
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ү Модуль
Ү модуль
Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
І БЛОК
Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі қай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстық жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі құбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дәл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшақтықтар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нәтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан әрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын қамтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондықтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жетілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтықтар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі ХХ ғасырда қоғамдық қажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша және жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.
Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды 28,178. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы қаулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен қытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаған жылдарға созылған жазу үрдісі бар халықтардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен қызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы – араб таңбаларын, одан кейін оншақты жыл (1929-1940) қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданған кириллицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ сияқты халықтың әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып, орнығып үлгермеді, сондықтан әркім бұрыңғы жазудың тәртібін сақтап, алақұлалық туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикаға көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.
Емле немесе сауатты жазу нормалары да көпшілік талқысына көп түсетін болғандықтан, үнемі түзету, қырнау, толықтыру сияқты неғұрлым жетілдіру процесін басынан кешіреді. Қазақ тілі емлесі де бұл процестен шеттеп қалмады. Тағы да әрі қарай жазу тәжірибеміз көрсеткендей, әрі енді жазу мәдениетіне көңіл бөліне бастағандықтан, сауаттылықтың тетігін ғылыми негізге сүйеніп табу әрекеті қолға алына басталды. Сондықтан 1983 жылы қазақ емле ережеліне біраз түзетулер мен өзгерістер енгізілген жаңа редакциясы ұсынылды. Бұл соңғы нұсқа да заң жүзінде қабылданды: 1983 жылы 23 тамызды Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді. Бұл қаулыда: «Министрліктерге, мемлкеттік комитеттерге, ведомостыларға, газет-журнал редакцияларына, баспаларға, ғылыми-зерттеу мемкемелеріне, оқу орындарына қазақ тілі орфографиясының осы негізгі ережелері жарияланған күннен бастап оларды жазу практикасына алу міндеттеледің – деп жазылды 17.
Бүгінгі кезге дейін қолданылып отырған сауатты жазу әрекетіміз осы қаулыға бағынып келе жатыр. Қоғам өмірінде небір күрделі де зор әлеуметтік-саяси өзгерістер болып жатқанымен, сауатты жазуға қойылатын талаптар түбегейлі өзгерістерге ұшырамауға тиіс болып келеді. Заң жүзінде болсын-болмасын қабылданған ережелерді орындап отыруға қалың жұртшылық өзін-өзі міндеттемесе, ол ережелерді әркім өзінше қолданса, ол мәдениетті жұртың, көзі ашық, жаппай сауатты елдің белгісі емес екені баршаға түсінікті де. Сондықтан да болар, күнделікті баспасөздің басым көпшілігі, оқу-ағарту орындары: мектептер мен институттар, университеттер мен ресми мекемелер күнделікті жазу тәжірибесінде қазақ тілінің 1983 жылғы соңғы бекітілген емле ережелерін, негізінен ұстанып отыр.
Басқа тілден енген сөздерді қабылдаушы тіл өзінің фонетикалық заңдылықтарына бағындырып, «сындырып қолдануы көптеген тілдерге ортақ құбылыс. Қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процессі ертеректен басталғаны мәлім. Бодандықтың, сауда-саттықтың, қазақ жеріне орыс шаруаларының, әскери адамдарының қоныстануы нәтижесінде қазақтың сөйлеу тіліне бірқатар тұрмыс салттық сөздер мен әкімшілікке қатысты атаулар кіре бастады, олар ауыз екі тіл арқылы енді. Сондықтан шәй, самауыр, бәтес, сәтен, шыт, пәуеске, кір, бертін келе ХІХ ғасырда орыс империясының ел билеу, сот, әкімшілік, оқу-ағарту мәдениет жүйесіне қатысты ояз, жандарал, болыс, сот, закон, газет, үшкөл, зауыт сияқты сөздері де қазақы түрге еніп, қалыптасты. Бұлар қазіргі қазақ тілінің орфографиялықта, орфоэпиялықта нормасында сол қалыптасып қалынған тұлғаларын сақтап жазылады, айтылады. Емленің бұл ережесіне ешкім таласпайды.
Талас тудырып отырған – ХХ ғасырдың екінші жартысында күрт дамыған техника, космология, космонавтика, аэронавтика, биология т.б ғылым салалары әкелген ағылшын, неміс, француз тілдерінен енген терминдік атаулар. Осыларды қазақ тілі қалай игеріп, қалайша жазып, қалайша дыбысталуы тиіс деген сауалдың көтерілуі заңды. Себебі бұл сөздерді бұл күнде орыс тіліндегі қалпын сақтап жазып, тіпті орысша дыбыстап та келді. Оның себебін қазақ тілінің ішкі құрылымдылық даму заңдылығынан іздемей сыртқы экстролингвистикалық факторлардан іздеу керек. Ол факторлардың бірі – орыс жазуына көшуіміз болса, екіншісі – орыс тілін «екінші ана тілімізң деп қоса меңгеру қажеттілігін мойындатқан саясат.
Халықаралық терминдер қазақ жазба тіліне ХХ ғасырдың басынан бастап молынан ене бастады. 1929 жылы араб әліпбиіне негізделген қазақтың тұңғыш жазуы тәркіленіп латынға көшкен кезде қабылданған емле ережелеріміз бойынша басқа тілден енгізілген сөздерді қазақша естілуінше, айтылуынша жазу тәртібі ұсынылды. 1929-1940 жылдарында латынша жазу кездерінде орыс тілінен енген сөздердің әрқайсысы бірнеше вариантта жазылды. Профессор Қ. Жұбановтың көрсеткеніндей коммунист деген сөз он алты түрлі болып жазылған 28,4.
Орфографиялық нормаларды, дәлірек айтсақ, дұрыс жазу ережелерін тұрақтандырып, нормаға айналдыруда ғылыми пікірталастар да жоқ емес. Бірқатар фонетис мамандар қазіргі емле ережелеріміз қазақ тілінің үндестік заңдарын бұзып барады, яғни екінші, үшінші буындарда езулік ы, і әріптерін жазу (құлып, күміс) тілімізге тән ерін үндестігін жойып келеді, сондықтан түбір сөздің өз ішінде де, қосымшаларда да ерін үндестігін сақтап құлұн, күмүс, күмүстү деп жазу керек, сондай-ақ қазақ тілінің буын үндестігі деп аталатын фонетикалық нормасын жазуда да сақтау керек, ол үшін төл сөздерді де, кірме сөздерді де тұтас не жуан, не жіңішке дауыстылармен таңбалау керек (кітәп, қызмат, тәккәппар, көзәйім, атпан келдік, қаламман жаздық, ауылдықы, қаланықы) деген пікірлер айта бастады.
