
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
Фразеологизмдердің түрлері
Фразеологизмдерді түр-түрге бөлу - ХХ ғасырдың 40 жылдарынан бастап-ақ қазақ фразеологиясындағы басты мәселелердің бірі болды. Түркітануда, қазақ тіл білімінде фразеологияның объектісіне жатқызылатын тұрақты сөз тіркестерінің түрлері жайлы әр түрлі пікір орын алып келеді. Фразеологтер арасындағы тұрақты сөз тіркестерінің түрлеріне қатысты пікір қайшылығы негізінен фразеологияның зерттеу объектісінің шек-шекарасын белгілеуден, яғни тұрақты сөз тіркестерін зерттеуді кең және тар ұғымда түсінуге байланысты туындайды. І.Кеңесбаев, Ш.Рахматуллаев, Г.Байрамова, З.Ураксин, Ә.Т.Қайдар, А.А.Юлдашев сияқты белгілі түркологтер фразеологияның зерттеу объектісін фразеологиялық бірліктермен шектеуді қолдайтын болса, С.Н.Мұратов, І.Х.Ахунзяновтар күрделі сөздерді, қос сөздерді, газет айдарларын, мақал - мәтелдерді, нақыл сөздерді тұрақты сөз тіркестеріне жатқызады.
І.Кеңесбаев “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің” “Қазақ тілінің фразеологизмдері” деп аталатын бөлімінде фразеологизмдерді түрге бөлу мәселесіне кеңінен тоқталды. Ғалым фразеологизм бойындағы мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылы сияқты басты үш белгіні негіз ете отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологиялық бірліктерді фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп екі үлкен топқа бөліп, фразелогиялық түйдектерге жаны күйді, ит арқасы қиянда, жүрегінің түгі бар, жүрек жұтқан тәрізді лексикалық компоненттердің барлығы жиналып, бір ғана ұғымды түйдегімен білдіретін идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызды. Ол идиом сипатындағы фразеологизмдердің идиом емес сипаттағы фразеологизмдерден мағынаның тасалану, тасаланбауы, яғни құрамындағы сөздердің өздерінің тура мағыналарын сақтауы, сақтамауы жағынан елеулі айырмасы болатынын айтады. “Идиома (фразеологиялық түйдек) ішіндегі сөздер өздерінің бастапқы лексикалық тұрпаты мен семантикалық қасиетін жоғалтады да, сырт сиқын ғана сақтап қалады. Фразеологиялық түйдектің (идиом) беретін мағынасы оның сыңарларынан шығатын мағынамен мүлдем байланыспайды” деген тұжырым жасайды, “жеңіл-желпі тамақтанып алу” дегенді білдіретін жүрек жалғады, “өкпелесті”, “араздасып қалды” дегенді білдіретін қырғи - қабақ болды, “өте тату” дегенді білдіретін тонның ішкі бауындай фразеологизмдерінің жиынтық фразеологиялық мағыналарының тіркестер құрамындағы жүрек, жалғау, қырғи қабақ, тон, іш бау сөздерінің жеке тұрғандағы тура мағыналарынан туып отырмағанын, түйдек сыңарлары тұтастып барып, бір шоқ жаңа мағына туғызып тұрғанын айтады [31.600]. Ал белін қынай буынды, ата жолын қуды, қан жоса етті дегендерді фразеологиялық тіркеске жатқыза отырып, ғалым фразеологиялық тіркестің фразеологиялық түйдектен айырмашылығы - фразеологиялық тіркес ішінде сөздер (бел, буыну, ата жолы, қан) жеке тұрып білдіретін бастапқы, негізгі мағыналарынан жарым-жартылай айырылатынын айтады.
І.Кеңесбаев фразеологиялық тіркестерді құрамындағы сыңарлардың о бастағы тура, негізгі мағыналарының көмескі тарту, тартпауына қарай: а) түйін тіркес, мысалы, ернінен ене сүті кеппеген, пышақ кескендей тыйылды, өкшесін жалтыратты т.б.; ә) түйіс тіркес, мысалы, құмырысқадай құжынаған, көзді ашып-жұмғанша, қыпша-бел, оймақ ауыз т.б. деп екіге бөледі [31.591].
Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін өз ішінен идиомдық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлу А.Ысқақов [79.130], М.Балақаев, Т.Қордабаев еңбектерінде де орын алады [11,25].
