
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Үii модуль
Жалпы
халықтық
тілдің
формалары
1-блок
2-блок
Әдеби
тіл
Бейәдеби тіл
Диалектизмдер
Қарапайым сөйлеу тілі
лооо
Жаргон, арготизмдер
Ескі жазба тіл
Варваризмдер
Лингвистикалық зерттеулерде әдетте жалпыхалықтық тілдің формаларына әдеби тіл, әлеуметтік диалект, территориялық диалект, қарапайым сөйлеу тілі, жаргон т.б. жатқызылып жүр.
Жалпыхалықтық тілдің формаларын (түрлерін) негізінен екі топқа бөлуге болады:
І. Әдеби тіл, дәлірек айтқанда, жалпыхалықтық тілдің әдеби формасы.
ІІ. Бейәдеби тіл. Бұларға территориялық диалект, әлеуметтік диалект, қарапайым сөйлеу тілі элементтері жатады.
«Әрине, көп жағдайда «әдеби» мен «әдеби емес»-тің, «норма» мен «норма емес»-тің, «дұрыс» пен «бұрыс»-тың аражігін ажырату оңай бола бермейді. Бұлардың жігін айқындауда «меніңше былай» деген жеке кісілердің субъективті көзқарасына емес, әдеби үлгілерге, әдеби тілдің жұртшылық мойындаған, мәдениетті қоғам мүшелерінің баршасына міндетті деп танылған нормаларына сүйінеміз» [45;7]
І Әдеби тіл. Қазақ тілі – рулық, ру-тайпалық одақ тілі, суперэтностық тіл дәуірлерін бастан кешіп, халықтық тіл деңгейіне көтерілген ертеден келе жатқан тіл. Ал қазіргі қазақ әдеби тілі жалпыхалықтық тілдің өмір сүру формалары ішінде доминанталық сипаты басым халық тілінің жоғарғы формасы. Әдеби тіл ғасыр бойы халық қазынасынан өз керегін сұрыптап, іріктеу нәтижесінде қалыптасты, оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз әдебиеті, публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет (оқулық, энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе аса биік профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы қалыптасты. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның санасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды.
Әрине, көркейген лексикамен кемелденген грамматикалық құрылысы бар, белгілі бір нормаға түсіп, жүйеленген әдеби тіліміз мыңдаған жылдардың жемісі және ол бір адамның немесе бір жазушының қолынан туа қалған жоқ, сол тілде сөйлейтін жалпы қазаққа ортақ халықтық тілдің негізінде жасалды. Тілді жасайтын халық. Кез келген тілдің лексикасының қалыптасуы сол тілде сөйлеуші халықтың әлеуметтік-экнономикалық, шаруашылық жағдайларына, тарихының біртіндеп даму ерекшелігіне, мәдениетінің өркендеу деңгейі және басқа халықтармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне байланысты.
Қай тілдің болмасын әдеби тілі өзінің ұлттық нормаларымен (белгілерімен) ажыратылады. Қазақ әдеби тілі өте ертеден келе жатқан аса бай ауызша тараған профессионалдық деңгейге көтерілген көркем сөз дәстүріне иек артып, ерекше орын алады.
Қазақтың әдеби тілі негізін жалпыхалықтық тілден, ұзақ дәстүрлі ауыз әдебиеті тілі мен ауызша дамыған ақын-жыраулар тілінен алады, бұлар бүгінгі қазақ жазба әдеби тілінің лексикалық қазынасы мен көріктеуіш құралдарының қайнар көзі. Осы үлгілер арқылы тілдік ұжымның сахнасында әдеби тілдік норма туралы таным-түсінік пайда болды. Ең алдымен, бұл үлгілер халық тіліндегі барды сұрыптау, таңдау, талғау арқылы әдебиет, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығында қолданынылып, әбден тұрақталғаннан кейін тілдік норма болып танылады.
Сондықтан әдеби тілдің көптеген тілдік бірліктері (единицалары) халық тілімен бірдей (еншілес). Алайда халық тіліндегінің бәрі әдеби тіл нормасына ене бермейді. Халық тілі мен әдеби тілді салыстырсақ, әдеби тілден тысқары едәуір тілдік құралдарды байқауға болады.
