
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ү модуль
ЛЕКСИКОГРАФИЯ
Қазақ тілінің лексикографиясы туралы жалпы түсінік және оның зерттелуі
Гректің лексикос (сөздік), графос (жазу, жазамын) деген сөздерінен алынып біріктіріліп, бір тілдің сөз байлығын, тілде қолданылып жүрген сөздерді бір жүйеге келтіріліп, жинастырып сөздік жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің бір саласын – лексикография дейді. Лексикография жалпы халықтық тіл байлығын, нормаларын қалыптастырып, тіл мәдениетін көтереді.
Лексикографияның екі саласы бар: теориялық лексикография және тәжірибелік лексикография. Теориялық лексикография жалпы сөздік жасаудың теориясын, мақсаты мен міндетін, принциптері мен типтерін анықтайды. Ал тәжірибелік лексикография әртүрлі сөздік жасаумен, сөздерді жүйелеумен, сұрыптаумен және оларды нормаға түсірумен айналысады.
Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты соңғы елу-алпыс жыл ішінде қалыптаса бастады.
Лексикографиялық жұмыстар – жалпы тіл мәдениетіндегі табыстарды тіліміздегі сөздердің кодификацияланған (қалыптанған) нормаларын қалың жұртшылыққа жеткізудің бір формасы. Бұқаралық ақпарат құралдарында (баспасөз, радио, теледидар) орта және жоғарғы оқу орындарында оқылатын лекциялардың бәрі, кез келген кеңсе қызметкерлері, жалпы жұртшылық осы сөздіктерге жүгінеді. Сөздіктер тілді жүйелендіруде, әдеби тілдің нормаларын қалыптастыруда тікелей жәрдемі көп. Қазіргі ана тіліміз кез келген мәселені, ой-пікірді соншалықты анық, дәл және нақты етіп түсіндіріп алатындай дәрежеге жетті.
Ұлт мәдениетіміздің дамып, жетілуі және қазақ тіл біліміндегі үздіксіз жүргізілген зерттеулер мен іс-тәжірибелер сөздік жасауды жеңілдетті әрі сапасын да көтеріп отырды. Лингвистикалық сөздіктер өте көп. Олардың өздерінің мақсат-мүдделері белгілі. Олар бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Мысалы, түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен жеткізілсе, ал екі немесе көп тілдік сөздікте өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Проф. Л.П. Ступин лексикографияға байланысты өз жіктемесін ұсынады 66.7-9 :
Жіктеме жасаудың алғашқы негізі ретінде сөздіктерді энциклопедиялық және лингвистикалық түрлерге бөледі.
Екінші негіз ретінде көлем жағынан сөздіктер үлкен, орташа, шағын түрлерге бөлінеді.
Үшінші негіз – атау сөздерге берілетін сипаттаманың тіліне қатысы. Егер атау сөз де, оның сипаттамасы да бір тілдің негізінде берілетін болса, ол – бір тілді сөздік, ал сипаттама басқа тілде болса, аударма сөздік болады.
Төртінші негіз – тілдің жеке функционалдық түрлерін қарастыруға қатысты: әдеби тіл, ғылыми– техникалық тіл, арнаулы тіл т.б.
Бесінші негіз – сөздікте сипатталатын тіл бірліктерінің құрамына байланысты. Сөз тіркесі болса – сөз тіркесі сөздігі, фразеологизм болса, Фразеологиялық сөздік, синоним болса – синонимдік сөздік.
Алтыншы негіз лексикалық бірліктердің қай тұрғыдан сипатталатынына байланысты (орфографиялық, орфоэпиялық, жиілік т.б. сөздіктер).
Жетінші негіз – сөздіктегі сөздердің орналасу ретіне байланысты сөзден ұғымға қарай: әліпбилік сөздіктер, ұғымнан сөзге қарай: идеологиялық сөздіктер және сөз соңынан сөз басына қарай: кері әліпбилік сөздіктер.
