
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Үi модуль
ЭТИМОЛОГИЯ
Зерттеу нысаны
ЭТИМОЛОГИЯ
ЖАСАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
ЭТИМОЛОГИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1-блок
3-блок
2-блок
Халықтық
этимология
Ғылыми
этимология
Этимологиялық
сөздік
Тіл білімінің қай саласын алсақ та, өзінің жеке бір зерттеу объектісі, мақсаты, міндеті, әдіс-тәсілдері, зерттеу қырлары болады. Этимология тіл білімінің ең бір қызық та қиын саласы.
Этимология грек тілінің etymos «ақиқат» және logos «білім» деген сөздерінің бірігуінен жасалған. Тіл білімнің ішінде тарихи лексикологияның арналы да арнаулы саласы. Ол жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың пайда болу, даму жолдары мен қазіргі тілдерден көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді.
Этимологиямен арнайы айналысып, сөз төркіні туралы ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыздан академик Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Ә.Нұрмағамбетов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, С.Исаев, А.Махмудов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Ғ.Әнес т.б. секілді ғалымдардың атын атауға болады.
Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен объектісінне қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді. Этимологияның негізгі принциптеріне: а) фонетикалық, ә) морфологиялық, б) семантикалық, в) тарихи деп аталатын принципке сүйенеміз.
Фонетикалық принцип тілдегі түрлі дыбыстық өзгерулердің жолдарын, дамуын, алмасуын дәлелдеуге, сан алуан фонетикалық заңдылықтарды қатаң ескертуді талап етеді.
Морфологиялық принцип сөз, түбір структурасының, жалғау-жұрнақтар системасының өзгеру жүйесін түсінуге көмектеседі.
Семантикалық принцип сөздің мағыналық жағынан дамуын зерттеуге құралады. Бұл принцип этимологияның негізгі принциптерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі.
Тарихи принцип әр түрлі экстралингвистикалық факторларды, яғни тарихи фонды, факторды назарда ұстайды. Бұл әсіресе, кірме сөздер, тілдің этнографиялық лексикасын зерттеуде бірден-бір қажет.
Бұл аталған этимологиялық принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста және бір-бірін толтырып тұрғанда ғана шын дүниеге келеді. Оларды үш түрлі топқа бөліп қарауға болады:
1) ғылыми этимология.
2) халықтық этимология.
3) қызықты этимология.
1. Ғылыми этимология. Тіл дамуының объективті заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп жасалған этимологияларды ғылыми этимология деп атайды. Ғылыми этимология сөз төркінін, морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғылыми негізде түсіндіреді. Мысалы, нағыз ғылыми этимологияның алғашқы нұсқаларын қазақ тіл білімінің негізін салушы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен табамыз. Қ.Жұбанов «Күй» атты тамаша еңбегінде қазақ тіліндегі күй, домбыра, сыбызғы, қобыз, жыр, толғау, бақсы, ән, би т.б. толып жатқан музыкалық терминдердің түп-төркінін, этимологиясын жан-жақты ашып көрсетеді. Музыка терминдерін таза тілдік тұрғыдан талдағанда, жалғыз қазақ емес, түркі-монғол, араб-иран тілдерімен салыстырып, молынан мысал, дәйекті деректер келтіріп, батыл болжамдар жасайды. Бұл еңбектің лингвистер үшін маңызы қандай болса, музыка мамандары үшін де соншалықты қымбат.
2. Халықтық этимология. Білмегенді білуге ұмтылу, өмірдегі жұмбақ құбылыстардың сырына үңілу адам табиғатына тән қасиет. Адамдар о бастан айналасын қоршаған заттар атауының қайдан шыққанын, қалай пайда болғанын үнемі қызықтап, оларға өз шамаларынша жауап тауып, дәлелдеуге «кілтін» табуға тырысқан. Сөздердің түп-төркініне үңіліп, неге бұлай айтылғанына зер салу құр ғана қызық емес. Мұндай ізденіс сөз мазмұнын терең түсініп, оларды орынды, дәл, дұрыс қолдануға септігін тигізеді.
«Этимологияның бұл түрін кейде «қарапайым этимология» немесе «жалған этимология» деп те атайды. Оның басты себебі: сөз тіркесін танып-білуге теориялық дайындығы мол, тәжірибелі тіл мамандары емес, «өз тілімді бір кісідей-ақ білемін» деп есептейтін зиялылар мен қарапайым халық өкілдерінің де ат салысуына байланысты». [46;437]
Ана тіліміздің асыл қазынасы іспетті ел, жер, жұрт атаулары, терең мазмұнды тұрақты тіркестер мен пареомологизмдер, сондай-ақ сырттан енген түсініксіз кірме сөздер т.б. халық санасында қайта жаңғырып, талай аңыз-әңгімелерге арқау болып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді. Түсініксіз сөздерді халық өзіне таныс, түсінікті сөздерге «туыстырып» солардан төркіндетіп отырған. Сондықтан, кей жағдайда «халықтық» этимологияны «жалған» деп те атайды. Себебі кейбір адамдардың этимологияның табиғатын дұрыс түсінбей, оның ғылыми принциптерін жөнді білмей, жеке сөз мағынасын өзінше тұспалдап, топшылап «өзіндік тәсілмен» төркіндетілген сөздердің, мысалы. Бразилия – «Біраз ел», Жапония – «Жұпын ел», Азия – «Әз ұя», Африка – «қапырық ел», Корей – «Керей» т.б. халықтық этимологиясы адамды күлдіретіні рас.
