
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
АБЛАУТ (апофония) (нем. ablaut) – фонетикаға байланысты болмайтын сөзжасамдық және сөз түрлендіруші мағынаны білдіретін дыбыстардың алмасуы. Үндіеуропалық (герман) тілдерде А. тұлға мен сөзді ажырату үшін қолданылатын тәсіл, бұл ішкі флексия болады 25.
Аккомодация (лат. аccomodatio – бейімделу) – фонетикалық бейімделу, қатар тұрған аралас дауыссыздың және дауыстының жарым-жартылай артикуляциялық бейімделуі. Жасалу бағытына қарай прогрессивті (ілгерінді) және регрессивті (кейінді) А. болып бөлінеді. А. бойынша кейінгі дыбыстың басталуы алдыңғы дыбыстың аяқталуына бейімделсе, оны ілгерінді А. керісінше, алдыңғы дыбыстың рекурсиясы кейінгі дыбыстың экскурсиясына қарай бейімделсе, оны кейінді А. дейді. Мыс., ор. Т. А, О, У дауыстылардың жіңішке дауыссыздарға бейімделуі (мал – мял, вол – вел, лук – люк). Сонымен қатар А. ассимиляцияның көрінісі ретінде қарастырылады 25.
АКУСТИКА (грек. accusticos – есту) – жалпы акустиканың бөлімі, ол лебіздік сигналдың құрылымын, сөйлеу процестерін зерттейді. Сөйлеу А.-сы екі кезеңнен тұрады: 1)артикулярлық жолда (дыбыстау мүшелері) дыбыстың пайда болуы; 2)актив және пассив дыбыстау мүшелері жасайтын акустикалық фильтерден дыбыстық құрамының қалыптасуы, қалыптасқан дыбыстың ауыз бен мұрын жолы арқылы кеңістікке шығуы. Жасалу түріне байланысты дыбыстар мынандай топтарға бөлінеді: а) дауыс арқылы жасалған: дауысты және үнді; ә) салдыр арқылы жасалған: қатаң, ызың және аффрикаттар; б) импульсті: қатаң, шұғыл дыбыстар; в) дауыс пен салдыр арқылы жасалған: ұяң, ызың және аффрикаттар; г) дауыс пен импульс арқылы жасалған: ұяң және шұғыл дыбыстар. Тілдің акустика негіздерін Г.Л.Ф.Гельмгольц қалаған.
АКЦЕНТ І (лат. аccentus – дауыстың көтерілуі, екпін) ағыл. аccent, фр. аccent, нем. akzent – Екпінмен бара – бар.
АКЦЕНТ ІІ – Екінші тілде өзіндік айтылуы, мұнда Ана тілдің Артикуляциялық базасы еріксіз көрінеді; фонетикалық деңгейдегі Интерференцияның байқалуы.
АКЦЕНТОЛОГИЯ (лат. аccentus – дауыс көтеру, екпін+грек. Logia – ілім) – Екпіннің табиғатын, түрлері мен қызметін (қара. Акцент І), онымен байланысты Тон, Просодия құбылыстарын зерттейтін Тіл білімінің бөлімі.
АКЦЕНТУАЦИЯ (лат. accentuatio, аccentus) – 1. Сөз немесе сөйлемшеден Екпіннің көмегімен Сөздегі немесе Фразадағы бір элементтің ерекшеленуі.
2. Туыстас тілдер тобындағы немесе жекелеген тілдегі екпін жүйесі.
3. Жазба мәтіндегі екпіннің (қара. Акцент І) таңбалануы, мыс., жазба ескерткіштер мәтіндерінде немесе оқуға арналған мәтіндерде т.б.
АЛЛОФОН (грек. Аllos - өзге, басқа + phone дыбыс) Аllophone – фонема ның нақты фонетикалық позицияларда таралуы. Мыс., Қаз. т. мектеп деген сөздің түрлі формасы (мектеп – мектепке – мектебім – мектебі) әр түрлі фонетикалық түрде жүзеге асырылады: [мектеп], [мектепке], [мектебім], [мектебі]. Бұл арада олардың әрбір элементі тек қана белгілі бір фонетикалық позицияда мүмкін болатын А. альтернативтік қатарлары көрсетілген (қара. Фонеманың дифференциялдық белгісі, Фонеманың интегралдық белгісі, Фон, Диструбиция және Альтернация).
АЛЬФАВИТ (грек. Alphabetos, грек. А. Алғашқы екі әрпінің атынан шыққан – альфа мен бета [жаңа грек. вита]) ағыл. Alphabet, фр. Alphabet, нем. Alphabet (әліппе) – Жазу үлгісінде белгілі бір орналасу тәртібімен қабылданған Әріптер жиынтығы. А. ойлап табу тілдегі кез келген мәтінді олардың мағынасына көңіл бөлмей жазуға мүмкіндік береді (салыс. Идеограмма, Логограмма, Иероглиф). А. түзу принципін батыс-семит халықтары б.д.д. 3 мыңжылдықтың ортасында ойлап тапқан.
АЛЬТЕРНАЦИЯ (лат. alternatio – алмасу, ауысым, ауысып қозғалу) – морфемада немесе сөзде түрлі қолданыста бір орында тұратын дыбыстардың Алмасуы мен айырмашылығы. А. сипатына қарай фонетикалық және фонетикалық емес (тарихи, дәстүрлі) блып бөлінеді. Фонетикалық позициялық А. Фонологияда зерттеледі және Фонемалар құрамын анықтау үшін қолданылады (ор. Ж [zh] – ш [sh] номож – нож деген сөздерде). Фонетикалық емес А. позициялық және позициялық емес болып бөлінеді. Көбінесе олар сөзжасамға (морфологиялық А. ор. Т. бегу – бежишь, қаз. т. себу – сеуіп, мен – менің – маған – менімен) немесе түрлендіруге (грамматикалық А., ор. Т. сухой –сушь сияқты) ықпал етеді немесе қатысады. Позициясыз А. түрлері – Аблаут, умлаут, Ішкі флексия.
