
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
6) Аталмыш үш алфавиттің кемшілктері мен жақсы қасиеттерін срапқа салып, оларды тәптіштей зерттеп жүрген мамандар неше түрлі деректерді ортаға салып, әдетте байқала бермейтін фактілерден қорытынды жасап, әр алуан пікір түйеді.
7) Ең соңғы айтарымыз: жазулардың түр – түрін білудің еш артықшылығы жоқ, Бүгінгі жас ұрпаққа оның бірнешеуін білуге турада келеді» 18.
Әр елдің дамуы мен өркендеуі, экономикасының өсуі сол елдің ғылымы мен техникасына және қоғамның ақпараттану деңгейіне тікелей байланысты. Ал, ғылым мен техниканың қолданытын негізгі графикасы латын графикасы. Осыған байланысты ғалымдардың пікірлер негізінен латын графикасына көшу туралы болып отыр. Бұл туралы 2001 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің алғы сөзінде «Тегінде, бүгінгі саясат пен өмір талабына орай жаңа латын жазуын қабылдау идеясы жүзеге асатыны даусыз шындық (жаңа жазу заңды түрде күшіне енгеннен кейін де 5-6 не 6-7, тіпті 5-10 жыл ішінде бірте-бірте орнығатындығы, бұл кезеңде бұрыңғы жазудың да тәжірибеде орын ала беретіні белгілі) деп жауапты редакторлығын басқарған ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филолгия ғылымдарының докторы, академик Р.Сыздық (Сөздіктің төртінші басылымын құрастырушылар – А.Алдашева, А.Әбдірахманов, Б.Қалиев, А.Қалыбаева, Қ.Ниеталиева, Ұ.Салиева Н.Уәлиұлы) жазды.
Латын графикасының ақпараттар әлеміндегі орны салмақты екенін ескерсек, бұл графиканы қабылдау арқылы Қазақстан ақпарат әлеміне кеңінен құлаш ұратынына күмән келтірмесек те болады. Латын графикасына көшудің тағы бір тиімді тұсы бүкіл дүниежүзі танитындықтан, оқулықтарға зәру болып тұрған шетелдегі қазақ диаспорасына да қазақ тілін оқыту мәселесі өз шешімін табар еді.
Латын графикасының қазақ тілінің табиғатына үйлесімді келетінін академик Ә.Қайдаров мақаласында дәлелдеп шығады да, өзінің латын графикасы негізінде қабылдауға болатын қазақ алфавитінің жобасын ұсынады.
Тіл зерттеушісі С.Молжігіт қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуші ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде 28 ғана дыбыс бар, олар 17 дауыссыз, 9 дауысты, 2 жартылай дабысты (й, у) және 4 дифтонг бар екенін айта келе, өзінің латын графикасын қазақ тіліне былайша бейімдеудің жолдарын ұсынады: 29 әріптік жоба бойынша дауысты дыбыстарды үндестік заңының негізінде 4 жұпқа бөлінеді. Латын графикасында жоқ жіңішке Ә, Ө, Ү дауыстыларын белгілеу үшін Ā, Ō, Ũ таңаларын енгізеді. Бұл дыбыстарды компьютерде орнату қолайлы.
«Ағылшын тілінің жүйесіндегі 44 дыбысты белгілеу үшін 26 әріп қолданылатынын ескеретін болсақ, онда 28 дыбыстық қазақ тілі үшін бұл мәселенi шешу әлдеқайда жеңіл» деп ойын қорытады [20,34].
Қазақ жазуының латын тіліне көшкенін түркі халықтарының да зерттеушілері жақтап, айтқан пікірлерін газет беттерінін кездестіруге болады. Айталық, профессор Ф.Әли жарты ғасыр бойы қолданылып келе жатқан кирилицада қимайтын ешнәрсе қалмағандығын, оны орыстандыру саясатының басты құралы деп қарап, тәуелсіздікке қол жеткен шақта одан құтылудың бірден-бір жолы жазу ауыстыру деп көрсетеді де, латын жазуына көшуді ұсынады. Екінші жағынан, ол түрік халқымен, оның мәдениетімен жақындастыратындығын айтады 21.
