
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Көмекші есімдер
Қазақ тілінде көмекші морфемаларға қосымшалардан басқа көмекші сөздер де жатады, олар тілдің грамматикалық құрылысынан көлемді орын алады және өздеріне тән ерекшеліктері бар. Проф. Н. Оралбаева көрсеткендей, «көмекшілер сөйлемде дербес сөзге мағына қосу үшін қолданылады, бірақ оның дыбыстық құрамына енбей, тек онымен тіркесіп қана қолданылады. Олар сөз тіркесінің жеке сыңары бола алмайды, дербес сөздің құрамындағы қосымшалар сияқты ғана сөз тіркесінің құрамына кіреді. Дербес сөз бен көмекшінің тіркесі сөз тіркесінің бір сыңары ғана болады. Көмекшілерде лексикалық мағына жоқ, бұл олардың бәріне ортақ, бүкіл көмекші атаулының қайсысы болсын нақтылы лексикалық мағына бермейді… көмекшілерде лексикалық мағына болмайтын себебі- олар грамматикалық дамудан өткен. Грамматикализациялану арқылы олар лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық көрсеткішке айналған (33, 140).« Міне, бұл үзіндіден көмекші сөздердің негізгі ерекшеліктері анық байқалады.
Көмекшілер тіркесетін сөз табына, тіркесу орнына, дыбыстық құрамы мен сөзге қосатын мағыналарына қарай түрліше болып келеді, соған байланысты олардың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі- көмекші есімдер. Көмекші есім деп грамматикалық өзгеріске түсіп дерексізденудің (абстракцияланудың) нәтижесінде заттық мағынасынан айырыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде қолданылып матаса байланысқан тіркестің екінші сыңары қызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мәнді ерекше бір тобын айтады (32, 449).
Көмекші есімдердің дербес сөздерге қосатын қосымша мағыналары көбінесе мекендік, мезгілдік қатысты білдіреді. Мысалы, Құдық басында жылқы су ішіп жатыр (Ж. Аймауытов). Абай кеш батар алдында Баймағанбетті жіберіп, Әбішті шақыртып алған ( М. Әуезов ).
Дербес сөз бен көмекші есім белгілі бір морфемалар, яғни ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауының 3- жағы арқылы байланысады: қаланың ортасы, көшенің шеті, өзеннің жаны т.б. Бұл екі қосымшасыз дербес сөз бен көмекші есім бірімен- бірі байланыспайды. Н. Оралбаева көмекші есімдерді осы ерекшелігіне қарай дербес сөздің тұлғасын таңдайтын көмекшіге жатқызған ( 33, 177 ).
Қазақ тіл білімінде көмекші есім деген терминнің қалыптасуы проф. Н.К.Дмитриевтің «Служебные имена в турецком языке« деген мақаласымен тығыз байланысты (14, 178). Проф. Н.К.Дмитриевтің «служебные имена« деген терминді қолдануы қазақ тіліндегі көмекші есім терминінің пайда болуына негіз болған. Бұл термин қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасып кетті деп айтуға болады. Көмекші есім терминіне қарап, оны есім сөздердің бәріне ортақ сөздер деп түсіну кездеседі. Шындығында, ол сөз табы жағынан зат есім құрамында қаралады (31; 63). Оның зат есім құрамында қаралуы, яғни зат есім саналуы кездейсоқ емес. Көмекші есімдер дербес мағыналы зат есімдердің грамматикалық дамуға түсуінен лексикалық мағынасынан айырылып, көмекшілік қызметке көшкен (44). Олардың көмекші сөз ретінде қалыптасқан мағынасы да заттық мағынамен байланысты. Олар зат білдіретін мекендік мағынаны дәлелдейді. Көмекші есім зат есімнің түрлену парадигмасы бойынша түрленеді, үйткені сөйлемде дербес зат есіммен тіркесте қолданылады. Сондай- ақ көмекші есіммен тіркескен зат есімге жалғануға тиісті жалғаулар зат есімнің өзіне тікелей тіркесе алмайды, оған тіркескен көмекші есімге жалғанады. Көмекші есімдер де көмекші етістіктер сияқты өзінің сөз табының аясында қалған. Осы тұрғыдан алғанда, оларды да көмекші зат есім деп атау мүмкіндігі де бар еді, сонда оны есімнен басқа бір сөздердің тобы деп қарауға, шатастыруға мүмкіндік болмас еді. Бірақ қазақ тіл білімінде көмекші есім деген термин қалыптасып кеткен.
Академик А.Н.Кононов (27) грамматикасында бұларды «послелоги-имена« деп атаған. Проф. В.А.Исенғалиева (26) көмекші есімге жалпы сипаттама беріп, шылаулардың ерекшелігіне тоқталған. Ал проф. А.Ысқақов (65) көмекші есімдерді антонимдік, синонимдік қатарларға топтастырған.