«Халықтық» этимологияларға мысалды алыстан іздемей-ақ, бала күннен жаттап өскен ауыз әдебиеті нұсқаларына жүгінейік. Көне жырларымыздың бірі – «Қозы-Көрпеш – Баян сұлуды» еске алайық… Ата-бабаларымыз өздері кір жуып, кіндік кескен талай жер атауларын осы жырда кейіпкерлер әрекетімен сабақтастырмаушы еді!…..
Қорқау ойлы Қарабай аударыла көшкен сәтте, абыр-сабырға сабасы жарылып, қымызы төгілген жер «Ақкөл», «Жайылма» атанады. Қозыны аңсай күткен Баян шыдамай, алтын сандыққа сәлемдеме толтырып, Айбасты ұзақ жолға шығарып салушы еді ғой. «Домбыралы», «Моншақты», «Қарқаралы» деген жерлер осы сандықтан «түсіп қалған» нәрселер болса, «жауыртауға» келгенде аты титықтап, сол жерде амалсыздан «Алтын сандық» та қалмаушы ма еді!?
Негізінен, осындай аңыз-әңгіме, шежіре түрінде болып келетін «халықтық» этимологиялардың
«халық творчествосы іспеттес бұл көне шежіре-сырлар этнос тарихына сәулесін түсіріп, бағы заман елестерінен дерек береді.» [10;100]
3. Қызықты этимология. Этимологияның бұл түріне (газет, журнал, БАҚ құралдары) беттерінде жарық көрген көпшілік қолды материалдар жатады. Осыған байланысты оны тіл білімінде «ғылыми-көпшілік қолды этимология» деп те атайды. Бұлар қалың көпшілік қауымға арналғандықтан, ондағы материалдардың берілуі, терминологиясы арнайы ғылыми басылымдағы зерттеулерден өзгеше болады. Автордың «өз тілімен» көпшілікке түсінікті түрде жазылып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар жатады.
Әрине, бұл еңбектерден ғылыми негіз іздеп, оны талап ету мүмкін нәрсе емес. Бұдан «қызықты» этимология мүлде қажетсіз екен деген ұғым тумау керек. Біз «халықтық» этимологияны ғылыми этимологияға қарама-қарсы, көбіне оны мансұқ қылсақ, ал «қызықты» этимология – ғылым этимологияның көкжиегін кеңейтіп, оның жетістіктерін үлкен орбитаға шығарып, қалың бұқара арасына таратар өте қажетті «елші» сала. [10;109] Бұл салада қазақ тіл білімінде академик Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» деген кітабын атай аламыз. Бұл кітап – қазақ тіл біліміндегі «қызықты» этимология мен ғылыми этимологияны шебер ұштастыра білген тұңғыш ғылыми-көпшілік қолды еңбек.
СОӨЖ
1. Э.В.Севортянның «Сөздігіндегі» қазақ тіліне араб, парсы тілдерінен енген оқу-білім, мәдениет, ғылым, дінге т.б. қатысты сөздерді тауып, қандай дыбыстық, мағыналық өзгерістерге ұшырағанын көрсетіңіздер.
2. Сөз мағынасының эволюциясын (қозғалысын) танытатын құбылыстар.
СӨЖ
І. Профессор Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» кітабынан батырлар жыры мен лиро-эпостарда, ХV-ХІХ ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармаларында, мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестер құрамында мағынасы күңгірт немесе архаизмге айналған сөздердің байырғы түп төркініне және тарихи-дыбыстық өзгерістеріне талдау жасаңыз:
- қазіргі тілімізде кеңінен қолданылып жүрген таныс сөздердің: аға, ала, қарындас, азамат, жігіт, алаш, амандасу сөздерінің мағыналарына назар аудару;
- монғол тілінен енген ереуіл, алдияр, барымта, қарымта, үдере (көшу), дулыға, сұрқылтай, толағай, төбе (төбе би дегендегі) т.б. сөздердің шығу тарихына;
- наным-сенімге қатысты сөздерді;
- әскери лексикаға қатысты атауларды тауып, топтап түпкі мағыналары мен этимондық рөліне назар аудару.
ІІ. Халықтың этимологияға жатқызылып жүрген (Бразилия – біраз ел, корей – керей т.б.) сөздерге мысал келтіріп, ғылыми негізсіз екендігін дәлелдеңіз.
ІІІ. Фразелогизмдердің түп-төркінін (неге бұлай айталытынан) ашып көрсетіңіздер.
Елу жылда ел жаңа, соқыр түйе, он екі мүше, ат-құйрығын шырт кесу, бұл тапсырманы орындау үшін мына еңбекті қараңыз:
Н.Уәлиев «Қазақ әдебиеті», 14 май, 1982 ж. «Сөз төркінін барласақ».