Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;

2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артқа қарай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтқанда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ұ//ү, ы//і) қатар айтып көруге болады. Дауыстылардың тіл қатысына қарай жіктелуін дұрыс меңгеру тіліміздегі сингармонизмді түсінуге мүмкіндік жасайды. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

Еріннің қатысына қарай:

1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;

2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстыларды жақсы білу тіліміздің ерін үндестігін тануға көмектеседі.

Жақтың қатысына қарай:

1. Ашық дауыстылар: а , ө, о, е;

2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Ашық дауыстыларды айтқанда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жақ барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір – біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:

1. Ашық дауыстылар: а ,ә;

2. Жартылай ашық: ө, о, е;

3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.22

Ал о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә. Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөліп қарайды. Тілші еңбегінде и= й+і (ій), о= у+ұ (уұ), ө= у+ү (уү) деп, әнтек айтылатын, й, у дыбыстарының күші 40% болатынын эксперимент жолымен дәлелдейді 10.

Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер

Дауысты фонемалар бір буынды түбірде, сонымен қатар көп буынды сөздің бас (бірінші) буынында фонемалық мәні айқын да тұрақты көрінеді. Ал сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Бұл өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мысалы: өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), үкі (үкү), кітап (кітәп), мұғалім (мұғалым). Мұндай сөзді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды.

Дауыстылардың айтылу, жазылуы ерекшеліктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынандай мінездеме береміз:

А фонемасы тілде ең көп кездесетін көнеден келе жатқан фонемалардың бірі. Жазудағы таңбасы – а.

А әрпінен басталатын сөздер көне түркі тілінде («Древнетюркский словарь» (1969) бойынша) қ, т әрпінен кейін үшінші орында тұрса, қазіргі қазақ тілінде («Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988) бойынша) үшінші орында тұр. Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндең (10 томдық) 7-ші орында.

Сөздің басында және бас (бірінші) буында жазылатын а әрпі ылғи да а фонемасына сай келеді.

А фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік күші ы, і фонемаларына қарағанда әлсіз, сондықтан да ол жуан (о, ұ) еріндіктерден кейін ашық айтылады: отау, ұшақ, тұмау.

А фонемасы өзге жуан (о, ұ, ы) дауыстылар мен қатар сөздің барлық буындарында айтыла да, жазыла да береді. Айтуда кейде о-ға жуықтап кететінде кездері бар: ойбой (ойбай), ойқой (айхай), ойпырой (ойпырай), ойпұрмой (ойпырмай), айнолайын//айдолойұн (айналайын). Тіпті бұлар көркем шығарма текстерінде де кездеседі.

Жазуда а кейбір жіңішке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтін тұстары бар:ділда, ләззат, кітап, қазір, қажет, қазірет, мейман, мейрам. Қазіргі кезде жазуына жуық дыбысталып жүрген мұндай кірме (араб-парсы) сөздерді қарапайым қазақ бірыңғай не жуан, не жіңішке айтпасқа лажы жоқ: ділдә, ләзәт, кітәп, қазыр//кәзір, қадыр//кәдір т.б.

А жеке тұрып сөз (а-од, а-әріп, а-дыбыс), сөздерге жалғанатын қосымша да (ат-а, сан-а, анам-а, балам-а, ойлан-а, ойландыр-а) бола алады.

Орыс тілінің а фонемасы екпін түсіп тұрған кезде қазақ тіліндегі а-ға жуық айтылады: бал, бар, зал, класс, квас, май, стаж, старт, шар, штамп. Ал акт, адрес, армия, бак, фактор, факел, шкаф сияқты сөздерде (кейбір, к, г, е, и дыбыстардың әсерінен) ауызекі айтуда ә-ге жуықтап кететіні байқалады. Дұрысы, а фонемасын анық айтуға тырысу керек. Қалған жағдайда екпінсіз а әлсіреп (ә, е, и, ы дыбыстарына жуықтап) он шақты түрде (аллофон) айтылады. Мұны тілімізге ертеректе енген барқыт (бархат), бәтеңке (ботинка) облыс (област), самаурын (самовар), сияқты сөздер де аңғартады.

