны білдіреді деп есептеледі. Бірақ бұл қосымшалар “әуелде көптік жалғау емес, жұп, егіз, екеу болып келетін заттардың (дене мүшелерінің) аттарына жалғанатын қосымша болған”.
- 1-жақ жіктік жалғау тұлғасы -қ, -к қосымшасы ерте кезде көптік мағынаны білдіретін морфологиялық формалардың бірі болған деп есептеледі (біз болдық, келдік т.б.) (63, 42).
- қазіргі тілімізде көптік мағынаны білдіретін негізгі морфологиялық форма –лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер). Сондықтан бұл форма заңды түрде көптік жалғау деп саналады.
Бірақ көптік жалғау сөзге жалғанған кезде көптіктен басқа да стильдік мән үстейді. Мысалы, Үй маңындағы ағаштар ерекше бір шеберлікпен егіліпті. (Ғ.Мұстафин). Осы сөйлемдегі ағаштар нақты ағаштың санын емес, осы сөз арқылы аталатын заттардың тобын, жинағын, яғни үй айналасына отырғызылған ағаштарды жалпылап тұр.
Немесе, Абай қаршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп еріп еді (М.Әуезов). Мұндағы үлкен сын есімін –дер көптік жалғауы әрі заттандырып, әрі оған көптік мағына үстеп тұр.
Осындай көптік жалғаудың семантикалық мағынасы да, стилистикалық рөлі де ғалымдар еңбектерінде кеңінен сипатталған. Мысалы, А.Ысқақов көптік жалғаудың 12 түрлі ерекшелігін (63,43- 46) көрсеткен.
Көптік жалғаудың С.Исаев көрсеткен тағы бір ерекшелігі- оның сөз байланыстырушылық сипатының болмауы. Сондықтан ғалым көптік жалғауын осы сипатына қарап, “қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын (28, 69)”,- дейді. Мысалы, Қолдың саласындай тарамданған арықтардың біреуі бара- бара ұлғайып ... қарауытқан сай болды (Б.Майлин). Зеректік, ойшылдық, сезімталдық- ана сүтімен бірге бітетін қасиеттер (І.Есенберлин). Осы сөйлемдердегі арықтардың, қасиеттер сөздеріндегі –тар, -тер көптік жалғауы сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, өйткені бұл жалғауларды алып тастағаннан сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды- Қолдың саласындай тарамданған арықтың біреуі бара-бара ұлғайып … қарауытқан сай болды. Зеректік, ойшылдық, сезімталдық- ана сүтімен бірге бітетін қасиет. Бұл сөйлемдердегі көптік жалғауы арықтың, қасиеттің көп екендігін көрсетіп, көптік ұғым қосып тұр.
Бірақ, көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғаумен келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады екен: сендер студентсіңдер, сіздер студентсіздер т.б.