Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Іү блок дауыссыз дыбыстар

Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде 26. Бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығы: Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң» дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Щ фонемасын созылыңқы ш (немесе қос ш) дыбысының таңбасы ретінде танимыз. Нақты айтатын болсақ, қазақ тілінде қос ш түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші, ұшшы, башшы (басшы), жашша (жазша), ташша (тазша), қышша (қысша), кешше (кешсе), түшшү (түсші), бішше (бізше) т.б.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер лат. сonsonans - дауыссыз дыбыс ) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп болған жоқ. Мысалы: ат, ет, от, өт. Мұнда бір ғана т-ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік (ат), жіңішке езулік (ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәріне де бар. Ал у тек жуан еріндік (у)және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә. Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингормотиптен немесе 66 сингармодауыссыздан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б,ғ-г,д,ж,з,й,қ-к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н. Ильминскийден бастап кешегі 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ, ғ мен к, г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай –ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.

50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүніспеков көрсеткен в, ф, х, ц, ч дыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анық. Фонетиканың бас оқулығында акад. І. Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдебиет тіліне в, ф, ч, х тәрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: « Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады» (Қазіргі қазақ тілі. 1954, 132-б).

Қазақ тіліндегі қ түбірде дауыстылар қоршауында тұрып, осы х-ға жуық (ахын, жахын, ыхылас, Ахан, ахыл, Жахан сияқты) дыбысталатынын жоққа шығаруға болмайды. Ал ч дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық. Сонымен қатар әдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрде дыбысталады. Мысалы: ит жылы, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе сияқты сөздегі тс дыбыстар тіркесі тц-ға жуық айтылады.

Қазақ әдебиетіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, ғы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, ұу, шы.

Дауыссыздардың ішінде үнемі жіңішке айтылатын к, г дыбыстары зерттеушіледің назарын әр кез өзіне аударып отырған.

Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, ғ, к, г) төртеуінің анық естілетінін айтады. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Тіл құралында: «Қ һәм ғ дыбыстары һеш уақытта жіңішкермейді. К һәм г ыбыстары һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады» 8, - деп көрсетеді.

Х. Досмұханбетұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, ғ қылып таңбалау керек еді. К мен г қарыптерін тастау керек едің деуін десе де, жазу тұрғысынан қарап, к мен г әріптерін қолдана беру керек»,- деп табады.

Аталған дыбыстардың тіліміздегі ерекшеліктері туралы зерттеуші Ж. Аралбаев: «бұл бір фонеманың аллафондары ғана. Тіліміздің даму барысында дербес фонемаға айналған болу керек» дейді.

Оған керісінше, қ мен к-қатаң бір (к) фонемаға, ғ мен г –ұяң бір (г) фонема деген пікірді 20 жылдай дәлелдеп, айтып келген. Ә. Жүнісбеков қазақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар деген тұжырымға келді. Мұны мойындайтын болсақ, біз де қырғыздар сияқты: қазақ, кіргіз, карга, кыз, жылқы, тагдыр деп жазып, қазақ, қырғыз, қарға, қыз, жылқы деп айтатын боламыз.

Сөйлеу үстінде сөздер бірімен-бірі ұстасып, кірігіп, тұтасып айтылатыны белгілі. Мәселен, бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен түрде жазылған, айтуда барекенде (жоғекен) ашекенде (тоғекен) сияқты түйдектер құрайды. Бар, аш сөздерінің құрамындағы жуан, жіңішке р, ш дыбыстары екеннің құрамына көшкенде (ба-ре-кен, а-ше-кен) жіңішкеретін болса, қ-дан бұл байқалмайды, ұяңданғаны болмаса, жіңішкерген сыңай танытпайды: жо-ғе-кен, то-ғе-кен, Жіңішке дауыстының қасында жуан қ, ғ тұра алмаса керек. Сонда бұларды жоғ екен, тоғ екен деп кіріктірмей айтатын шығармыз (қазір бұлай айту нормаға айналып барады). Ал енді, күзгі алма, жазғы алма, күзг алма, жазғ алма бола алмайтын шығар. Жаз-ғал-ма деп кіріктіріп айту жарасымын тауып тұрғанмен, күз-гал-маның күз-ғал-ма болмайтыны несі? Қазақ тілінде га, ка, ко, кы, құ, гы, ғұ, қе, ғе, қә, ғә, гі, қі сияқты әріптер сөз тіркестерінің аралығында кездесе береді. Ал олардың айтылуын ойлап, тігісін жатқызып жүрген жан жоқ.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір фонема түрде танылатын б, д, й, л, н, р, с, т дауыссыздары екі түрлі таңбаланған: жуан дыбыстар мен қатар келгенде бір басқа, жіңішкелермен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың қатарында қ, к, ғ, г де бар. Және соңғы төртеу кейінгі жазулардың көбінде дерлік сақталған. Бұлардың өзгелерден жырылып қалып қоюы да тегін болмаса керек.

Н. Уәлиев мұны былай пайымдайды: Қ мен к бір фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері. Олай болса, бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, к фонемасының к, қ реңктерінің, г фонемасының ғ, г реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады» 31.

Бұлар өзге дауыссыздар секілді дауыстылардың ыңғайына қарай жуандап, жіңішкерудің орнына, керісінше, маңайындағы дауыстыларды өзіне икемдейтіні бар: ышқыр (іш құр), Бәйгелді (бай келді), Бәйгісі (бай кісі), Гүләйім (гүл айым), Күләш (гүл аш), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), сәудегер (саудагер), көгәл (көк ал).

Буын жігінде келген фонемалардың жуаны жіңішкеріп, жіңішкесі елеусіз түрде жуандап жатса, керісінше қ-ның к-ге, к-ның қ-ға өтуі біршама психологиялық дайындықты керек етеді. Сонда ғана қ, к, ғ, г дыбыстарының қатысуымен аралас (жуанды-жіңішкелі) болып жүрген сөздерді үндестікке бағындыруға болады. Мәселен: кәзір/қазыр, кәдір/қадыр, кәлпе/қалпе, қабір/қабыр, кәсит/қасиет, кәнден/қанден, қауіп/қауып, көрек/қорек т. б.

Қысқасы, қ, к, ғ, г дауыссыздардың әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады. Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны- 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонемалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонемалық қасиет орыс тілінен енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан-жіңішке боп) фонема бола алмайды.

Қазақ тіл мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ.

Қазақ тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч.

Ү БЛОК

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]