АНЛАУТ (нем. An – қасында + Laut – дыбыс) – Сөздің фонетикалық бастауы (салыс. Ауслаут)
АРТИКУЛЯЦИЯ (лат. articulato – бөлшектеу) ағыл. – дыбыстау мүшелерінің дыбыс жасау барысындағы қызметі.А.-ның бірнеше кезеңдері болады: 1( дыбыстың бағдарламасын жасау, қимыл басқарудағы ең жоғары деңгей; 2) нейростимуляция нәтижесінде бұлшық еттердің жиырылу; 3) дыбыс щығару үшін дыбыстау мүшелерінің қозғалуы. А. термині бүкіл процеске немесе оның соңғы кезеңіне байланысты қолданылады. А.-ны басқару кинестезиялық (қимыл түйсігі) және есту қабілетінің қайта байланысу жүйесі арқылы жүзеге асады.
АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ БАЗА (лат. articulato < articulare – анық айту) ағыл. basis of articulation, фр. basе d' articulation, нем. articulations basis – Дыбыстау мүшелерін қолдану дағдыларының аталмыш тілде сөйлеушілерге үйреншікті жиынтығы. А. б. Буын немесе басқа да ырғақ единицаларын жасауда жеке дыбыстардың Артикуляциясын, дем шығару, жинақтау және бұлшық ет энергиясын бәсеңдеудің жиынтығы. А. б. Акцент ІІ түрінде өзге тілді үйренуде байқалады.
АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ АППАРАТ (лат.– articulato < articulare анық айту) ағыл. Articulation, фр. Articulation, нем. Articulation (артикуляторлы аппарат, сөйлеу аппараты, айтылу аппараты) – қара. Дыбыстау мүшелері.
АРТИКУЛЯЦИЯ (лат. articulato < articulare анық айту) ағыл. Articulation, фр. Articulation, нем. Articulation – Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыс шығару мүшелері жұмысының жиынтығы (қара. Дыбыстау мүшелері).
АРХИФОНЕМА (грек. Archi – басқы + phonema – фонема) ағыл. . Archi phonemе, фр. Arcһіphonemе, нем. Archiphonem – 1.А. вариантпен барабар (МФШ теориясы бойынша).
2. Кейбір фонологиялық концепциялар бойынша А. дегеніміз бейтарап қалыптағы дыбыс (Н. С. Трубецкой термині) немесе әлсіз фонема Р. И. Аванесов бойынша).
АССИБИЛЯЦИЯ – шұғыл (эксплозив) дауыссыздардың ызың дауыссыздармен алмасуы.
АССИМИЛЯЦИЯ (ықпал) (лат. assimilatio – ұқсату) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері; Сөз ішінде немесе Сөз тіркесінде дыбыстардың өзінен бұрынғы (кейінді А) немесе өзінен кейінгі (ілгерінді А) дыбысқа артикуляциялық икемделуі. А. біртекті дауысты дыбыстар (вокаликалық А) немесе дауыссыз дыбыстар (консанантты А.) арасында пайда болады. А. соң дыбыстартолық немесе ішінара сәйкессе, А. толық болады, егер А. соң дыбыстар басқа белгілері бойынша өзгешіліктерін сақтаса, жартылай А. болады.Шектес дыбыстардың А. (контактілі А.) және өзге дыбыстармен ажыратылған дыбыстардың А. болуы мүмкін (дистакті А. немесе дистантты А.) қаз. т. Сингармонизм (үндестік) заңы вокаликалық дистакті ілгерінді А. мысал болады; кейінді консанант контактілі жартылай А. ор. Т. «юбка» сөзіндегі ұяң [в] дауыстың қатаң [к] дыбысқа икемделуі мысал бола алады.
АУСЛАУТ (нем. Предлог an – қасында + laut – дыбыс) сөздің фонетикалық аяқталуы (салыс. Анлаут).
АФЕРЕЗИС – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. А. құбылысында алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерінен кейінгі тұрған сөздің бастапқы дыбысы жоғалады (түсіріліп айтылады). А. элизияға қарама-қарсы құбылыс.
АФФРИКАТ – актив және пассив дыбыстау мүшелерінің толық ашылмауына байланысты пайда болатын саңылаулық дауыссыз дыбыстар.
АШЫҚ БУЫН - буынның бір түрі. Жалғыз дауыстылардан немесе дауыссыздан басталып, дауыстыларға бітетін буын. А.б.-ның дыбыстық құрамы: 1)А: ә-ке, а-на; 2) ВА: да-ла-да; 3) ВВА (кірме сөздерге тән): ста-нок; 4) ВВВА (кірме сөздерге тән): стра-тегия.
АШЫҚ ДАУЫСТЫЛАР – жақтың қатысына қарай дауыстылардың түрі. А.д.-ты айтылғанда астыңғы жақ үстіңгі жақтан барынша қашықтайды, ауа еш кедергісіз еркін шығады. А.д.: а, ә. Жартылай А.д.: о, ө, е.
ӘРІП ағыл. Letter, фр. Letter, нем. Bushstabe – Дыбыстарды және олардың элементтерін, Фонемаларды белгілеу үшін пайдалынылатын графикалық таңба. Ертедегі жазу жүйелеріндегі Ә. Реттелген бір ізділігі (қара. Альфавит) сандарды беру үшін қолданған, ал қазіргі кезде барлық сақтау құралдарында және информация іздеу кезінде жүйеленген құрал ретінде пайдаланылады, ғылымда, (матем, химия, физика т.б.) арнаулы Таңбаларды жасау негізі және т. б. Үшін қолданылады. Жазылуы бойынша кіші және бас Ә. Болып белгіленеді (қара. Графема).
