Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Bokalіs – дауысты) – «сөздің жаны», «сөздің жанды тамыры». Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. Дегенмен қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөнінде әлі күнге дейін бірізділік болмай келеді. Бұл қазақ тілінің дыбыстық құрылымына, буынға, т.б. қатысты кейбір мәселелердің шешілуіне қиындықтар туғызып тұр.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. зерттеушілердің еңбектерінен атауға болады. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, табиғи ерекшеліктері дәл нақтылап айтылған жоқ. Мысалы, а және ә, е және і дыбыстарының ара жігі ажыратылмай, бірінің орнына бір қолданылды. Сонымен қатар й мен у дауыссыздарының да тілдегі бейнесі айқындалмады.

Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», - деп анықтайды да, ойын әрі қарай дамытып: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», - дейді де, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз», - дейді. Осылай зерттеуші тіліміздегі төрт жуан дауысты және олардың төрт жіңішке сыңары болатынын көрсетеді. Мұнда ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген.

Қорыта айтсақ, А. Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.

Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан – жіңішке, ашық – қысаң, еріндік – езулік түрде жіктелді.

Белгілі лингвист Қ. Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Ал автордың «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде (1936) бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді. Қ.Жұбановтың аталған еңбегі табиғаты әлі толық таныла алмай келе жатқан ұ және й дыбыстарының тілдегі ерекшеліктерін мүмкіндігінше дәл танытуға тырысты және өзінен кейінгі көптеген зерттеулерге өзек болды.

1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылдаған қаулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалық принцип морфологиялық принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х, ф, в таңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді.

1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға ден қойылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э, ю, я әріптері қосылды 3.

Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М. Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» 13 дауыстылар (а, о, ұ, ү, і, э, (е), у, и, я, ю) көрсетеді 8,14.

1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучилище оқушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жатқан дауыстыларға э дыбысы қосылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. Бұл пікір 1953 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқу құралында да қайталанады.

1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасақ та болады. Мұның фонетика тарауын академик С. Кеңесбаев жазған. Бұл оқулықта қазақ тілінде 11 дауыстылар көрсетіледі. Оның тоғызы монофтонг, екеуі (и,у) дифтонг. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі тіл маманы К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты оқулығында әрі қарай жалғастырады. Тілші қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс барын қуаттайды.

Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.

Тілші С.Мырзабеков сөздерінің құрамындағы и, у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгоид та емес, әріп деп қарастырып, олардың әрқайсысы екі дыбыстың ұу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін айтады 22,25.

Бүгінгіге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстыларға мыналар жатады: а, ә, ы, і, ұ, ү. Құранды дауыстыларға жататындар: е, и, о, ө, у.

Дауысты дыбыстардың түрлері.

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

Тілдің қатысына қарай:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]