Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ііі блок дыбыстардың алмасуы

Тіліміздің ауызша формасында дыбыстардың заңдылықтарын барлық шебінде ұстайды. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбыс көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған (жоқ) сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Алайда осындағы н әрпі үш сөзформада үш түрлі дыбысталады. Тілдің табиғатын, фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсінуге болады.

Егер әлгі сөз формаларының құрамындағы нб, нғ тіркестерін дәл осылай (жазылуындай) айтатын болсақ, тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде қалыптасқан үндестік заңына нұқсан келеді. Бұл заң бойынша нб, нғ тіркесі дауыс қатысы жағынан сәйкес келгенмен, айтылуы (артикуляциясы) жағынан оралымсыз; сонда қос ерін б өзінің өзінің алдында тіл алды н-дан гөрі қос ерін м тұруын, ал тіл арты ғ өзінің бұрын тіл арты ң тұруын талап етеді. Соның нәтижесінде нб тіркесі мб (жамбады), нғ тіркесі ңғ (жаңған) болып айтылады, яғни н дыбысы бірде м, енді бірде ң дыбысына өзгереді деп айту жиі кездеседі. Бұл жерде ол (н) жағдайға байланысты уақытша орнын береді. Ал оны алмастырған м, ң дыбыстарының да осы тұрысында (жамбады, жаңған) ешқандай фонемалық мәні жоқ. Алайда олар (м, ң) айтылатын, естілетін болғандықтан дыбыс деп танылады.

Сондай-ақ: қарағой (қара қой), ағешкі (ақ ешкі), тарағы (тарақ –ы, қабы (қөап –ы) дегендер де дыбыс алмасулары деп қарау керек.

Мұндағы алмасулар (қ –ғ, п-б, б-п) көрші дыбыстардыңі бірін-бірі дауыстың (салдырдың) қатысы жағынан игерудің нәтижесінде болып тұр.

Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан, тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісінен (әлсізінен) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді.

Алмасу - альтернация (лат alternation, орысша чередование) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеріп кетуі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы туралы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да обьектісі бола алады.

Мұны былай түсіну керек: жан, жанбады, жанған – үш түрлі сөзформа; олардың лексикалық мағыналары бірдей, себебі түбірі (жан) ортақ. Сондықтан оның (түбірдің) дыбысталуы да бірдей болса керек еді. Алайда бірдей емес. Біріншісінде – н, екіншісінде – м, үшіншісінде – ң дыбысына аяқталып тұр. Яғни үш сөзформаның құрамында кездесетін бір морфема (жан) үш түрлі дыбысталады. Алмасу туралы бір морфема кемінде екі түрлі айтылған жағдайда ғана ойлауға болады. Осы тұрғыдан жал, сал, шал дегшендерде ж, с, ш алмасып тұр деуге болады. Өйткені бұл дыбыстар өзара алмасуға бейім келеді. Дегенмен бұлай «алмасуда» ешқандай мән-мағына жоқ. Өйткені олар бір-біріне еш туыстығы жоқ, әр түрлі морфемалар (сөздер). Сондай-ақ: палуан-балуан, палау-балау, пайым-байым сөздерінің басқы дыбыстары алмасып тұр деуге болар еді (п-б алмасқыш дыбыстар). Алайда алмасуға берілген анықтамада айтылғандай, бұл құбылыс «көрші дыбыстың әсерінен» болатынын есте сақтау керек. Ал палуан-балуан екі түрлі айтылатын болса, ол көрші дыбыстардың ықпалынан болып тұрған жоқ. Бұл – экстралингвистикалық (бөгде тілдік) жағдайдан туған сәйкестік. Бұлармен салыстырғанда әр түрлі қосымшалар мен кейбір шылаулардың (да, де, та, те,қой, ғой, қана, ғана)басқы дыбысының құбылып келуі себебін үндестік заңы тұрғысынан оп-оңай түсіндіруге болады.

Дыбыстық алмасу – фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтижесі мұны комбинаторлық (лат. combinare – біріктіру, тіркестіру) немесе позициялық (лат. positio – жағдай шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. spontaneous – кенет пайда болған, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.

СӨЖ

1. Дыбыстық алмасуға ұшырайтын тіркестер.

2. Дыбыстық алмасуға қатысатын дыбыстар.

СООЖ

1. Дыбыстық алмасудың себептері.

2. Қазақ тіліндегі ерекшеліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]