ӘУЕН (тембр) – дыбыс әуені дыбыс дірілінің түрлерімен байланысты. Сөйлеу тілінде Ә. Ұғымы ең алдымен дауыстыларға қатысты болады. Фонетикада дыбыстың жиілігіне байланысты болатын дыбыстың реңкі, музыкада дыбыстың сапасын (тон биіктігін) белгілейді.
ШҰҒЫЛ-ҚОПАРМАЛЫ ДАУЫССЫЗДАР ағыл. Plosive, фр. Explosif, нем. Explosivlaut – экспозивті, жабасыңқы- шұғыл дауыссыздар. Еріннің жабысып, ауаның шұғыл шығуынан жасалады, мыс., қаз. т. к [к], г [g], қ [q], ғ [g h].
ВОКАЛИЗМ (лат. vocalis – дауысты) ағыл. vocalism, фр. Vocalismе, нем. vocalismus – тілдегі дауысты дыбыстар (дифтонгтарды қоса) жүйесі. Бір тілдегі В. Сипаттау кезіндегі тілдегі дауысты фонемалардың саны, түрлі фонетикалық позицияларда олардың қолданылу ережесі. Фонемадағы фонетикалық вариант мүмкіндіктері және сөйлеудегі функциялық басымдылығы ескеріледі. Әр тілдегі фонемалар жүйесінде дауыстылардың саны әр түрлі болады.
ГАПЛОЛОГИЯ (гаплолалия, буындық диссимиляция) – (грек. Haploos – жалғыз + logia – сөз, ілім) ағыл. haplology, фр. Haplologie, нем. Haplologie, Silbenschichtung, Silbendissimilation дыбыстардың Комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция әсеінен өзара бірдей (немесе ұқсас) көрші буындардың бірінің түсіп қалуы. Мыс., ор. т. минерологиядан минерология, шивовороттан шиворот; қаз. т. жайтаңдандаудан жайтаңдау, қайсысынан қайсы.
ГИПЕРФОНЕМА (грек. Hyper – жоғары, үстінде + phonema) – топтық фонетикалық ерекшелікті белгілейтін, фонемалық толық теңестірілуі мүмкін емес ерекше единица. Мыс., «қара» деген сөздің бірінші буынындағы дауысты дыбыс «қора» деген сөздегі [о] Г. Салыстырғанда [а] Г жүзеге асырады (қара. Архифонема, Фонема, Фонеманың интегралдық белгісі, Аллофон және т.б.) Г. С. И. Сидоров, П. С. Кузнецов, А. А: Реформатский және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
ГРАФЕМА (грек. grapho - өрнектеймін, жазамын) – 1. Лингвистикалық мағынасы бар, тілдің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі. Г. Термині әріптің, иерогливтің немесе оның бір бөлігінің синонимі ретінде жиі жұмсалады.
ГРАФИКА (грек. graphike, grapho - өрнектеймін, жазамын) – 1) графемалар, тыныс белгілері, екпін белгілері және т.б. жазу құралдарының жиынтығы: 2) графема мен фонема арасындағы қатынастарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Г түсінігі әдетте фонематикалық жазуға қатысты қолданылады, оның үш қырын бөліп қарастырады: алфавитті, графиканы және орфографияны.
ДАУЫСТЫЛАР ағыл. vowels, фр. Voyelles, нем. Vokale – дауыс тоны мен ауаның ауыз қуысынан еркін өтуінен пайда болатын Дыбыстар (Дауыссыздарға қарама-қарсы). Тілде немесе диалектіде Д. Жүйесі вокализм деп аталады. Д – буын жасаушы дыбыстар. Д артикуляциялық сипаты тілдің, ерін мен таңдайдың қызметіне байланысты; а) тілдің бірнеше деңгейге көтерілуіне (3-7 дейін) бөлінеді, әдетте үш не төрт: Ашық Д тіл ең төмен жағдайда болады; Қысаң Д – тіл жоғары, үстіңгі жағдайда болады; жартылай ашық Д – тіл ауыз қуысында орташа жағдайда болады; б) тілдің ауыз қуысының алдыңғы және артқы бөлігіне қозғалуына байланысты бөлінеді: тіл алды Д. (тіл барынша алға жылжиды), Тіл арты Д. (тіл барынша артқа жылжиды), аралас Д. (тіл бейтарап жағдайда болады); в) ерін қатысына қарай Еріндік (ерін сүйірленіп, алға созылады) және Езулік (ерін жиырылады) болып бөлінеді; г) жұмсақ таңдайдың қатысына қарай ауыз қуысы, Таза (жұмсақ таңдай көтеріліп, ауа ауыз қуысы арқылы өтеді) және мұрын қуысы, назалды (жұмсақ таңдай түсіріліп, ауа мұрын қуысы арқылы өтеді) Д. деп бөлінеді. Кейде дауыстыларға Фарингалдану қоса жүреді. Д Монофонг пен Дифтонгке бөледі. Акустикаға қарай Д нақты тұлғалық құрылымымен сипатталады. Көмей үсті жолында пайда болатын резонаторлы тондар немесе форманттар (Іформант жиілілігі тілдің тілдің көтерілу деңгейіменжоғарылайды; ІІ формант жиілігі дауыстының алға жылжуына қарай жоғарылайды) Д д акустикалық классификация негізін құрайды: Компакт және Диффузды Д Күшті (жуан) және Әлсіз (жіңішке) Д. Халықаралық фонетикалық алфавитке сәйкес Д жалпы классификациясы келтірілген.
ҚАТАҢ ДАУЫССЫЗДАР ағыл. voiceless, фр. Sourd, invois <, нем. lautlos, tonlos, stimmlos – тонның (дауыстың) қатысынсыз жасалатын Дауыссыздар. Мыс., ор және қаз т. к [k], п [р]
КӨМЕЙ ДАУЫССЫЗДАР (грек. Larynx – жұтқыншақ) – көмейдің қатысуымен жасалатын ларингал дауыссыз дыбыстар. Мыс., нем. knaklaut.
