
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ү блок ерін үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады.
Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды» (283-б). Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.
Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү,) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда оларға (е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,) дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ» - дейтін автор да: «құлұн, жұлұн, төсө сияқтанып естіліп тұрса да» - дейді.
Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова да ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, құ-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті».
Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө дыбысы келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырай естіртеді, бұл әсердің күші үшінші, төртінші буындарды әлсірей түседі. Мысалы: ө-нер, кө-ре-ді, ө-сер деген сөздер өнөр, көрөді, өсөр болып айтылады. Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе, екінші буындағы е дыбысын э етіп, өнэр, өрэн, үлэс түрінде айтылушылық байқалады. Бұл, әрине, қате. Ал «қолтық, қойдыр, құлдық көзде сияқты сөздердің екінші буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау (күмүс, өнөр дегенге қарағанда)»
Ғалымның айтуынша, тілімізде еріндіктер екінші буынның өзінде «жуықтаңқырап», солғындау естіледі. Мұның өзі қазіргі айтуға негізделген деуге болады.
Фонетика үшін сөздің жазылуы емес, айтылуы, естілуі маңызды екені даусыз. Еріндіктердің орнына езуліктерді жазу – орфографиялық норма, бірізді жазу үшін қажет. Өйткені ерін үндестігінің қанша буынды қамтитындығын нақты білмей тұрып, еріндіктермен жазған жағдайда ала-құлалық болмай қоймайды. Ал, жазудың орфографиялық норманың басты қағидасы – бірізділік.
Ерін үндестігі, оның күшін анықтауға байланысты пікірлер алалығы сөздің бірініші буынынан басқа буында ерін дауыстыларының жазылмауынан болып отырған жоқ. Жазудың жетегінде кетіп, солардың айтылуын қадағаламаудан, ескермеуден пайда болып отыр. Қазіргі кезде, әсіресе жастардың тілінде тіпті екінші буында да (өлең, өнер, күлкі, түлкі сияқты сөздерде еріндіктерді айтпау заңдылыққа айналды деуге болады. Бұл үшін, әрине жастарды кінәлауға болмайды. Оқулықтың өзі «еріндік дауысты дыбыставр үндестігі жоқ» десе, қарапайым тұтынушы оны қайдан ескере берсін.
Еріндіктерді «бас буыннан басқасында келмейді, бас буыннан басқасын сүймейді» - деп жазуда шектеген А.Байтұрсынұлы екені белгілі. Бұған қарағанда, олар бас буыннан басқа буында айтылмайтын сияқты.
Ерін үндестігін аңғарып, айқындау үшін орыс тілді зерттеушілердің қазақ тілі жөніндегі еңбектерін екшеп, зерделеу керек болды. Сол үшін де біз оларға біраз тоқталған едік.
Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский т.б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады.
Академик В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречи» деп аталатын даңқты еңбегінде қазақ (кітапта қырғыз деп берілген) сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк, дүрүлдө, тоқшұлұқ түрінде жазған. «Түркологияның атасы» аталған акдемик В.В.Радловты сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай хақымыз жоқ.
Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдө, төрөлөрдөн, төрөлөрдө, төрөлөрдөй деп септеп, жүдөгөй ,жүдөгүймүн, жүдөгүйсүң, жүдөгөйсүз деп жіктейді. Оның айтуынша, ерін үндестігі қазақ, қырғыз тілдерінде ұқсас, тек қазақ тілінде о дыбысы бірінші буында ғана айтылады.
В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранскийде де: ”Сонда Тарғын сөйлөйдү, сөйлөгөндө бүй дейді”деп келеді. Ал бұлардың түсінігінде, жазуында (дәл мәселеге байланысты) жаңсақтық, білместік бар деуге әсте аузымыз бармайды. Қайта жазуды күйттейміз деп жүріп, тіліміздегі осы бір жарасымдылықтың қиюын қашырып, құнсыз етіп алсақ керек.
Тек еріндік дауыстылар ғана емес, қос ерін у дауыссызы да өз айналасындағы қысаң дауыстыларға (жазуда – ы,і, е) азды-көпті әсер етеді. Мұны кезінде В.В.Радлов та, П.М.Мелиоранский де байқаған. Мәселен, В.В.Радлов сөздігінде: «дәурөн, дәулөт, даусұ, аузұ, ұқшұл, ал П.М.Мелиоранскийде: біредұ, таудұң, ауұздұқ т.б. түрде ұшырайды.
Сингармонизм – тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасылымдылығына ерін үндестігі де жатады. «Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрып барады» (академик Н.Сауранбаев) десек, оған себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнтсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері деп қарау керек 22.
Ерін үндестігін дұрыс түсіну үшін еріндік дауыстылар мен езулік дауыстылардың көрші буындарда қатар тұру мүмкіндіктерін ескеру керек. Сонда екі буынды сөздерде тек ашық а езулігінің ғана о, ұ еріндіктерінен кейін тұру мүмкіндігінің барын көруге болады: ора, орақ, отан, қола бұта т.б. Қалған жағдайда еріндіктер мен езуліктер бір сөз ішінде қатар айтылмайды. Әсіресе еріндіктерден кейін езуліктің айтылу мүмкіндігі жоқ деуге болады. Тек мазмұн, мақұл, мақұлық, марқұм, мәжнүн, куә, күнә, мәжбүр, дәстүр деген сияқты санаулы ғана кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмауы мүмкін. Ашық а және ә езуліктерінің өздерінің ашықтығының арқасында еріндік дауыстылармен еркін қатынасқа түсу мүмкіндіктері бар. Алайда тілдің табиғи жарасымы оларды да шектеп қойған.
Еріндіктердің езуліктермен қарым-қатынасының барынша шектеулі болуы, еріндіктердің өзара (о дыбысынан басқалары) мидай араласып жататыны, яғни тілімізде ерін үндестігінің барын қуаттайды.
Сингармонизмнің мәні мен сәнін құрауға тіл және ерін үндестігі тең қатысады. Ерін үндестігінің күші, жұрт айтып жүргендей, екі буынмен шектелмейді. Бірінші буында дөңгеленіп, сүйірленіп алған ерін екінші буында (ашық а дыбысы болмаса) тез жайылып өз қалпына келмейді және ол үшінші буында да аяқтала қоймайды 22.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жүйелі түрде зерттеп жүрген ғалым Ә.Жүнісбеков ерін үндестігін тіл үндестігімен қатар қояды: олардың тілдегі қызметі мен маңызы, қолданылуы ұқсас екендігін, ерін үндестігінің күшін бірер буынмен шектеуге әсте болмайтынын айтудай-ақ айтып, дәлелдеп жүр. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғаған Ұ.Шүленбеава да осы пікірді қуаттап, көп буынды сөздер тұтасымен еріндік болып айтылады дейтін тұжырым жасады.
Қазақ тексінің айтылуын күйттеген еңбектерінде Ж. Әбуов, Ә.Жүнісбеков мұны іс жүзінде жақсы көрсетеді, еріндік дауыстылардың шідерін шешіп, тілдің табиғи болмысын танытады.
Егер тілдік норма сол тілді тұтынушылардың басым көпшілігінің қолдану практикасына негізделеді десек, әдетте норманы айқындауда осындай критерий алынады, онда қазіргі қазақ тілінде ерін үндестігі «енді әлсіреп құрып барады» (Н.Сауранбаев) дегенді де қойып, бір жола жойылды десек те болар еді (қазіргі қазақ лингвистерінің көбі осылай ойлайды). Мұның өзі тілдің табиғи дамуынан туып отырған жоқ, тағы да қайталап айту керек, қолдан жасалған жазу нормаларының нәтижесінде жеделдеп отыр.
