Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Шет тілдер сөздігі

Бұл сөздік тілімізде көп қолданылатын шет тілдерінен енген сөздердің түсіндірмесінен тұрады. Сөздікке енген сөздер көбінесе сөйлеу тілінде, теледидар, радио, мерзімді баспасөз, ғылыми-көпшілік басылымдарында және көркем әдебиет тілінде көп қолданылады. Әр сөзге түсініктеме мен оның этимологиясы жөнінде анықтамалар беріліп отырады.

Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі

Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай морфологиялық сөздік, сөз тіркестерінің сөздігі, фразеологиялық сөздік болып бөлінеді.

Фразеологиялық сөздік

Фразеологиялық сөздік тілдегі тұрақты сөз тіркестерін қамтиды. Қазақ тілінің алғаш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы акад. І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме берген. Мысалдар халқымыздың бай ауыз әдебиетінен, классикалық әдебиеттен, көне жазба нұсқалардан, газет, журналдар мен ғылыми кітаптардан, ауызекі тілден алынған. Сөздіктің жалпы құрылысы мен жасалу тәсілі сөздікті пайдаланушы үшін өте қолайлы етіп жасалған.

Тіліміздегі көптеген фразеологизмдердің құрамындағы кейбір сөздер ықшамдалып та, толықтай қолданыла береді. Сондықтан да сөздікте бұлар бір реестрде берілген: Аруағына (құдайына) сыйынды (табынды). Сол сияқты кейбір фразеологизмдер қосымшалы және қосымшасыз түрде қолданыла беретіндіктен, олар бір ұяда берілген: Қу (ды) мініп құлан (-ды) құрықтады.

Бірнеше етістік қатар тіркесетін жерде ол етістіктер варианттар есебінде тік жақша арқылы көрсетіліп отырады:

Бас қосты құрды., Базары тоқтады өтті, кетті; Байланысып қалды тұрды т.б.

Реестрдегі белгілі бір фразеологизмге берілген иллюстрациядан соң оның кімнен, қайдан алынғаны жақша ішінде қысқартылып көрсетілген. Мысалы: М.Ә. – Мұхтар Әуезов; ҚБ – «Қобыланды батыр» т.б. Тек Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев – Абай, Жамбыл түрінде алынды.

Сөздікте көне, діни, алғыс, қарғыс, тілек, диалект сөздер сирек те болса кездесетіндіктен оларға стилистикалық белгілер қойылған.

Мысалы: Дем салды діни. Ауру кісіні қожа- молдаға үшкіртті. Молданы тезірек шақырып, дем салдырмаса болмас,- деп еді, бала жастықтан басын жұлып алып, міңгірлеп басын шайқап қолын сілтеді. (Б.Тұр.).

Фразеологизмнің басқы, орта шенінде келетін синонимдес сөздер тік жақша ішінде беріліп отырған. Жүрегі өрт от боп жанды. Өзегі өртенді, қапа болды, қайғырды, уайымдады. Лашынның жаны күйініп, жүрегі өрт боп жанады. (С.С.) Жалғыз-ақ, өлейін деп өле алмай, өз жанын қия алмай, қайғылы, қапада, күндіз-түні жапада, жылау да еңіреу, бәрінен де көңілі қалып, жүрегі от боп жанып, қолынан келері жоқ болып жүрген сорлы Қамар халін көріп, жаны ашитын Омар ғана еді (С.Т.)

Сөздіктің соңында «Шартты қысқартулар» тізімі мен индикс ретінде «сөз тізбе» берілген.

Туынды сөздер тізбегі

Бұл «Сөздік» – тіліміздегі сөз құрамының, сөздердің қандай морфологиялық (синтетикалық) және синтаксистік (аналитикалық) амал-тәсілдер арқылы жасалатынын, ондағы заңдылықтар мен әр алуан құбылыстарды жүйелі түрде анықтап беру, сол арқылы оны дәл танып үйрену жұмысын жеңілдету үшін арнайы жасалған құрал. Сондықтан «Сөздік» қазақ тіліндегі туынды сөздер құрамындағы морфемалық тұлғалар мен олардың өзара байланысы жөнінде, сондай-ақ түбір тұлға мен туынды тұлғалардың құрылымы жайында дұрыс әрі жүйелі түсінік беруді көздейді. [42.3].

Бұл сөздікте тілімізде бар туынды сөздердің құрамы, тұлғалық түзілісі анықтала отырып, синхронды морфологиялық талдау амалы қолданған. Мысалы: Қуан /ыш/та/у, қуан/ыш/ты т.б.

Сөздікте 14 мыңға жуық сөз қамтылған. Соңында екі түрлі қосымша материал берілді: №1 қосымшада «қазақ тіліндегі сөзжасам жұрнақтар алфавиттік тәртіппен түзілді», №2 қосымшада «туынды сөздер құрамындағы кейбір дыбыстардың әдеттен тыс қосылып айтылуы, түсіп қалуы және дыбыстардың алмасуы сияқты фонетикалық заңдылықтар келтірілді» [42.6].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]