Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

III модуль

Семасиология

Семасиология туралы түсінік

1-блок

2-блок

3-блок

4-блок

5-блок

Сөз мағыналарының түрлері

Синоним

Сөз варианттары

Омоним

Антоним

Ііі модуль семасиология

Сөздік құрамдағы жеке единицалардың білдіретін мағыналарын, оның түрлері мен дамуын, ауысуы мен өзгеруін қарастыратын ілім семасиология деп аталады. Семасиология (грек. semasia – мағына, logos – сөз, ілім) - Европалық тіл білімі дәстүрінде: лексикалық семантиканы, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейтін тіл білімінің бір тарауы. (Лингвистикалық түс сөздік, 185).

Семантика (грек. semantikos – белгілеуші) тіл немесе оның бірлігі арқылы берілетін мағына, хабар. Семантика дегеніміздің өзі мағыналы сөз болып табылады, ол «семантикалық үшбұрышты» құрайды: а) сыртқы элемент (дыбыстар немесе графикалық белгілер); ә) болмыс заты (зат, құбылыс, процесс, қасиет) – денотат (референт); б) зат туралы ұғым не түсінік (ұғым, сигнификат, интенсионал, белгіленетін нәрсе).

Сөз мағынасын лингвистикада семантика деп те атайды, яғни сөздің семантикалық жағы дегенде, сөздің мағыналық ерекшеліктері түсіндіріледі.

Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстар сөз арқылы аталатын болғандықтан, сол белгілі бір ұғымның атауы болатын әрбір сөздің өзіндік мағынасы болады. Сондықтан сөз қаншалықты күрделі болса, сөз мағынасы да соншалықты күрделі және әртүрлі.

Сөз мағынасы - ұғымның мазмұны, оның адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі, басқаша айтсақ, мағына дегеніміз – ұғымның сөзде бейнеленуі, яғни сөз мағынасы мен ұғым тығыз бірлікте.

Сөз мағынасы таным қағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, құбылысты қаншалықты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі [36.135] Семасиологиялық зерттеулердің ең бірінші қарастыратын мәселесі – сөз мағынасы. Тіл білімінде лексикалық және грамматикалық мағыналардың бар екендігі, олар тығыз байланыста болып, өзіндік белгілерге де ие болатындығы әбден дәлелденген.

Толық мағыналы сөздердің морфемалары, яғни түбір мен аффикстер мағынаның екі түріне ие. Түбірлер – заттық мағынаны білдіріп, негізгі лексикалық мағынаға ие болса, аффикстер – грамматикалық мағынаны құрайды. Сөздің жеке тұрғандағы немесе сөйлем құрамында келгендегі білдіретін ұғымдық бейнесін – лексикалық мағына дейміз.

Академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының үш түрін көрсетеді: атауыштық (номинативті) мағына, фразеологиялық байлаулы мағына және синтаксистік шартты мағына.

Атауыштық мағына сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы, фразеологиялық байлаулы мағына тек тіркес құрамында, ал синтаксистік шартты мағына тек сөйлем ішінде айқындалады.

Грамматикалық мағына деп - сөздің әртүрлі грамматикалық тұлғалары арқылы түрлену нәтижесінде пайда болған мағыналары. Мысалы, кітап сөзіне –ым жалғауын қоссақ- тәуелдік мағына, -лар жалғауын қоссақ – көптік мағына, -тың, -пен деген сияқты септік жалғауларын қоссақ септік мағына туады.

Сонымен сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше қабаттардан тұратын тілдік категория. Лексикалық мағына дегеніміз белгілі бір дыбыс не дыбыстар тізбегі мен шартты, тарихи және әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүниедегі заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі құбылыстардыңадам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі (М.Оразов, 45). [60.45]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]