Профессорлар Ә.Болғанбаев пен Ғ.Қалиев орыс ғалымы В.В.Виноградовтың классификациясын негізге ала отырып, қазақ фразеологизмдерін фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үш топқа жіктейді [35.183].
Фразеологиялық тұтастыққа құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқендай ажыратуға болмайтын фразеологизмдер жатады. Мысалы: мұрнынан шаншылып жүр; мұрнына су жетпеді; түйені түгімен, биені бүгімен жұтты; аттың жалы, түйенің қомында; бір ұрты май, бір ұрты қан т.б.
Фразеологиялық бірлік әу бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан пайда болады. Фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығы сол, мұнда жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына, яғни фразеологиялық мағынаның жасалуына негіз болған еркін тіркестегі бастапқы лексикалық мағына айқынырақ көрініп тұрады. Мысалы: ит көйлекті бұрын тоздырған; ескі жараның аузын ашты, көз көрмес; құлақ естімес жер, ит байласа тұрғысыз т.б.
Фразеологиялық тізбек те фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан пайда болған. Мұнда тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы мүлдем жойлмағанымен, күңгірт тарта бастағаны байқалады. Фразеологиялық тізбек еркін тіркесімділік қабілетке ие сөз бен жұмсалу қабілеті шектеулікке ие бола бастаған, көбіне фразеологиялық байлаулы мағынада ғана жұмсалатын сөздердің тіркесінен тұрады. Мысалы: көк бет, қысыр сөз, қасқа жол, қолаң шаш, жуан жұдырық, сояу тіс, қозы жауырын.
Фразеологиялық тізбек құрамындағы сөздердің бастапқы лексикалық мағыналары анық, айқын болмағынымен, сәл-пәл сезіліп тұратындығымен фразеологизмдердің басқа түрлерінен ерекшеленеді. Мысалы: көз көрім жер, саусақпен санарлықтай, көзі тірісінде, қамыт аяқ, қалқан құлақ т.б.
Орыс фразеологизмдерін фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек деп үшке бөлген В.В.Виноградовтың классификациясын жетілдіріп, оған төртінші етіп фразеологиялық сөйлемшені қосқан Н.М.Шанскийдің топтастыруына [78.27-28] негіздеп, Р.Сәрсенбаев [69], Ө.Айтбаев [7], Г.Смағұлова [70], Н.Уәлиев [76] тәрізді ғалымдар қазақ мақал-мәтелдерін фразеологиялық тұрақты орамдар ретінде фразеологияның құрамында қарастыруды ұсынады. Олар мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысын сөз еткенде, ең алдымен мақал-мәтелдердің қалыптасқан, дайын сөз тіркесі екенін, құрамындағы компоненттердің тұрақтылығын, сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай даяр қалпында қолданылуын, бейнелілігі мен мәнерлілігін, бағалауыштық, экспрессивтік қасиеттерін, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін алға тартады. Дегенмен қазақ тіл білімінде мақал-мәтелдерді фразеологиялық бірлік ретінде қарастыруға қарсы пікірлерде орын алады. Мәселен, профессор М.М.Копыленко мақал-мәтелдер ситуацияға байланысты қолданылып, фразалық мағынаға ие болатынына қарамастан фразеологияның тақырыбы бола алмайтынын, себебі олар халық творчествосының жанры болып табылатынын айтады [33.64]. Академик Ә.Т. Қайдар бүгінгі қазақ тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі - қазақ паремиологиясын жеке пән, дербес ғылыми сала ретінде қалыптастыру екенін атап көрсете отырып, оның зерттеу объектісіне мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді, қанатты сөздерді жатқызады [34].
Фразеологизмдердің құрылым-құрылысы.
Фразеологизмдер сырт тұлғасына, яғни құрылым-құрылысына қарай екіге бөлінеді:
1) сөйлем құрылымдас фразеологизмдер;
2) сөз тіркесі құрылымдас фразеологизмдер.
Сөйлем құрылымдас фразеологизмдердің өзін іштей: а) жай сөйлем құрылымдас; ә) құрмалас сөйлем құрылымдас деп екіге бөлуге болады. Жай сөйлем құрылымдас фразеологизмдерге бағы ашылды, көктен іздегені жерден табылды, ине шаншыр жер жоқ, екі йығын жұлып жеді, жанын қоярға жер таппады т.б. фразеологизмдер жататын болса, құрмалас сөйлем құрылымдас фразеологизмдерге ес біліп, етегін жапты; қаққанда қанын, соққанда сөлін алды; ай дейтін ажасы, қой дейтін қожасы жоқ; ішер асқа, киер киімге жарымады; аузын ашып, көзін жұмды т.б. жатады.