Қысқасы, сөздің дыбысталуы мен жазылуын бірдейлестіру арқылы қазақ тілінің фонетикалық табиғатын сақтау керек деген идея ұсынады. Әрине, қандай тілдің де ұлттық сипатының бірі, әсіресе, өзге туыс тілдерден ажыратып тұратын белгісі – дыбыстық ерекшеліктерін сақтау – игілікті идея. Бірақ кез келген дұрыс идеяны жүзеге асыруда көлденең тұратын объективті факторлар тұратыны және аян. Айталық, қазақ тілі ешбір кірме элементтерсіз жалаң өз сөздерінен ғана тұратын болса, бірсәрі (онда да ойланыатын тұстар көп), ал кірме сөз, кірме жұрнақ дегендер қазақ тіліне тән фонетикалық варианттарынсыз болып келеді. Мысалы: -қор, -паз, -қой жұрнақтарының жіңішке варианттары да, басқа дауыссыздарының қатаң, ұяң болып құбылатын варианттары да жоқ. Оларды жіңішке сөздерге қалай жалғаймыз: сәнқой, әсемпаз, өнерпаз, әуесқой деген сөздерді қалай айту керек: санқой, асанпаз, онарпаз, ауасқой деп айту мүмкін емес.
Тіл мәдениеті, сөйлеу шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің көрсеткіші. Ол төмен болса, қазақ тілінің де мемлекеттік дәрежесінің төмен болатыны белгілі. Бірақ егемендігімізді алдық деп, тілге де еркіндік жасап, кез келген адамның орыс тілінен енген кірме сөздерді өз еркімен аудара беруіне жол беруге болмайды. Қазір баспасөз беттерін аша қалсақ, бұрмаланған сөздер көз сүріндіретін жағдайға жеттік. Мұндай экспериментті тоқтатып, өзгертілген сөздерді келісіп отырып көңілге қонымдысын ғана алу керек. Р. Сыздықтың пікірі бойынша орыс сөздерін аударуда «көпшілік қауымға түсінікті, қолданысқа қолайлы, мағынасы дәл келетін, яғни семантикалық сыйымдылығы көтеретін қазақша баламаларды алуға болады деген пікіріне біз де қосыламыз 29.
Сөйтіп, бүгінгі жазу мәдениетіміздің бірнеше онжылдық тәжірибесінде ойласатын, пікір алысатын, әрі қарай ғылыми негізде зерттеп, дәлелдейтін, жаңа ұсыныстар жасайтын ұсыныстар жасайтын тұстары баршылығына қарамастан, қазақ тілінің орфографиялық нормалары біршама айқындалып, көбі тұрақталып, қызмет етіп отыр. Олар емле ережелері ретінде көрсетіліп, сол ережелер бойынша орфографиялық сөздіктер ұсынылып келеді.
Тілдің ғасырлар бойы қалыптасып, дамып келе жатқан ішкі құрылымдық жүйесін жазу дәл бере алатындай сәйкес болуы керек. Сонда ғана тілдің ауызша және жазбаша түрлері бір-бірінен алшақ кетпейді. Сөйлеу мен жазу тілдің екі түрлі өмір сүруінің формасы болғандықтан, бір-бірімен астасып, үндесе отырып, тығыз байланыста болуы керек. Сонда ғана қазақ тілінің келесі даму кезеңіне ешқандай тосқауылсыз еркін қадам басады.
Тарихқа бағзы заманның деректеріне көз жіберсек, өзге халықтар сияқты қазақтың жазу тарихы да әріден басталады. Тым ерте заманғы жазудың тегі суреттен басталғаны белгілі. Тіл ғылымында мұны пиктографиялық (латын т. pіctus - суретті және grapho – жазамын) жазу деп те атайды. Бұл жазу бойынша әр сурет бүтіндей бір хабарды білдірген. Сондықтан пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұныны бейнелейді. Қазіргі Қазақстан және Орта Азия территориясында ертедегі тайпалар өмірін бейнелейтін, тасқа қашап жазған мұндай жазулар жиі кездеседі. Бұл сияқты тастарға қашалған жабайы аңдар, хайуанаттар, адам бейнелері, аңшылық, садақ тарту, желекті найза ұстау, жыртқыш аңдардан қорғану және т.б. суреттер мал бағып, аң аулаған ертедегі адамдардың киелі түсініктері мен ғұрыптарын бейнелейтін тайпалардың тұңғыш жазуы болды. Қолданыла келе сурет жазуы да өмірге икемделіп, дами түсті. Осының негізінде ұғымды білдіретін символикалық немесе идеографиялық жазу пайда болды. Пиктографиялық жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнеледі, сөйлеудің, сөздің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағын да ажыратып бере алды. Ертедегі сурет жазуымен қабаттаса келетін ай мен күн алуандас таңба нұсқалары, өрнекті пішінде оюлай салынған бейнелі суреттер идеографиялық жазудың таңбасы. Бұл жазу Қазақстан жерінде ұзақ сақталып, оның символдық көрініс нұсқалары келе-келе қазақтың рулық таңбаларына айналып, меншікті көрсетерлік белгіге айналып кетті.
Түптеп келген түркі тайпаларының арасында соншама кең тараған идеографиялық жазулар түркі тайпаларының руникалық деп аталатын тұңғыш әріптік жазуының шығуына да белгілі мөлшерде ықпал етіп, әсерін тигізді.
1889 жылы орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Монғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан ерекше үлкен төрт қырлы, биіктігі үш метрдей екі құлыптас тапты. Бұл ескерткіштердің үш қырындағы жазулар түп-нұсқа жағынан ХҮІІ ғасырдан бастап Енесей өзені бойынан табылған құпия жазу таңбаларына ұқсас болып шықты. Бұл жазулар сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, шартты түрде руникалық, яғни құпия таңбалар деп аталды. 1894 жылы Күлтегін ескерткішінің тұңғыш аудармасы берілді.
Руникалық жазу тараған географиялық алқапқа барлау жасасақ, ол Монғолия мен Сібірден бері қарай басталып, жетісуды көктей өтіп, Венгрияға дейінгі ұлан-байтақ аймақтың әр жерінен табылып келді.