М.Оразов қазақ, өзбек, түркмен тілдеріндегі материалдарға сүйене отырып, түркі тілдеріндегі көмекші есімдерді әдейі сөз етеді (44).
Көмекші есімдердің түпкі төркіні лексикалық мағыналы сөздер болғандығы жөнінде ғылыми еңбектерде көрсетілген. Мысалы, Ф.Г. Исхаков « О происхождении конечных – т и – д в словах аст, үст и т.п.« атты мақаласында түркі тілдеріндегі абстракт мекен, мезгіл мағынасын беретін, тарихи тұрғыда үстеу мен көмекші есімдерге негіз болған сөздердің ішінде адам мүшелерінің аты немесе мекенге қатысты бір жақты білдіретін сөздер жиі кездесетіндігі айтылған (25, 127). Ал Проф. А. Ысқақовтың «көмекші есімдердің түпкі шыққан төркіндері орын, мекен жайларына байланысты, демек, белгілі бір заттың, не нәрсенің, заттық құбылыстың, не уақиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты, жаны я қасы, маңы я тұсы, арасы я ортасы, шеті я жағасы, беті я түбі, басы я ұшы тәрізді ұғымдардың атаулары екендігі шүбәсыз. Көмекші сөздердің мағыналары қаншалықты солғындағанымен де, шылау сөздердей я бүтіндей, я жартылай жоғалып кетпейді, керісінше, не жартылай, не бүтіндей олардың (көмекші есімдердің) бойларында сақталып отырады (63, 152),«- деген пікірі бар.
Бұл пікірлерден көмекші есімдердің дербес сөздерден шыққанын байқауға болады.
Жоғарыда аталған еңбектерде және оған берілген анықтама бойынша көмекші есім аталатын сөздер толық мағыналы сөздің тіркесінсіз қолданылмауға тиіс. «Служебные имена,-деп жазады М.Оразов жоғарыдағы еңбегінде,-всегда требуют впереди себя определенного существительного и вместе с ним входят в состав сложного члена предложения (44, 6)«.
Бірақ көмекші есімдердің жеке қолданылатын кездері де бар. Көмекші есімнің жеке қолданылу себебін іздестіргенде, оның өзіндік заңдылығы, өзіндік себебі бары анықталды, кез-келген жерде көмекші есімді жеке қолдана беруге болмайды. Ол үшін белгілі контекст, жағдай қажет.
Мысалы, Сескене қалған діндар шал артына қараған да жоқ (Ғ.Мүсірепов). Бұл сөйлемде «артына« көмекші есімі жеке тұрып, белгілі сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр. Сөйлемде «өзінің« деген дербес сөз қолданылмаған, оның беретін мағынасын «шал« зат есімі де білдіреді, сондықтан оның сөйлемнен түсіп қалуы сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызбаған. Сөйлемде көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің айтылмағандығына қарамастан, онда айтылуға тиісті ойдың түсініксіздігі байқалмайды. Бұл тек осы сөйлемге ғана байланысты емес, көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің сөйлемде айтылмауы сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызатын болса, ол сөз сөйлемде толық қолданылады, яғни, ондай жағдайда дербес сөзді сөйлемде атамауға болмайды. Көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөз сөйлемде айтылмау үшін оның мағынасын білдіріп тұратын контекс керек екен. Мыс: Әр ауылдың өз «Адырақпайы бар« деген секілді, біздің ауылдың ендігі «Адырақпайы« осы қара мұрт басқарма еді. Астынан қара көк арғымағы түспесе, қолынан ырғай сапты дырау қамшысы түскен емес (Ғ.Мүсірепов). Бұл мысалдағы екі сөйлемнің соңғы сөйлемінде «астынан« көмекші есімі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылған. Соңғы сөйлемді жеке алсақ, онда айтылған дербес сөзді 3-жақ жіктеу есімдігі деп ойлауға болады, бірақ ол кім туралы сөз болып тұрғанын дәл көрсете алмайды, үйткені жіктеу есімдігінің қай зат есімнің орнына қолданылып тұрғанын көрсететін контекс керек, яғни ол да бірінші сөйлемді керек етеді. Бұдан соңғы сөйлемде дербес сөз айтылмағанмен, ол бірінші сөйлемде айтылғандықтан, екінші сөйлемдегі ойдың түсініксіздігін туғызбайтынын көреміз, сондықтан бірінші сөйлем екінші сөйлемдегі ойды түсінуге керекті контекс ретінде қаралады.