Сөз тіркесі құрылымдас фразеологизмдерді: а) жалаң сөз тіркесі құрылымдас (өзек жалғау, жағасына жармасу, ат шаптырым, жарым түн, түн қатып, суық қол, сақалды басымен, төбесі тесік, бүйрек бет, ел аузында т.б.);
ә) күрделі сөз тіркесі құрылымдас (аузынан жырып беру, аяғына бас ию, ат кекілін кесісу, жаны ұстараның жүзінде, ойда жоқ жерде, аяқ-қолын баурына алу, жанын көзіне көрсету т.б.) деп екіге бөлуге болады.
Фразеологизмдерді бұлайша құрылым-құрылысына қарай жіктеудің өзінде шарттылық бар. Себебі олар синтаксистік тұрғыдан бөліп-жаруға келмейтін, тұтасып кеткен, бір бүтін тілдік бірлік болып табылады.
Фразеологизмдердің сөз табына қатысы.
Қазақ фразеологиясының теориялық мәселелеріне арналған зерттеулерде көрініс тапқан фразеологизмдерді сөз табына топтастыру туралы пікірлерде негізінен бірізділік байқалады.
Ә.Қайдар, Р.Жайсақовалар фразеологизмдерді сөз табына қатысына қарай 5 топқа бөледі [27, 3]:
1. Есімді фразеологизмдер.
2. Етістікті фразеологизмдер.
3. Одағай түріндегі фразеологизмдер.
4. Адвербиальді түрдегі фразеологизмдер.
5. Сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер.
Ғ.Қалиев, Ә.Болғанбаевтар қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан:
1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2. Сындық мағыналы фразеологизмдер.
3. Заттық мағыналы фразеологизмдер.
4. Yстеу мағыналы фразеологизмдер деп төрт топқа бөліп қарауды ұсынады [35.190-192].
Г. Смағұлова фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығына қарай 6 топқа жіктейді [70.23-33]:
1. Етістік мағыналы фразеологизмдер.
2. Есім мағыналы фразеологизмдер.
3. Yстеу мағыналы фразеологизмдер.
4. Одағай тұлғалы фразеологизмдер.
5. Әр тарапты (модаль) сөздерден жасалған фразеологизмдер.
6. Сөйлеу дағдысында қолданылатын фразеологизмдер.
Фразеологизмнің қай сөз табына қатысын анықтауда көбінесе негізгі сөз бен жалпы тіркестен туатын фразеологиялық жиынтық мағына салыстырылады. Фразеологизмдерді шартты түрде сөз табына топтастыруда олардың семантикалық құрылымы, дәлірек айтқанда, фразеологиялық ішкі мағыналық тұтастық межеге алынады, фразеологизмдердің сөйлемдегі атқаратын біртұтас қызметі ескеріледі. Мәселен, жаны мұрнының ұшына келу деген фразеологизмді “қорқу” дегенді білдіретін жиынтық мағынасына қарап, етістікке жатқызуға болатындықтан, сөйлем ішінде ол баяндауыш қызметін атқарады. Қас пен көздің арасында фразеологизмі “тез, жылдам” деген мағынаны білдіретіндіктен, сөйлемде пысықтауыштың қызметін, алақанға қойғандай “анық, айқын” деген сындық ұғымды білдіретіндіктен, сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалады. Жеменайдың жер түбі деген фразеологизм “алыс, өте қашық” дегенді білдіріп, сөйлемде үстеу қызметін атқаратын болса, кіндік кесіп, кір жуған жер “отан, туған жер” деген заттық мағынаны білдіреді. Бұлардың сыртында қазақ тілінің фразеологиялық қорында жиынтық мағынасына қарай дәл қай сөз табына жатқызуға болатынын анықтау қиынға соғатын демеулік шылаулар мен интонация арқылы жасалған субьективті-модальдік мағынадағы көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?, шыққан мүйзің қайсы?, тақияңа тар кеп тұр ма? сияқты фразеологизмдер, бар, жоқ, емес сөздерінің көмегімен жасалған сөзінің жаны бар, атарға оғы жоқ,екі туып, бір қалғаны емес, сөйлеу дағдысына қарай ауызекі тілде қолданылатын, сөйлемде қыстырма сөздің орнына жұмсалатын обалы нешік, ұзын сөздің қысқасы, айтып айтпай не керек, аузыңа май, астыңа тай сияқты фразеологизмдер де көптеп кездеседі.
