Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы

Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толық іске асыруы үшін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жақты зерттеуді қолға алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері қазақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазақ тілі жөнінде айтылған алғашқы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.

Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылған еді. 162-беттік еңбектің 140 беті қазақша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор қазақ тіл, оның дыбыстық және граматикалық жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен қатар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский қазақ тіліндің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ұ, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н.И.Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған. Сонымен қатар қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылу ерекшеліктері, өзара үндесіуі, дыбыстық алмасулар да зерттеуші назарынан тыс қалмаған. Мәселен, Н.Ильминский сөздігінде «ауұтқу, бүгілөк, бұлдіргө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдүрөуүш, мұрұндұқ, өмүлдүрүк, өтүрүк, сүңгүрүуұр, тұгөндө, үйүрүм, үрүптөс (сроду родившисеся двое)» деген сиақты сөздердің үндестік заңдылығына сай жазылуы ХІХ ғасырда қазақ тілінде ерін үндестігінің ықпалы зор болғаныдығынан хабар береді 6.

Н.И.Ильминскийдің сөздігі - тұңғыш қазақша-орысша сөздік болуымен құнды және автор өзінің еңбегі арқылы осы күнгі орыс графикасына негізделген қазақ жазуының негізін салды. Оның еңбегінде қолданған кейбір қосымша таңбалар (ä, ö, у, і, w, j, k, г', нь) ғана өзгеріске ұшырады.

Қазақ лексикографиясының тарихы үшін маңызы бар еңбек -Л.З.Бутаковтың (1812-1878) «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі томдық сөздігі. Еңбекте сөздер араб әріптерімен жазылған. Тек екінші томында ғана сөздерің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген 7.

А. В. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, қазақ, татар, тәжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте қазақ тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й,у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жоқ, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстық бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдұрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұған, күлтөлөнгөн, күлүмдө, күңкүлдө, дауұл сияқты кітаптың сөздігінде енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.

Қазақтың ағарту саласында маңызды орын алатын Ы. Алтынсариннің «Киргизская Хрестоматия» деп аталатын еңбегі. Аталған оқу құралы 1879 жылы жарыққа шықты. Хрестоматия орыс графикасы негізінде автордың өзі жасаған қазақ алфавитімен басылып шыққандығымен ерекшеленеді. Өз заманы тұрғысынан қазақ баласының орысша сауат ашуына үлкен септігі тиген бұл еңбекте қазақтың сөйлеу тілінің табиғатын дәл бере алмаған.

Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады 22. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұңда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, ү), жуан (а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і), еріңдік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш), ұяң (ғ, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) және аралық немесе жарты дауысты (у, й) дыбыстар деп бөлген.

В.В.Радлов л дыбысын әрі жуан, әрі жіңішке айтылатын екі дыбыс деп қараған. Бұдан өзге ол қазақ тілінен екі, үш дыбыстың қосындысынан тұратын дифтонг, трифтонгтарды көрсеткен. Бірақ бұл пікірі шындықа сай келмейді.

Түркітанушы В.В.Радлов көп буынды сөздерде негізгі екпін сөздің соңына түсетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол дауыссыз дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын анықтаған. В.В.Радлов, әсіресе, дауыстылардың сингормизіміне айрықша назар аударады. Тіл үндестігіне зор мән береді де, ерін үндестігіне айырықша мән бермейді. Оның «Опыт словария тюркиских наречий» дейтін атақты сөздігінде қазақ сөздері мол қамтылған. Автор келтірген сөздерін барынша айтылуына жуықтатып жазғанын айтады. Сөздікте ХІХ ғасырда ерін үндестігінің жақсы сақталғандығын көреміз. Мысалы: бүлдүргө, бүрмөлө, бүркөндүр, бүркөншүк, бүгөжөк, бүгөжөкте, бөлтүрүк, бөдөнө, бөпө, бөбөшүк, жұдұрұқ, жұлдұздұ, жөндөндүр, көгүлдүр, жүрөксүздүк, көңүлшөк, көрүмдүк, көргөндү, көзүлдүрүк, көлөңкөлү, күңүрөндүр, күлдүрөуүш, төңөрөктө, тоқтаусұз, төбөлөстүр, тұмұлдұрұқ, түймөлө, түймөлү, түгөндө, түңүлдүр, т. б.

ХІХ ғасырдың соңында бірнеше сөздіктер жарық көрді. «Киргизская хрестоматия» (авторы А.Е.Алекторов; 1898), «Краткий русско-киргиский словарь» (Оренбург, 1894), «Русско-киргизский словарь (1899) еңбектерінде де ерін үндестігінің жақсы сақталғанын аңғарамыз.