Түркі тайпаларының тұңғыш әріптік жазуы болған руникалық алвафиттің шығу тегі әлі күнге дейін шешілмеген жұмбақ. 1894 жылы осы жазудың кілтін тапқан профессор В.Томсен көне түркі руникалық алфавиті арамей (парсы-арамей) әріптік жазуының әсерімен шықты деген жорамал ұсынып еді. Түркологтардың біразы осы пікірге қосылып еді. Ал енді бір ғалымдар (Н.Аристов, И.А.Батманов) бұл ешбір алфавиттің ықпалынсыз-ақ өздігінен жасалып, түркі таңбаларының негізінде туған төл жазу деп санайды. Академик Ю.Клапрот руникалық алфавит көне грек (грек және финикей) жазуымен негіздес деген пікірді ұстанады 1.
Белгілі түркітанушы ғалым А.С.Аманжолов руникалық жазудың біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мың жылдықтың ортасынан біздің заманымыздың 1 мың жылдығының аяқ кезіне дейін түркі тілдес халықтардың қарым-қатынасына қызмет етіп, 1500 жыл бойы қолданыста болған төл жазуы екендігі бүгінде еш күмән туғызбайтындығын айтады2.
Қазақ әдеби тілінің қалыптасып, дамуына белгілі бір дәрежеде әсер еткен үш түрлі жазу жүйесін ерекше атаған дұрыс. Олар: араб, латын және кириллица жазулары. Бұл жазулар қазір әлемде кең таралған. жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып саналады. Әрбір әріп әрбір дыбысты толық таңбалайтындай мінсіз графика жоқ деп есептеледі.
Қазақ жазуында араб графикасының орны ерекше тарихи кезеңдермен тұстас келді. Араб жазуының түркі тілдерінде қолданылуы ХІ ғасырдан-ақ басталғаны аян. Айталық, 1069 жылы жазылған «Құтты білік дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігі араб графикасының Қазақстан жерінде алғаш қолданыла бастаған кезеңдерінде жазылған. Сонымен қатар, ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Н.Рабғузидің «Әуле-әнбиелер қиссасы» және т.б. осы сияқты туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында миссионерлік саясатпен келген орыс ғалымдары қазақ тілін зерттей бастағаны мәлім. 1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің “Материалы к изучению киргизского наречия” деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды. Бұл кітап орыс графикасында жазылды, қазақ тілінде терминдер жасалған жоқ. Бұл еңбек тек зерттеу жұмысы ғана болды [16].
П.М.Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка” деген атпен І бөлімін (фонетика және этимолтрогия) 1894 жылы, ІІ бөлімі (синтаксис) 1897 жылы шыққан еңбегі қазақ тілін грамматикалық құрылымын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш зерттеу екені мәлім. Бірақ бұнда ғылыми жағынан ғана зерттелді де, терминдер жасалмады.
Орыс графикасының қазақ даласына алғаш танымал бола бастап, қолданысқа түсуіне көп ықпал еткен қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин болды. «Қырғыз хрестоматиясының» алғы сөзінде автор «әлі күнге дейін қазақ балалары мен ересектері түсініп оқырлықтай таза қазақ тілінде жазылған бірде-бір кітап жоқ;орыс-қазақ мектептерінің оқушылары татар тіліндегі кітаптарды қолдануға мәжбүр болып жүр, татар тілінің араб-парсы сөздеріне лық толған кітаби тілі әрі түсініксіз, әрі мазмұны кілең діни сарындағы кітаптар болғандықтан, оларды оқытудың не практикалық үміт ақталмайды, не нәтиже шықпайды, балаларға орысшадан-қазақшаға, қазақшадан-орысшаға аударып үйреткенде, қолайсыздығы өз алдына тіпті мәнсіздіктен бас қатады деп жазды 13. Ы.Алтынсарин араб алфавитінен ғана емес, жазба әдебиетте жөнді-жөнсіз қолданылып жүрген, бірақ көпшілікке түсініксіз араб, парсы сөздерін бет алды қолдана беруден құтылудың жолын іздеп, нәтижесінде орыс графикасын практика жүзінде пайдаланды. Оның мысалдары мен өлеңдері орыс графикасымен жарық көрді.
Қазақтың ауызша жасалып, дамып келе жатқан бай тілінің қазақ қоғамын аяқтала алатындай дәрежеде екендігін көрсету үшін Ы.Алтынсарин өз шығармаларын сол кездегі қазақ сөйлеу әдеби тілiніде жазды. Ол қазақ тілін оқытуда ең басты нәрсе ретінде графиканы қойған жоқ. Ол кезде графика туралы сөз қозғау әлі ерте болатын, сол кездің басты мәселесі – сөйлеу тілінің негізіндегі қазақ әдеби тілінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өмірінің барлық саласына қызмет ете алатындығын, әсіресе оқу-ағарту ісінде де осы принципті басшылыққа алуға болатындығын дәлелдеу болатын 15. Осы тұрғыдан келгенде қазақ графикасының даму кезеңінде Ы.Алтынсаринның да өзіндік орны бар екенін бағамдауға болады.
Қазақ әліпбиі сөз болғанда Ахмет Байтұрсынұлының есіміне соқпай өтуге болмайды. Ол 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде ел ішінде әр сатылы мектептерде бала оқытумен айналыса жүріп, ағартушылық қызметпен де айналысады. Осы жылдары қазақ шәкірттері тұтынған әліппе, құралдарының кемшіліктерін көзімен көреді. Сол олқылықтарды түзету мақсатында ең алдымен графика мәселесін, соның ішінде қазақ жұртшылығына кеңінен таныс араб графикасын жөндеп, қазақ тіліне лайықтауды қолға алады. Қазақ алфавитінің реформаторы атанған А.Байтұрсынұлы 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жетілдірумен айналысты. Сол күндері қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты пайдаланып келген араб таңбаларының дәл сол күйінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алмайтындығын түсініп, былай деп жазды: «Хәріп тіл үшін шығарылған нәрсе. Олай болса хәріп жоқ деп тілдегі дыбысты жоғалту керек емес, ол дыбысқа жоқ әріпті іздеп табуға керек. Ол жалғыз бізде ғана болған емес, өзге жұртта да болған, хәріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола хәріпті бұзып өзгертеді 6. Осындай білгірлік танытқан А.Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, түзетуді қолға алады да, «ХХ ғасырға дейін түріктің тілін асыл қалпында алып келген тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиіс» 8, «асыл тіл, түзу емле қазақта боларға тиісті» деп емленің ең жақсысы – дыбыс жүйесінде екеніне көзі жетіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттей бастады. Араб графикасына негізделген жаңа емле 1912 жылдан бастап ұсынылды. «Төте жазу» деген атпен танымал болған бұл графиканы сол кездегі қазақ интеллегенциясы қабылдады және мұсылман медресселері, қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады. 1915 жылы жаңа графикамен көптеген қазақ кітаптары басылып шықты.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілін таңбалайтын графикаға мынандай басты-басты критерийлерді қояды:
«1. Тіл дыбысына жеткілікті-жеткіліксіздігі қанша?
