
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
Фразеологизмдер - тіл иесі халықтың (этностың) күллі дүние-ғалам жайлы ұғым-түсініктерінің, өзін қоршаған шындық болмысты тұтастай қабылдауының, мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты тіл - тілде өзгеше өрілетін ғаламның тілдік бейнесін, яғни дүниенің тілдік суретін жасауға қатысатын әсем де әсерлі сөз өрнектері, тілдік метафоралық композициялар. Ғаламның тілдік бейнесі, дүниенің тілдік суреті - белгілі бір халықтың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің, әлем жайлы білімінің сол халық сөйлейтін тілде көрініс табуы, бейнеленуі, шегенделіп бекітілуі. Міне, осы тұрғыдан алғанда, фразеологизмдер халықтың тұрмыс-тіршілігінің сан алуан қырын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын, эпикалық сана-сезімін, наным-сенімін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын т.б. толықтай танытатын тұрақты тілдік орамдар болып табылады. Фразеологизмдердің семантикасы негізінен адамды және оның іс әрекетін сипаттауға бағытталатындықтан, олар қатысқан ғаламның тілдік бейнесінде антропоцентрлік қасиет болмай қоймайды.
Фразеологизмдердің образдылығында, метафоралы ауыспалы мағынада қолданылуында, компоненттер құрамында, жалпы ұғымдық тұтастығында халықтың сан-ғасырлық іс-тәжірибесінің, рухани бітім-болмысының белгілерін жинақтаған ішкі құрылым болады. Бұл ішкі құрылымның пайда болуы туралы В.А.Маслова былай дейді: “Ең алдымен фразеологизмнің негізінде жатқан еркін тіркестің тура мағынасына сәйкес келетін қандай да бір жағдаят пайда болады. Оған мән беріледі, мағына жүктеледі, мазмұн бекіледі. Осы мән, мағына, мазмұн келесі бір ұғым-түсінікті білдіру үшін қайыра ой сүзгішінен өтіп, тура мағыналы еркін тіркес ауыс мағынада қолданыла бастайды, яғни о бастағы нақты жағдаятты білдірген еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздердің алғашқы, біріншілік мағыналарына негізделіп фразеологизмнің образы қалыптасады. Алғашқы, бірінші мағына ауыс мағынада қолданылатын фразеологизмнің бойынан мүлдем жойылып кетпейді, қайтсе де образда өз ізін қалдырады. Осылайша фразеологизмнің ішкі құрылымы түзіледі. Ішкі құрылымды мәдени ақпараттар көзі деуге болады, өйткені онда мәдениет қалдыратын “іздер” - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері сақталады” [52,82]. Мысалы, “біреуге жарамсақтанды” дегенді білдіретін шашбауын көтерді, сойылын соқты, жыртысын жыртты сияқты фразеологизмдер құрамындағы “шашбау”, “жыртыс”, “сойыл” қазақтың дәстүрлі тұрмыстық мәдениетінде бар дүниеліктер.
Фразеологизмдердің ішкі құрылымын ғылыми тұрғыдан талдау ісі тілдік бірліктердің пайда болуының жалпы заңдылықтарын ойлау, тіл, шындық болмыспен қатыстықта түсіндіретін номинация (бір нәрсеге ат қою, атау беру) теориясымен ұштастырылады. Зат пен құбылысқа атау берудің тілден тыс себептерін ашып көрсетуді, атауға негіз болған заттың, құбылыстың басты қасиет-белгісін анықтауды мақсат ететін номинацияда атау берудің екі түрі көрсетіледі: 1) алғашқы атау, 2) кейінгі атау.
Тілдегі әрбір фразеологизм ықшам да нақты, әсем де әсерлі етіп өрілген сөз өрнегі ғана емес, белгілі бір ұғым- түсінікке берілген суреттемелі, бейнелі атау. Оның бойында атау берудің екі дәрежесі де тоғысып жатады. Фразеологизмнің түп негізінде жатқан еркін тіркес лексикологиялық деңгейдегі алғашқы атау болады, себебі ол қандай да бір жағдаятты, құбылысты жай ғана сипаттайды, хабарлайды, мәлімдейді, баяндайды. Еркін тіркестің тура мағынасы фразеологизмнің фондық мағынасы деп аталады. Ал еркін тіркестің тура мағынасы арқалаған ұғым-түсініктің этностың танымдық әрекеті барысында келесі бір ұғымға, түсінікке телінуінің нәтижесінде пайда болып, фразеологиялық деңгейде тұрақталып, тиянақталатын екінші бір ұғым-түсініктің бейнелі атауы - фразеологиялық бірлік кейінгі атау болып табылады.