Фразеологиялық омонимия және көпмағыналық.
Тілдегі жеке дара сөздер аралық қарыстылыққа тән омонимия және көп мағыналық құбылыстары фразеологиялық бірліктер арасында аз да болса кездесіп жатады. Әсіресе фразеологиялық омонимдер өте сирек ұшырасады. Тілші мамандар омоним болу үшін айтылуы бірдей болып келетін жеке сөздердің ғана емес, сыртқы тұрпаты бірдей фраземалардың мағыналары да, тіптен олардың түп-төркіні де бөлек болуы қажет дегенді айтады [2,592]. Мәселен, “дау-дамайды қоздыра түсу” мағынасындағы отқа май құю образды-метафоралық сипаттағы фразеологизм мен босаға аттап, отқа май құю ырымын жасаған келіннің қолтығынан сүйеген абысындарға берілер кәденің атауы отқа май құяр (салар) образды - номинативті сипаттағы этнографиялық фразеологизм бір-біріне омонимдік қатыста болып келеді. Сол сияқты “ренжісті, араздасты, қарым-қатынастарын үзді” дегенді білдіретін ат құйрығын (кекілін) кесу мен иесі қайтыс болған мініс атты тұлдау рәсіміне қатысты айтылатын ат құйрығын (кекілін) кесу екі басқа мағынада жұмсалатын омоним фразеологизмдер болып табылады.
Қазақ фразеологизмдері арасында көп мағыналық құбылысы да орын алады. Бұл құбылыс фразеологизмдердің басқа түрлеріне қарағанда фразеологиялық тіркестерде молырақ кездеседі. Мысалы: Ішкі сарай: а) адамның ішкі органдары; ә) адамныі көңілі, ішкі сыры. Аузымен құс тістеген: а) жүйрік ат, сәйгүлік; ә) сөзге жүйрік ділмар, асқан шешен. Қабырғасы қақырады: а) берекесі кетті, быт-шыт болды; ә) қатты қайғырды.
Мағыналас фразеологизмдер
Қазақ тілінің фразеологиялық қазынасында білдіретін фразеологиялық жиынтық мағынасы жағынан бір-біріне синонимдік қатыста болып келетін фразеологизмдер көптеп кездеседі. Синоним фразеологизмдерде мағыналық жуықтық болғанымен, құрылым-құрылыс, компоненттік құрам, яғни тұрпат тұрғысынан алғанда еш жуықтық болмайды. Мысалы: жүрегі тас төбесіне шықты, зәресі ұшты, иманы қасым болды, төбе шашы тік тұрды деген фразеологизмдер “шошыды, қорықты“ деген жиынтық мағына төңірегінде топталады да, өзара синонимдік қатар құрайды.
Қазақ тіліндегі мағыналас фразеологизмдердің семантикасын, прагматикасын, құрылымын, құрамын, стильдік ерекшеліктерін арнайы зерттеген професор Г.Смағұлова оларда ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, ұлттық ментальдық өре айрықша көрініс табатынын айтады [21].
Синоним фразеологизмдер қолданыс ыңғайына қарай эмоциональді-экспрессивтік тұрғыдан семантика-стилистикалық сатылық деңгейде жұмсалады. Фразеологизмдерде бағалау, сипаттау, суреттеу, бейнелеу қасиеті жеке сөздерге қарағанда жоғары болады да, эмоцияның сан қырлы спектрлерін лексикалық синонимдер тап басып жеткізе алмаған жағдайда, сөйлеуші бейнелі тіркестерді, соның ішінде фразеологизмнің синонимдік қатарынан экспрессивтік бояуы ең күштісін таңдайды. Мәселен, қосып айтты дегенде эвфемистік сыпайлау реңкі болса, аузы мұрны қисаймай, беті бүлк етпей - ауызекі сөйлеу тіліне тән фразеологиялық синонимдер. Сөзі аяқ асты болу, сөзін бит шаққан құрлы көрмеу синоним фразеологизмдері де экспрессивтік бояу тұрғысынан ерекшеленеді. Сөзі аяқ асты болу дегенде немқұрайлылық, елемеушілік реңкі басым болса, сөзін бит шаққан құрлы көрмеу фразеологизміне «мүлдем тыңдамау» деген семантикалық-стилистикалық бояу тән.