2. Қайсымен басылған я жазылған сөз оңай оқылады?
3. Қайсысымен жазу жеңіл, жазылғанын тану жеңіл?
4. Қайсысы баспаға қолайлы (баспаға сыйымды болуы, жұмыстың өнімді болуы о да сонда) ?
5. Үйретуге (сауат ашуға) қайсысы оңтайлы?
Көркемдік пен көзге жайлылық жағынан қайсысы артық?».
Жазуға осындай талаптар қоя отырып, латын және араб графикаларын салыстырады. Бірінші критерий бойынша араб әрпінен қазақ әліп-биіне 14 әріпті өзгертпестен дайын күйінде алдық, 5 әрпіке ереже қосып алды. Латын әрпінің өзгертпестен алдық дегеннің өзінде 15 әрпін-ақ алуға жараған, ал қалған 7 әрпін өзгертіп алуға жараған және ң, й дыбыстарының таңбасын бейнелейтін әріптерді ойдан шығарып таңбалаған. Бұл критерий бойынша араб жазуының таңбалар жүйесі артық болып тұрғанын айтады 6.
А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу барысында 28 дыбыс түрі барлығын, оның дауысты және дауыссыз болып жіктелетінін, араб харіпі қазақ жазуындағы жіңішке дауысты дыбысты ажырату үшін қойылатын белгі – дәйекшені енгізудің қажеттілігін, бұл арқылы тіліміздің төл дыбыс жүйесіне тән үндестік заңы бойынша жуан не жіңішке айтылатын буын табиғатын аңғартуға болатындығын қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Сонымен қатар араб алфавитінде жоқ ерін дауыстыларын у дыбысының таңбасына ұқсастырып, жолдың үстіңгі бөлігіне дәйекшелер қою арқылы жаңа әріптер жасайды да, араб графикасын қазақ тіліне ыңғайластырып реформалайды.
А.Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Қазақ балалары 1902 жылдан бастап бастауыш мектептерде оқытыла бастағанымен, ресми түрде графикасы болған жоқ, орыс немес араб графикасын пайдаланды. А.Байтұрсынұлы мен өзге де қазақ интеллегенциясы болып Россия Империялық Министр Советінің Председателіне петиция жазды. Онда қазақ даласында оқу қазақ тілінде жүргізілсін деген талаптары бар еді. Осы талаптың іске асуы үшін А.Байтұрсынұлы 1912 жылы “Оқу құралы” деген атпен құрастырған тұңғыш әліппесі Орынборда басылып шығады. Бұл кітапта әрбір әріпке мінездеме беріледі, одан соң танымдық материалдар ұсынылады. Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл “Әліппе” кейін бірнеше рет басылады, 1925 жылғы Орынбор басылымында 7 деп көрсетілген. Білім кеңесінде бұл кітапқа былай баға берілді: “Әліппе” қазақ даласына көп пайдасын тигізді. Әдісі жағынан да, мазмұн жағыан да ескірген көптеген кітаптардан аса артық. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық.”
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандырылатын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. “Біздің заманымыз жазудың заманы. Сөздің жүйесін,қисынын келтіріп жаза білуге керек болғандықтан, қазақтың бастауыш мектептерінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек” деп өзіне міндет қояды да, “тіл - құрал” деген атпен үш бөлімнен тұратын оқулық жазуға кіріседі. Бұл кітаптың фонетикаға арналған бірінші бөлімі 1915 жылы жарық көрді. 2 бөлімі морфологияна қамтиды, ол 1914 жылы баспадан шығады. қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын талдап-танытудың бүгінгі күнінде де А.Байтұрсынұлының аталған оқулығының негізінде беріліп келеді. А.Байтұрсынұлының еңбегі қазақ тілі біліміндегі тұңғыш еңбек болды 30. 1912 жылы жаңа графикамен жазылған тұңғыш «Әліппе” Орынборда жарық көреді. Ал 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін «Қазақ газеті” А.Байтұрсынұлы түзген емле негізінде жарыққа шығарылды. А.Байтұрсынұлының бұл жасаған әліпбиі қазақ мәдениеті тарихының үлкен бір белесі болды. Қазақ даласындағы алғаш сауат ашу, оқу-ағарту майданында алға басуға зор серпіліс туғызып, хат таныған көпшілікке кең таралып, төте жазу деген ат иемденеді. Өз уақтысында кеңге құлаш жайғанын бүгінгі кездегі шетелдегі қазақ диаспорасының көпшілігі осы төте жазу үлгісін жақсы білетіндігінен көруге болады.
А.Байтұрсынұлы 1929 жылы 12 мамырда өз қолымен жазған баяндамасында: “1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақытымда өз бетіммен білімімді толықтырып, әдебиетпен шұғылдандым” дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ алфавитін (шрифтісін емес) және емлесін ретке салып, жеңілдету жолына жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдерден әсерінен тазартуға әрекеттендім, төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс-қағаздар тілін, публистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым” дейді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетіненің беттерінде білдіре бастайды. “Айқаптың” 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде “Шаһзаман мырзаға” аттты үлкен мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын білдірмей кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді. Осы мақалада дыбыс, әріп, дейекші, жуан дыбыс, жіңішке дыбыс, қағида деген қазақша лингвистикалық терминдерді тұңғыш рет кездестіреміз. “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 34 және одан кейінгі сандарында "Жазу мәселесі” деген көлемді мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды (у, ұ, о, и, е, ы) таңбалау жайындағы өзінің пікірлерін айтады. Сөйтіп, әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы .үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) қазақ жазуы үшін араб алфавитіндегі жуан дыбыстардың таңбаларын алмау; 2) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, 3) к, г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, і, ү дыбыстарымен айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекше таңба қою. Бұлайша түзетілген алфавит сауат ашудың дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі байқалады.
А. Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер ешбір талассыз қабылдады. Себебі оның реформасы қазақ тілінің табиғатына, яғни, дыбыс үндестігі заңдылығына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының табиғатын айқындап тануы, ғылымға қазақтың жаңа әліпбиін жасауға мүмкіндік береді. Оның 1912 жылдардан бастап ұсынған осы алфавитке негіздеп алған жаңа жазуы (“Жаңа емле” деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. Қазақ жазуының белгілі бір кезеңінде қолданылған араб графикасы 28 әріпті қамтыды және классикалық араб тілінің фонетикалық жүйесі негізінде жасалды. Барлық әріптер дауыссыз дыбыстарды қамтиды, сонымен қатар созыңқы дауысты а, у, и әріптері диакратиялық сызықша (жолдың үстіне немесе астына қойылатын) таңбалар арқылы таңбаланады. Араб алфавиті арамей жазуының бір тармағы набатей алфавитінің негізінде пайда болды. ҮІ ғасырда 22 әріпті қамтыса, ҮІІІ ғасырда олардың саны 28-ге жетті. Жалпы араб жазуының кемшіліктерімен қоса, алғашқы қазақ баспасөзінің жазу құралы болған араб графикасының қазақ әдеби тілінің қалыптасуына көп септігі тигендігін де айта кетуіміз керек.
Баспа беттерінде жарияланған мәліметтерге қарағанда, 1915 жылдың жылдың бір өзінде жаңа емлемен 15-тей кітап басылып шығыпты. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы ұсынған “жаңа емле” 1913 жылдардан бастап мұсылман медресселерінде де, қазақ-орыс мектептерінде де қолданыла бастағандығы айтылады.
Араб таңбаларын қазақ тілінің фонеикалық табиғатын лайықтап қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан (оқыту тәжірибесінде одан бұрын басталуы мүмкін) бастаған А. Байтұрсынұлыны оны әрі қарай да жетілдіре түседі, полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыздығына көңіл бөледі, оқу процесіне тиімді-итиімсіздігін салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған Қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланды. Бұл съездің күн тәртібінде алты мәселе қойылды: 1) жазу, яғни орфография ережелері, 2) әліпби (яғни алфавит, графика мәселесі), 3) қазақша пән сөздер (терминология), 4) ауыз әдебиетін жою шаралары, 5) оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары, 6) бастауыш мектептің программасы.
Съездің 15 маусымындағы мәжілісінде А. Байтұрсынұлыны “Әліпби тақырыптары” деген атпен баяндама жасайды. Ол түркі жұрттарының қолданылып келе жатқан әліпбиі бар екенін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес екендігін айтып пікір білдіреді. Әліпби қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған икемделіп, өңделген араб алфавитінің оң сипаттарын дәлелдейді. Осыдан кейін латын алфавитін жақтаушы Н.Төреқұловтың баяндамасы талқыланады. Талқылаудан соң мынандай қарар шығарады: Қазақ тұтынып отырған түрік (араб) әліпбиінің баспа түрінің дара болмауы баспа ісіне де, үйрету ісіне қолайсыздық танытатындықтан, одан құтылу үшін түрік әліпбиінің өзін түзету өзге әліпбиді алудан анағұрлым жеңіл болатындықтан, түрік әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, басқасын дара түрінде алу керек” –деп А.Байтұрсынұлы реформалаған және баспа түрінің де вариантын ұсынған араб жазуы негізінде қазақ алфавитін қабылдады. Бұл жөнінде ғалым Е.Д.Поливанов мақаласында: «Эту последную форму, которую приняла казак-киргизская графика , я во всяком случае считаю уже не нуждающейся в исправлениях и представляющей последный щау в истоическом формировании национальной графики, которым полне могут гордиться киргизские деятели просвещения – создатели реформы, как крупным культурным завоеванием» 24 . Соған қарамастан, қазақ жазуына 1929 жылы латын графикасына көшірілді. Бұл туралы Ә.Қайдаров мақаласында: «1929 жылы Қазақстанда тіліміздің табиғатына бейімделіп, ресми ұлттық жазу болып қалыптаса бастаған Ахаңның әліпбиін аластатуға ешқандай объективті себеп, қажеттілік болмаған еді дейді 18 . Егер жазуда басшылыққа алынатын «емле бірте-бірте түзеліп, жылдар бойы тәжірибеден өтіп, дәстүрлі сипат алған күнде ғана, сол тілдің сауатты жазу нормалары қалыптасатынын ескерсек, онда графика ауыстыру мәселесі ұлт дамуына кері әсер тигізетіні шындық. Осы тұрғыдан келгенде, графика ауыстыру кешегі Кеңестер одағының идеологиясының көзделген бір мақсаты болуы да мүмкін.
Әліпби айтысы ХХ ғасырдың басында жазудың қызметі кеңейе бастағаннан бастап ең өзекті мәселе ретінде күн тәртібінен түскен емес. 1926 жылғы 26 ақпаннан 6-наурызға дейін Баку қаласында Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезд өткізіліп, онда күн тәртібінде түркі халықтарының жазу мәселесі, орфографияның негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні, терминология мәселесі, түркі халықтарының тарихы, этнографиясы, ана тілін оқыту методикасы т.б. көптеген көкейтесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені түркі халықтарының барлығының тегіс латын графикасына көшу мәселесі болды. Бұл съезге Қазақстаннан А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір Төреқұловтар делегат болып қатысты. Сонымен қатар түрік нәсілді Бартольд, Олденбург, Крымский сияқты ғалымдармен қоса, неміс профессоры Менсель, Көкерлі-Зада, Құсайын-Зада сынды атақты зерттеушілер де қатысты. Құрылтайда баяндама жасаған Ә.Шәріпұлының «емле түзеу жүзінде қазақ жұртының латынға көшуінің қажеті жоқ деген пікірін А.Байтұрсынұлы да жақтап, «латын қарпіне көшуге жұмсаған қаржыны балаларды оқытатын мектеп салдырайық деген пікір қосады. Ал бұл пікірлерге қарсы баяндама жасаған Ә.Байдилдин латын графикасын жақтап, «қазақ төңкерісінен кейін дамыған еңбек адамдарының талап-тілегін араб әліпбиі толық қанағаттандыра алмайды, латын қарпіне көшу заман талабынан туындап отыр дейді. С.Садуақасов «латын графикасын алудың саяси қорқынышы бар. Молдалар қарсы болады. Араб таңбалары ислам дінінiң таянышы, әріптен қол үзсек, діннен де қол үземіз» деп өз көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, М.Дулатовтардың «латын таңбасына көшсек, жаппай сауатсыздыққа ұрынамыз”- деп араб графикасын қолдайды.