Қазіргі қазақ тілінде норма болып саналатын анкет, газет, контор, кординат, минут, секунд, пар, фанер, цифр, сияқты сөздердің соңындағы а-ның түсіп қалуының бір себебі осы екпінсіз а-ның әлсіреп айтылуынан деуге болады.

Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар – а және ә. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: біріншісі – жуан, екіншісі жіңішке, яғни а тілдің кейін шегінуінен, ә ілгері жылжыуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан бұл екеуі бір-біріне жуық.

«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады делінген.

«Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің (онда да, көбіне бірінші буында кездесуінің) басты себебін профессор Н.В.Юшманов, профессор Е. Д. Поливанов т.б. мамандар қазақ тіліне басқа күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты қарастырады. Ал түркі тілдерінің дыбыс жүйесін тыңғылықты қарастырған соңғы монографияда ә фонемасының көнеден келе жатқаны дәлелденген 26,18-23.

Қазақ тілінде ә фонемасы сирек кездескенімен, көнеден келе жатқан төл дыбыстардың қаратына жатқызамыз. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде көген (реестр) көрген 67 мың сөз бар десек, соның 19 проценті дауыстылардан басталады. Соның ішінде ә әрпінен басталатын сөздердің саны – 870. Бұл жағынан а (4440), е (2249) болмаса, қалған дауыстылар бір – біріне қарайлас. Орфографияға сәйкес ә әрпі барлығы 2,5 мыңдай сөздің бірінші буынында кездеседі.

«Қазақ тілінің орфогорафиялық сөздігінің» соңғы 3-басылымында (1988) екінші буынында ә жазылатын сөздердің қатары молая түскен: әзәзіл, дүбәра, дүдәмал, дімкәс, еммәт, (кіт), көкнәр, күләбі, кәл-пара, күләпсан, күлдәрі, күмән, күнә, кінә, кінәз, мәмпәси, мүккәмал, нәмәрт, пірәдар, сірә, тәбәрік, тәнәпіс, іңгә, іңкәл (диал.) , іңкәр т.б. Ал бісмәллә (пісміллә) және кәнизәк деген екі сөздің үшінші буынында кездеседі.

Ауызекі сөйлеу тілінде ә фонемасы әлдеқайда көп қолданады.

С. Омарбеков пен Н. Жүнісовтың «Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі» (1985) деп аталатын оқу құралдарында қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, әдеби айту нормаларын пайымдай келе, а және ә фонемаларын жан-жақты зерттейді: «Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің орнына бірінің қолданылуы – говорларымызға тамырын кең жайған құбылыс. Мұндай дыбыстық құбылыстың ең жиі байқалатын жері – қазақ топырағының оңтүстік өңірі. Әсіресе біз оны Орта Азия республикаларының ішкі қоныстары мен соған іргелес жатқан атыраптарының қазағының тілінен молынан ұшыратамыз» 23,32-33 дейді де, отыз тоғыз сөз алып, оның аталған өңірде, онымен көршілес өзбек, қарақалпақ тілдерінде, сондай-ақ қазақтың көпшілік говорында және әдеби тілінде айту нұсқаларымен салыстырады. Мәселен: Тәләп-тәләп-тәләп – талап-талап, кәйт-қақ-қәйт – қайт, кәйер-қаер-кәйер – қайер (қай жер), іләж- илож – иләж – ылаж-ылаж, әсілі-асли, асыл-асыл, кәте-хато-қәте – қата (қате) – қате, кәуіп-хавф-қәуип-қауып-қауып, кәтер-хатар-кәтер-қатер-қатерт.б.

