Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ііі блок Грамматикалық категория

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі - грамматикалық категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, әрі грамматикалық мағынамен байланысты, әрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі де болып келеді.

Грамматикалық категория деген ұғым барлық зерттеулерде біркелкі түсінік бермейді. Грамматикалық категорияның сан қырлы сипатын түбегейлі түсіндіруде пікір айырмашылықтары да байқалып отырады. Кейбір еңбектерде грамматикалық категория тек грамматикалық мағына деген ұғыммен қатысты ғана беріліп, сөздердегі нақты лексикалық мағынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін мағына деп анықталады. Сондай-ақ «тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы (тәсіл) бар жалпы грамматикалық мағына да грамматикалық категория деп аталады», немесе «тілдегі лингвистикалық единицалардың, яки оның бір тобының грамматикалық амал-тәсілдер арқылы берілетін жалпы сипаттарының бірі», немесе «морфологиялық категория деп ортақ грамматикалық сипаттағы мағынаны білдіретін сөз формаларының жүйесі», не «бірыңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарының бір-біріне қарама-қайшы жүйесі түсініледі» тәрізді анықтаудан грамматикалық категория деген ұғымның ішіне морфология саласына байланысты, бір жағынан, сөз таптары мен олардың түрлері деген кесек ұғымдар, екінші жағынан, жекелеген сөз таптарының түрлену жүйесіне байланысты тұлғалық топтары (айталық, зат есімде көптік, септік, тәуелдік, сын есімде шырай, шақ, жақ т.б. категориялар), үшінші жағынан, төменде көрсетілгендей, олардың жеке-жеке түрлері (айталық, жіктік я тәуелдіктің І я ІІ жағы немесе «І я ІІ жақ категориясы», «ілік септік категориясы», «өткен шақ категориясы», «ашық рай категориясы» тәрізді) еніп кетуі сөзсіз. Сондықтан грамматикалық категориялардың шекарасын айқындаудың өзі қиынға соғады. Кейбір еңбектерде грамматикалық категория қатарына сөз таптарынан бастап қосымшаларға дейні тілдік құбылыстар, тіпті олардың жеке түрлері де жатқызылып отырады. Грамматикалық категория, ең алдымен, грамматикалық мағынамен және грамматикалық формамен тікелей байланысты. Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаған жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Екіншіден, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен, яғни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен, ондағы жүйелілікпен байланысты. Яғни, кез келген грамматикалық мағына немесе қайсыбір грамматикалық форма грамматикалық категория құрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі бір грамматикалық топ құрайтын сөздерге тән болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория құрайды. Үшіншіден, грамматикалық категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жиынтығы, бір жағынан, өзара бір тектес бірыңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы мағыналар болу керек. Яғни, грамматикалық категория - өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мәндес грамматикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі. Сол бірлік пен өз ішіндегі қарама-қайшылық арқылы және соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мәні, сипаты, шегі байқалып, айқындалады. Осыған байланысты бірден мынадай сұрақ туады: бір ғана грамматикалық мағына мен оның сыртқы көрінісі болып табылатын грамматикалық форманың бірлігі грамматикалық категория болып саналмай ма? Бұл сұрақтың жауабы біреу-ақ. Бір ғана грамматикалық мағына мен оны білдіретін грамматикалық форма грамматикалық категория құрай алмайды. Мысалы, септік категориясы, тәуелдік категориясы, жақ категориясы деген грамматикалық категориялар бар да, ілік немесе барыс т.б. септік категориясы, бірінші (немесе екінші) жақ тәуелдік категориясы, осы (немесе өткен) шақ категориясы дегендер жоқ, ілік (немесе барыс) септіктің, бірінші (немесе екінші) жақ тәуелдіктің, осы (немесе өткен) шақтың әрқайсысына тән грамматикалық мағынасы (грамматикалық меншіктілік немесе жанама объектілік-бағыттылық, 1-2-жақ тәуелдік, қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын немесе өтіп кеткенін), оны білдіретін грамматикалық формасы, тұлғасы бар болса да, бұлар жеке-жеке грамматикалық категория бола ламайды. Сондай-ақ қазақ тіліндегі көптік категориясы негізінен заттың көптік ұғымымен байланысты да, морфологиялық жағынан көптік жалғау арқылы беріледі. Бірақ көптік категориясы сөз болғанда ол тек көптік жалғаумен ғана шектелмеу керек. Көптік мағына грамматикалық тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-қайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондықтан бұл категория көптеген тілдерде қазақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады.

Сөйтіп, грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының (жекелеген мағына емес) белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тәсілдер арқылы берілуі жатады.