ГРАФЕМА (грек. Graphe – сызылуы) ағыл. grapheme – Жазу единицасы. (қара. Әріп). Г жазу стиліне, сөздегі және сөйлемдегі орнына құарай әр түрлі варианттарда қоданылады. Мыс., «а» Г бас әрпі «А», кіші әрпі «а», курсивті «а» және т.б. Қазіргі тіл білімінде Г термині бірдей мазмұнға ие емес. Бұл ғылыми дәстүрлердің, фонологиялық мектептердің Фонема терминін әр түрлі түсіндірулеріне байланысты болды.
ГРАФИКА (грек. Graphike грекше grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) ағыл. graphics – 1. Белгілі Жазу тәсілдерінің жиынтығы, Әріптер мен сөйлеу (Фонемалар) Дыбыстарының арасындағы қатынастар жүйесі, сондай-ақ әріп кескіні мен белгілері. Г құралына әріптер, тыныс белгілер, сөз қысқартудың және басқа түрлі жолдары жатады. Графикалық жүйенің даму деңгейі әріптердің сөйлеу дыбыстарына қаншалықты дәрежеде сәйкес келуімен анықталады. Жазу жүйесі мен тіл дыбыстарының сәйкес келуі және келмеуіне қарай монограф (в[в]) және әріп тіркесі – диграф (ck [к]), триграф (оеи [и:]), полиграф (augh [о:]) болып бөлінеді. Көптеген Г жүйелерінде позициялық принцип қоданылады: әр графема графемалық контекстке тәуелді болып, көршілес әріптер мен басқа жағдайларға байланысты қолданылады.
2. Графемалар мен фонемалардың арақатынасын зерттейтін Тіл білімінің бір саласы.
ЕРІНДІК ДАУЫССЫЗДАР - Лабиал дауыссыздармен барабар.96-б.
ЕКПІН – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы. Е. үндіеуропа тілдеріне тән құбылыс. Түркі тілдерінде Е.-нің қызметін сингармонизм атқарады.
ДИАХРОНДЫҚ ЛИНГВИСТИКА ( грек. dia – арқылы + chronos – уақыт) – тілдің тарихи дамуын, жеке тіл деректерін және тіл жүйесін тұтастай зерттеу саласы. Д. мәселелерін әр түрлі тілдердегі және диалектілердегі тілдік өзгерістердің себептерін, олардың пайда болу және аяқталу уақытын, бұл құбылыстардың және процестердің дамуын, қалыптасуын Д. анықтайды.
ДИССИМИЛЯЦИЯ (лат.dissimilatio - өзгеріс) – дыбыстардың игерулі (дкомбинаторлы) өзгерісі, бір сөздегі бірдей немесе ұқсас екі дыбыстардың бірі басқа дыбысқа айналуы. Олар ортақ фонетикалық белгілерін жоғалтады. Д. біртекті дауысты дыбыстың (вокалдық Д.) немесе дауыссыз дыбыстың (консонанттық Д.) арасында пайда болады. Іргелес дыбыстардың Д. (контактілі Д.) және өзге дыбыстармен ажыратылған дыбыстың Д. (дистакт, дистант Д.) болуы мүмкін. Алдыңғы дыбыстың ықпалымен дыбыстың өзгеруі ілгерінді Д. аталса дыбыстың өзінен кейінгі дыбыс ықпалымен өзгеруі кейінді Д. аталады.
ДИФТОНГ (грек. di – екі рет +photongos дауыс, дыбыс) буын жасайтын патенциалды мүшеленбейтін екі элементтен тұратын күрделі дауысты.
ДИФФУЗ ДАУЫСТЫЛАР (лат. diffusio – тарату) екі жақты универсалды қасиетті компакті дауыстыларға сәйкес келеді.
ДИЭРЕЗА – сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция негізінде пайда болады. Д.-ның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады. Мыс.: қалмады – қамады.
ЖАЗУ – графикалық элементтер арқылы хабарды сақтап, белгілі бір қашықтыққа жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Ж.-ның негізгі төрт түрі бар: идеографикалық, сөздік-буындық, дыбыстық-әріптік (алфавиттік).
ТІЛ АРТЫ ДАУЫССЫЗДАР (нем. guttural) таңдай арты, постдорсалды, веляр, гутуралды дауыссыздар тіл артының жұмсақ таңдайға немесе таңдай шымылдығына тиюден жасалады.
ТІЛДІҢ ДАМУ ЗАҢДАРЫ тілдердің даму жолдарын үздіксіз жетілдіріп отыратын тұрақты ағым. Тілдің дамуына түрлі сыртқы (экстра лингвистикалық) және ішкі (интерлингвистикалық) тілдік факторлар ықпал жасайды.
ҰЯҢ ДАУЫССЫЗДАР (ағыл. boiced, фр. Boise, sonore) дауыс түтігінде дірілдің ұяңдап шығуы, салдырдан гөрі үннің басым болуына жасалатын дауыссыз дыбыстар.
СӨЙЛЕУ ДЫБЫСТАРЫ тілдің ең кіші сөйлеу единицасы; дыбыстау мүшелері жұмыстарының нәтижесі; сөйлеудің сигмент единицасы. 127-б.
ИНСТРУМЕНТАЛДЫ ФОНЕТИКА (лат.instrumentum – құрал, қару) – қараңыз эксперименталды фонетика.
ИНТОНАЦИЯ (лат. intonatio – қатты айтылатын) – мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір – бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі.
Кей зерттеушілер И. сыңарларына паузаны да жатқызады. И. екпін сияқты тілдегі просодия жүйесін жасайды. И сөйлеудің жүзеге асуы мен оның мәнін айқындайды.
ФОНЕМАНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ БЕЛГІСІ (лат.integer- бүтін) фонеманың фонологиялық оппозиция құрамайтын белгілерінің бірі (қара. Фонеманың дифференциялды белгісі, Аллофон т.б.).
ИНТЕРДЕНТАЛ ДАУЫССЫЗДАР (лат. inter аралық + dens – тіс) – бұл дауыссыз кейде тіс аралық дауыссыздар деп те атайды. Бұл дыбыстың жасалуында тілдің ұшы тістің арасында болады.
СЫНА ЖАЗУ (клинопись. Ағыл. cuneiform writing) кіші Фзия елдері шумер халқынан қабылдаған идеографияға негізделген буындық жазу. Бұл жазу – тіке сызықша болып, бір жағы жалпақтау, екінші жағы үшкірлеу сынаға ұқсас келгендіктен сына жазуы деп аталған. С. ж. алғаш б. д. д. Шумерде пайда болды.
КОМБИНАТОРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР (лат. combinare – қосу, тіркестіру) – сөйлеу ағымы кезінде дыбыстардың бір біріне әсер етуінің нәтижесінде пайда болатын фонетикалық өзгерістер. К. ө. Аккомодация, ассимиляция, диссимиляция, эпентеза, диэреза, гаплология, метатеза құбылыстары жатады. К. ө себептерінің бірі – дыбыстардың артикуляциялық жақтан байланысы. Дыбыстардың бір біріне әсер ету бағытына қарай к. ө ілгерінді және кейінгі түрлерге ажыратылады.
КОМПАКТ ДАУЫСТЫЛАР (лат. compactus – тығыз, ықшам) – екі жақты универсалды белгілер жүйесінде диффузды дауыстыларға қарсы спектордың ортаңғы бөлігінде жоғары консентрацияға ие болады.
КОНСОНАНТ (лат. consonans – дауыссыз дыбыс) – дауыссыз дыбысқа қарама-қарсы. Функциясы жағынан буын жасамайтын, буын құрамайтын дауыссыз дыбыс.
КОНСОНАНТИЗМ (лат. consonans – дауыссыз дыбыс) – тілдегі дауыссыз дыбыстар жүйесі нақты тілдегі к. Сипаттау кезінде дауысссыздардың саны, олардың қолдану ережесі түрлі белгілердің фонетикалық көрініс табуы және оныңй варианттылығы. Сөйлеу сәтіндегі функциялық күш ескеріледі.
ЛАБИАЛДАНУ (лат. lobialis – еріндік) – еріннің сүйірленуі немесе алға тартылуы арқылы жасалатын дауысты және дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы.
ЛАБИАЛ ДАУЫССЫЗДАР (лат. labia – ерін) – еріндік дауыссыздар еріннің бір-біріне тиюінен (билабиал – қос ерін) немесе ерін мен тістің жанасуынан (лабио – дентал) жасалады.
ЛАРИНГАЛ (грек. larunx – көмей) – артикуляциясы көмейде болатын дауыссыз дыбыс.
ЛЕБІЗДІ (динамикалық) ЕКПІН – фонациялық ауаның қарқынымен байланысты болады. Л.е.-ні экспираторлық екпін деп те атайды. Л.е. кей тілдерде мағына айқындаушы, сөз айқындаушы қызмет атқарады. Мыс.: ор.т. замо′к - за′мок.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТЛАС - 1. диалектологиялық атласпен барабар. 2. Сөйлеу дыбыстарының атласы – берілген тілдің дыбыстарын айтқандағы сөйлем мүшелерін және олардың акустикалық сипаттамасы бейнелеген карталардың альбомы.
ШҰҒЫЛ ДАУЫССЫЗ (ағыл. momentary – шұғыл – қопармалы дауыссыздардың ерекше түрі, қаз. т. п [р], т [т], к [к] т.б.
МЕТАТЕЗА (грек. metathesis - ауыстырып қою, перемутация, транспозиция) – дыбыстардың (комбинаторлы) өзгерісі, бір сөз немесе буын ішінде буындардың немесе дыбыстардың өзара орын ауыстыруы.
МОНОСИЛЛАБИЗМ (грек. monos – бір + syllable – буын) – кейбір тілдерде бір буынды сөздердің көп болуы. М. Көптеген қыт.-тибет. Тілдеріне тән (қараңыз буын).
МОНОФТОНГ (грек. monos – бір + photongos - дауыс, дыбыс) – артикуляциялық және акустикалық бүтіндігімен, біркелкілігімен сипатталатын дауысты (салыс. Дифтонг).
МОНОФТОНГТЕНУ (грек. monos – бір + photongos - дауыс, дыбыс) – тарихи лингвистикада екі дыбыстың бір дауысты дыбысты беруі: дифтонгтік тіркес немесе дифтонгтің екі элементі.
МОРФОНЕМА (грек. morphe – форма + phone – дыбыс, фонема) – морфонологияның қарапайым единицасы. Бұл ұғымды 1927 ж. Х.Улашин ұсынған. Онымен бір кезеңде М. Терминін Н.С.Трубецкой енгізген. Бір морфемадағы морфтар қатарында немесе дыбыстық алмасуларда орын ауыстырушы фонемалар морфонема деп аталады.
МОРФОНОЛОГИЯ (грек. morphe – форма + phone – дыбыс, фонема + logia – ілім) - әртүрлі типтегі морфонемалардың фонологиялық құрылымын және морфологиялық айырмашылықтарды білдіру үшін фононлогиялық салыстыруларды пайдалануды зерттейтін тіл білімінің саласы. М. Пәні сөздер мен морфемалардың фонологиялық құрылымы болып табылады.
ҰЯҢДАНУ – сөйлеу ағынындағы фонетикалық өзгерістің нәтижесінде қатаң дауыссыздардың ұяң дыбысқа айналуы.