Мағыналас фразеологизмдердің синонимдік қатарының ішкі семантикалық мүмкіншілігінің тереңдігі ұлттық - мәдени ұғымға, түсінікке тәуелді болады. Бұл образдылықтың күшею сатысынан көрінеді. Мысалы, өте ысаяқ қу адам қасиетін беруде алпыс екі айлалы, жыланның аяғын көрген, қара судан қаймақ алған, тақыр жерден шөп өсіретін, су жұқпас, қулығына құрық бойламайтын, Сырдан сыңар аяқ өткен сияқты бейнелі фразеологизмдер қолданылады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық реңк фразеологизмдердің жасалуына негіз болған образдарға, фразеологизмнің ішкі формасына байланысты болады. Образдар қаншалықты бай, сан түрлі болса, фразеологиялық синонимдер де соншалықты суретті болмақ [71.36].
Фразеологиялық антонимдер
Фразеологизмдер мағына жақындығына қарай синоним болып жұмсалатыны сияқты, қарама-қарсы мәнде қолданылуына қарай өзара антонимдік қатыстылықта да болып келеді. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдердің екі түрі орын алады:
1) фразеологизм құрамындағы компоненттердің басқа сөзбен алмастырылуына негізделген фразеологиялық антонимдер. Мысалы: бетінен оты шықты - беті бүлк етпеді; ер жүрек - қоян жұрек; сыр алдырды - сыр бермеді, бақ қонды - бағы тайды т.б.
2)Компоненттік құрамында еш жақындық жоқ, тек фразеологиялық жалпы мағына тұрғысынан антонимдік жұп түзетін фразеологизмдер. Мысалы: отымен кіріп, күлімен шықты - бұта басын сындырмады; ауыз жаласты - ат құйрығын кесісті; айы оңынан шықты - жолы болмады; күрең қабақ болысты- араларынан қыл өтпеді т.б.
Фразеологизмдердің варианттылығы
Фразеологиялық жиынтық мағынаға еш әсер етпейтін құрам-құрылыстағы азды-көпті дыбыстық, морфологиялық өзгешеліктер немесе кейбір сыңарлардың семантикалық өрістес сөздермен алмастырылуы фразеологиялық варианттылықты тудырады.
Қазақ тілінде варианттылықтың мынадай үш түрі бар:
1) лексикалық варианттылық, 2) фонетикалық варианттылық, 3) морфологиялық варианттылық.
Лексикалық варианттылық үшін бірдей мағынаны білдіретін бірнеше фразеологизмдердің лексикалық құрамының өте ұқсас болуы, мұнда компоненттер арасында мағына жақындығы сақталуы қажет. Мысалы: жүзін жылыту/ түсін жылыту/өңін жылыту, ала жібін алмау/ ала жібін аттамау, бой тасалау/ бой жасыру, оң сапар тілеу/ сәт сапар тілеу, адам шошырлық/ жан шошырлық, иманы қашу / имны қалмау/ иманы ұшу .
Морфологиялық варианттылық фразеологизмдердің морфологиялық құрылымына, яғни мән-мағынасы, лексикалық құрамы бірдей болып келетін фразеологизмдердің сыңарларында морфологиялық тұлға тұрғысынан алғанда азды-көпті ерекшеліктердің кездесуіне байланысты болады. Мысалы: өлмес күнін көру/ өлместің күнін көру, бөгет болу/ бөгесін болу, көзге ілмеу/көзіне ілмеу, азар болса/ азар болғанда т.б.
Фонетикалық варианттылық фразеологизм құрамындағы сөздердің дыбыстық өзгешеліктермен қолданылуына қатысты болады. Мысалы: емешесі құру/ емесесі құру, риза болу/ ыразы болу, ай дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ/ әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, пешенесіне жазған/бешенесіне жазылған т.б.
Фразеологиялық варианттылық тілдің синхронды және диахронды дамуы арасын үзбей, алшақтатпай байланыстыруға қызмет ететін, тілдік норманың қалыптасуына ықпалын тигізетін тарихи тілдік құбылыс болып табылады [70.34-38].