Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать
  1. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі

Тіліміздегі сөздерді бәрі бірдей қалай жазылса солай оқыла бермейді. Сауаттылық сөздерді тек дұрыс жазудан ғана байқалмайды, сонымен қатар дұрыс айту нормасынан да көрінсе керек. Әсіресе сахна өнерінде, күнделікті радио мен теледидар хабарында, көпшілік алдында, яғни мінбеде сөйлеген сөздерде айтылу нормасы қатал сақталынуы тиіс. Бұл да тіл мәдениетінің көрінісі.

Көп ретте сөздің жазылу нормасы мен айтылу нормасы сәйкес келе бермейді. Мысалы:

жазылуда ақ отау айтылуда ағотау

жазылуда қонақасы айтылуда қонағасы

жазылуда дөңбек айтылуда дөңбөк

жазылуда көзсіз айтылуда көссүз

Сонымен қатар орфоэпиялық норманың негізгі шартына ауызша сөздің интонациялық ерекшеліктерін, кідіріс, сөз ырғағы мен бунақтарын сақтап, оларды дұрыс айту да енеді. Себебі бұндай шарттылық бұзылу сөздің мағынасын толық түсінбеулікке әкеледі. Сөздің дыбыстық құрылымын, әуездік (суперсегменттік) құрылымын сақтап айту – орфоэпиялық норманы сақтау болып табылады. Мысалы:

Ат қорада жүр атқорада жүр;

Сен сөйле сенсөйле

Сондай-ақ сөз екпінін дұрыс қойып айтудың да мәні ерекше:

Көрме – көрме

Алма – алма

Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормаларын көрсететін практикалық құрал ретінде Қ.Ниеталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» 1977 жылы жарық көрді. Ал соңғы 2005 жылы баспадан шыққан орфоэпиялық сөздік әдеби тілдің орфоэпиялық нормалары, ауызша сөздің техникасы мен интонациясы жайында көптеген жаңалықтарын ала келді.

Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы да осы жылы шығып, онда мәтіндердің дыбысталу үлгілері мен орфоэпиясы қиын сөздердің қысқаша сөздігі қоса берілген. Сөздікте өсімдік пен жан-жануарлар атауларына қатысты сөздерге өс (өсімдік), кейбір терминдерге ғылымның қай саласына жататындығын білдіретін бот. (ботаника), хим (химия), лингв. (лингвистика) сияқты белгілер берілген. Ерін үндестігі мүмкін болған 3-4 буынға дейін көрсетілген. Мысалы, жазылуы – құлын, құлыны, құлынының; айтылуы – құлұн, құлұнұ, құлұнұнұң. Сөз ішінде, сөз тіркесінің жігінде сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанасуы немесе тоғысуы арқылы емес, керісінше олардың бір-біріне жуысуы арқылы айтылатын б,п,қ,к дауыссыздарының үстіне “ „ белгісі қойылған. Мысалы, жазылуы –Абай, айтылуы Абай, жазылуы – тексеру, айтылуы – тексеру.

Жалпы буын саны төрттен асатын бір мағыналық қатынасты білдіретін сөздер әрқайсысы өзіндік әуезбен айтылатынына қарамастан, кідіріссіз, бір ырғақты топ құрайтындықтан, орфографиясында бөлек көрсетіліп, олардың арасына доға қойылған: жазылуы – кәсіпорын, айтылуы –кәсіб орұн, жазылуы – сәлем беру, айтылуы – сәлем берүу.

Сөз тіркесі жігіндегі қатар келген екі дауыстының алдыңғысы, не соңғысы түсіріліп. Апостроф (’) қойылған. Мысалы: жазылуы – сарыағаш, айтылуы – сар’ағаш. Жоғарыда көрсетілген белгілер жөнінде қысқаша мәлімет орфоэпиялық сөздіктің кіріспесінде қамтылып, түсіндіріледі.

Сөйтіп дұрыс жазу нормасы қаншалықты керек болса, дұрыс айту нормасы да соншалықты қажет. Дұрыс сөйлемеу берілген, айтылған мәтін мазмұнын түсінуге белгілі дәрежеде қиындық тудыртады. Ақпарат мазмұнын қабылау үшін ең алдымен сөздің дыбыстық «жамылышын» тыңдаушы санасындағы дыбыс қоры «танып», өз дыбыс қорымен үйлестіруі керек. Сонда ғана айтушы мен қабылаушы арасындағы коммуникация тез, жылдам әрі сапалы жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]