Демек, бұл баяндаудан байқалатыны – грамматикалық категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалық мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық мағына түрімен байланысты. Ал грамматикалық мағына деген ұғымның жалпы грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық мағына деп аталатын түрлері грамматикалық категорияға қатысты емес пе? Деген де сұрақ туады.

Грамматикалық мағынаны жалаң түрде грамматикалық мағынамен қатысты ғана қарау, сол шеңберде ғана анықтау жоғарыда көрсетілгендей дұрыс болмайды. Грамматикалық категория әрі өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-біріне қайшы мәндегі бірнеше (кем дегенде екі түрлі) грамматикалық мағынада немесе мағыналар жиынтығынан тұрып, ол грамматикалық мағыналар белгілі парадигмалық тұлғалар жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы грамматикалық категория белгілі грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарынан) түрлену жүйесі болып, сөз табы ретінде ерекшеленеді, әрі сол сөз табының грамматикалық белгісі болып табылады.

Грамматикалық категория болудың алғы шарты мынадай: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалық мағына болу керек; 2) ол (кемі екі) мағыналар бір-бірімен тектес, мәндес, ыңғайлас болу керек, әр тектес мағыналар грамматикалық мағына құрай алмайды; 3) ол грамматикалық мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да, мысалы, тәуелділік мағына, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы болып, мысалы, сол тәуелдіктегі жақ сияқты, яғни 1-жақ 2-жаққа, я 3-жаққа қайшы, 2-жақ 1-жаққа, я 3-жаққа қайшы келуі; 4) сөйтіп барып, әрі тектес, әрі ыңғайлас, әрі бір-біріне қарама-қайшы мағыналардың бірлігі, тұтастығы болуы; 5) сол тектес мағына да, қайшы мағына да бөлек-бөлек белгілі грамматикалық формалар арқылы берілуі және 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы арқылы мағыналық-тұлғалық сәйкестік бір жиынтық болуы. Міне, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана грамматикалық категория болып таныла алады.

Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық (жалпы грамматикалық) мағыналар жүйесі (кем дегенде екі түрлі мәндес, тектес грамматикалық мағына) ешбір грамматикалық тұлғасыз семантикалық тәсіл арқылы ғана берілетін болса, онда грамматикалық категориялар жасай алмайды, өйткені грамматикалық категория тек грамматикалық мағыналар жиынтығы ғана емес, сол тектес, мәндес әрі бір-біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін, парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалар жүйесі болып табылады. Сондықтан, мысалы, зат есімнің жалпы зат атауын білдіруін былай қойғанда, мұнда тіпті бір-біріне қарама-қайшы және тектес, мәндес мағыналық та қасиет жоқ, яғни бір ғана жалпы грамматикалық мағына (қайшы) оппозициялық және тектес мәнді және жалқы есім, деректі және дерексіз зат есім, кімдік (адамға байланысты) және нелік (адамнан басқа зат атауларына байланысты) зат есім, сапалық және қатыстық сын есім т.б. сол сөз табының (зат есім я сын есімнің) грамматикалық категориялары бола алмайды, ол грамматикалық мағыналардың семантикалық тәсіл (лексикалық мағынаның жалпылануы) арқылы берілсе де, олардың (тектес грамматикалық мағыналардың бір-біріне айырмашылығы (қарама-қайшылығы) кейде грамматикалық формалар арқылы берілетін болса, сөз жоқ, бұл мағыналар мен формалар жиынтығы грамматикалық категориялар жасай алады. Мысалы, етістіктің салттылық-сабақтылық мағынасы түбірдің семантикасы арқылы көрінеді, яғни кез келген етістіктің түбір ешбір грамматикалық формасыз-ақ я салттылық мағынаны, я сабақтылық мағынаны білдіреді. Салттылық-сабақтылық мән етістік түбірдің семантикалық сипаты, қасиеті болып табылатындықтан да, кейбір зерттеушілер бұл қасиетті етістік сөз табындағы омонимия мен полисемияның шегін ажырататын критерий ретінде де ұсынады. Соған қарамастан, етістіктің салттылық-сабақтылық және тура объектіні талап ету- етпеуіне қарай грамматикалық формаға байланысты, өйткені тура объект табыс септік формасы (ашық я жасырын түрінде) арқылы беріледі. Сөйтіп етістік түбірдің таза семантикалық тәсіл арқылы байқалатын салттылық-сабақтылық мағынасы екінші жағынан табыс септік формасы арқылы берілетін тура объектімен тікелей байланысты я байланысты емес болуы арқасында грамматикалық категория қасиетіне ие болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]