Ал кейінгі ғасырларда (ХІХ-ХХ) қазақ әдеби тілі, өзге тілдер сияқты, ұлттық жазба статусқа ие болып, оның функционалдық стильдері саралана түсіп, әдеби тілдің белгілерін айқындай, ажырата түсті.
Әдеби тілдің грамматикалық құрылысы, дыбыстық жүйесі толық айқындалды, сөз байлығы түгенделіп, сан алуан сөздіктер құрастырылды. Қазақ тілінің терминдік жүйесі жасалды, орфографиялық және орфоэпиялық жағынан нормаланып, әдеби тіл ретінде толысты.
Халықтың ұлттық жазуы, сөйлеу мәдениеті жоғарылаған сайын әдеби тілдің мәдениеті де өсе түседі. Ал әдеби тіл дегеніміз – «тілдің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы» екендігі белгілі.
Тіл мәдениетіне жат тілдік бірліктер саналатын диалектизмдердің, қарапайым сөздер мен сөйлеу тілі элементтерінің әдеби тілді баламасы бола тұра орынсыз қыстырмалануы, сондай-ақ әр түрлі әлеуметтік диалектілерлің (арго, жаргон, варваризмдердің) қолданылуы, қысқасы, әдеби тіл нормасының бұзылуына жатады.
СОӨЖ
1. Әдеби тілдің аузыша нормалары.
2. Әдеби тілдің жазбаша нормалары.
3. Әдеби тілдің грамматикалық нормасы.
4. Әдеби тілдің лексика-фразеологиялық нормалары.
СӨЖ
1. Сөйлеу тілі элементтерін уәжді қолдану;
2. Кітаби тіл элементтерін уәжді қолдану;
3. Кітаби және сөйлеу тілі элементтерін стиль тезіне салу.
1. Диалектизмдер – жергілікті жерде, белгілі бір аймақта қолданылатын, яғни жұмсалу сферасы шектеулі тілдік бірліктер. Бұлардың әдетте әдеби тілде баламасы болады, сондықтан әдеби тіл нормасынан тыс тұратын элементтер: таңлай (жергілікті) – таңдай (әдеби), әпше (жергілікті) – әпке (әдеби), челек (жергілікті) – шелек (әдеби); үлкен, зор (әдеби) – нән (жергілікті), шекер (әдеби) – секер (жергілікті) т.б.
Қазақ тілтанымында диалектизмдер табиғаты әр кезеңдерде талай зерттеулердің нысаны болып келді. 1930-жылдары Ж.Досқараев, С.Аманжоловтар бастаған бұл ізденістер кейінгі жылдары жүйеленген арналы салаға айналды. Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Қалиев, Н.Жүнісов, Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Ә.Бөрібаев, Қ.Айтазиндардың зерттеу-еңбектерінің нәтижесінде қазақ тіліндегі басты-басты диалектілік ерекшеліктер жан-жақты сипатталады.
Түбегейлі зерттеулер нәтижесінде жергілікті ерекшеліктер жиналып, сипатталып, фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне қарағанда, лексикалық ерекшеліктері мол екендігі анық белгілі болып отыр. Лексикалық ерекшеліктердің көлем жағынан аумақты келуі халықтың этностық құрамымен, географиялық жағдайымен, кәсіби, тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрып, салтымен тікелей байланысты. Тілде кездесіп отыратын диалектілік ерекшеліктер кездейсоқ құбылыс емес. Халықтың бәріне бірдей түсінікті әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір территориядағы аймақта ғана пайдаланылатын ерекше сөздер тобын «диалект» дейді.
Соңғы жылдарға дейін қазақ қоғамында, әсіресе жалпыхалықтық тілдің әдеби формасын, оның нормаларын насихаттау, жоғары қою үрдісі күшейді де, диалектизмдер, қарапайым сөйлеу элементтері жұртшылыққа көбіне «құбыжық» ретінде көрсетілді.
Шындығында, әдеби тілдің нормасын насихаттау, оның дәстүрлі нормаларын қатаң ұстану принципін әрқашанда берік ұстануымыз қажет. Бірақ бейәдеби элементтері мүлде мансұқ етпей, тарихи құндылықтардың бірі ертінде оқып, танып білуіміз аса қажет.
