Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Тапсырмалар

  1. Бір грамматикалық мағына беріп тұрған әр түрлі грамматикалық формаларды беретін мағынасына қарай топтастырып жазыңыздар.

а) Сабыр түбі – сары алтын (Мақал). Абай мен барлық осы үйдегі еркектер тысқа шығысты (М.Ә.).

Жас інілер сағынғанын көрсетіп, мойнынан құшақтап, бауырына оралып, мәз болысты (М.Ә.). Бет ашатын жігіт таяқты қолына ұстап тұрып, дағдылы жырды шұбырта жөнелді (Б.Алд.). Өрістен мал қайтып, бала шу-шу, әп-сәтте ауыл үсті азан-қазан болып кетті (И.Ж.). Тіттімбеттің сұлық кейпіне бір суық діріл соғып кетті (И.Ж.). Оға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір кезде арт жағынан дүрсілдеп кеп қалған ат дүбірін естіді (М.Ә.).

Көп сөзді ұғым болмас,

Жартасты жығып болмас (М.Қашғари). Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жерініп қызмет еткін (Б.Момышұлы).

ә) Тағы бір күндей Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді.

Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді. Және, ол көбінесе, өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, бүлдірмей сақтап жүрген зейініне таң қалады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет, әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп, тағы айтқызу үшін, кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен оқып береді. Әндетіп, мақалдап оқиды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады (М.Ә.).

2. Текстегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғанын дәлелдеңіз.

Ендігі сүзгені қараған еді. Ені тар болса да, көлбей созылған қалың қарағайдың сол жақ шетінен түсіп, түре қарап тұр еді. Дәл өзінің тұсына тақай бергенде, бір қалың біткен шоқ қарағайдың үстіңгі жағында болымсыз ғана бір белгі елес еткендей болды. «Шын ба, қақас көргем жоқ па» дегендей боп, көзін сүртіп ап, қайта қадалды. Болар-болмас қана білінген көкшіл буалдыр, өзге мұнардан қоюырақ және қозғалған тәрізденіп, ырғалып толқып, баяу ғана сейілдеді. Аспандап, биіктемей-ақ, көз ұшынан жоғалып жатыр. Бекболдың бір баққан белгісі осы еді (М.Ә.).

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады» - депті (Абай).

Сыртын көріп ішінен түңілме (Мақал). Ол қанша артта қалса да, пікірі алда (Ғ.Мұст.). Рақмет, концерт те өздеріңізде екен (Ғ.Мұст.). Менің іштегі суды сыртқа төгуімнен, сырттағы судың ішке құйылуы басымырақ боп кетті (С.Мұқанов). Өмірі Қатшаға мұнша көп шешіліп сыр айта қоймаушы еді (М.Әуезов). Аспан да, жер де сұп-сұрғылт (Қ.Жұмаділов). Ой артынан ой туар, желге мінсең жеткізбес (Абай). Құдық басында, кешкі ауыл сыртында... Абай сөздерін бұларға оқытып, отырып тыңдайтын Дәркембай, көп кәрі-жас бар (М.Әуезов).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]