Білімпаздар тобының А.Байтұрсынұлының араб жазуын жақтауындағы мақсат - өңделген араб графикасы қазақтың мұқтаждығын толығымен өтеп отырғандығы, оқыту ісіне қолайлылығы. А.Байтұрсынұлы бұл съезде айтқан пікірін кейін 1927 жылы Қызылордадағы жазу мәселесіне арналған конференцияда да қайталап дәлелдейді. Ол түрік жұртының 90 пайызы араб таңбаларын пайдаланып келетіндігін айтып, әрқайсысының қалыптасып қалған, пайдаланып жүрген хат мәдениеті бар екендігін айта келе, бір әріпті тастап, екінші әріпті алудың қиындықтарын ғылыми негізде дәлелдеп баяндама жасайды. Латын графикасын жақтап Н.Төреқұлов сөз сөйлейді. Ол «біз латын әрпін қазаққа күшпен алдырғалы отырған жоқпыз. Латын әрпін үйрену, жазуға тым пайдалы жеңіл. Түрік әрпінің біреуі төрт түрлі, латындікі бір ғана түрлі» деп дәлелдейді. Қызу тартыс туралы Е.Алдоңғаров «Әліпби түзеу” тақырыпты қаулысының мақаласында «Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер келтіріп, мысалыға қаріп белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию, теру жеңілділігін айты. Латын әрпін қолдауға әлі ерте, орыс халқы алмағанда біз неге аламыз? Қаріпке қызығып біз мәдениетімізден айырыламыз» деп жазды 19. Бұл мәселені ашық түрде талқылау үшін баспасөз беттерінде мақалалар жазып, сондай-ақ Астрахан Қарақалпақ қазақтарын қосып, толық съезд шақыру жөнінде қаулы шығарылады. Көпшіліктің пікірін білу қажет деп санап, оны қадағалауды Қазақстан Халық коисариатына тапсырады.
Қазақ тілінің тағы бір жанашыры Е. Алдоңғаров «Өнер басы - әліпбиiң” деген мақаласында «заман талабы, өркениетке жетудің жолы – латын таңбасына көшу болып отыр” деп пікір беліреді. Осы газеттің 45 санында (1926ж.) М.Үмбетұлы деген оқырман «латын, араб қарпі деген әңгіме басталып жүр. Араб қаріпінен неге қаштық. Орыстың миссионерлері Ильминский шығарған қаріптен, А.Байтұрсынұлы шығарған араб қарпі қазақ еліне әлдеқайда қолайлы деген пікірін білдірген 19.
Міне осы сияқты пікірталастар он жылдай уақыт көлемінде баспасөз беттерінде жарияланып жүрді. Араб жазуына қарсы дегендер ол графикадағы әр әріптің төрт түрлі болып күрделі жазылатынын айта келіп, оның техника, теру жұмыстарына қиын болатындығын тілге тиек етеді. Ал араб графикасын қолдаушылар басқа әріпті алып, оны енгізіп жүргеннен араб әрпін алып, соның кемшілігін жояйық деген пікір айтады.
Сонымен латын графикасына көшуге байланысты айтыс-тартыс жеті-сегіз жылға созылады.
Орфографиялық ережелер дұрыс қабылданып, баянды нормаға айналуы үшін олар тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Қазақ жазуының әдепкі кездерінде әріптер дыбыстар негізінде таңбаланып, танымал болатындықтан, қазақ тілінің дыбыс ерекшеліктері алдымен көзге түсетіндіктен жазу ережелерін қабылдауда фонетикалық ерекшеліктерге көбірек көңіл бөлінді. 1929 жылы латын графикасы негізінде қабылданған алфавит тұсында емле ережелерінің принципі фонетикалық болды. 1938 жылы ресми органдардың қаулысы бойынша “Қазақ тілінің емле ережелері” жарияланды. Онда орфографиядағы бұрыңғы қате-кемшіліктерді жөндеу мақсаты көзделіп және олар жаңа ережелермен толықтырылды 9,48-52.
1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті ІҮ сессиясының қаулысы бойынша қазақ жазуы латын графикасына көшірілді. Жаңа алфавитте 29 әріп болды: 9-ы дауыстылар (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 18-і дауыссыздар (б, г, ғ, д, ж, з, к, қ, л, м, н, п, р, с, т, һ, ш), ал екеуі (й мен у) жарты дауыстыны таңбалайды. Латын графикасына негізделген емленің негізгі принципі фонетикалық болды. Бас әріп пайдаланылмады. 1938 жылдың басында арнайы қаулы қабылдап, жазудағы басты принцип морфологиялық деп танылып, бас әріппен жазу заңдастырылды. Сонымен қатар и, у, х, ф, в әріптері енгізілді. Латын графикасы қазақтың байырғы сөздерін дұрыс жазуға мүмкіндік берді, сонымен қатар жаңадан көптеп еніп жатқан орыс тілді кірме сөздерді әрі қазақтың байырғыдан келе жатқан даму заңдылықтарын сақтай отырып, кірме сөздерді жаншып, өз тілінің қалпына түсіріп, өзінің заңымен өзгертіп барып енгізді. Латын графикасына көшуде, әрине, араб жазуындағы кемшіліктер де ескерілді. Соның бірі – қосар дыбыстардың таңбалануы. Профессор Қ.Жұбанов «Қосар ма, дара ма?ң атты мақаласында ұу, үу, ый, ій дыбыстарымен келетін сөздердің жазылуын жеңілдету үшін 4 дыбыстың орнына екеуін ғана (и, у) алуды ұсынады. Ғалымның бұл пікірі қазіргі кезге дейін басшылыққа алынып келеді. Тілге қабылданған емленің оң не теріс әсерін уақыт дәлелдеп береді. Қосар дыбыстарға байланысты осы пікірдің тілдің табиғатына кері әсерін кейбір тілшілер дәлелдеп те жүр 22.
Кірме сөздердің игерілуі турасында зерттеуші Х.Досмұханбетұлы: «Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады. Жат сөздерді өзгертпестен алып, бастапқы қалыбымен тілге сіңіреміз деген – шатасқандық. Бұл жолда жүрген адамдар тілімізге орасан зиян келтіреді деп өзінің көзқарасын білдіріп, тілдің қалыптасқан даму заңдылықтарын бұзатынын дөп басып айтқан 11,26. Сол кездің өзінде-ақ аса көрегенділікпен айтылған осы пікірдің шыншылдығына бүгінгі ұрпақтың қолданып жүрген шұбарланған тілі дәлел бола алады. Латын графикасының қазақ халқының мәдени дамуына көп үлес қосқанымен, орыс тілінен енген кірме сөздерді дұрыс таңбалай алмайды деген сын тағылды. Сонымен латын графикасы да қазақ тілінің жазбаша формасын таңбалауға ұзақ қызмет ете алмады.
