Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Х модуль

Көп компоненттi құрмалас

көп компоненттi салалас

Көп компоненттi

құрмалас сөйлемдер

көп бағыныңқылы сабақтас

төл сөз

Бөгде сөз, оның түрлерi

автор сөзi

төлеу сөз

тыныс белгiлерiнiң түрлерi мен қызметтерi

пунктуация

І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер

Негізінен үш және одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентті сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар:

  1. Көп компонентті салалас құрмалас;

  2. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас;

  3. Аралас құрмалас.

Ал мұндай сөйлемдерді бір-бірімен мағыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналық қатынастары әр түрлі болып келеді.

Біз көп компонентті құрмаластың ішінде аралас құрмалас туралы сөз қозғалып кеткендіктен, тек алғашқы екі түріне ғана тоқталмақпыз.

Көп компонентті салалас

Бұл сөйлем құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тең дәрежеде, тиянақты болып келеді. Алғашқы компонент пен келесі тұрған компонент мезгілдік қатынасты білдірсе, соңғы сөйлемі мен алдыңғы сөйлемі қарсылық мағына беруі мүмкін. Сондықтан оны мағыналық қатынастарына қарай жіктеу мүмкін емес.

Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі қазақ тіліндегі көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер» деген тақырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы тақырыпқа қатысты зерттеу еңбек жазды ( 3,26 ).

Сонымен бірге көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді.

Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп /Ғ.Мұстафин/.

Көп бағыныңқылы сабақтас

Құрамында үш не одан да көп бағыныңқы сөйлемі бар құрмаластың түрі көп бағыныңқылы деп аталады. Құрамындағы алдыңғы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз келеді де, соңғы сөйлемінің баяндауыштары тиянақты болып келеді. Бұлар да бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз келеді. Көп бағыныңқылы сабақтас жөнінде 1972 жылы О.Төлегеновтың мақаласы жарық көрді (61).

Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен байланысады. Біріншісі - жарыспалы байланысу. Бұл сөйлем құрамындағы әрбір жай сөйлем басыңқы сыңарға жарысып, тікелей байланысады. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгел орындалып болған-ды /М.Әуезов/.

Екінші байланысу түрі - сатылай байланысу. Мұнда алдыңғы сөйлем келесі сөйлемге, ол сөйлем соңғы сөйлемге біртіндеп сатылай байланысады. Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-тұрық мал жайын ойлап, күннің қабағына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырғанда, ұсақ мал төлдеп қалды /Ә.Нұрпейісов/.

Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері

Қазақ тілі грамматикасының синтаксис бөлімінде сөздердің сөйлем ішіндегі тіркесу заңдылығын, сөйлем, оның түрлері, сөйлем мүшелері туралы түсінік беріледі. Сонымен бірге төл сөз бен төлеу сөз туралы да түсінік береді.

Бөгде сөз, оның түрлері жалпы аз зерттелген. Тек ғалым Ә.Әбілқаев бөгде сөзді арнайы зерттеу нысаны етіп алып, тереңірек қарастырды. Сол еңбегінің нәтижесі – бүгін көпшіліктің қолында жүрген, кейін 1956 жылы қайтара жарық көрген «Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз» кітабы. Автор бұл еңбегінде: «Төл сөз құрылысы - белгілі бір дәуірдің ғана жемісі емес, талай замандар бойында қалыптасқан тарихи категория. Төл сөз құрылысы түрік тілдерінің бәріне ортақ ертедегі жазу мұрасы - Орхон-Енисей нұсқаларында, сондай-ақ одан бергі дәуірдегі жазба шығармаларда және халықтың ауыз әдебиетінде кездесіп отырады» (9,4), - деп төл сөздердің қалыптасып, дамуының тарихы сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда жатқанын аңғартады.

Орыс тіл білімінде де бөгде сөз барлық дерлік тілшілер еңбегінде сөз болды десе болады. А.Г. Руднев төл сөздің анықтамасын бере отырып, төл сөздер құрамының одағайға, қаратпа сөздер мен модаль сөздерге бай келетінін айтады және олардың төл сөзге экспрессивті-эмоциональды реңк беруде үлесі зор екендігін көрсетеді (46 ,309).

Сондай-ақ Н.С.Валгина, В.В.Бабайцева, С.Г.Бархадуров т.б. ғалымдар өз еңбектерінде арнайы сөз қозғайды.

Енді бөгде сөздің үш түрі тілімізде белгілі. Олар:

  1. Төл сөз;

  2. Автор сөзі;

  3. Төлеу сөз.

Төл сөз. Қазақ тіл білімінде қалыптасқан дәстүр бойынша төл сөз деп жазушының не болмаса сөйлеушінің сөзін ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай алып, өз сөзі ішінде қолданған біреудің сөзін айтады. Төл сөздің ортақ төл сөз деп аталатын түрі бар. «Ортақ төл сөз дейтін себебіміз: төл сөздің бұл түрі персонажға да, автордың өзіне де ортақ болып келеді. ...Мұнда , негізінен, персонаж сөзінің ерекшелігі басымырақ болады, сонымен қатар авторға тән кейбір сөздер қатысады» ( 9,69).

