
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Этимологиялық сөздік
Бұл – бір тілдегі сөздердің осы күнгі ұсталып жүрген тұлғасының қалай пайда болғандығын, шығу төркінін мысалдар арқылы талдап түсіндіретін сөздіктің түрі.
Бұған тілдегі бар сөздердің бәрі енбей, тек жасаулы, шығуы жағынан түсіндіруге қиыншылық келтіретін сөздер ғана енеді.
«Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» 1966 жылы шықты. Бұл сөздікте 333 сөздің этимологиясына түсініктеме берген. Сөздің тілдік төркінін (о баста қай тілде, қай мағынада қолданылғандығын) анықтау, сөздің ең бастапқы морфемдік құрамы мен о бастағы семантикасын анықтау, қазақ тілінің өзіне тән туынды түбірлердің құрамдық элементтерін анықтау сияқты міндеттер сөздіктің өн бойынан көрінеді.
Сөздікке қос сөз құрамында ғана кездесетін, жеке-дара қолданылмайтын сөздер, идеомалық, фразалық немесе жай тіркестер құрамындағы жеке мағынасы түсініксіз сөздер, мақал-мәтелдерде ғана кездесетін, әдеби тілімізде жеке-дара қолданылмайтын, бастапқы тұлғалары өзгеріп кеткен біріккен сөздер, өзге тілдерден еніп, қазақ тілінің заңына байланысты фонетикалық өзгеріске ұшырауы бірнеше т.б. сөздер сөздіктің негізгі объектісіне енген.
Реестрге алынған сөзден кейін көркем әдебиеттен немесе бай ауыз әдебиеті шығармаларынан мысалдар беріліп отырады. Реестрде әрбір сөзге байланысты талдаған ғалымдардың пікірлері берілген және олар мысалдар арқылы толықтырылған. Талдауда мақала авторының өз пікірінен басқа, сол сөздің этимологиясы туралы өзге авторлардың бұрынғы-соңғы әдебиеттерде кездесетін пікірлері толық көрсетіліп отырған.
Сөздіктің құрылымы мен құрылысын, жасалу принципін мынадай мысалдардан көруге болады:
Немере. Бұл өнер сенің өмірлік наның. Сенің емес, сенің ұлыңның, немерең мен шөбере –шөпшегіңнің азығы,- деді. (Ө.Қанахин). Немере – ұлдың баласы (ұлы, қызы); Бұл сөз қазақ тіліне және де басқа да түркі тілдеріне парсы тілінен ауысқан. Парсы тілінде (набире)- баланың баласы деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз қазақ тілінен басқа, өзбек тіліне набира, невара, ұйғыр тіліне нәвра, қырғыз, қарақалпақ тілдеріне немира // немере түрінде ауысқан (Б.С.)
Ұлыс: Ұлыстың ұлы күні. Ол күнде наурыз деген бір жазғытұрым мейрам болып, наурыздама қыламыз деп, той- тамаша қылады екен. Сол күні – «ұлыстың ұлы» (Абай). Ұлыс – қазірде тува, алтай тілдерінде «халық» мағынасында жұмсалады; монғолша улс – мемлекет, ел, үкімет-, халық, адамдар. Династия. Мысалы, монғол улс – Монғолия. Бұл тілде ұлыс «ірі ру, орда» ұғымында да қолданылған.
Көне түркі ескерткіштерінде халық деген сөздің орнына ұлыс сөзі қолданылғанын байқаймыз. Орта Азия әдеби тілінде, бұл шығармалар жөнінен жазылған сөздіктерді, «Бабур – Намада» бәрінде де ұлыс сөзі «халық» мағынасында қолданылады. Навоидың парсы тілінде жазылған өлеңдеріне байланысты халық сөзін (бұл араб сөзі) ол туралы сөздік жасаушылар ұлыс деп аударады. Демек, бұл өте ерте кездерден бастап түркі –монғол тілдерінде «халық» мағынасында қолданылып келген көне сөз (І.К. және Ж.Б.)