Осы сияқты жеке сөздіктерге жасалған жанрлық–типологиялық жіктемелер В.Виноградов. С.И. Ожегов, Ю.Н. Караулов, П.Н. Денисов, В.В. Морковкин, Х.Касарес, Л. Згуста, Ж. Ююбуа т.б. көптеген авторлардың еңбектерінде сөз болады.
Ғалым Б.Қалиев сөздіктердің бір-бірінен мынадай белгілері арқылы ажыратылатындығын айтып түсіндіреді [36.116].
Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай: түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік.
Сөздердің сипатталу мақсатына қарай: Орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдес сөздердің сөздігі, омонимдес сөздердің сөздігі, антонимдес сөздердің сөздігі т.б.
Сөздердің неге, кімге арналғандықтарына қарай: терминдік сөздік, диалектілік сөздік.
Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай морфологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік.
Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай: жиілік сөздік, кері сөздік т.б.
I БЛОК
Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай түрлері
Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік, энциклопедиялық сөздік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік те, аударма сөздік те, энциклопедиялық сөздік те сөздердің мағынасын сөз ете отырып, мысалдар арқылы дәйектейді. Оқулықта ең негізгі деген сөздіктер сөз болады.
Түсіндірме сөздік
Сөздіктердің ішінде сөздердің мағыналарын анықтауда ең көлемдісі осы – түсіндірме сөздік. Тілдегі бар сөздер алфавит тәртібімен беріледі де, оның мағыналары мысалдар арқылы түсіндіріледі. Бір сөздің қанша мағынасы болса, соншасы жеке-жеке түсіндіріліп, контекс арқылы ашылып отырады. Қазіргі қолымызда бар түсіндірме сөздіктің саны – 10 том. Әр томның көлемі орта есеппен 70 баспа табақ. Ал бүкіл сөздіктің жалпы көлемі – 700 баспа табақ. Бұл сөздікті «көп томдық», «академиялық сөздік» деп те атайды.
Сөздіктің басты мақсаты– қазақ тілінің сөздік құрамын түгел қамтып, тіліміздің лексика-грамматикалық, фразеологиялық, семантикалық байлығын көрсетіп, қолданылу аясы мен жұмсалу орнын анықтау.
Сөздік жасауда тіліміздегі барлық сөздердің қамтылуы, сөз мағыналарының анық түсіндірілуі, сөз мағыналарын өзі қатысты лексикалық топтардағы басқа сөздермен байланыстыра ашу; тіліміздегі сөздердің грамматикалық байланысын, қолданылатын орнын анықтау сияқты мәселелер ескерілуі тиіс.
Қазақ тілінің тұсіндірме сөздігінде көнерген сөздер, тарихи сөздер, кәсіби сөздер, кітаби лексика, өзге тілдерден ауысқан кірме сөздер, варианттар т.б. лексикалық топтардың бәрі қамтылған.
Түсіндірме сөздік ұлт мәдениетінің қарқындап өскен шағында, әдеби тілдің бірқалыпқа түскен уақытында жасалады. Бүкіл баспасөз, мектеп, радио, теледидар және тағы да басқа әлеуметтік тұрмыс салаларының бәрі де жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істейді. Сондықтан да қазірде Елбасының 2003 жылғы сәуір айында Қазақстан жұртшылығына арналған жолдауына орай жасалған Республика Үкіметінің «Мәдени мұра» атты бағдарламасына сәйкес, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мәдениет министрлігі, Ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің қолдауымен 2003-2006 ж.ж. аралығында қазақ тілінің он бес томдық түсіндірме сөздігін құрастыруда.
Бұндай көлемді де жауапты түсіндірме сөздіктерге деген қоғамның сұранысы жылдан-жылға артып отыр. Тілдің лексика-фразеологиялық байлығы халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымын, тәжірибесін, рухани байлығын танытатын семиотикалық жүйе болғандықтан оны барынша қамтып, иллюстрациялық (дәйектемелік) материалдарын да сұрыптауға тура келеді.
Болашақ сөздіктегі жеке сөздердің саны жүз мың шамасында, ал тұрақты тіркестердің, тіркесті сөздердің саны шамамен 30 мыңдай, барлығы 130 мыңдай сөздік бірлікті қамту көзделіп отыр.