Зерттеуші М.Мелиоранскийдің (1868-1906) «Киргизские пословицы и загадки», «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деп аталатын еңбектерін жариялайды. «Краткая граматика казах-киргизского языка» 1894 – 1895 жылдары жарық көрген екі кітаптан тұратын еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық, граматикалық құрылымы біршама толық баяндалған. Аталған еңбекте қазақ тілнің түркі халықтарының ішіндегі ең таза, ең бай тіл екенін айта келе, араб жазуы оның дыбыстық жүйесін дұрыс өрнектей алмайтынын, сондықтан орыс графикасын қолдану керектігі туралы пікір айтады. Еңбекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 20 дауыссыздан тұратындығын анықтайды (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, қ, ғ, к, г, ң, й, в). Автор көрсеткен дыбыстардың араб, орыс жазуындағы таңбалық сипаттарын және дыбыстық бейнелерін салыстырып келтіреді. Дауыстыларды жуан, жіңішке, ашық, қысаң деп жіктейді. Сонымен қатар қазақ тілінде сингармонизм заңы жақсы сақталғанын, соған байланысты сөздер бірыңғай жуан не жіңішке болып келетінін, еріндік дауыстылардың үшінші буыннан кейін әлсірейтіндігі туралы пікір айтады.

Зерттеуші П. Мелиоранский араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздерінің қазақ тілінде игерілуінің заңдылықтарын зерттейді.

ХІХ ғасырдың соңында орыс графикасы негізінде жазылған «Ақыл бере тугун кнеге» (Қазан, 1884), «Езгілікке үйрететін кнеге» (Қазан, 1892), «Балықшы мен балық хақында» (Қазан, 1899), «1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарь» деген әртүрлі мазмұндағы кітаптар жарық көрді. Аталған кітаптар қазақ жазуының даму тарихы, орфографиясын, орфоэпиясы зерттеуде тілдік материалдар ретінде қолдануға болады.

ХХ ғасырдың басында жазылған И. Лаптевтің «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900), Н. Катановтың «Опыт исследования урянхайского языка» (Қазан, 1903), «Букварь для киргизов» (1908), Н.Созонтовтың «Записки по граматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарында қазақ тілінің дыбыстық құрылымына қатысты пікірлер айтылғанымен, қазақ тілінің фонетикасы үшін маңызды емес.

Қазақ даласында 1870 жылдан бастап шыққан тұңғыш газет «Түркістан уәлаятының газеті» мен «Дала уәлаятының газеті» араб графикасын пайдаланды. Газет беттерінде халықтың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, болашағы сияқты мәселелермен қатар қазақ жазуына қатысты пікірлер де басылды [Бұл туралы оқулықтың 4-тарауында сөз болады - автор].

ХХ ғасырдың басы қазақ тіл білімі дамуының ерекше кезеңі болды. Қазақ даласында болған саяси өзгерістер мен мәдени жаңалықтар ұлттық ғылымның дамуына игі әсер етті. Жазудың қоғамдағы кең қызыметі қазақ тілінің көптеген мәселелерін аз уақыт ішінде шешуді талап етті. Сонымен қатар қазақ балаларының жаппай мектепке тартылуы және білімді ұлттық тілде алуы оларды оқулықтармен қамтамасыз етуді керек етті. Осы сияқты оқиғаларға толы тарихи кезең сол заманның көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақ азаматының мойнына үлкен жауапкершілікті жүктеді. Қазақ мектептерінің ұлттық тіліде оқып-білім алу қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіуді қажет етті. Соған байланысты қазақ тілі грамматикасының зерттелуі мәселелері күн тәрбіне қойылды. Қазақ даласындағы мәдени дамуға өз үлестерін қосуға атсалысқан кез келген Қазақстан азаматы қазақ тіліндегі оқулықтар мен қазақ тілінің жазуына, оның грамматикалық құрылысына байланысты өз пікірлерін жиындарда, газет беттерінде жариалап отырды. Осындай тарихи кезеңде туып, қазақ мектебіне арналған алғашқы әліппенің, алғашқы грамматиканың жазылуына тікелей үлес қосқан қоғам қайреткері, зерттеуші А.Байтұрсынұлы.

А. Байтұрсынұлы 1912 жылы «Айқапқа» «Жазу тәртібі» атты мақала жазып, сол тұстағы оқудың жайына тоқтала келе: «Оқу құралының ең ұлығы - бала оқытатұғын кітап» 8,380 дейді. Бұл мақалада «бала жанын қинамайтындай» оқулық жасау үшін, ең алдымен, дыбыстарды анықтап, жазуға мән беру керектігін, сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріпін жазу керектігін айтады.

Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу құралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. Еңбек сол кезде қазақ даласына кең тараған араб графикасын икемделген қазақ тілінде жазылды. Халықты тез сауаттандыру мақсатында араб алфавитіне реформа жасап, ондағы артық әріптерді алфавиттен шығарып, алфавитті жеңілдетті. Әріптердің қолдану ерекшелігін түсіндіре отырып, мысалдар, мәтіндер ұсынды. Араб графикасы дауысты дыбыстар маңызды қызмет атқаратын қазақ тілінің табиғатын дәл бере алмады. Сөз ішінде кездесетін қысаң дауыстыларды жазылмағандықтан сөздердің дыбыс, буын құрамын дұрыс ажыратылмай, оқуда көп қиындықтар келтірді. Мысалы: қйсқ (қыйсық), алтн (алтын), салқн (салқын), сзқ (сызық)., т.б. Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген, бірақ бұл жіктелісі араласып кеткен. Қазақ тілінде оқып, білім алушыларға лайықталған бұл әліппе қайта-қайта басылып отырылды.

А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» атты оқулығы қазақ тіл білімінің дамуына үлкен үлес қосты. Автор «Оқу құралы. Қазақша әліппеде дыбыс, дыбыстың түрлері, сөйлем сияқты терминдер қолданылғанымен, онда оларға анықтама бермеген. Бастауыш мектепке арналып жазылған «Тіл – құрал» үш кітаптан тұрады. 1-жылдыққа арналған 1-кітап «дыбыс жүйесі мен түрлері», 2-жылдыққа арналған 2-кітап «сөз жүйесі мен түрлері», 3-жылдық арналған 3-кітап «сөйлем жүйесі мен түрлері» мәселелеріне арналған.

«Тіл – құрал» бастауыш мектепке арналған оқулық болғанымен, білім алушының жас ерекшеліктерін, психологиясын ескере отырып жазылғаны, қазақ тіл білімі салалары жіктеліп берілуі және сонымен қатар терминдер мен ережелердің нақты және тиянақты берілуі еңбекті қазақ тіл білімінің бастауы болатындай дәрежеге жеткізді. «Тіл – құралда» алғаш рет берілген ережелер тілдің үш саласыны (фонетика, морфология, синтаксис) дамуына жол ашып, қолданылған терминдер көбі күні бүгінге дейін маңызын жоиған жоқ.

А. Байтұрсыновтың қазақ жазуына байланысты бірнеше мақалалар жазды . Соның ішінде қорытынды мақаласы 1928 жылы жарық көрді. Мақала «Дыбыстарды жіктеу туралы» деп аталады. «Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ, әрі айтуына қарай, әрі сөз жүзінде білінетін қасиеттеріне қарай жіктеу керек» (Сонда, 372-б) – деп, акустикалық, артикуляциялық белгі қасиеттерді басшылыққа алған.

Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы,) және шала (р, ң, л, м, н, у, й) деп екіге бөледі. «Толық» дауыстылары кең шығысты болып, оларда екіге айырылады», - дейді. Бірақ қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты (р, л, у, й), мұрын шығысты (ң, м, н) боп бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала дауыстыларды одан әрі босаң жолды (р, у, й), қысаң жолды (л), босаң бөгеулі (ң), қысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, қысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұғыл дауыссыздар. Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы) және қымқырулысы (о, ұ) деп бөледі. Оған себеп «Аңғалдары орын таңдамайтынын», ал «қымқырындысы бас буыннан басқасында келмейтінін» атап көрсетеді. Осылайша дыбыстардың ерекшелігін жан-жақты түсіндіреді. Орыс тілін үздік білгенмен, халықаралық тіл терминдерін пайдаланбай, қазақтың өз сөзімен түсіндіруі қазақ тілінде Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетиканың зерттелуіне үлес қосқан қоғам қайреткерлерінің бірі Х.Досмұхаметұлының (1883 –1939) есімін ерекше атауға болады. Алғаш «Шолпан» журналында жарияланып, 1924 жылы жеке кітап болып шыққан "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм» деп аталатын еңбегі қазақ тіл біліміндегі тұңғыш кең ауқымды ғылыми зерттеу болып табылады. Мұнда қазақ тілінің дыбыс жүйесі, сингармонизм, оның ішінде тіл үндестігі жан-жақты айтылған. Х.Досмүхаметұлы сингармонизмді «таңдайлық әуенді заң» деп атайды. Өйткені «Дыбыстарды жуандатып, жіңішкертуде таңдай еңбек сіңіреді", - дейді де, кірме сөздердің жазылуына кеңірек тоқталады.

Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты.

Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнап, тілдік жүйемізді зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаған. Тұжырымдары қисынды, табиғатын дөп басып танытатындай дәлелді болуының сыры - оның зерттеулеріне басты тірек етіп тіл фактілерін алуында. Қ.Жұбанов еңбегінде: «Қазақ тілін зерттеу деген сөз – дайын схемаға, белгілі ережелерге сай келетін жаңа мысалдар теріп жазу емес, материалдарды ұқыпты түрде жинап, соларды салыстырып, салғастырып отырып, сол талдаулардан қорытынды шығара білу. Тіл фактілерін сөйлете білу – бұл, тек зерттеушінің қабілеті мен шеберлігіне байланысты» деп жазады 14.

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі Қ.Жұбанов зерттеулерімен жаңа ғылыми дәрежеге көтерілді. Тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі; дыбыстардың өзгеру құбылыстары мен үндестк заңы, сөздің буын құрылысы мен құрамы жөнінде зерттеулер жүргізе отырып, белгілі бір ғалымдар легінің келуіне жағдай жасап, сол арқылы қазақ тіл білімі үшін ғылыми-теориялық зерттеулер кезеңін бастаушысы болды. Мысалы, «фонетика – дыбыс тілі дыбыстарының тілдік ұқас қасиеттерін тексеретін ғылым» деп, ең алдымен нысанды жан-жақты талдап-түсіндіреді . Негізгі нысанының мәнін терең түсініп болған соң, екінші кезекті сол дыбыстардың жасауға ат салысатын дыбыстау мүшелерді анықтаған. Тіл дыбыстарының қасиетін әрі қарай тереңірек білу үшін олардың жасалу жолдарын түсініп, ең алдымен тілдің дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік білу керек. Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулығында бұл туралы толық қанды пікірлер айтқан.

Профессор Қ.Жұбановтың фонема теориясын Л.В.Щерба терең түсініп, тіл дыбыстарын фонологиялық тұрғысынан түсіндіруінен біз ғалымның бірнеше тілдерді білгендіктен, керекті зерттеулерді түпнұсқасынан оқиды. Мысалы; «тілде жұмсалатын дыбыстардың жалпы санының ұшы-қиыры жоқ, бірақ оның бәрінің бірдей сапасы әртүрлі бола бермейді. Сапасы әртүрлі болатын дыбыстар белгілі мөлшерде ғана болады да, көп болмайды».

Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін тапбай келе жатқан и, у жуан-жіңішкелі түрде қолданылатын үу/ұу, ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбанов зерттеулерінеде 1935 жылғы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне арқау болып, мақалады и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы оқулығында қосынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан құралған деген шешімге келеді.

Араб алфавитінен латын графикасына көшетін тарихи кезеңмен Қ.Жұбановтың ғылыми-теориялық аппараты қалыптасқан кезі сәйкес келді. Қазақ тілінің табиғи ерекшелігін түйсіне отырып, оның жазуда өмір сүру формасын латын графикасының өңделген түрімен таңбалауға болатындығын дәлелдейді. Латын алфавитін тіліміздің қасиетін дәл танытуы үшін тілімізге бейімдеу керектігін айтады да, араб алфавитінің ережелері мен принциптері изафетті, асты-үстілі диакриттік таңбаларға негізделгендігін, араб графикасының жазуда пайдалану таңбалар жүйесінің қиындығымен қатар, бүкіл түрік тілінің фонетикалық жүйесіне қолайлы еместігін дәлелдейді. Шынында да, түрік тілдері, негізінен алғанда, вокализм ыңғайымен жазуды тілейді. Ал араб тілінде дауысты дыбыстың таңбасы жоқтың қасы. Мұның ішінде, әсіресе, қазақ тілінің үндестік заңы дауысты дыбыстардың таңбасы болуын талап етеді.

Қ.Жұбанов өзіне дейінгі буын өкілдерінің қазақ тіл білімі жайындағы барлық зерттеулерді пайдалана отырып, қазақ тіл білімінің барлық саласында құнды зерттеулер қалдырды.

Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мәселелерін түгел қамти отырып, І-бөлім «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік», ІІ-бөлім «Дауысты дыбыстар», ІІІ-бөлім «Дауыссыз дыбыстар», ІV-бөлім «Буын», V-бөлім «Екпін», VІ-бөлім «Дыбыстардың үндесуі» деп жіктеп, әр мәселе бойынша қазақ тіл білімінде соған дейін айтылған көзқарастар мен нәтижелерді қамтыған.

Бүгінгі кезеңде қазақ тілі фонетикасын эксперименталды түрде зерттеулер өз нәтижелер беруде. Тіл білімінің дамуына байланысты қазақ тілі фонетикасын Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, З.Базарбаева, т.б. зерттеуші-ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырым-дарымен байытып келеді [Біз оларды жекелеген мәселелер бойынша толығырақ қарастырамыз].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]