Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ііі Модуль

Буынның дыбыстық құрамы

III модуль

БУЫН, БУНАҚ, ЕКПІН

І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі

Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер – буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.

Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен (леппен) тікелей байланысты болады.

Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Буынға тән сипаттар:

  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз. Балаларға дегенде, дұрысы, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.

  2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әр бір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны (ат) –түбір, 2-буыны (ты) – сын есім тудыратын жұрнақ, 3-буыны (-лар) – көптік жалғау, ал 4-буыны (-ға) – септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болу міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т.б.

  3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Буынның жуан, жіңішкелілігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.

  4. Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос (екі) дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы. Сондықтан да байырға сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Реалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Октябрь революциясынан бергі кезеңде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия т.б. Бұларды осылай жазу және айту - әдеби норма түрінде танылады.

Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бірақ онда ғылыми негіз жоқ.

  1. Бас (бірінші) буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.

СӨЖ

1. Тілдегі буындардың қызметі.

2. Буын дегеніміз не?

СООЖ

1. Буынның сипаттары.

2. Буын мен дауыстылардың арақатынасы.

3. Қазақ тіліндегі буынның ерекшеліктері.

Іі блок буынның түрлері

Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ. Жұбанов алтыға, Н. Сауранбаев төртке, С.Мырзабеков екіге бөледі. Ал С. Кеңесбаевтің үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді.

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі бар: ашық буын, бітеу буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы.

Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссыздарды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеп көрсетуге болады.

1.Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:

1) А: а, ә, а-на, ә-же, е-не, о-қы, ы-ды-ра, ы-ды-сы;

2) ВА: ба-ла-сы, бі-лі-мі, де, не, же-лі, та, те, да-ла;

3) ВВА: ста-нок, ста-кан, сти-мул, гра-нат;

4) ВВВА: стра-тег, стра-тегия, стра-тосфера;

2. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.

Дыбыстық құрамы:

  1. АВ: ат, ай ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден

  2. АВВ: ант, өрт, ұлт, өрт-те, ыңқ-ыңқ, ырс-ырс

3. Бітеу буын дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.

  1. ВАВ: бас-тар, бас-тық, тас-тай, бұл-бұл-дар, тақ-тақ;

  2. ВАВВ: қант, былқ-былқ, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, қарт;

  3. ВАВВВ: пункт, центр, Маркс, фильтр, текст;

  4. ВВАВ: шкаф, шлаг, шлем, шлфз, крем, штаб;

  5. ВВАВВ: спорт, старт, скетч, трест, штамп;

  6. ВВАВВВ: спектр;

  7. ВВВАВ: штрек, штраф, штрих, шприц, структура.

Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.

Академик А.Қайдаров қазақ тілінде 1352 бір буынды түбір бар екенін анықтады. Құрылымына қарай солардың 1053-і ВАВ, 158-і АВ, 117-сі ВАВВ, қалған үш түрі жиналып 40-тан әрең асады.

Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздері де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Зерттеуші М.Райымбекова қазақ тілінде қос дауыссыздан басталатын 20-шақты тұйық буынды (ВВАВ) сөзді экспериментті – фонетикалық зерттеу арқылы анықтаған.

СӨЖ

1. Ашық буын.

2. Бітеу буын.

3. Тұйық буын

СООЖ

1. Қазақ тіліндегі буын құрамының ерекшеліктері.

2. Қазақ тіліндегі буын туралы көзқарастар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]