Тарихтан, отарлаушы елдің қашанда ең алдымен қарамағындағы халықтың жазуын жоюға күш салатыны белгілі. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап үлкен талқыдан өтіп демократиялық жолмен қабылданған латын графикасы елге 11 жыл қызмет етті
1940 жылы орыс графикасына негізделген жазуға көшу туралы заң қабылданды. Осының нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. Алғашында алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатар алдымен орыс тіліндегі бар әріптерден тұрды, содан кейін орыс графикасында жоқ, қазақ тіліне төл дыбыстарды таңбалайтын әріптер тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп, алфавиттік құрамға ә әрпі қосылып, 42 әріп болып қазіргідей күйге келді.
Жиырмасыншы ғасырдың басында елімізде қаріп ауыстыру мәселесі күн тәртібінде өте маңызды мәселе болып көтерілгендігі белгілі. Себебі графиканың әлеуметтік өмірде кең қолданыла бастағандықтан, ғасырдан ғасырға ауызша жеткізіліп келе жатқан қазақ тілін графикаға көшіру мәселесі кезек күттірмейтін мәселе болды. Сонымен қатар жаппай сауатсыздықты жою үкімет тарапынан қолдау тауып, қатаң бақылауға алынғандықтан, қазақтың сауатын қай жазу түрінде ашып, бай сөздік қорын жазбаша қалай жеткізу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Сол уақытта көкейтесті болып табылған бұл мәселеге қазақ интеллегенциясы үлкен мән беріп, өздерінің көзқарастарын «Ақ жол», «Еңбекшіл қазақ” газеттерінің беттерінде білдіріп отырған. Қазақ интеллегенциясы қазақ тілінің ауызша формасын жазбаша формасы дәл қалпында беру жағында, яғни емленің дұрыс болу мәселесін ойлады. Қазақ тіліне жаны ашып, емлеге қатысты шыншыл пікірлер білдіріп отырған қазақ оқығандарының ішінде А.Байтұрсынұлының есімімен бірге Н.Төреқұлов, Қ.Кемеңгеров, Е.Байдилдин, Ә.Алдоңғаров сынды қазақ оқығандарын да атауға болады.
28 дыбыстан тұратын қазақ тілінің дыбыстық жүйесі кирилл графикасының негізінде құралған 42 әріптік әліпбиді қолданып келеді. Бұдан 42 әріптік әліпби ең алдымен орыс сөзінің дұрыс жасылуы талабынан туындаған, сондықтан 33+9 принципімен құрылған. Мұндағы 33 әріп орыс әліпбиіне сәйкес келсе, қалған тоғыз әріп қазақ тіліне тән дыбыстарға сай келеді. Бұл әдіс Кеңес үкіметінің кезіндегі саясат бойынша жүздеген ұлттардың әліпбиі 33+N принципімен жасалған болатын. Бұл саясат бойынша ортақ әліпби, ортақ тіл қолданылғандықтан, уақыт өте ортақ тілдің рөлі артып, ұлттық тілдер көлеңкеге ығыстырылып қалып қояды. Қолданыстағы 42 әріптік жүйе көптеген техникалық қолайсыздықтарды туғызумен қатар қазақ сөзін дәлме-дәл бере алмайды. Мұны қазақ тілінің орфограялық сөздігінен көруге болады. «Жазба әдебиеті жоқтық біздің тіліміздің тазалығын сақтады”- деп ХХ ғасырдың басында-ақ дөп басып айтылған Х.Досмұханбетұлының пікірінің шындығына бүгінде көз жеткізіп отырмыз. Жазу әдебиеті қалыптасқан кезден бастап қаймағы бұзыла бастаған тіліміз орыс графикасына көшкелі атадан балаға аманат болып келген, өзінің ерекше ұлы заңдылығымен толысып, дамып келген тіліміздегі сөздер дұрыс айтылмады. Қазақ тілінің айтылуы мен жазылуынаның арасындағы алшақтықтың туындауы ана тіліміздің дамуының қазіргі кезден кейінгі кезеңіне зор нұқсан келтірері сөзсіз.
Қазақ әдеби тілінің өзіне тән айтылуы мен жазылуы бар. Күнделікті өмірде сөздің жазылуынан гөрі айтылуы көп қызмет атқаратынына кез келген адамның көзі анық жетеді. Бірақ әдеби тілдің қалыптасып, дамуына бүгінгі таңда жазбаша тіл үлкен әсер ететіп отырғандығын да білеміз. Кеңес үкіметінің қазақ даласына алғаш орнағандағы алғашқы қолға алған істері - қазақ даласын сауатсыздықтан арылту саясатын іске асырғаны. Қазақ елінің мәдениетін көтеру ма, болмаса, ұлттың ұлттығынан айырудың бастысы ана тілінен айырып, орыстандыру саясатынан келіп туындаған жағдай ма, оның ақ-қарасын тарих анықтай жатар, тілшілерге керекті басты нәрсе қазақ әдеби тілінің жазбаша формасын дамытуда орыс графикасын қолдану мәдени жағынан ілгерлеумен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа мөлдір судай таза, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір бабалар тіліне қиянат жасағанына да көзіміз жетіп отыр. Бүгінгі тарихи кезеңде өмір сүріп отырған кеудесінде қазақы жаны бар, қазақтың қаны бар әрбір азамат қазақ тіліне деген жауапкершілік жүгі мойнында түрғанын, алдымыздағы ұрпақ алдында есеп беретін кездің де болатынын естен бір сәт те шығармауы керек.
Адамдар айтайын деген ойын бір-біріне ауызша да, жазба түрінде де жеткізе алады, орфография, немесе емле, дұрыс жазу қағидаларын белгілейді. Ал дұрыс жазу нормаларының көздейтін негізгі мақсаты айтылмақ ойды жазба түрде дәл айқын жеткізіп беру. Әдетте, жазу жалпыға ортақ болғандықтан, оның ережелері де көпшілікке бірдей болып, қалың жұртшылықтың пайдалануына айналада. Сондықтан емле ережелері әрі ортақ, әрі тұрақты болуға тиіс. Осы орайда графиканы таңдау туралы мәселе егемендігімізді жарияланған 1991 жылы алғаш көтеріліп, содан бері әр түрлі беттерінде әр түрлі ұсыныстар мен жобалар жарияланып келеді.