Бұл айтылғандардан көмекші есім тіркесуге тиісті дербес сөздің сөйлемде айтылмауының түрлі себептері болатыны анық көрінеді. Олардың бәрі де тілдің ықшамдау тенденциясына, стильдік ерекшеліктерге байланыстылығы байқалады.
Көмекші есімнің алдынан келетін толық мағыналы сөздің мынадай жағдайларда түсіп қалатыны байқалады:
а) Көмекші есімнің алдынан келетін толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде айтылғанда, келесі сөйлемде түсіп қалып, көмекші есім жеке қолданыла алады.
Мысалы, Сейіт атына мініп алып, өзенге қарай жіті аяңдатып келеді. Алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады. Негізінде «Сейіттің алдында сәл аяңдап Назыкеш кетіп барады«- деп айтылуға тиіс еді. Бірақ онда Сейіт сөзі қатар екі сөйлемде 2 рет қайталанып, ол стильдік қолайсыздық туғызар еді. Ондай ыңғайсыздықты болдырмау үшін жазушы ол сөзді екінші сөйлемде қолданбаған.
ә) Құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінде аталған толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде аталмай, көмекші есім жеке қолданылады.
Мысалы, Сейіт бұрылыңқырай беріп, Тілеукені атының кеудесімен соғып құлата салып, артына қарамастан жүре берді. Ал кейде керісінше, толық мағыналы сөз басыңқы сөйлемінде беріледі:
Мысалы, Қасында бір жаны ашырлары барын сезініп, Жабайдың құлазып жатқан жан жүрегі де жылынып кетті.
б) Мұндай жағдай салалас құрмаласта да кездеседі.
Мысалы, Самолет жерге қонады, мен жүгіріп қасына барам.
в) Бір зат, құбылыс, уақиға баяндалғанда, толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемдерде аталады да, көмекші есім кейінгі сөйлемде жеке беріледі.
Мысалы, Аспалы шамды төменірек түсіріп, алдына үлкен есеп шотын қойды. Осы сөйлемдегі «алдына« көмекші есімнің тіркесетін мағыналы сөзі 3 сөйлем бұрын айтылған.
г) Субъектісі аталып, оны айқындайтын өздік есімдігіне тіркесуге тиісті көмекші есім көбіне жеке қолданылады.
Мысалы, Ушаков алдында кетіп бара жатқан үшеуді қуып жетті. Дүкенші артына бұрылып, ағаш шелек толы қызыл уылдырықты көтеріп ала берді. Бұл сөйлемдердегі көмекші есімдердің тіркесетін сөздерін алдыңғы сөйлемдерден табуға боламайды, өйткені мұнда осы сөйлемдерде қолдануға тиісті «өзінің« деген дербес сөз түсіп қалған. Ілік септіктегі өздік есімдігі көмекші есімнің алдына келгенде түсіп қалып отырады. Бұл да тілдік экономия заңдылығына байланысты, себебі өздік есімдігі де, көмекші есім де субъекті болып тұрған сөзге қатысты, субъекті сөз де, өздік есімдігі де өмірде бір затты ғана белгілейді, ол зат сөйлемде аталғандықтан, екінші атының аталуы тілде артық сияқты көрінеді де, көбіне өздік есімдігі түсіп қалады немесе өздік есімдігі айтылған жерде оның айқындайтын сөзі түсіп қалады.
Көмекші есімнің алдынан түсетін толық мағыналы сөздер көбіне зат есім, есімдіктер.
Енді сөйлемде аталмаған толық мағыналы сөзді табуға көмектесетін көрсеткіштерді қарастырсақ, одан мынадай жағдайлар байқалады. Жалпы көмекші есім өз мағынасында қолданылғанда, сөйлемде аталмай тұрған дербес сөзді табу өте оңай, ол белгілі болып тұрады, мұндайда түсіп қалған сөздің қандай сөз екенін тәуелдік жалғауы көрсетеді, әсіресе, көмекші есім І, ІІ жақтарда тұрғанда, айтылмай тұрған, дербес сөз І, ІІ жақтық жіктеу есімдіктері екеніне ешбір күмән келтіруге болмайды, өйткені І,ІІ жақтарда олардан басқа дербес сөз болуы мүмкін емес.
Мысалы, Шек, кедергі қоймаспыз алдыңа. Жеке қолданылған көмекші есім ІІІ жақ тәуелдік жалғауында тұрса, оның түсіп қалған дербес сөзін бірден көрсету қиын, өйткені 3-жақта зат есім мен 3-жақта жіктеу есімдігі және өздік есімдігі тұра алады. Сондықтан көмекші есім ІІІ жақ тәуелдікте тұрып, жеке қолданылса, осы үш түрлі сөздердің біреуі түсті деп санаймыз.