Түсіндірме сөздік біріншіден, жалпы тіл біліміндегі жетістіктерге негізделген ғылыми сөздік, екіншіден, бүкіл мәдени өмірдегі сөзқолданыстың нормасын белгілейтін нормативті сөздік, үшіншіден, тілдің қазіргі жағдайын бейнелейтін сөздік болуы шарт.
Сөздікте реестрге алынған сөздердің қай сөз табына қатысты екендігін көрсететін грамматикалық белгілер қойылады. Аталмыш сөздікте сөздердің қолданылу аясы мен жұмсалу ортасы, эмоционалды-экспрессивті реңін сипаттайтын белгілер де көрсетіледі. Мысалы, әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана қолданылатынын көрсететін белгілер кәсіб деп, кәсіби лексика кітап, діни сөз діни, мифологиялық сөз миф, көнерген сөз көне поэтикалық сөз поэт деп белгіленсе; әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылатын тұрпайы сөз тұрп; қарапайым сөз қарап; диалектілік лексика диал; деп көрсетілсе, ғылымның арнайы саласында ғана жұмсалатындығын көрсететін биология биол; химия хим; медицина мед; т.б. деп белгіленеді.
Реестр сөздің анықтамасы, оның қай тілдің сөзі екендігін, яғни шығу төркіні мен қай стильге жататындығы мен грамматикалық белгілер сөздік мақала деп аталады. Бұл термин қазақ лексикографиясында 1970 жылдардан бері қолданылып келеді.
Сөздік мақалаға төмендегідей анықтама беріледі. Сөздік мақала – түсіндірмелі сөздік пен бірқатар көрсетпелі (демонстрирующие) сөздік типтерінің сөздік тұлға мен оның сипаттамасынан тұратын негізгі құрылымдық бірлігі [51.41].
А.Е. Карповичтің пікірі бойынша түсіндірме сөздіктің сөздік мақаласы – сөздікте сөздік тұлғамен басталып, сол сөздік тұлға мен туынды құрамды вакабулаларға жан-жақты тілдік сипаттама жасалуын қамтамасыз ететін шартты түрде дербес бөлік [25.207].
Сөздік мақаланың бір түрі – сөздік ұя деп аталынады. О.С. Ахманованың сөздігінде: бір сөздік мақала түрінде берілген морфологиялық тұрғыдан біріккен сөздердің тобы түрінде беріледі [4.109].
А.Е. Карпович сөздік ұяға «вокабулалардың арасындағы туындылық қатынастарды көрсету мақсатымен лексикографтар тарапынан түзілетін сөздік мақаланың бір типі» – деген анықтама береді [25.207].
Сонымен сөздік ұя дегеніміз ұялық тәсіл негізінде құралған, басты нысаны – морфологиялық немесе семантикалық тұрғыдан туынды, өзара байлаулы элементтер болып табылатын сөздік мақала түрі.
Сөздікте фразеологиялар сөз мағыналары талданған соң ♦ белгіден кейін келеді. Сонымен қатар әр сөздің мағынасы түсіндіріліп, кемі 2-3 мысал арқылы анықталады.
Жуық арада жұртшылыққа ұсынылатын қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздіктегі келтірілген мысалдар Абай, Жамбыл, Махамбет шығармаларынан, зұлмат құрбаны болған А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин т.б. көрнекті қалам қайраткерлерінің туындыларынан алынбақшы. Бұған қоса эпостық жанрлар, қисса-дастандар, тарихи жырлар, фольклорлық шығармалар, ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. ақын-жыраулар өлеңдері; «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты», «Айқап», «Қазақ» тәрізді – мерзімді басылымдары ұлттық сөздік қордың ұйытқысы болып табылады. Әрине, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин сияқты кеңес дәуірдегі алып тұлғалардың да туындылары аталмыш сөздіктен ерекше орын алмақ.
Бір тілді түсіндірме сөздік – әрі анықтамалық құрал, әрі дидактикалық құрал, әрі ғылыми зерттеу құралы болып табылады. Төмендегі мысалдар сөздіктің құрылысы жөнінен мәлімет береді.