Оқулықтарда, жекелеген зерттеулерде диалектілік құбылыстарды не үшін зеттейтініміз, танып білетіндігіміз жөнінде азды-көпті айтылған. Олардың негізі, сайып келгенде, әдеби тілді байытудың көзі, тілдің тарихын білу, көркем әдебиетте эстетикалық мақсатта жұмсалатыны т.б. дегендерге саяды. Мәселе тек осыларға тірелсе, онда жалпыхалықтық тілдің бейәдеби формаларын рухани құндылық деп жете тани алмаймыз. Оларды рухани құндылық деп тану үшін жоғарыда айтылғандар жеткіліксіз. Өйткені жалпыхалықтық тілдің бейәдеби элементтері ұлт, халық, тайпалық тәрізді тілдік ұжымның өмір эстетикалық мұрат-мақсатын білдіретін куммулятивтік қызмет атқарады.
«Қазақтың әдеби тілінің сөздік құрамын толықтыра түсу – әлі де жүріп жатқан процесс, сондықтан ауызекі сөйлеу бірліктерін, әсіресе диалектизмдерден мүлде бас тарту әлі ерте. Олардан тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте ғана қолданып қана қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде қарау керек». [68;156]
Әдеби тілді диалектілер арқылы байыту мәселесі қазіргі кезде ғалымдар назарына жиі ілініп жүр. «Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларындағы ондаған диалектілерді ғалым Р.Сыздық әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әлеуеті жететін сөздер ретінде бағалайды. Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың шығармаларынан орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, қос тілді және Абай тілінің сөздіктерінде тіркелген»
Диалектизмдерді тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте ғана қолданып қоймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде қажеттілік туған сәтте, әдеби тілде баламасы болмаса, әдеби тілді байытуға әлеуетті болса, батыл қолдану керек.
Материалдық және рухани мәдениетке байланысты атаулардың едәуір бөлігі аумақтық (территориялық) диалектілерге қатысты болып келеді. Ақиқат өмірдің, қоршаған ортаның түрлі заттар мен құбылыстардың, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар әлемінің толып жатқан атаулары диалектілік лексика жүйесінде бейнеленген. Олардың қайсыбірінің әдеби тілде баламасы жоқ деуге болады. Мысалы, диалектілік лексика жүйесіндегі үлек, көрпеш, суын, ортеке, әндемі, айлақ универбтерін алсақ үлек – «нардың баласы», көршеп – «кенже туған қозы», суын – «таза арғымақтан туған жылқы», ортеке – «бөкеннің еркегі», әндемі – «үй сылайтын темір қалақша», айлақ – «кеме тоқтайтын жер қойнауы» делініп, сипаттама немесе перефраз түрінде беріледі.
Бұларды когнитивтік деңгейдегі тілдік ұжымның өмір тәжірибесі, ой-санасы, дүниетанымымен байланысты қарау диалектикалық лексика жүйесінің семантикалық құрылымын тереңірек тануға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар ақиқатты ойлаумен байланысты күрделі құбылыстарды бірте-бірте тануға септігін тигізеді.
Диалектілік материалдарды этнолингвистикалық аспектіде танытудың әдістемелік мәні айрықша.
Мысалы, профессор С.Аманжолов көрсеткен батыс өлкеге тән лексикалық ерекшеліктердің ішінде кейбір атауларды академик Ә.Т.Қайдаровтың, Ж.Манкееваның, Н.Уәлидің т.б. зерттеулеріндегі кейбір тұжырымдарды негізге ала отырып этномәдени аспектіде былайша талдап көрейік.
Қазақ тілінде жер бедеріне байланысты қолданылатын атаулар жүйесінде тұран, тепсен деген сөздер жатады. Бұл атаулар қыратты, таулы өлкеде жиі қолданылады. Тепсен – биік таудың басындағы тегіс жер, мал жайылымына ойыс, шұңқырлы жер. Жер бедерін бұлай арнайы атау себебі олардың әркелкі болады. Ойыс, шұңқырлау жердің оты көбіне тұщылау болып келеді. Диалектілік лексика жүйесінде бес ешкі, бес қонақ, құралайдың самалы тәрізді метеорологиялық терминдер жиі ұшырайды. Бұлар тек атаулар ғана емес, малшы қауымның, есепшілердің (халық астрономдарының) табиғат құбылысын жіті бақылап, соның нәтижесінде белгілі бір құбылысты танып біліп, ат қоюы. Мысалы, сәуір (апрель) айының басында бес күндей күн салқындап, жауын-шашын болады. Осы мезгілде далалы аймақтарда қарақұйрық, бөкен тәрізді түз жануарлары лақтап, лағын өргізеді.