Қолдану орнына және қолдану мақсатына қарай төл сөз цитат, диалог түрінде келеді.

Цитат, әдетте, саяси әдебиеттерде, ғылыми, публицистикалық еңбектерде қолданылады. Осы цитат ретінде келтірген төл сөздің айналасында оны пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушінің өз ойы қоса қолданылады. Ол автор сөзі деп аталады.

Автор сөзі. Автор сөзі диалог түрінде келетін, яғни екі адамның сөйлесуі кезінде қолданылатын төл сөздерде де кездеседі. Бірақ диалог түріндегі төл сөз қолданылу орны жағынан да, қызметі жағынан да цитат түріндегі төл сөзден басқаша. Қолданылу орнына қарай диалог төл сөз көркем әдебиет жанрларында, әсіресе, драматургия саласында кеңінен қолданылады.

  • Бұл кім?

  • Базарбай ғой!

  • Бұл қайдан келеді?

  • Хабар беремін деп Тәкең ауылына кеткен, содан келе жатқан шығар.

  • Шақыр, мұнда келсін! /М.Әуезов/.

Ал цитат қолданушы автордың пікірін дәлелдеу үшін қолданылады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек ете біліңдер, сонда ғана алға қойған мақсаттарың орындалмақ / «Қаз.әдеб.» газ./.

Төл сөз бен автор сөзі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін дәнекер –«де» көмекші етістігі. Төл сөз «де» етістігінің арқасында өзінің ішкі дербестігін сақтаса, «де» етістігімен қоса автор сөзі түріндегі сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру функциясында қолданылғанда де етістігі деді, деген, дейді, депті, деп, десе және септік жалғаулы есімше түрінде айтылады.

«Өнер алды – қызыл тіл»,-дейді халық мақалы, дәл, ұтқыр сөз.

Төлеу сөз. Адам, яғни айтушы немесе жазушы біреудің сөзін пайдаланғанда үнемі өзгеріссіз, сол қалпында жеткізе бермейді. Кейде біраз өзгерістер, өз тарапынан қосымша сөздер қосып жеткізуі мүмкін. Тіпті біреудің сөзінің кей жерін алып тастап, грамматикалық кейбір формаларын өзгертіп қолданады.

Төл сөз бен төлеу сөз бірдей емес. Бұл екеуі - сөйлеуші /айтушы/ немесе жазушының өз сөзі ішінде бөгде біреудің сөзін, пікірін келтірудің екі түрлі тәсілі. Сондықтан екеуінің арасында біраз айырмашылықтар бар:

  1. Төл сөзде сөйлеуші не жазушы бөгде біреудің сөзін ешқандай өзгеріссіз, бұлжытпай жеткізсе, төлеу сөзде ол өзгеріске түсе отырып жеткізіледі. Яғни автор оның бірер сөзін ауыстырады не болмаса бірер сөзінің бастапқы морфологиялық формасын, соған сәйкес синтаксистік қызметін өзгертеді. Кейде өз тарапынан сөздер де қосады.

  2. Төл сөзбен ілесіп үнемі автор сөзі жүреді. Ол екеуінің жігі айқын білініп, бір-бірінен бөлек, жеке орналасады. Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін оған тұлғалық өзгерістер енгізудің қажеті болмайды. Ал төлеу сөзде автор сөзі бірге араласып, кейде форма жағынан ауысып кетеді және бөлек тұрмай, бірге, бір сөйлем құрамында келеді.

  3. Төл сөзді сөйлем айтылу интонациясына, сазына қарай әр түрлі мағынада болып келеді. Олар хабарлы да, сұраулы да, сондай-ақ лепті сөйлем де бола алады.

Ал төлеу сөзде мұндай қасиет сақталмайды.

Тілімізде төл сөзді төлеу сөзге айналдырудың бірнеше жолы қалыптасқан.

а) Егер төл сөздің баяндауышы ашық райлы етістік болып келетін болса, төлеу сөз де түрлі грамматикалық формалар әсерінен толықтауышқа айналады. «Мен оған жаңадан тағы бір іс бердім»,-деді Мейрам - төл сөз. Мейрам оған жаңадан бір іс бергендігін айтты – төлеу сөз.

ә) Төл сөздің бастауышы болған сөз төлеу сөзде ілік септігінің жалғауын жалғап анықтауыштың қызметін атқарады.

«Қарауыл әдетінен жаңылмаса, енді қайтып сол «бірер» сағатқа дейін мазаламас»,-деп ойлады Рысқұл /Ш.Мұртаза/-төл сөз.

Рысқұл қарауылдың әдетінен жаңылмай, біраз мазаламайтындығын ойлады- төлеу сөз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]