Ерін үндестігінің сұлбасы ауызекі тілімізде сақталса керек еді. Бұл мәселені арнайы зерттеген авторлар: «Сөздің бірінші буынында ерін дауыстылары келген жерде екінші буындағы қысаң және жартылай қысаң дауыстылардың еріндік сипатқа ие болуы – тілімізге тән заңдылық. Мысалы: дөңгөлөк, бөдөнө, жұмұр т.б.» - дейді де, келесі сөйлемде: «үшінші буындағы дауыстының ерін ықпалдығына шалдығуы оншалық емес», - деген қорытындыға келеді және сол екінші буыннан асырмауға тырысады. Тек 51-бетте бөгөлөк, өрөскөл, бүлдүргү, 73-бетте көбүрөк, сол 51-бетте бір сөз түсүнүктү болып кетіпті. Авторлар қазіргі оқыған қауымның ауыз-екі тілін айтып отырған сияқты.
Қазақ тілінің алғашқы орфоэпиялық сөздігінде С.Кеңесбаев пікірі басшылыққа алынған, яғни екінші буында еріндіктер жазылып, үшінші буынға емеурін (арнайы белгі қойып) жасалған. Одан кейін дүниеге келген сөздік екінші буынмен біржола шектелген. Тек араға 15 жыл салып жарық көрген үшінші сөздікте ғана ерін үндестігі біршама шешім тапқан. Сөздіктің авторы белгілі ғалым М.Серғалиев ерін үндестігі «үшінші буында да айқын байқалады, - деп алады да – ол әсердің әлсіздігі, мүмкін төртінші, бесінші буындарда байқалар. Мәселен: өгүз (жазылуы өгіз) деп айтқанға ешбір қазақтың таңданбайтыны белгілі. Сол сияқты өгүздүң (жазылуы өгіздің) дегеннің қандай қателігі болмақ? Тіпті өгүздөрүң (жазылуы өгіздерің) дегеннің де айыбы жоқ сиқты. Ал өгүздөрүңе (жазылуы өгіздеріңе) дегенде соңғы дыбыстың жазылуынша е (о дыбысы емес) дыбысының айтылуы орынды, - деген қорытындыға келеді.
Сөздікте үшінші, төртінші, ара-тұра бесінші буында да, еріндіктер жазылған. Мысалы: өзгөрүссүз, өкүнүштү, өмүлдүрүк, өршөлөнгөн, т.б.
Біз мұны құптаймыз. Үндестік заңы, еріндік дауыстылардыцң тіркесі бабалар тілінде осылай болғанына күмәніміз жоқ. Қазіргі айту, жазуға құлағы, көзі үйренген жұртқа бұл, әрине, өгей де жат 22.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: қазақ тілінде ерін үндестігі болған және оның күші санаулы буынмен шектелмейді: алдыңғы буында дауысты о, ө, ұ, ү сондай-ақ дауыссыз у дыбыстары болса, келесі буындарда жазылған е, ы, і әріптері айтуда ә, ұ, ү еріндіктеріне айналады.
Мысалы: қорұтұндұсұ (қорытындысы), құлұнұмдұ (құлынымды), әуөстөндүрүп (әуестендіріп), өздөрүңүзгө (өздеріңізге);
Сонымен ерін үндестігі де тіліміздің өзіндік жарасымын танытады. Әсіресе екінші буындағы еріндіктің езулік болып айтылуы сөздің дыбысталуына ғана нұқсан келтіріп қоймайды, тіпті бірінші буындағы еріндіктің анық айтылмауынан сөз мағынасының бұзылу қаупі байқалып жүр.
СӨЖ
1. Ерін үндестігінің пайда болу себептері.
2. Қазақ тіліндегі ерін үндестігінің көрінісі.
СООЖ
1. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі туралы көзқарастар.
2. Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігінің даму дәрежесі.