Мамыр – үйректің ұя басып, балапан шығаратын, балапан ертетін кезі, жолбас жусан – «жусанның айрықша түрі», «боз жусан», желғұз – «жылдың дауылды, желді күні». Алсын – «қар астында көгеріп жаңа шығып келе жатқан шөп».
Міне, бұлар тек қана верталдық элементтер ғана емес материалдық әрі рухани мәдениеттің жалпыхалықтық лексикадағы көрінісі.
СОӨЖ
1. Диалектизмдердің бүгінгі лексикалық, стилистикалық статустары.
2. Диалектизмдердің көркем әдебиеттегі қолданысы мен өзге функционалдық стильдердегі кездесуі.
3. Диалектизмдер мен әдеби норма.
4. Қазіргі қазақ әдеби тілінің тірек диалектісі болды ма, болса қай диалект негіз болып танылады?
СӨЖ
1. Диалектизмдердің тілдік табиғаты.
2. Диалектизмдер мен қарапайым сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы.
3. Жалпыхалықтық тілдің бейәдеби формаларын рухани құндылық ретінде қарау.
2. Қарапайым сөйлеу тілі – әдеби тіл нормасынан тыс тұратын тілдік бірліктер, негізінен ауызекі сөйлеу тілінің элементтері қарапайым сөздердің әдетте әдеби тілдік эквивалентті болады. Олардың мағыналары көпшілікке таныс болып келеді, әрі таралу изоглосы болмайды, яғни еліміздің барлық аймақтарында ұшырасады. Басым көпшілік тұрпайы мағынада келетін, экспрессивті-эмоциональды реңкі бар тұлғалар. Сондықтан ресми жағдайдағы қарым-қатынаста қарапайым сөздерді қосып сөйлеу әдеби тілдің нормасына жат болып саналады. Мысалы, оттама, былшылдама, сандалма, қазақша ызғытып тұр, қағып жібер, пысықай т.б. дегендердің мазмұны төмен болса, мисәлі (мысалы), сәбеп (себеп), әгер (егер), киттай (құрттай) т.б. дыбыстық құрамы жағынан «жарым-жан» сөздер.
3. Жаргон, аргон сөздер. Бұл топқа жататын сөздер негізінен жалпы халыққа түсініксіз, белгілі бір шағын әлеуметтік топтардың лексикасындағы жасырын, құпия мағынадағы сөйлеу тілінің элементтері. Олар тіліміздегі жалпыхалықтық лексика негізінде белгілі бір топтардың мұқтаждықтарын өтеу үшін пайда болған жасанды (искусственный) тілге жатады. «Байырғы кездегі қазақ қоғамында барымташылардың өздері ғана қолданатын жасырын сөздері болған. Мысалы, салық «зат мүліктерін қоятын жасырын жер» дегенді білдірсе, мас – етістігі» тұтқиылдан, көзіне көрінбей бас сал» дегенді білдірген.
Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «құпиялап» сөйлеу дағдығы байқалмайды. Алайда соңғы жылдары, әсіресе 1990-жылдардан бері, өздерін әлеуметтік жік ретінде сезіну күшейте түскендіктен болар, қазақ жастары арасында жаргон элементтерін қолдану үрдісі байқала бастады. Мысалы: көпелек, қума «ақымақ», базар жоқ «иә, мақұл», қораға кіру «қиын жағдайда қалу», қж болып тұр «қолайсыз жағдай болып түр» т.б. [45;8].