Алғашқы атау мен кейінгі атау арасын, яғни әу бастағы тура мағыналы еркін тіркес пен оның негізінде пайда болған тұрақты тіркес арасын адам-қоғам-табиғат, табиғат-түлік-адам, адам-кеңістік - уақыт сияқты үштіктердің мүше аралық қарым-қатынастарынан туындайтын ассоциация жалғайды. Ассоциативті параллельдердің тууына түрткі болатын, өзара салыстырылушы, салғастырылушы заттардың, құбылыстардың, әрекеттердің т.б. қай-қайсысына да ортақ айрықша белгі-нышан фразеологизмнің уәждік негізі деп аталады. Уәждік негіз бір құбылыс пен екінші құбылысты, бір іс-әрекетті екінші іс-әрекетті, бір затқа тән қасиетті екінші бір нәрсеге тән қасиетпен өзара ұқсатуға, балауға, теңеуге, телуге арқау болып, олардың бірі арқылы екіншісін сипаттап, бағалап, өлшеп, салмақтап, парықтап, пайымдап, тануға, суреттеп атауға негіз болады. Мысалы: төрт түлік мал ішінде қойдан жуас мал болмайтынын бағамдаған атам қазақ момын, жуас адам жайлы қойдан қоңыр, қой аузынан шөп алмас сияқты бейнелі фразеологизмдер жасады. Түк бітірмей, босқа сандалған адам туралы айтылатын шошқа тағалау фразеологизміндегі бейнелі ауыспалылықтың өзегі шошқа тағалаудың қазақ тіршілігіне жат әрекет екенінде.
Бір зат, құбылыс, әрекет, қимыл т.б. арқылы екінші бір затты, құбылысты, әрекетті, қимылды, оның орындалу амалын т.б. салыстыра тану үшін, танығанын атау үшін, яғни екінші дәрежелі атау туындауы үшін алғашқы заттың, құбылыстың, қимыл-әрекеттің нақты бейнесі, суреті ой елегінен өткізіледі. Ол сурет екінші дәрежелі атау бойында бейне (образ) қалыптастырады. Сондықтан о бастағы еркін тіркес арқалаған заттың, құбылыстың, іс-қимылдың нақты бейнесі, тіршіліктегі дағдылы көрініс, етене таныс сурет фразеологизмнің образдық негізі болады.
Ал фразеологизм арқалаған көркем бейне (образ) - айнала шындық болмыстың өзінен, яғни табиғат, өмір, қоғам тіршілігінен алынған, тіл иесіне етене таныс суреттің ой елегінен қайыра өткізілген елесі, бейнелі ойлаудың нәтижесіндегі “бейненің бейнесі” [61.147]. Фразеологиялық типтегі сөз тіркестерінде тұрақталып, тілдік тұрпат алатын кез келген бейне (образ) нақты реалийлермен тығыз байланыста болады және белгілі бір өмірлік жағдаятты меңзейді. Егер тіл өкіліне тілдік орамның материалдық негізі (фразеологизмнің лексикалық құрамы) түсінікті болса, әрі оны тудырған жағдаят белгілі болса, тілдік орам (фразеологиялық бірлік) айрықша бейнелі, образды болып көрінеді, ал керісінше болса, тілдік орам тіл өкілі үшін идиома болып қалады [50.121]. Мысалы, ләм-мим демеді, сағы сынды, жауырды жаба тоқыды, сап ете қалды, кежегесі кейін тартты, т.б. идиомалар құрамындағы ләм-мим, сақ, жаба тоқу, сап, кежеге сияқты сөздердің мағыналарының күнгірттенуінен тұрақты тіркес арқалаған бейне айқындылығын жойған.
Фразеологизм арқалаған образ неғұрлым айқын болған сайын, фразеологиялық бірліктің идеялық мазмұнының айқындылығы, айшықтылығы, экспрессивті-эмоциональді күші, нысанаға дөп тиер өткірлігі соғұрлым арта түседі.