Әдеби тілде жуан айтылатын сөздер оңтүстік өңірлерде жіңішкере түсетіні басы ашық мәселе. Неге олай дегенге берер жауабымыз: «Жіңішке ә-нің оңтүстік говорларымызда да, сондай-ақ өзбек, қарақалпақ тілдерінде де көбіне-көп араб-парсы кірмелерінің бойына тән дыбыс екендігінен» дейді ғалымдар 23,341. Ә дыбысының кірмелігін мойындамасақ та, араб-парсы тілдерінің ықпалын бар екені белгілі.

Қазақ тілінде ә дыбысының сөйлеу тілінде а фонемасына әсер етіп, тіпті үшінші буынға дейін әсер етеді. Бұл туралы зерттеулерде былай дейді: «Алфавит құрамында арнаулы ә әрпі бар біздің тіліміздің жазу жүйесінде осы дыбыстың еленбей қалатыны көп. Мәселен: шәй, шәш, жәй, шәршә, жәйлі дегендер айтылуы жіңішке бола тұрса да, емле тәртібінде шай, шарша, жайлы деп жазатын ретіміз бар. Сол сияқты: Күләндә, Кәмилә, Жәмилә, Әлимә, Сәбирә сынды кісі аттарының соңғы дыбысын оларға жалғанатын септіктердің табиғатына сүйеніп жуан етіп жазамыз. Айтылуына келсек, осы кісі есімдерінің соңғы дыбысының ә екені кәміл. Оның үстіне осы арадағы адам есімдеріне дәл барыстан өзге септіктердің айтылуында жуан жалғануының өзі екіталай. Жәмиләдан ба, Жәмиләдән ба? – бұл арасы соншалық айқын емес» 23,37 .

Н. Уәлиев кей сөздердің бірінші, екінші буындарында жазылатын а, ә әріптерінің фонетикалық болмысын қосымшалар арқылы пайымдауға болатынын айтады. Мысалы, хал, халге, халі. «Сөзге қосылатын қосымшалар сол сөздегі дауыстының ә фонемасы екендігін «хабарлап» тұрады».

Қорытындылайтын болсақ, а және ә дыбыстары - артикуляциялық жақтан бір-біріне жуық айтылатын фонемалар. Сондықтан жергілікті тілдер ерекшелінде, ауызекі сөйлеу тілінде бірінің орнына бірі қолданыла да береді.

Е, ы, і фонемалары езулік, қысаңдағы және тілде қолданылуы жағынан бір-біріне ұқсайды. Ал е фонемасының алдынан әнтек и айтылады. Ә. Жүнісбеков е-нің й және і дыбыстарының қосындысынан (ій) тұратынын (й – 40, і-60 процент болатынын) экспериментті жолменен анықтағаны жоғарыда айтылды. Шынында да тілде: әне-әні, әсте -әсті, бәйге-бәйгі, бәтеңке-бәтіңке, бәтес-бәтіс, ерегісу-ерегесу, ешкім-ішкім, ештеңе-іштеңе, кәне-кәні, міне-міні, ілгешек-ілгішек түрінде айту, тіпті жазу (бұлардың алдыңғысы орфографиялық норма) кездеседі. Мүның өзі е мен і-нің бір-біріне ұқсастығын аңғартады.

Е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады, бірақ олар ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді.

Бұлардың еріндіктермен (соның ішінде дауыссыз у мен де ) қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Өзен, өлең, өнер, осы, орын, оқы, ұлы, ұғым, ұзын, үлкен, түйе, түлкі, жүрек, өмір, мазмұны, балбұлы, дәстүрі, ауыл, бауыр, жауын, әуе, әуен, әуес, дәуір сияқты сөздердің құрамында е, ы, і дыбыс емес тек әріп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрінде болады. Соңы ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге – у жұрнағы жалғанады да, ы ұ-ға, і ү-ге айналады, жазуда бірақ әріппен (у) таңбаланады, алжы-алжұу (жазылуы алжу), жылжы –жылжұу, жылы –жылұу, сырғы-сырғұу, тепші-тепшүу, терші-тершүу. Сөз мағынасына нұсқан келмейтін жағдайда еріндік дауыссыз у дың алдында келген е аздап еріндік болып та айтылады: біреу, екеу, бесеу, жетеу, крнеу, бермеу, келммеу, сермеу, ілмеу. Езулік дауыстылардың еріндіктермен қатар айтылуы, айтылмауы олардың ашық (а,ә) қысаңдығымен (е, ы, і) байланысты.