Теңдік зат.
1. Барлық жағынан бірдей, тең болушылық. Достыққа бірлік пен теңдік керек (мақалнама). Біз достық пен теңдіктің, туысқандықтың туын көтереміз. (Б.Момышұлы, Таңд. шығ.). Адамдарға азаттық, бейбітшілік, теңдік, туысқандық, достық әкелуші көп санды халықтың ғана ұлы деп аталуға қақысы бар. (Ә.Нұршайықов. Ақиқат пен аңыз)
2. Тең праволылық, еркіндік, бостандық.
Ел ішінде әділдік жойылды. Жарлы-жақыбайға теңдік тимейтін болды. (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Теңдік заманы туды, әр жұрттың өз тізгіні өзіне берілді (М.Дулатов). Біз сияқты кемдікте, қорлықта жүрген ұлттарға теңдік береді. (Ж.Аймауытов, шығ.) Әйел теңдігі. Әйелді еркекпен тең праволы деп санау заңы. Бірақ ұлы мақсатты тілектердің бірі- әйел теңдігі әлі де көңілдегідей жүзеге асқан жоқ (М.Дулатов). Әйел теңдігіне немқұрайды қараушылық, жастардың сүйгенімен қосылуына кедергі жасаушылық жиырмасыншы, отызыншы жылдар былай тұрсын, осы күннің өзінде аз-кем кездесіп қалып отырады. (Р.Бердібаев Гүлістанның бұлбұлдары). Жаңыл кедей-кепшіктерді жинап жіберіп, жиналыс өткізді. Әңгіме әйел теңдігі жайлы еді. (С.Сарғасқаев). Теңдік бермеді. Ырық бермеді, көнбеді, бой бермеді. Қазақ жолына жүгінсе, жүніс теңдік бермейді. Заң жолы- ұзақ (Ғ.Мұстафин). Енді өз бетімше қам жасап көрмесек, таң атқасын оның теңдік бермейтіні рас. (Ә.Сәрсенбаев). Сондықтан осындайда әр ел өз дегеніне жетіп, өз билігін өзі алып қалмаса, ертең әркім буынын бекітіп, күшін жинап алған соң өзі шыққан тауы биік болғанын артық көреді. Қолдан теңдік бермейді (М.Дулатов). Теңдікке жеткізу. Теңдікке ие болды, қолы жетті. Езілген еңбекші елді, жалшыларды теңдікке жеткізуге, тегістік тұрмысын орнатуға жанымызды құрбан етеміз. (Ж.Аймауытов). Халықты оятып, көзін ашып, теңдікке жеткізудің қамын ойлауымыз керек. (М.Дулатов). Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз (М.Дулатов).
Түсіндірме сөздіктер адамзат тарихының әрқилы кезеңдерінде әртүрлі мақсат-мүдделерге сай, алуан түрлі жүйе мен құрылымда жасалып келеді. Мәдениет үлгілері ертерек хатқа түсіп, жазба дәстүрі үздіксіз дамып келе жатқан елдерде бұл сала – халықтың білім мен біліктің шежіресі іспеттес[53.5].
Сонымен қазақ түсіндірме сөздіктерінің қай-қайсысы да қай кезде де түркі тілдерінің түсіндірме сөздіктері арасында сапалы да құнды туынды саналғаны белгілі. Сондықтан да жақын арада басылып шығатын қазақ тілінің түсіндірме сөздігі де көпшіліктің ойынан шығатын, қоғамның сұранысын өтейтін сөздік болатынына күмәніміз жоқ. Қазіргі кезде еліміздің егемендікке қол жеткізген тұсында кейбір сөздер пассивтеніп, көптеген сөздер активтене бастады, бірсыпыра сөздің мағынасы қайта жаңғырды. Осындай сөздер жүйесіндегі өзгерістерді сөздік арқылы жеткізіп, бір нормаға түсіру өркениетті қоғам үшін аса маңызды, мемлекеттік мәні бар іс болмақ.