Мысалы, Алдын бөгей бер, әйтеуір.
Бұл сөйлемдегі түскен толық мағыналы сөз алдыңғы сөйлемде аталған. Мысалы, Олар көлденеңдеп алдын кесіп алды да, тұра қалды. Бұнда ІІІ жақтағы жіктеу есімдігі түсірілген. Ал мына сөйлемде ІІІ жақ өздік есімдігі түскен.
Мысалы, «Әкеттің . . . Алдадың. . . .Сенікі, сенікі,«- деп алдындағы ақшаны Сандыбай жаққа қарай ысырып қойды. Көмекші есімнің толық мағыналы сөз тіркесінсіз қолданылуының тілде екі түрі бар:
1.Көмекші есімнің белгілі контексте ғана дербес сөздің тіркесінсіз қолданылуы.
2.Көмекші есімнің үнемі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылуы.
Көмекші есімдердің белгілі контексте ғана жеке қолданылғандары сөйлемде дербес сөзбен тіркескенде қандай мағына берсе, дербес сөздің тіркесінсіз де олар сол мағынаны білдіреді. Рас, ол түсіп қалған дербес сөздің мағынасын да қамтуға тиісті, бірақ ол көмекші есімнің өзінен гөрі контекске байланысты. Мұндай қолданылудағы көмекші есімдерде сапа өзгерісі болмайды.
Үнемі дербес сөздің тіркесінсіз қолданылатын көмекші есімдерді тарихи тұрғыдан ғана көмекші деп атамасақ, қазіргі дәрежесінде оларды басқа сөз табына ауысып үлгерген деп тануға толық болады. Олар- көмекші есімнің лексикалық мағынаға ие болған түрлері.
Мысалы, Ол басында құр бақыра берді. «Басы» көмекші есімі негізінде, заттың басталар шегін білдіретін болса, мына сөйлемде ол жеке тұрып, мезгілдік мағынаны білдіріп тұр. Ол толық мағыналы сөздің тіркесін керек етпейді, жоғарыдағы мысалдардай мұнда дербес сөзді тауып алу мүмкін емес, өйткені мұнда түсіп қалған дербес сөз жоқ, «басында» - өз алдына дербес мағыналы сөз. Екінші бір мысал алайық. Түбінде біреуіміз тауып алып жіберерміз,- деп тағы біреулер қалжыңдап жатыр. Осы сөйлемдегі «түбінде» көмекші есімі толық мағыналы сөзбен тіркескенде (құдықтың түбінде) затқа жуық мекенді білдірсе, бұл мысалда мезгілдік мағынаны білдіріп тұр. Ол мағынаны білдіруі тек осы контекске ғана байланысты емес. Бұл сөз барлық жерде осы мағынаны береді. Оның мағынасы мен дербес сөзге тіркескен түбінде көмекші есімнің мағынасы бір емес. Осы мысалдағы «түбінде» сөзі дербес сөздің тіркесін керек етпейді, оның өзі- дербес сөз, оның өзіндік толық лексикалық мағынасы бар. Келтірілген мысалдар көмекші есімдердің контексте жеке қолданылуы бара- бара оның лексикалануына да әкелетінін көрсетеді. Бұл- тілде сирек кездесетін процесс. Әдетте, грамматикалық даму делексикалану арқылы жүзеге асады және ол- кең тараған құбылыс. Жоғарыда аталған мысалдар оның керісінше құбылыстың да тілден орын алатынын дәлелдейді. Грамматикалық көрсеткіштердің лексикалануы тілден орын алатынын проф. Ғ.Ғ.Мұсабаев та кезінде дәлелдеген болатын. Ғалымның көрсетуінше «-лақ» деген бір кездегі «оғул-лақ» дегендегі «-лақ» қосымшасынан қалыптасқан (26, 17).
Көмекші есімнің лексикалануының басқа түрлері де кездеседі. Көмекші есім сын есімге де ауысатын жайлары бар, яғни туынды сын есімнің жасалуына негіз болады, мұнда да сөйлемде айтылмаған дербес сөз жоқ. Мысалы, Алдыңғы пәуескемен азырақ тілге келеді. Алдыңғы көк қырғи келген бойы жаудың «қоңыр аласының« тобына кіріп кетті.
Көмекші есімнің тілде қайталанып қолданылатын да кездері болады. А. Ысқақов бұны «көмекші есімнің қайталануы арқылы туған форма үстеу сөзге айналады да, дербес мүше болады (63, 154),»- деп көрсеткен.
Бұдан көмекші есімнің жеке қолданылуының тілде әр түрлі себептері бар екендігін байқауға болады.