Теңеу, айшықты анықтауыштар, метафора, метонимия, гипербола, ассонанс, аллитерация сияқты көркемдеуіш-бейнелеуіш амал-құралдар арқылы образдар әдіптеледі, көмкеріледі, көркем тұрпатқа ие болады.
Фондық мағына, уәждік негіз, образдық негіз, образ, фразеологиялық жиынтық мағына - фразеологизмнің қабат-қаттауларында орын тепкен мазмұндық компоненттер болып табылады. Олар тұтасып келіп, фразеологизмнің ақпараттық ішкі құрылымын құрайды. Ал ішкі құрылымның өзі, сайып келгенде, фондық негізден өрбиді, тамырланады.
Фразеологизмнің фондық негізінде тіл иесі халықтың дүниені тұтастай немесе мүшелей тануы мен қабылдауының концептуальді (< лат. concentus - ой, түсінік) өрісіне енетін дәстүрлі халықтық білім жүйесінің сан алуан салаларынан алынған жекелеген эпизодтар жатады. Дәстүрлі халықтық білім жүйесі - этностың (халықтың, ұлттың) бағзы заманнан қоршаған ортаны игеруінің нәтижесінде қалыптасқан қорытынды тәжірибелері, содан туындайтын этномәдени болмысы, сан қырлы идеологиялық, әлеуметтік қатынастары мен дүниетанымы [77.4]. Сондықтанда фразеологизмнің ішкі қат-қаттауларында сақталып қалған қандай да бір белгінің, оқиғаның, нәрсенің, әрекеттің “іздері” зерттеушіні күн-көріс, тіршіліктегі қалыпты көріністерге, сондай-ақ көне нанымдар мен салттар, әлеуметтік-тарихи құбылыстар әлемін зерделеуге жетелейді [75.245].
Мәселен, адамның сыртқы түр-тұлғасын, ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін, мінез-құлығын, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын сипаттап, бейнелеп, суреттеп атауда қазақ халқы жан-жануарлар әлемінен алынған образдарға жиі жүгінеді.
“Адам” деген ұғымға екі аяқты, жұмыр басты пенде деп бейнелі анықтама (атау) беріп, адам баласын “тек” жағынан жануармен жақындастырған қазақ жануар мен адам арасындағы айырмашылықты сыртқы түр-тұрпаттан іздейді. Физиологиялық тұрғыдан қатты ұқсайтын адам мен жануарды бір-бірінен айыра танытатын белгі етіп жануардың төрт аяқтап, ал адамның тікесінен тік, екі аяғымен жүруін, сонымен қатар адам басының жануар басына қарағанда жұмыр пішінге ие екенін (жұмыр басты пенде) таңдайды. Бұл айырым белгі лексикологиялық деңгейдегі фондық мағынаның фразеологиялық деңгейге көтерілуіне, метафоралық тілдік композицияның жасалуына қажет уәждік негіз қызметін атқарады және өзара ассоциацияға түсуші “Адам” және “Жануар” сфераларының өзара орын алмастыруына белгілі дәрежеде шектеу қояды.
Жұмыр басты пенде, екі аяқты фразеологизмдерінің образдық негізінде басы, тұла бойы бар, тікесінен тік, екі аяғымен жүретін адамның сыртқы пішініне қатысты сурет жатыр. Осы суретті сипаттаған фондық мағына (тура мағына) “кісі”, “қарапайым көптің бірі” деген ауыспалы мағынада жұмсала бастағанда, сурет (басы, тұла бойы бар, тікесінен тік, екі аяғымен жүретін адам) бейнелі елестетудің нәтижесінде фразеологизмнің образына айналады. Жұмыр басты пенде, екі аяқты фразеологизмдерінің фондық негізі көшпелілердің ежелгі тәңірлік танымын танытатын “Көк - Тәңір - Ата - Бас - Жоғарғы әлем”, “Қара - Жер - Ана - Төменгі әлем” мифтік-танымдық құрылымдарға, эстетикалық талғамын танытатын символдық өлшемдерге (жұмырлық - әбден жетілген әсем тұрпаттың символы) жетелейді.