Қазақ тілінің жазбаша формасын таңбалап жүрген орыс графикасының орнына А.Мектептегі ежелгі түрік сына жазуына көшу туралы өзінің пікірін ұсынады. «Ежелгі төрүк руна жазуының жетілгені сондай, жарық дүниені тарының қауызына сыйғызғандай географиялық конфигурациясы, дизайндық көркемдігі, символдық өлшемі, дыбыстық, графикалық үйлесімі ерекше тұжырымға құрылған дей келе, өзінің алфавиттің жүйесін ұсынады. А.Мектептегі өз ойын былайша қорытындылайды: «Қазақ - төрүк руника жазуы шын пейілмен танып, құндылығы ретінде игеруге пәтуалы шешуші қадам жасамай, ұлттық рухтың салтанат құрып, өзгеге жіпсіз байлаулы ой-сана тәуелсіздігі мен мемлекеттік тіл мәртебесіне ана тіліміздің жетуі екі талай» 21.
Зерттеуші Ә.Жүнісбеков «Төл жазусыз түгелдік болмас деген мақаласында «жазу – тілдің ішкі құрылысының көрінісі (моделі) болуы керек. Қазақ (түркі) тілінде буынның құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстар бір-біріне кірігіп, үндесіп айтылады дей келе, көне түркі ескерткіштерінде қолданылған графиканың шебер жасалғанмен, бұл графикаға көше алмаудың мынандай себептерін көрсетеді: «1) көне түркі жазуының әріптері түгелденіп болған жоқ; 2) көне түркі жазуының жеке әріп үлгілерінің де, түгел әліпбиінің де құрастыру емлесінің басы ашылмай отыр; 3) кейбір әріптерінің тұрқы жылдам жазуға икемделмеген; 4) үндестік заңына тән төрт әуездің қайсысы қай әріпке тән екендігі тиянақтала қойған жоқ» 13. Автор мақаласының жалғасында түркі тілдерінің толық табиғатын таныта алтын және «ғылыми (фонологиялық) негізі – сингарионизм, қаланар кірпіші – буын, ұстанар желімі – үндестік сазы (жуан, жіңішке, еріндік, езулік)» болатын өз әліпбиін ұсынады 13. Зерттеуші жазуға байланысты өз ойын былайша қорытындылайды: «орыс жазуына байланысты алған емлеміз бен әліпбиіміздің ана тілімізге тигізген бүгінгі зардабын көре отырып, қазіргі орыс жазуында қала береміз деудің реті енді келе қоймас. Екіншіден, араға жарты ғасыр салып араб әліпбиіне оралудың тағы жөні жоқ. Өйткені қазіргі ұрпақ үшін араб жазуы көп жазудың бір ғана. Үшіншіден, өркениеті дүниесі деп аталатын латын жазуын қанша жетілдіріп, икемдеп алғанымызбен, тегі бөлек тағы бір әліпбиді алмастырамыз да қоямыз. … Әліпби ауыстыруға шын бел бусақ, онда ата жазуымыздың көне ізіне қайта түсіп, төл қалып-үлгіні қайта қабыл алғанымыз жөн» 13 .
Біз жоғарыда қазақ жазуына байланысты қазіргі кезде көтеріліп жатқан мәселелерді, соның ішінде заман талабынан туындап отырған ең басты мәселе - емленің қайта қаралу керектігін және қазақ тілінің табиғатынан алшақтап бара жатқан жазуды өзгертуге байланысты бүгінде айтылып жүрген пікірлерге толық тоқталып өттік. Графиканың түрін таңдау атүсті шешілетін оңай шаруа емес. Оны көпшіліктің талқысына сала отырып, зерттеушілеріміз бен ғалымдарымызбен ақылдаса отырып, жан-жақты терең зерттеп шешу керек. Қорытынды ретінде айтарымыз - «қасиетті ана тіліміздің бойына лайықты, табиғатына, замана талабына сай, тілінің бақилығын аңсайтын халқымызға қызмет етіп, мәдениет мерейін көтеретін шын мәніндегі дәстүрлі ең, қажеттi ұлттық жазуды қалыптастыру мұрат» 18. Сонда ғана, емлеміз де тұрақты, қазақ тілінің де ғасырлар бойы қаймағы бұзылмаған күйінде дамуына кең жол ашылады.
