
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
Дыбыстық тіл күрделі болып табылатындықтан ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Дыбыстардың пайда болуы мен жасалуындағы ерекшеліктер акустикалық (физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, белгілі бір дене мүшелерінің дыбыстарды жасауға қатысы тұрғысынан физиологиямен (анатомия) байланысты болып келеді. Сондықтан дыбыстардың табиғатын анықтауда аталған ғылымдарда пайдаланылатын әдістері қолданылады.
Экспериментті әдіс дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созыңқылығын зерттейді. Сонымен қатар дыбыстардың артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.
Экспериментті-фонетикалық әдіс арқылы қалыптасқан экспериментті (грекше – байқау, тәжірибе) фонетикада сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды пайдалану арқылы зерттеуде қолданылады.
Экспериментті-фонетикалық әдіс екі топқа бөлінеді:
1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;
2) физиологиялық әдіс (соматикалық әдіс) дыбыстар қандай дене мүшелердің қатысы арқылы жасалып тұрғанын, оның артикуляциялық ерекшеліктерін айқындайды.
Акустикалық әдіс 1) кимографтық әдіс; 2) осциллографтық әдіс; 3) спектрографиялық әдітерге іштей жіктеледі.
Соматикалық әдіс 1) палатографтық әдіс; 2) рентгенографиялық әдіс; 3) кинофотоға түсіру әдісі болып үшке бөлінеді.
Экспериментті фонетика қазіргі қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда. Адамның қарапайым мүмкіндіктері сезіне алмайтын нәзік элементтер эксперименттік фонетиканың нәтижелері арқылы мүмкін болып, фонетиканың ғылым ретінде одан әрі дамуына зор ықпалын тигізіп отыр.
Фонетика саласында жоғарыда аталған әдістерден басқа әбден қалыптасқан қарапайым әдістер де қолданылады. Қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары және т.б. ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы жете қалыптасқан. Мысалы: біздің артикуляциялық базамыз қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді деген заңдылықты сақтауға бейімделген. Осындай көптеген тұжырымдар жасау байқау мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.
Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
Адамның дыбыстық тілі - өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде (лат. аspestus – көзқарас, түр, сипат) қарастыру керек. Олар: анатомия–физиологиялық (биологиялық) аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық (функциональдық) аспект.
Анатомия – физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, яғни ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесінің қызметінің нәтижесі.
Адам ағзасында тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы мүшелер жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. мүшелері қосымша қызмет атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, дыбыстық тілге ие болды.
Тіл дыбыстары және олардың жасалуын түсіну үшін, дыбыстау мүшелерін және олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелер сөйлеу аппараты деп аталады. Сөйлеу аппаратына: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б.
Дыбыстау өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолында орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне негізделген.
Дыбыстарды жасауға қатысатын дене мүшелерінің қызметі алуан түрлі. Олардың ішінде дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы жиырылып, керіліп қозғалыста болады. Ауаның әсерінен керілген кезде дауыс шымылдығы дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарға тонның қатысу дәрежесі әртүрлі болып, салдыр жетекші қызмет атқарады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді.
Сөйлеу аппараттары атқаратын қызметіне қарай актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстарды жасауға көбірек атсалысып, жиі қимыл, қозғалыс жасайды. Актив сөйлеу аппараттарына жататындар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б. Ал пассив сөйлеу аппараттары актив мүшелерге қарағанда сирек қызмет атқарады, барлық дыбыстардың жасалуына қатыса бермейді.
2. Акустикалық (физикалық) аспект. Табиғаттағы сан алуан дыбыстар заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңқылылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады.
Дыбыстың ырғағы бір секунт ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді. Бір секунт ішінде 16-20 000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана құлаққа естіледі.
Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқына (амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі.
Дауысты дыбыстар (мәселен, а, ә) бір–бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келетіндіктен, олар негізгі тон мен көмекші тонның (обертон) бірлігінен жасалады. Тіл дыбысындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.
Мәселен, тоны жағынан бір-біріне жуық дауыстылар тіл, жақ, еріннің қатысуы нәтижесінде бір-бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды.
3. Лингвистикалық (функционалды) аспект. Тілдік қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы тілді адамдардың қатынас құралы дәрежісіне жеткізген оның әлеуметтік мәні. Осыдан барып дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология (гр. fono – дыбыс, logos – ілім) деп те атайды. Лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан қарайды. Лингвистикалық аспект тіл дыбыстарының табиғатын, қызметін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.