Қысаң ы, і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі. Орфоэпиялық сзөдіктерде олар тіпті түсіріліп (шартты белгімен) жазылады: дәр`гер, қат`нас, тәж`рибе, аң`зақ, ад`раңдау, аз`рақ, бад`рақ, ед`реңдеу, и`рім, кеш`рім, қас`рет. Тіпті л, р дыбыстарының алдынан келгенде сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, олар жазылмайды: лақ, лаң, ләм, леген, лекер, лес, лай, лайық, лас, рас, разы, рай, рақат, рақмет, рең, рәсуә, рәсім, рәт.

Жалғанатын қосымша дауысты болса, немесе дауыстыдан басталса, кейбір сөздердің екінші буынындағы ы, і (айтуда да, жазуда да) түсіп қалады: халық-халқы, қарын-қарны, қалып-қалпы, ырық-ырқы, қырық-қырқы, айыр-айрық, сарық-сарқыл-сарқады, ерін-ерні, ерік-еркі, кейіп-кейпі, ірік-іркіп-іркеді, қырық-қырқып-қырқады. Бұл қасиет е фонемасында жоқ.

Еріндік о, ө фонемалары бір-бірінен тек жуан (о) жіңішкелігімен (ө) ғана ажырайды. Бұл екеуінің де алдынан әнтек у (бірінде жуан, бірінде жіңішке) айтылады. Тілде о, ө-нің ү, ұ (көбіне диалектіде) түрінде кездесуі бұлардың айтылуы жағынан жуықтығын көрсетеді: домала-дұмала, оян-ұян, қош-құш, қолдану-құлдану, сұра-сора, мұқал-моқалу, сорақы-сұрақы, үлгер-үлгір, төңірек-төңерек, өйтіп-үйтіп, бөгелек-бүгелек, бүлдірге-бүлдіргі.

Ал жақтың қатысы жағынан бұлар қысаң даустыларға жуық. Кейбір себептермен бұлар жартылай ашықтарға жатқызылады(жоғарыда айтылды).

Еріндік о фонемасының өзге формалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында ғана айтылады және жазылады. Тек –қор, -қой, -ғой қосымшалары түрінде келгенде ғана екінші, үшінші буындарда айтылады да, жазыла да береді: даңғой, даңққой, есепқор, еңбекқор, бейнетқор, шайқор, сәнқой, әуесқой.

Ал орыс тілінен енген сөздерде о-ға негізінен екпін түседі, көрші дауыссыз дыбыстардың әуенімен ол (буын талғамай) төрт-бес түрлі айтылады. Кейде қазақ тіліндегі байырғы о-ға жуық (вагон, забой, анекдот, кино, анод, порт, том, тон) , бірде о мен ө-нің арасынан, кейде ө-ге жуық (ноль, роль, толь) дыбысталады. Екпін түспеген жағдайда о әрпі екпінсіз а дыбысы болады: атом, автор, коммунизм, совет, социализм, роман.

Орыстың о әрпінің қазақ тілінде қалай дыбысталатынына мысал: божы (вожжи), облыс (область), нөмір (номер), бәтеңке (ботинка), кәмпит (конфета), кәрзеңке (корзинка) т.б.

Ө фонемасының жазудағы таңбасы - ө және е әріптері. Ө әрпі (маймөңке, кастрөл, ләмбөк сияқты бірер сөзде болмаса) бірінші буында ғана жазылады. Тек қосымша –көй, -гөй түрінде екінші, үшінші буындарда айтылады да, жазылада береді: ақылгөй, батагөй, данагөй, дәмегөй, жәдігөй, қаскөй.