Орфографиялық ережелер белгілі принциптер негізінде түзіледі. Көптеген тілдердің емле заңдарында екі – үш, кейде үш – төрт түрлі принцип негіз болады. Олар: фонематикалық, фонетикалық, морфологиялық, тарихи – дәстүрлі т.б.
Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады, фонематикалық принцип бойынша жазуда дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір –біріне тигізетін әсерлері ескерілмей олардың негізгі фонемалық түрі сақталады.
Фонетикалық принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып олар айтылуынша жазылады, ал тарихи –дәстүрлік принцип бойынша жавзу сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де естілуінше жазылу ережесіне де сай келмейді, мұнда сөздердің бір кездері қалыптасып үйреншікті болып кеткен жазылу түрі сақталады.
Қазақ орфографиясының негізгі принциптері морфологиялық, тарихи – дәстүрлік, фонетикалық, фонематикалық принциптері де ескеріледі.
Морфологиялық принцип сөз бөлшектерінің, яғни түбір жұрнақ, жалғауларының түбір тұлғаларының сақталып жазылуын талап етеді. Мысалы:жұмыс, іш, ас деген түбірлерге –шы, -шен, -са деген қосымшалар жалғанғанда, аралық дыбыстар бір –біріне әсер етіп, жұмұшшы, ішшен, ашша болып айтылады. Бірақ сөздердің түбірлері мен жалғанған қосымшалар өз түлғаларын сақтап, жұмысшы, ішсен, ашса болып жазылады.
Фонематикалық принцип бойынша жазуда бір сөз ішінде дыбыстардың әр түрлі варнианттары ескерілмейді, сөз бөлшектеріндегі фонемаларының негзгі реңкі сақталады. Мысалы: қашанғы, түнгі, күнге деп жазылған сөздер қашаңғы, түңгү, күнгө болып айтылады, естіледі. Қазақ орфографиясында морфологиялық принциппен фонетикалық принциптердің тоғысмып келетін сәттері жиі кездеседі. Сондықтан қазақ емле нормаларының негізі – морфологиялық фонематикалық деп атауға болады. Мысалы біріккен сөздер мен қос сөздердің әр құрамды бөліктері өз тұлғаларын сақтап жазылады, аралық дыбыстардың бір-біріне әсері ескерілмейді. Айталық, қаракүйе, қарақұйрық, орынбасар деген сөздер басқаша естілгенімен морфологиялық фонематикалық принциппен жазылады.
Қазақ орфографиясында фонетикалық принципте кеңінен қолданылады. Ол принципке жалғаулар, сондай-ақ жұрнақтардың көпшілігі сөздің соғы буыны жуан – жіңішкелігіне қарай және соңғы дыбысына қарай түрленіп келетіндігі, сөз соңындағы қ, к , п қатаңдарын дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда ұяңданып, ғ, г, б болып өзгергендігі, бірқатар кірігіп кеткен біріккен сөздердің компоненттерінің айтылуы бойынша жазылуы және бірқатар кірме сөздердің қазақ тілінің фонетикасына икемделіп жазылуы (пәуеске, самауыр, божы, әділ, пайда, ақпар, ауа) сияқты тұстары бағынады.
Тарихи-дәстүрлі принцип бойынша жазу үрдісі онша үлкен емес. Оған шартты түрде орыс тілінеен енген сөздердің орысша тұлғасын сақтап жазылуы 1940 жылы бекітілген ережеге сәйкес, араб, парсы сөздерінің х, һ әріптерімен жазылуына (халық, хабар, хат, Ахмет, Гаухар, Хамит) деген сияқты сөздер жатқызылып жүр.