СІҢІСУ (деэтимологизация) – лексикалық-грамматикалық құбылыс: сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруі, туынды сөздің түбір сөзге айналуы. С. Құбылысын алғаш рет сипаттаған және «опрощение» деген терминді ұсынған В.А.Богородицкий.
ДЫБЫСТАУ МҮШЕЛЕРІ – артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері. Д.М. екі топқа бөлінеді: а) дыбыс жасауға қажетті ауа ағынын тудыратын және өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); б) дыбыс жасауға тікелей қатысатын Д.м.
ОРФОГРАФИЯ (грек. orthographia: orthos - тура, дұрыс + graphia – жазамын) 1. Бірыңғай жазба тіл түрлерінің тарихи қалыптасқан жүйесі. 2. Жазу ережелерінің жүйесін зерттейтін және талдап жасайтын тіл білімінің бір саласы.
ОРФОЭПИЯ (грек. orthographia: orthos - тура, дұрыс + epos – сөйлеу, сөйлеу формасы) – 1. Дыбысталу қалпының бірлігін сақтауды қамтамасыз ететінұлт тілінің айтылу нормаларының жиынтығы. 2. Айтылу нормаларын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
ПАЛАТАЛ ДАУЫССЫЗДАР (лат. palatum – таңдай) – тіл ортасының қатты таңдайға жақындауынан, жанасуынан жасалатын таңдай, орта таңдай, қатты таңдай дауыссыздар.
ТІЛ АЛДЫ ДАУЫССЫЗДАР- тіл үшының актив қызметінің нәтижесінде пайда болатын дауыссыздар.
ТУЫНДАУШЫ СЕМАНТИКА (генеративті семантика) – трансформациялық грамматика теориясының бағыты. Т.с. мақсаты – тіл моделінің құрылымдық жүйесін «мағынадан мәтінге қарай» және «мәтіннен мағынаға қарай» қалыптастырады.
ПРОТЕЗА (грек. prothesis – алдына қою) – сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Бұл құбылыс дауыссыздардың тоғысуы сөз басында келмейтін тілдерде кездеседі. Мыс. Ррай, ылақ, т.б.
ПУНКТУАЦИЯ (лат. punctum – нүкте) 1. Алфавиттен тыс белгілердің (тыныс белгілердің) графикалық жүйесі. 2. Мәтінді пунктуациялық жағынан рәсімдеудің ережесі. 3. Пунктуациялық заңдылықтар және нормалармен айналысатын тіл білімінің саласы. П. Жүйесі көптеген тілдерде, соның ішінде орыс және қазақ тілдерінде тыныс белгілердің екі түрлі қызметіне – бөліну және оңашалану қызметіне негізделген; осылайша тыныс белгілердің екі тобын – жалқы (нүкте, үтір, көп нүкте, үтірлі нүкте, сызықша, қос нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) және жұп (қос үтір, қос сызықша, жақша, тырнақша) деп ерекше бөліп атауға болады. Басылған мәтіннің композициялық жақтан ажыратылуы үшін қолданылатын таңбалар (жұлдызшалар, ұзын сызық, үзік сызық, дөңгелекше, көрнекі шрифт, абзац) П. ауқымына кіреді.
РЕДУКЦИЯ (лат. reduction – қайырылу, кері қайтару) – айқын естілмей көмескіленуі немесе созыңқылығының қысқаруы нәтижесінде дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Негізінен дауыстылар Р. ұшырайды, бірақ буындар мен сөздердің де Р. түсуі кездеседі.
ЫРҒАҚ (грек. rhythmos – біркелкілік, бірқалыптылық) – сөйлеу единицаларының үнемі жүйелі түрде қайталануы: прозада – синтагма, ырғақ тобы; поэзияда – дыбыс, буын, жол, шумақ, ырғақ тобы.
ЫЗЫҢ – фрикатив дауыссыздар. Олардың жасалуында тар саңылау арқылы шығарылған ауа ызыңдаған шуылмен қозғалады.
СЕЛБЕСПЕЛІ ДЫБЫС – сөз құрамының ұлғаюына себеп болатын дыбыс. Морфонологияның зерттеу объектісі ретінде қарастырып, С.д. терминін енгізген А.Айғабылұлы.
СИЛЛАБЕМА (грек. syllable – буын) – буынмен барабар.
СИНГАРМОНИЗМ (грек. syn – бірге + harmonia – байланыс, үндесу) – үндестік заңы – дауыстылардың үндесуі немесе буын үндестігі; түбірдегі дауысты дыбыстың жуан немесе жіңішке болуына байланысты қосымшадағы дауыстының да жуын немесе жіңішке болуы. С. тілдік (лингвалды) және еріндік (лабиалды) үндестік түрінде қарастырылады. Дауыстылардың тілдің қызметіне қарай бір сөз көлемінде не бірыңғай жуын, не жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі дейміз. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейміз.
СИНХРОНИЯ (грек. syn – бірге + chonos – уақыт) – дамудың белгілі бір мезгілінде тілдің қалпын өзара байланысты және үйлесімді элементтер жүйесі ретінде зерттеу. Тілді синхронды тұрғыдан зерттеу- сипаттама синхронды лингвистиканың пәні.
БУЫН (грек. syllabikos – буындық) – силлабема, дыбыс пен сөйлеу тактісі ортасындағы аралық фонетикалық-фонологиялық единица; ең кіші дыбыстық бөлік, тыныстау импульсі; артикуляциялық тұтас комплекс. 349б. Буын - фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы.
ДАУЫССЫЗДАР ( консонантизм) (ағыл. consonants) – кедергіге ұшырау нәтижесінде үн мен шудың қатысуымен жасалатын дыбыстар.
СПИРАНТТАР (лат. spirare – үрлеу, дем алу) – фрикативті, созылыңқылы, ашық, ызың дауыссыздар ауаның өтуі кезінде сөйлеу мүшелерінің біріне жартылай жақындауынан жасалады.
