Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық

Қашық– жақын 1;

Алыс 2– жақын 2

Жат 1 – жақын 2

Жат – туыс

Жат – ағайын

Кейбір антонимдік жұптар фразеологиялық тіркестерді де қамтиды. Олар мысалдардан кейін, жаңа жолдан,  белгіден кейін келеді. Мысалы:

Аш 1–Жұм 1

Жұмсам – жұдырығымда,

Ашсам – алақанымда (мақал)

 Аузын ашып, көзін жұмды.

 Жұмған аузын ашпады

Сонымен соңғы шыққан антонимдер сөздігі антонимия құбылысына жаңаша көзқарас тұрғысынан келді. Мұнда антонимдік бірлік тұлғалардың жүйелілік сипаттамасы беріле отырып, полисемия, синонимия және сөзжасам сияқты жүйелі категориялармен байланысы қоса көрсетіліп отырады.

III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік

«Қазақша-орысша, Орысша-қазақша терминологиялық сөздік» 1999 жылы «Рауан» баспасынан 31 том болып басылып шықты.

Сөздікте терминнің баламасы табылса аудармасымен, ал ондай мүмкіндік болмаған тұстары халықаралық қолданыстағы сөздерді сол қалпында берілген.

Қазір ғалымдар арасында екі ұдай пікір белең алып тұрғаны белгілі. Бірі – термин атаулының бәрін өз тілімізге аударып алу, екіншісі – термин деген тәржімаға көнбейтін, халқаралық болып кеткен сөздер, сондықтан оларды өзгеріссіз қабылау керек дейтін осы екі көзқарас тұрғысының арасынан дұрыс жол табу көзделді. Әр терминге өз тілімізден терезесі тең балама табу, қиюы келмейтін реттерге халқаралық қолданыстағы сөздерді тіліміздің ішкі заңдылықтарына өлшемдестіріп алу басты бағдар, негізгі арқау болды [43.7].

Аталмыш сөздік халық шаруашылығы, ғылым мен мәдениет салаларының негізгі терминдерін қамтыған.

Диалектологиялық сөздік

Қоғамымыздың дамуына байланысты бірсыпыра сөздер тілімізде терминденіп жатса, енді біршама сөздер қолданыстан шығып қалып жатыр. Жаңадан пайда болған лексика- фразеологиялық бірліктерді жинап, жіктеу және оларды лексикографиялық өңдеуден өткізу – бүгінгі күн талабы.

Қазақ лексикасының жаңа сөздермен толығу процесінде аффиксация универбтену, сөз біріктіру сияқты амалдар сөздікте көрсетіліп, нормалану процесі анықталады.

Диалектінің жеке-дара тіл болмай диалект аталуының себебі – ол жалпы бір тілге тән ортақ ерекшеліктермен қатар сол тілдің бір тармағы болып саналатын диалектінің өзіндік ерекшеліктерін қамтиды [1.9].

Диалектологиялық сөздік қазақ халқының жергілікті ерекшеліктері бар сөздерді түсіндіруге арналады. Аталмыш сөздік көбінесе диалектілік архаизмдерді, диалектілік неологизмдерді, меншікті тіл ерекшеліктерін, көрші не аралас отырған халықтар тілінің әсерінен пайда болған сөздерді, географиялық варианттарды (белгілі бір зат атауының әр жер тұрғындары тілінде өзгеше дыбыстық құрамда көрінуі) қамтыған жергілікті сөздерді құрастыратын қабаттарға тоқталған. Ж.Досқараевтың «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шыққан болатын.

Профессор С.Аманжолов 1959 жылы «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін» басып шығарды. Бірінші шыққан сөздікке (1955ж.) 1521 қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері қамтылса, екінші шыққан сөздікке 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген.

1969 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктерімен қатар Түркімен, Орынбор, Қошағаш қазақтарының тіл ерекшеліктеріне де тоқталған. Бұл сөздікте С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың сөздіктерінің материалдары пайдалана отырып, 6000-ға жуық сөз қамтылған. Диалектолог- мамандардың Қазақстанның орталық, солтүстік облыстары, Тәжік ССР-і, Монғол Халық Республикасындағы қазақ тілінен мәліметтер жинап терудің нәтижесінде көлемі жағынан алдыңғы сөздіктерден 3-4 есе мол үлкен «Диалектологиялық сөздік» 1996 жылы жарық көрді. Сөздікте жергілікті тіл ерекшеліктерінде кездесетін белгілі бір сөздің мағынасын түсіндіруде жеке сөзбен немесе бірнеше сөз тіркесі арқылы сипатталады.

Диалектологиялық сөздіктің объектісі – диалектизмдер, әдеби тілде қолданылмайтын, белгілі бір таралу шегі бар сөздер [40.6].

Ал мақсаты: жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету [41.3].

Қай тіл болмасын оның диалектілік лексикасын жинап, зерттеудің маңызы зор. «Кен асылы жерде, сөз асылы елде» дегендей, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бір алуан не бір облыс көлемінде ғана айтылатын, көпшілікке беймәлім, бірақ әдеби тіл терминологиясын байытуға қажетті сөздерді жарыққа шығарып, әдеби тілге енгізу арқылы көпшілік қауымның игілігіне айналдыруда да бұл сөздіктің пайдасы мол [40.6].

Сөздікте реестрлік сөз беріле отырып, одан кейін іле-шала жақшаның ішінде сол сөздің жазылып алынған облысы мен ауданының аты көрсетілген. Бірақ одан ол сөз тек сол ауданда ғана қолданылады, басқа көрші аудандарда қолданылмайды деген қорытынды жасауға болмайды. Себебі документациядан түсіндіріліп отырған сөздің жазылып алынған ауданын ғана көрсету мақсатымен беріліп отыр. «Сөздің таралу шегін, изоглосын көрсету – диалектологиялық атластың міндеті»- деп көрсетеді аталмыш диалектологиялық сөздікте.

Ал сөздіктің құрылысын төмендегі мысалдар арқылы түсінуге болады.

Бадам болу (Шығ. Қаз. Тарб, Зайс. Күрш, Шем.) қол астында болу, қарау (біреуге). Ол бадам болды (Шығ. Қаз., Тарб.)

Бадам (Орын, Адам) аулақ. Ауылдың бөрі жардан бадам қонсын. Ит бол, құс бол, малың мен балаң болсын (Орын, Адам).

Сөздіктің соңында шартты түрде қысқартылып алынған атаулар екі топқа бөлініп берілген: 1. Облыс, аудан, село т.б. атаулар; 2. Баспасөз материалдары. Жоғарыдағы мысалда көрсетілген Шығ. Қаз. – Шығыс Қазақстан облысы, Тарб. – Тарбағатай ауданы, Зайс.–Зайсан ауданы, Күрш. –Күршім ауданы, Шем–Шемонайха ауданы, Орын– Орынбор облысы, Адам. – Адамов ауданы.

«Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» – Қазақ говорларының атласын жасауға, әдеби тіл мен говорлардың ара-қатысын анықтауға көмектесетін бірден-бір сөздік.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]