Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Грамматикалық категорияның түрлері

Жоғарыдағы талдаудан байқалатындай, грамматикалық категориялар грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметі мен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандықтан да, грамматикалық категориялардың тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория және синтаксистік категория деп бөлуге де болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мәнді (словоизменительные) морфологиялық категориялар және топтау, я жіктеу мәнді классифицирующие морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар. Бірден көзге түсетін ерекшелік грамматикалық категорияның және олардың түрлерінің сөз таптарына қатысына байланысты.

Грамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екндігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлығында бірдей грамматикалық (морфологиялық) категория бола бермейді. Кейбір сөз табында мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. грамматикалық категория атымен болуы мүмкін, өйткені бұлар (бұл сөз таптарына енетін сөздер) белгілі парадигмалық жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, тұлғалық түрлері жоқ сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары – зат есім, сын есім (дұрысында сапалық сын есім) және етістік. Олар мыналар: зат есімнің сан мөлшер (көптік) категориясы, сапалық сын есімнің шырай категориясы, етістіктің салт-сабақты етістік (немесе салттылық-сабақтық) категориясы, етіс категориясы, болымсыз етістік (болымдылық-болымсыздық) категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы.

Белгілі сөз табына қатысты грамматикалық (морфологиялық) категориялардың грамматикалық сипаттары сол сөз табының семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалды. Сондықтан да грамматикалық (морфологиялық) категориялардың түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық қана мағына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің формалары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа да ие болады. Сын есімнің шырай категориясының, етістіктің етіс категориясының, салт-сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік категориясының семантикалық мағыналық мәні жағынан, грамматикалық сипаты, парадигмалық жүйесі жағынан басқа грамматикалық категориялармен (зат есімнің көптік, септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категорияларымен) салыстырғанда, ондай ерекшеліктері анық байқалады.

Осы тұрғыдан келгенде, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нұқсан келтірмей, оған сан-мөлшерлік немесе тәуелділік, немесе меншіктілік-объективтілік сияқты мағыналар ғана үстеп, көбінесе оны сөйлемде басқа сөздермен байланыстыру, қарым-қатынасқа түсіру қызметін атқарады. Етістіктің рай, шақ тұлғалары да түбір білдіретін грамматикалық кимыл, іс-әрекет мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, сол қимылдың орындалуының мезгілін (шағын), ақиқатқа, шындыққа, болмысқа қатысын (модаьдылығын) білдіріп, түбірдің грамматикалық сипатын, тұлғасын (2-жақ бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуін) өзгертіп, жіктеліп келіп, басқа сөздермен қарым-қатынас жасаудың негізінде сөйлемде жұмсалуға негіз болады.

Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын әсер ететін түрлерін лексика- грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей, өзгертпей, тек оған қосымша мән үстейтін түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің осындай негізі бар. Осы тұрғыдан келгенде, морфологиялық жағынан грамматикалық категориялардың күрделі екенін байқаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]