Ө фонемасы еріндік (ө, ү) буындардан кейін айтылады, жазуды ол е әрпімен таңбаланады: өзен, өрен, көбелек, үшеу, маскүнем, қаскүнем, күзен, үстеу.

Еріндік ұ, ү фонемалары да бір-бірінен жуан, жіңішкелігімен ажырайды. Жазуда ұ фонемасы ы әрпімен де таңбаланады. Екінші буында ұ әрпі бұлбұл, мазмұн, мақұл, мақұлық, мағлұмат, марқұм сияқты сөздерде жазылады. Қалған жағдайда бірінші буындағы о, ұ еріндіктерімен кейін ұ дыбысының орнына ы әрпі жазылады: орын, оқы, отын, оныншы, обыр, жолы, қойшы, қозы, құрық, құлық, бұрым, мұрын, ұры, қоры, жоры, осы, ұсын.

Ү фонемасы да бірінші буында ү әрпімен таңбаланады да, қалған буындарда (тек дәстүр, дүл-дүл, мәжбүр, мәшһүр, әңгүдік, әшмүшке, сәйгүлік сияқтылар болмаса) і түрінде жазылады: өнім, өкім, өсім, өтініш, үміт, үлгі, күлкі, көрік, түлік, үйіріл, үгітіл.

Ұ, ү де кейбір көп буынды сөздерде көмескілеу айтылады да, ы, і сияқты орфоэпиялық сөздіктерде түсіріліп (ерекше белгімен) жазылады: бүр`су, жұд`рық, жой`лу, жұм`лу, көб`рек, көк`рек, күж`рей, түк`рік, құд`рет, өк`ніш, түң`лу.

Сондай-ақ сөз басындағы р дыбысының алдында бірер сөзде түсіріліп жазылады: ру, рух, рұқсат, Рүстем. Дауыстыдан басталатын қосымша қосылғанда кейбір сөздердің екінші буынындағы ұ, ү (жазуда ы, і) түсіп қалады: орын-орна-орны, мойын-мойны, көңіл-көңлі, бөрік-бөркі, тұрық-тұрқы, сұрық-сұрқы, қорық-қорқып-қорқады, бүрік-бүркеді-бүркіп, үрік-үрке-үркіп, ұрыс-ұрсып-ұрсады.

Қазақ говорларында ү-нің ұ, о-ның ө болып айтылуы сирек болса да ұшырайды екен. Мысалы: ұбырлы-шұбырлы, ұйма-жұйма және өтен. Әдеби тілде үбірлі-шүбірлі, үйме-жүйме және отан. Мұның соңғысы өкімет-үкіметдеген сияқты жергілікті тілде, өзіндік мағынаға ие болған, яғни үй, баспана, отбасы деген мәнде қолданылады.

И фонемасы орыс тілі арқылы енген сөздердің құрамында ғана кездеседі: институт, университет, магазин, спутник, мина, филолог, билет т.б.

У фонемасы да тек орыс тілі арқылы енген сөздерде ғана айтылады: университет, ультра, учаске, уран, тунель, турбина, турнир, сувенир, сумка, пункт, пульт, прокуратура, пропуск, процедура, институт т.б.

И мен у –дың артикуляциясы дауыссыз й мен у-,а ұқсас. Айырмасы дауысты и мен у тоннан жасалады да, ауа еркін шығады, бұлар буын құрайды.

Қазақ тілінде и, у фонемаларының болмағанын орыс тілінен ертеректе енген сөздерден көруге болады: орыс (русский), қамыт (хамут), доға (дуга), бөкебай (пуховый), көшір (кучер), сот (суд), шөген (чугун), үтік (утюк), сәтен (сатин), резеңке (резинка).

Дыбыстардың өмір сүру формасы негізінен ауызша айту, сөйлеу болып табылатындықтан, ауызша формасында пайда болған ерекшеліктер жазбаша формасына да әсерін тигізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]