ТЕМБР (әуен) – 1. Дыбыс т. – қосымшалы негізгі тонның көтеріңкілі мен күшінің қатыстылығына байланысты. 2. Дауыс т. – дауысқа немесе инструментке тән дыбыс бояуы; дауыстың өзіндік сипаты.3. Сөйлеу т. – қара. интонация.
СӨЙЛЕУ ҚАРҚЫНЫ – интонация компоненттерінің бірі, сөйлеу, сөз, буын дыбыстарын айтудың жылдамдылығы.
ТАРНСКРИПЦИЯ (лат. tranсkriptio – көшіріп жазу) – ауызекі сөйлеу тілін арнайы белгілерінің көмегімен біркелкі және жүйелі түрде түрде таңбалау тәсілдері. Қарастырылған ерекшеліктеріне сәйкес Т. төмендегідей бөлінеді: өзіндік дыбыстық Т.; интонациялық Т.; фонемалық Т.; фонетикалық Т.
УВУЛЯР ДАУЫССЫЗДАР (лат. uvula – кішкене тілшік) – кішкене тілшіктің көмегімен жасалатын тілшік дауыссыздар.
ЕКПІН - акцентке барабар, суперсегмент фонологиялық амалдардың көмегімен буынды (морф), сөзді, фразаны айыру. Дем шығарудың қарқыны мен күшеюіне қарай динамикалық, экспираторлық болып ажыратылады; тонның жоғарлауы мен төмендеуіне байланысты музыкалды, тоникалық ажыратылады; созыңқылығына қарай сандық Е. ажыратылады. Сөздің орнына байланысты еркін және матаулы Е. болып бөлінеді.
ФАРИНГАЛДАНУ (грек. pharinx – жұтқыншақ) – тіл ұшының жұтқыншақтың ішкі қабырғасына тиюден пайда болған дауыссыз дыбыс.
ФОН, ФОНА (грек. рhone – дыбыс, дауыс) – фонемаға тәуелділігіне қарамастан сөйлеу кезінде оқшауланатын единица.
ФОНАЦИЯ (грек. рhone – дыбыс, дауыс) – 1. дыбыстың құралуы, сөйлеу мүшелерінің жұмысы, сондай-ақ естуге болатын сөздің дыбысталуы. 2. Дыбыстау мүшелерінің жұмысына байланысты сөз сөйлеу бірлігінің саласы.
ФОНЕМА (грек. рhone – дыбыс, дауыс) – төменгі белглермен айқындалатын тіл единицаларының бірі: 1. Тілдің ең аз мөлшердегі мағыналық жігін ажырату единицасы; 2. Конкретті варианттардың (фондардың, аллофондардың) абстрактілі инварианты; 3. Жеткізу өрісінің (Л.Ельмслев бойынша) айшығы; 4. Дифференциалды белгілердің жиынтығы; 5. Фонологиялық оппозицияның ең аз мөлшердегі мүшесі және т.б. Ф. Мәтінде танымдық (перцептивті), айрымдық (мағына жігін ажыратушылық, сигнификативті), кей жағдайларда шектеулік (делимитативті) қызмет атқарады.
ФОНЕТИКА (грек. рhonetikos – дыбыстық, дауыстық) – тілдің дыбыстық саласын, тілдің қызметін, дыбыстау аппаратының жұмысын, дыбыстық құбылыстардың акустикалық қасиетін және олардың қабылдануын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ТРАНСКРИПЦИЯ (грек. рhonetikos – дыбыстық, дауыстық + лат. tranсkriptio – көшіріп жазу) – сөйлеу бірліктерінің дыбыстық сипаттамаларын нақты жазбаша тіркеу тәсілі. Транскрипция дыбыстық бірліктердің қандай қасиеттерді бейнелейтіндігіне байланысты Ф.т. және фонематикалық транскрипция болып бөлінеді. Ф.т., әдетте, тік жақшаға алынады.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗАҢДАР (дыбыстық заңдар) – тіл дамуының белгілі бір кезеңінде ұдайы жүзеге асатын фонетикалық өзгерістер.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР – тілдің фонетикалық заңдарының ықпалымен фонетикалық единица ұшырауы мүмкін кез келген өзгерістер, сондай-ақ аталған тіл дыбыстарының позициялық (комбинаторлық) тербелісі. Ф.ө. заңдарды қатаң сақтай отырып жасалады.
ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ТРАНСКРИПЦИЯ (грек. рhone – дыбыс, дауыс + logia – ілім және лат. tranсkriptio – көшіріп жазу) – сөздің немесе морфеманың фонемалық құрамын беру үшін сөйлеу единицаларының белгіленуі. Фонемалық құрамын түрліше түсіндіру кезінде Ф.т. әртүрлі болады. Ф.т., әдетте, қиғаш немесе бұрышты жақшаларға алынады.
ФОНОЛОГИЯ (грек. рhone – дыбыс, дауыс + logia – ілім) – тілдің дыбыстық құрылымын, оның функционалдық заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
ФРАЗАЛЫҚ ЕКПІН (грек. phrases – сөйлемше, сөйлеу оралымы) – фразаның аяқталуын және оның коммуникативтік үлгісін білдіретін интонациялық-просодиялық единица.
ФРИКАТИВ ДАУЫССЫЗДАР (лат. frikatife – үйкелу) – ызың дауыссыздармен барабар, дыбыстау мүшелеріне жақын орналасқан саңылаудан өткен ауа әсерінен пайда болған дауыссыз дыбыс.
ЫЗЫҢ ДАУЫССЫЗДАР – фрикатив дауыссыздармен барабар.