Синонимдер сөздігі
«Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі» ғалым Ә.Болғанбаевтың авторлығымен тұңғыш рет 1962 жылы шыққан болатын. Бұл сөздікте мәндес сөздер белгілі бір қатарға топтастырылып, әрбір сөздің өзіне тән мән-мағыналары анықтала отырып әртүрлі әдебиеттерден мысалдар келтірілген.
Ал 1975 жылы «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» деген атпен бұрынғы шыққан сөздіктің толығып кеңейген, өңделіп түзетілген жаңа варианты екінші рет басылып шықты. Алғашқы (1962 жылы) сөздікке төрт мыңнан астам сөз берілді. 1400 синонимдік қатар енсе, екінші басылымына 5000-нан астам синоним берілген.
«Синонимдер сөздігі» тағы да толықтырылып, Ә.Болғанбаев, С.Бизақов, Ш.Дәулетқұловтың авторлығымен 2001 жылы қайта шықты. Ал бұл соңғы сөздікте 9000 –дай сөз қамтылып, әрбір ұяға топтастырылған синонимдердің бәріне ортақ сипаттама түрінде анықтама, сондай-ақ синонимдік қатардың әр сыңарына мысалдар берілген. Бұның өзі қазақ әдеби тілі лексикасының байып, даму үстінде екендігін танытатыны сөзсіз. Аталмыш сөздікте ұядағы сөздің синонимдік қатарының күнделікті баспасөз бен сөйлеу тілінде ең көп қолданылатын сыңары алдымен беріліп, көпшілікке белгілі болып үлгіре қоймаған бірлі-жарым синонимдер ең соңынан берілген. Мысалы: Өлермендік, жанкештілік, жансебілдік. Өлер-тірілеріне қарамаушылық, жан аямаушылық, өжеттілік, батылдық осы сөзіне қарағанда жансебілдік сөзі сирек қолданылатындықтан соңынан беріліп тұр. Мысалы: Ешқашан, әсте, ешбір, ешқандай, өмірі, әстілі жерг. әрқашан, ешқандай, ылғи да. Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратып оқтама (Ш.Айманов). «Әділдік» деген жалғыз сөз қарт ананың ойынан әсте шықпайды (С.Омаров). Бауыржан ешбір кемшілікті кешірмейтін (С.Бақбергенов).
Сонымен қатар сөздікте әр синонимдік қатарға анықтама беріле отырып, түрлі жанрда жазылған шығармалардан мысалдар алынған.
Ал цитат табылмаған кейбір сөздерге ойдан мысал алынып, оған «ауызекі тіл» деген белгі қойылған. Мысалы: Сапыру, араластыру. Ойын картасының жұбын жазып, өзара алмастыру. Карташылардың картаны сапырмай-ақ үлестіре салатын әдеті болатын (Ауызекі тіл). Ойын сайын картаны араластырып отырмаса, карта араласпайды. (Ауызекі тіл).
Сонымен сөздерді сауатты жазумен қатар сауатты айта білу қазіргі таңда өмір талабынан туындап отыр.
Әдеби тілдің қалыптасқан кезінде, ғылым мен техниканың қанат жайып өскен уақытында сөздікке деген сұраныс арта түспек. Сөздіктер бір емес, әлденеше рет жасалып, қолдан қолға өтіп өңделеді, толығады. Сөйтіп әр халықтың күнделікті кәдесіне жаратылады.
Лексикографиялық жұмыстар – тіл мәдениетіндегі табыстарды, оның жүйелі қалыптасқан нормаларын жұртшылыққа дер кезінде күнбе күн жеткізудің, білім берудің қалыпты бір формасы…. Сөздіктер тілді жүйелендіріп, ауа жайылушылықтан таза болуына тікелей жәрдем етеді.