Қазақ тілінде бір жағынан жануарлар әлемін, екінші жағынан адамдардың тіршілік тынысын бақылаудың нәтижесінде туындаған қайыспас қара нар, тұлпардың тұяғы, атқұлағында ойнау, қу түлкі, теке сақал, кер маралдай керілген, қой аузынан шөп алмас, тайлақ түйе тайраңдағандай, қойға қасқыр шапқандай, атты арбап, атан жұту, текені әке, ешкіні шеше деу, ит сілікпесін шығару, иттің етінен жек көру т.б. тәрізді көркем бейнелі тіркестердің семантикасы адам болмысына, адам баласына тән ерекшеліктерді бағалауға бағытталады.
Қоғамдық санада орын тепкен “Біз-Олар” қарама-қайшылығынан өрбитін рулық психология ертерек кездегі ру-тайпалар аралық саяси, әлеуметтік, көршілік қарым-қатынастардың тілде ежелгі дұшпан ел болмас, ат көтіне байлау, тұқымын тұздай құрыту, кісі елі, кісі жері, құлақ кесті құл, қанжығада көрісу, жеті ата, жетпіс пұшты, жеті атасынан түк көрмеген ат сауырына мінгізу, барымтаға қарымта қайтару, ел көшті, жау жетті қылу т.б. жаугершілік мазмұнды образды фразеологизмдер жасалуына фондық негіз болады.
Ал от басы, ошақ қасы, ошақтың үш бұты, түтінін түтету, іргесі сөгілу, қара шаңырақтың иесі, кісі есігінде, табалдырық аттамау, шашбауын көтеру, жүзіктің көзінен өткендей, бет моншағы үзілу, жабулы қазан жабулы күйінде қалу т.б. тұрақты сөз тіркестерінде қазақтың өзгеде кездеспейтін этномәдени ерекшеліктері көрініс табады.
Қорыта айтқанда, фразеологизмдер - халықтың дүние-ғаламды тұтастай және мүшелей тануынан туындайтын ғаламның тілдік-поэтикалық бейнесін өретін сөз өрнектері. Олардың ішкі құрылымында тіл иесінің қоршаған ортасын игеру барысында жинақтаған білімі, өмірлік іс-тәжірибесі, наным-сенімі, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, дүниеге деген көзқарасы, эстетикалық талғамы т.б. туралы этномәдени ақпараттар сақталады.
СООЖ
1. Қазақ тіліндегі наным-сенімдерге байланысты тұрақты сөз тіркестері.
2. Қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулер.
3. Қазақ тіліндегі этнографиялық тұрақты тіркестер.
4.Қазақ тіліндегі антоним фразеологизмдердің танымдық негізі.
5. Зоофразеологизмдердің образдық - фондық негізі.
СӨЖ
1. Фразеологизмдерді құрылымдық-типологиялық тұрғыдан топтастыру мәселесі.
2.Фразеологизмдердің көп мағыналылығы.
3. Етістікті фразеологизмдердің семантикалық құрылымы.
4. Қазақ тіліндегі соматикалық бейнелі фразеологизмдердің шкі құрылымы.
5. Қазақ тіліндегі сандық ұғымдардың қатысуымен жасалған фразеологизмдер.
6. Фразеологизмдердің синтаксистік құрылысы.
1-тапсырма. 1. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін пайдаланып, төмендегі тұрақты тіркестердің қандай сөзге балама екенін анықтаңыз.
YЛГІ: асығы алшасынан түсу - жолы болу;
Ит арқасы қиянда, көктен тілегені жерден табылу, тіл-көз тию, бастан құлақ садаға, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез, сай сүйегі сырқырау, ат шаптырым жер, құлағы түрік, бастан құлақ садаға, жымын білдірмеу, қызыл шеке болу, жаны мұрнының ұшына келу, миын жеу, тісі-тісіне тимеу, екі көзі шарасынан шығу, арам тер болу, қанжығада көрісу, ат құйрығын кесу.
2. Фразеологияның зерттеу обьектісіне не жатады?
3. Тұрақты сөз тіркесі деп қандай тіркесті айтамыз? Басты ерекшеліктері мен белгілерін атаңыз.
4. Фразеологизмдердің қандай түрлері бар? Әр түріне мысал келтіріңіз.
5. Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы және ішкі құрылымы дегенді қалай түсінесіз?
2-тапсырма. 1. Төмендегі мәтіннен тұрақты тіркестерді тауып жазыңыз. Олардың ішінен идиомаларды, фразеологиялық тіркестер мен тізбектерді, мақал-мәтелдерді айырыңыз. Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы мен ішкі құрылымына талдау жасаңыз.