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ (инструменталдық) ФОНЕТИКА (лат. experimentum – байқау, тәжірибе) - тілдердің дыбыстық жағын эксперименталдық әдістерінің жиынтығы: статистикалық, динамикалық палатография (дыбыстың жасалуы кезінде тілдің таңдайға тиетін орнын анықтау), тензопалатография (артикуляциялық күшін өлшеу), рентгенография (сөйлеу органдарының орналасқан жерін айқындау және олардың қозғалысы), осциллография (дыбыстардың созыңқылығын, көтеріңкілігін және қарқындылығын анықтау), спектография )дыбыстың жалпы акустикалық бейнесін анықтау). Э.Ф. мәселесі – сөйлеуді айырып тану.
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ӘДІСТЕР (лат. experimentum – байқау, тәжірибе) – зерттеушінің басқаруы мен бақылап қадағалуы арқылы тіл деректерін талдағыш аспап-құралдармен танып білудің ғылыми тәсілдері.
ЭКСПЛОЗИВ ДАУЫССЫЗДАР (лат. explosive – жарылыс) – шұғыл дауыссыздар.
ЭЛЛИПСИС (грек. ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құрылымдылық жағынан толымсыздығы.
ЭПЕНТЕЗА (грек. epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қосымша бір дыбыстың пайда болуы. Э. Кірме сөздерді қабылдағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Э. Көбінесе нормаға түспеген ауызекі тілде жиі айтылады.
Грамматика
және оның салалары
Сөз лексикалық мағынамен қатар сол лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы грамматикалық мағынаны да білдіреді. Сондықтан сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы топ құрауға бейімделеді. Ал сөз тілде сөйлеу процесі арқылы өмір сүріп отыратындықтан, ол басқа сөздермен әртүрлі қарым- қатынасқа түседі, яғни сөздер тілдің грамматикалық заңдары бойынша қолданылған күнде ғана айтылатын ой әрі түсінікті , әрі көрікті болатындығы ғылымда дәлелденген жайт. Сонымен қатар сөздерсіз, жалаң грамматикалық формалары арқылы, ешқандай ойды хабарлауға да, түсіндіруге де болмайды яғни сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі бірлікте жұмсалады. Сол себепті проф. А: Ысқақов көрсеткендей, сөздерді тілдің материалы деп, грамматикалық құрылысты тілдің материалдарын ( сөздерді) бір- бірімен ұштастырып, олардың бастарын құрастыратын жамылыш деп қарауғы болады. Осы тілдік материалдарды яғни тілдегі сөздерді олардың жүйесін, даму заңдарын, сөз мағыналарының түрленуі мен өзгеруін лексикология ғылымы қарастырады. Ал сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олаврдың арасындағы байланыс пен қарым- қатынастарды, сөйтіп сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздерді бір- бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау секілді қасиеттерін грамматика зерттейді.
Сөйлескен кезде жеке лексикалық сөз арқылы білдіруге болмайтын мағыналардың барлығы грамматикалық амал- тәсілдердің көмегңмен түсінікті болады. Сондықтан грамматикалық амал- тәсілдер де лексикалық тәсілдермен жарыса өмір сүретін, ойдың түсінікті болуына қызмет ететін тілдік құбылыс. Олай болса, әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал- тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.Ал тілдің грамматикалық құрылысы грамматиканың зерттеу обьектісі болып табылады.
Грамматика сөздің сөйлемдегі өзгерісін, қолданылу заңдылығын қарастыратын болғандықтан, ол алдымен сөздің сөйлемде қандай тұлғада қалай қолданылатындығын және олардың сөйлемді қалай құрастыратынын, яғни сөйлемнің қыры- сырын да зерттейді. Осымен байланысты грамматика морфология және синтаксис деген екі салаға бөлінеді
Морфология- морфема ретіндегі сөз және сөздің формалары, сөз тұлғалары білдіретін грамматикалық мағыналар туралы ілім. Морфология сөздерді әртүрлі белгілеріне байланысты топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсының өзіне тән жалпы грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория деген ұғымдар, сөздің түрленуі, өзгеру жүйелері, қызметі айқындалып, сөз таптарына топтастыру ұстанымдары да нақтыланады.
Синтаксис сөздердің бір- бірімен түрлену заңдылығын, сөз тіркестерімен сөйлемнің құралу заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір- бірімен қалыптасқан белгілі жүйе бойынша тіркеседі де, сөйлемдер белгілі заңдарға орай құралады.
Сөйтіп, морфология сөзді, сөздің тиісті бөлшектерін, олардың мағыналары мен қызметтерін талдаса, синтаксис сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін немесе жеке сөздерді (сөйлемнің мүшелері), олардың қарым- қатынастары мен грамматикалық сыр- сипаттарын қарастырады.
Грамматика осылайшы екі салаға бөлінгенімен, олар бір- бірімен тығыз байланысты, өйткені сөздердің түрленген тұлғалары жеке қолданылмай, сөйлем ішінде қолданылады, яғни олардың сөйлемде атқаратын өзіндік қызметі болады, ал бұл қызмет синтаксиске қатысты. Ал сөз тұлғалары түрленіп, бір- бірімен байланыспай, сөйлем жасалмайды. Бұдан екі саланың тығыз бірлікте болатындығын байқауға болады.
І МОДУЛЬ
Сөздің морфологиялық құрылымы. Сөз таптары
І БЛОК
Грамматикалық ұғымдар
Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтардың негізінде болып отырады. Ол жүйені айқындап, заңдылықтарын алу үшін сала-салаларын сарапқа салып, жекелеген ерекшеліктерін, ортақ грамматикалық сипаттарын, әр құбылыстың ішкі мәні мен сыртқы тұрпатын және оның шекарасын айқындау үшін, ондағы грамматикалық әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортақ қасиеттері арқылы топ-топқа бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу процесіндегі қызметтерін білу қажет. Демек, сөздің сөйлеу процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі қатынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сыртқы түр-тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемде олардың белгілі қызмет атқаруы т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тағы да сол сөздің грамматикалық сипатымен анықталады. Сөйтіп, ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және осы екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құбылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.