Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі

Кейбір сөздіктер сөздердің орналасуына байланысты да түзіліп отырады.

Сөздіктегі сөздердің орналасуына қарай сөздіктер жиілік сөздік, кері сөздіктер болып бөлінеді. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі 1979 жылы шықты. Бұл сөздік М.Әуезов сынды белгілі жазушының осы романдағы сөздердің қолданылу жиілігін көрсетуге арналған. Сөздік алфавитті-жиілік, жиілік және кері алфавитті-жиілік деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Бұндай сөздіктер арқылы белгілі бір тілдік тұлғаны тіл ерекшелігін байқауға мүмкіндік жасайды. М.Әуезовтің шығармасының тілін зерттеуге сөздерді қолданылу тәсілі мен стильдік ерекшеліктеріне сандық сипаттама беруде сөздіктің берері мол. Сонымен қатар бұл әуезовтану әлеміне тұтастық сипат беруге көмескілеу жатқан тұстарды толықтырумен де маңызды болмақ. Тілдік бірліктердің мәтінде қайталануын зерттеу арқылы жиілік сөздіктер жасалады. Абай тілінің сөздігі көлемі 80 баспа табақ болып, 1968 жылы шыққан болатын (Жалпы редакциясын А.Ысқақов басқарған). Бұны түсіндірмелі алфавитті-жиілік сөздік деп атаймыз. Себебі, мұнда әр сөздің мағынасына түсінік берумен қатар, ол сөз сол мәтінде неше рет қайталанып, қолданғаны да қоса көрсетіліп отырады. Сөздікте сөздерге түсінік бермей, тек олардың әрқайсысының мәтіндегі кездесу санын ғана көрсетсек, оны алфавиттік-жиілік сөздік дейміз. Сөздің соңғы әріптерінен бастап алфавит ретімен берілсе, олда ол кері алфавитті-жиілік сөздігі болып шығады. Реестрдегі сөздерді олардың кездесу жиілігінің кему тәртібімен орналастырсақ, жиілік сөздік болады.

Жиілік сөздіктердің статистикалық сипаттамаларды тілдің теориялық және қолданбалы мәнін анықтауға мүмкіндік береді. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігінде келтірілген төмендегі мысалдар оның құрылымы мен құрылысы жөнінде түсінік бере алады. Мысалы,

СӨЗ

ЖИІЛІГІ

Аға-бауыр-3

3

Аға-іні-3

9

Аға-сұлтан-3

4

Ағажан-3

2

СООЖ

  1. Теориялық лексикография.

  2. Тәжірибелік лексикография.

  3. Жеке сөздіктерге жасалған жанрлық-типологиялық жіктемелер (В.Винорадов, С.И.Ожегов, Ю.Н. Караулов, В.В. Морковкин еңбектері бойынша).

  4. Сөздіктердің өзіне тән белгілері.

  5. Түсіндірме сөздіктің жалпы тіл білімінде зерттелуі.

  6. Түсіндірме сөздіктегі сөздік мақалаға берілген анықтамаларға талдау.

  7. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 4-басылымындағы (2001 жылғы) өзгерістер мен жаңалықтар.

  8. Орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктердің құрамы мен құрылымы.

  9. Орфографиялық сөздіктегі негізгі емле ережелері туралы.

  10. Қазақ тілінің анықтағышындағы (2000ж) емле ережелері, тыныс белгілерін қою қағидалары, ауызша сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс айту заңдылықтары.

  11. Соңғы шаққан Қазақ тілінің антонимдер сөздігінің (А., 2000 жылғы) теориялық материалдары туралы (қарама-қарсы мағыналы лексемаларды жүйелеудің ұстанымдары мен олардың тілдегі және сөйленістегі функциялары туралы).

  12. Лексикографиядағы норма және нормативтік мәселесі.

СӨЖ

  1. Қазақ тілінің лексикографиясының зерттелуі.

  2. Түсіндірме сөздіктегі сөздік мақала мен сөздік ұя.

  3. Әр жылдары шыққан орфографиялық сөздіктердегі өзгерістер туралы.

  4. Орфоэпиялық сөздіктерге талдау.

  5. Сөздік түзудің шарттары.

  6. Сөз тіркестерінің сөздігі мен фразеологиялық сөздіктің құрылымы мен құрылысы.

  7. Түсіндірме сөздіктің жасалу принциптері.

  8. Аударма сөздікпен жұмыс.

  9. Фразеологиялық сөздіктің жасалу принципі.

  10. Қазақ лексикографиясының алдағы міндеттері.

  11. Арнаулы сөздік.

  12. Әр жылдары шыққан диалектологиялық сөздіктердегі өзгерістер туралы.

1-тапсырма

Төмендегі сөздердің қазақ тілі сөздіктерінде (түсіндірмелі, терминологиялық, диалектологиялық, этимологиялық, т.б.) берілу жолдарын салыстыра отырып, соған орай сөздіктердің өзіндік ерекшелігін, айырмасын көрсетіңіздер.

Аспан, дүние, тәрбие, ұстаз, ұлағат, баспа, ұжым, талапкер, ақыл, баспалдақ, демеуші.

2-тапсырма

Түсіндірме сөздіктерден ауызекі сөйлеу тілі элементтеріне қойылған белгілерге назар аударып, басқа сөздіктермен салыстырыңыз.

3-тапсырма

Түсіндірме сөздіктерден омоформаларға бес мысалдан теріп жазып, оларға түсінік беріңіз.

4-тапсырма

2001 жылғы жарық көрген қазақ тілінің орфографиялық сөздіктегі бұрын қолданылып келген кірмес сөздердің қазақ баламаларын теріп жазып, алдыңғы сөздіктермен салыстырыңыз.

5-тапсырма

Түсіндірме сөздіктерден алынған жеке сөздік мақалаларды талдай отырып, онда сөздің грамматикалық және стильдік сипаты қалай ашылып, белгіленгенін көрсетіңіздер.

6-тапсырма

Мына синонимдердің баламасын (синонимдер сөздігі бойынша) табыңдар да көркем шығармадан сөйлем жазып келіңдер.

Бет, билік, шешен, әдіс, кездесу, зерек, мұғалім, өкіну, құтқару.

7-тапсырма

Төмендегі сөздерді диалектологиялық сөздіктің көмегімен мағыналарын түсіндір.

Димар, шекер, күрсі, нәр, керем, меңдес, сапал, үзбеп, түніке, долы, бақыр, сапара, леген, жүдә, гөрт, шақа, аскеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]