Қазақ жазуын өзгертуге байланысты көзқарастарды үш топқа топтауға болады. Соның біріншісі – латын графикасына көшуді жақтайтындар, екіншісі, үйреншікті болған орыс графикасында қалуды жақтайтындар. Ал үшінші топқа әр түрлі көзқарастағы және өзінің әліпбиін ұсынып отырған зерттеушілердің пікірлерін жатқызуға болады. Ә.Қайдаров жазуға байланысты пікірлердің екі мәселеге келіп тірелетіндігін көрсетеді. Олар: «1. Жазуды таңдап алу принципіне, оның тұтас және туыстас этонстар үшін атқаратын қызметіне, қолданыс аясы мен таралу шегіне, сондай-ақ бүгінгі қажеттілік пен болашағына қойылар талапқа байланысты мәселелер. 2. әліпбидің тікелей өзіне қатысты (тіл табиғатына үйлесімділігі, бір-бірінен артықшылығы, дыбыстық, графикалық ерекшеліктері т.б.)» [18]. Осыған байланысты қойылатын талаптар мен алғышарттарды академик былайша саралайды: «1. Жазу бір тілдің ғана емес, тегі бір туыстас бірнеше тілдердің мүддесіне сай қызмет етуі абзал. 2. Жазу бір халықтың әр жерде жасайтын өкілдеріне ортақ болуы. Өйткені ол ұлттық тұтастықты сақтап қалудың бірден-бір кепілің [9]. Ал жазуға қойылатын мынандай алғышарттарды атап көрсетеді: «Тілдің дыбыстық (фонетикалық) және мағыналық (фонематикалық) табиғаты мен таңбалау (графикалық), сандық ерекшеліктерінің үйлесімді де сәйкес болуынң басты мәселе етіп көтереді.
Жұмысымызда айтылғандай, дәстүрлі жазуды ауыстырған сайын қаржылай шығынды былай қойғанда, ұлттық дәстүр мен мәдени жалғастықтықтың уақытша болса да желісі үзіліп, сауаттылық дәрежесі төмендейтіні белгілі. Сондықтан жазуды алмастыруға бет бұрған халыққа 50 жылдай қызмет еткен славян жазуы қалай қызмет етті, оны ауыстырудың объективті себептері қандай деген сұраққа жауапты Ә.Қайдаровтың еңбегінен табамыз:
«А) бұл жазу, сөзсіз, бүгінгі Кеңестер Одағы халықтарының, әсіресе бұрын жазу – сызуы болмаған ұлыстардың мәдениетін көтеруде игі ықпалын жасады; бірақ ол сол жұрттардың өз еркімен қалап алған жазуы емес, үстем саясаттың жоғарыдан міндеттеген, күшпен таңған жазуы болатын;
ә) сондықтан да болар, ол әрбір тілдің өз ерекшеліктерін толықтай таңбалай алмады, туыс тілдерді басын қосып, жақындастырудың орнына олардың арасын ашып, алшақтата түсті;
б) алфавит таңбалары ұлт тілдерінің емес, орыс тілінің мүддесіне сай алынды, сол себептен де оның ішінде басы артық, керексіз әріптер көп болды;
в) алфавиттің өзі де, оның негізіндегі қағида, ережелер де ұлттық тілдер табиғатына, дамуына нұқсан келтірді, (мысалы, қазақ тілінің түбір жүйесін, үндестік заңын, дыбыстар тіркесін табиғи қалпынан айырып, басқаша қалыптасуына себепкер болды), ең бастысы жас ұрпақтың туған тілін терең түсуіне кедергі жасады, т.б;».
Адам қоғамында жазу көп, бірақ кемелденген жазу жоқ. Әрбір жазудың жетістіктермен қатар кемшіліктері де болады. Демек, жазудың қадір – қымбаты жеке (не бір топ) тіл тарапынан қойылатын талғам-талаптарға қай дәрежеде жауап беруіне байланысты анықталуы тиіс. Жазудың қасиет – белгілері өзара салыстырып қарағанда ғана айқындала түсетіні туралы Ә.Қайдаровтың пікіріне біз де қосыламыз. Академик қазақ жазуына қызмет еткін үш жазуды былайша өзара салыстырады (түсінікті болу үшін пікірін толық беріп отырмыз):
«1) Алфавиттегі әріп таңбаларының саны ана тіліміздегі фонемалардың санымен бірдей болуы керек; мәселен Ахмет Байтұрсынұлы реттеген араб әліппесі алғаш 28 дыбыс таңбасынан (оның 8-і дауысты, 20-сы дауыссыз дыбыстар) құрылып, кейін оған қосымша орыс – интернационалдық терминдерді дәл беру үшін тағы 5 әріп (в, ф, х, ч, h) қосылған болатын. 1929-1940 жылдары пайдаланған латын алфавитінде 30 әріп (оның 9-ы дауысты, 221-і дауыссыз дыбыс таңбалары) алынса, Шыңжаң қазақтарының 1960-1980 жылдардағы қолданған латын жазуында 37 әріп (9-ы дауысты, 28-і дауыссыз) те, төртеуі ханзу тілінің ыңғайына қарай алынған қос дыбысты (іh, сh, sh, ng) таңбалары еді. Ал орыс графикасы негізінде қабылданған қазақ алфавитінде 42 таңба (ондағы дауысты дыбыс таңбалары – 15, дауыссыздары – 27, оның ішінде қос дыбыстылары – 9, жіңішке, қатаң белгілері – 2) бар. Осының өзі – ақ тіл табиғатына тән дыбыстар мен оны таңбалушы әріптер арасындағы сәйкестіктің бұзылуын көрсетіп тұр. Бір тілдің табиғатында үш – төрт түрлі көріністің (бірде 28, бірде 37, бірде 42 таңба) болуы әрине, заңды құбылыс емес. Демек, бұл жазудың біреуінде болмаса да біреінде кінарат бар. Кейде төл дыбыстардың санынан алынған таңбалардың көп болуы сол тілдің қолданыс шеңберін, яғни басқа тілмен қарым – қатынасын (жетпейтін әріптерді алу) саналы түрде ескеруге де байланысты. Бірақ онда да ол тек кейбір жалқы және қос дауыссыз дыбысты таңбалар (мысалы, ц, ч, щ, ю, я) есебінен ғана көбеюі мүмкін.
Айта кету керек: тілдегі байырғы дыбыстарды нақтылы таңбалауда Анатолия түріктері қолданатын Латын алфавиті өзінің қайырымдылығы мен назар аударады. Онда бар болғаны 29 әріп алынып, оның 8-і дауысты, 21-і дауыссыз дыбысты таңбалайды. Біз таңдап отырған алфавиттің қайсысы болса да осы үлгіге мән бергені жөн.
1) Графемалар тілдегі фонемаларды (мағыналы дыбыстарды) әрі дәл, әрі нақты таңбалауы қажет.
2) Бір таңбаға (графемаға) мүмкін болса, бір- ақ дербес фонема телінуі керек.
3) Ана тіліне жат қос дыбысты, тіпті үш дыбысты әріптерді қабылдаудан бас тарту.
4) Жазудың таңбалауға қолайлы, оқуға оңтайлы, үйренуге жеңіл болғаны абзал.