4. Ескі жазба тіл элементтері қазіргі әдеби тіл нормасынан тысқары тұрады. Фаһим – «пайым», уәһим – «уайым», жазғыл «жаз», айла – «ет», «қыл», тоғра – «тура», екісі – «екеуі», өле жазып – «өле жаздап», жібергін – «жібер», бірін-бірін – «біртін-біртін», ашық, мағшуқ – «ғашық», намы – «заты», «аты, нәрсесі», жүрің – «жүр», дәру – «дәрі», зінжір – «шынжыр». Бұлардың ескі жазба тілге тән дүниеліктер екенін елеп-ескермей, парқын ажыратпай, оңды-солды жұмсау, әдеби тілдің мүддесімен үйлеспейді. [45:9]
5. Варваризмдер. Бұл топқа әдеби тіл нормасында жоқ шет тілдік сөздер жатады. Кейбіреулер звонда, конечно, почти, так что, если, и т.б. сөздерге үйреніп алады да, сөз арасында тықпалай береді. Мұндай сөздерді орынсыз қолдана беру тыңдаушысын мезі етіп, жағымсыз әсер қалдырады. Варваризмдерді уәжсіз, мақсатсыз қолдану тілдік түйсіктің, тілдік сананың төмен екенін көрсетеді. Ал номинациялық мұқтажды өтеу мақсатында қолданылатын шеттілдік атаулар мен терминдердің варваризмдерден қызметі өзгеше.
Варваризмдердің көркем мәтінде, кейіпкер тілінде ұшырасатындығы белгілі. Жазушы кейіпкерлерінің портретін жасап, даралау үшін варваризмдерді эстетикалық қызметке жегеді. Мысалы:
– Жарайды, болыс аккуратный кісі екен… Бұрын болыс болып па едіңіз? Еліңіз неше ауылнай? деді біреу.
– Е, енді қазынаның жұмысы болғасын… Куратный болмаса қызмет болама… Куратный болмаса… Әркім обезін жұмысына әзір тұрмаса, гатовай тұрмаса… - деп, Оспан тағы қабаттасты да, соңғы сұрауларды ұмытып кетті… Оның орнына:
– Біздің болыс жеті ауылнай; бұл кісі болыс болғалы екінші жыл, - деді, атқамінерлердің бірі (Ғ.Мүсірепов, «Тулаған толқында» 22 б.).
«Орыс тіл білімінде «төменгі стиль» саналатын, ортақ атаумен «қала тілі» аталатын құбылыстар жиынтығы қазақ тіл білімінде бұрын басқа бір қырынан сөз болған. К.Аханов, Ә.Хасенов, Т.Қордабаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде, сондай-ақ түрлі оқулықтар авторлары варваризм, арго, жаргон түріндегі стильді бұзатын, тіл мәдениетіне зияны тиетін құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Әйтсе де бұл проблеманы тілші-ғалымдарымыз жалпы тіл атаулы бар жерде міндетті түрде болатын, белгілі дәрежеде тілдің дамуын көрсететін универсалды құбылыс деп қарастырған жоқ әрі олардың тілімізде пайда болуының әлеуметтік себептері де жан-жақты ашылып, талданған емес. Бұл, бір жағынан, әлеуметтік лингвистиканың қазақ тіл білімінде жетіле түскендігін танытады. «Қала тілі» проблемасы уақытқа қарамай тілімізде әрқашан болатын универсалды құбылыс екендігі анық, өйткені ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатыр. «Тіл мен қоғам» арасалмағы айқындалған кезде бұл құбылыстың тіл мәдениетіне әсері терең зерттелетініне күмән жоқ». [54;197]
СОӨЖ
1. Қарапайым сөйлеу тілінің табиғаты мен стильдік қызметі.
2. Сөйлеу тілінің басқа элементтерінен (диалектизм, жаргон, арго сияқтылар) айырмашылықтары.
3. Қарапайым сөздердің әдеби нормаға қатысы.
4. Ескі жазба тілі.
СӨЖ
1. Әдеби сөйлеу тілі мен қарапайым сөйлеу тілі (бейәдеби сөйлеу тілі), ортақ тұстары мен өзіндік ерекшеліктері.
2. Кітаби сөзге (кітаби стильге) жататын тілдік бірліктер.
3. Тұрмыстық сөйлеу тілі.
4. Әдеби тіл нормасына жатпайтын әртекті (гетрогенді) элементтердің көркем шығармадағы қолданысы.