Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ііі блок аралас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем деп кемінде үш сөйлемнен тұрып, құрамындағы жай сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та келетін сөйлемді айтады.

Қазақ тіл білімінде аралас құрмаластарды зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Негізінен мұндай құрылымды сөйлемнің сонау көне түркі жазба ескерткіштер тілінде кездесетіндігін ғалым Ғ.Айдаров өз жұмысында көрсетіп, дәлелдеп берді (4,120). Белгілі түркологтар А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, Н.Дыренкова сияқты ғалымдардың зерттеулерінде аралас құрмалас сөйлем деп дәлдеп, нақтылап айтып бермегенімен, сол типтес сөйлемдер мысалға келтіріліп отырылды. Соңғы 1997 жылға дейін де бұл сөйлем түрі қазақ тіл білімінде арнайы ғылыми зерттеуге түспеген. Тек Т.Қордабаев, С.Қазыбаев, Қ.Шаукенұлы еңбектерінде ғана бірде үстіртін қарастырылып, бірде назардан тыс қалып отырды.

Орыс тіл білімі саласын зерттеуші ғалымдар А.Гвоздев, А.Руднев, Т.Козырева, В.Бабайцевалар осындай құрылымдағы сөйлемдерді қарастырады. А.Г.Руднев «Синтаксис современного русского языка» деген еңбегінде: «Сложными предложениями смешанной конструкции называются такие сложные предложения, в которых объединаются по смыслу сочиненные предложения, так и подчиненные»,- деп анықтама берсе (46,303), А.Н. Гвоздев аралас құрмалас сөйлемдерді «сложные предложения с сочинением и подчинением» деп атайды ( 22,314).

Ал В.В. Бабайцева «многокомпонентная сложные предложения» деп алады да, оларды ішінара 3-ке бөледі. Соның үшіншісі – «многокомпонентные предложения смешного типа» деген түрі аралас құрмаласқа келеді (15,238). Н.С.Валгина «контоминированные типы сложных синтаксических конструкций» деген атау береді ( 20 ,378).

Аталған ғалымдар аралас құрмаластың байланысу тәртібі түрліше болатындығын, салаластың да, сабақтастың да құрамынан өзгеше келіп, оларға жатпайтындығын көрсетті. Алайда әрі қарай терең зерттеуге бара алмады. Ал кейбір ғалымдар (С.Г.Бархадуров, С.Е.Крючков) аталмыш сөйлем түрін салалас құрмаластың құрамында қарастырады (16 ,208).

1997 жылы аралас құрмаласты арнайы зерттеп, қазақ тіл біліміне үлес қосқан - Б.Сағындықұлы. Ол осы конструкцияны егжей-тегжей зерттей отырып, былай анықтама береді: «Аралас құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Дәл осы қасиет салалас, сабақтас сөйлемдерге де қатысты. Бірақ олар іштей екі ойдан тұратын біртұтас күрделі ойды білдірсе, аралас құрмалас сөйлем жеке-жеке үш бөлек ойдың біртұтастығынан болады. Сонымен бірге тіліміздегі салалас, сабақтас сөйлемдер екі жай сөйлемнің қосындысынан құралып, біртұтас күрделі ойды береді. Ал аралас құрмалас сөйлем өз ішінен жеке сөйлемге жіктеле алатын үш жай сөйлемнен құралады» ( 56 ,10).

Сондай-ақ Б.Сағындықұлы өз еңбегінде аралас құрмаластың байланысу тәртібін, оның құрамындағы салалас, сабақтас сөйлемдердің интонациялық ерекшеліктерін анықтай келіп, аралас құрмалас сөйлем сыңарларының басын біріктіруші, байланыстырушы қызметті атқаратын аналитикалық, аналитико-синтетикалық немесе синтетико-аналитикалық түрлері бар екендігін көрсетеді. Құрмаластың бұл түрін мағыналық және құрамдық жағынан да сипаттауға тырысады. Жалаң және жайылма түрін де дәлелдеп, нақты мысалдармен дәйектеген ( 56 ,198).

Күңше үндеген жоқ, сүтін де, шайын да баса құйып, шыны аяқты қайтарды /Ғ.Мүсірепов/.

Ежелден мәлім: қай ауылдың үстінде сиаз болса, сол ауыл мол шығасылы болмақ /М.Әуезов/.

СООЖ.

1.Құрмалас сөйлем және оған ұқсас конструкциялар.

2. Аралас құрмалас сөйлемнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.

СӨЖ

  1. Төл сөзді аралас құрмалас сөйлем.

1-тапсырма. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін табыңыздар:

Үш бала көпірге қарай зытып, арғы бетке өтіп кетті. Күн бата Домбай екеуміз дүкенге барғалы үйден шықтық, Ләзиза да сөмкесін көтеріп жетті. Ол адамдардың өздері табиғатты улап, бірін-бірі мезгілсіз өлтіріп жатқанын түсініпті, содан тіршілікке деген сенімінен айрылыпты. Ол дереу сөмкесіне үңіліп, мен жан-жақты бақыладым /М.Гуме/.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдердің жалғаулық шылау арқылы байланысқандарын бір бөлек, іргелесе байланысқандарын бір бөлек топтап жазыңыз:

Бораш жиналу жабдығымен үйде қалды да, Шеген екеуміз таныс жерлермен қоштасып қайтуға қалаға кеттік /Ғ.Мүс/. Қазақ даласында бала тәрбиесі тек өз ата-анасының ғана міндеті емес, дүйім жұрттың ортақ ісіне айналған. Бұланбай мен Сүгірәлі бірін-бірі таныған жерден-ақ қарсы ұмтылысып еді, алғашқы сілтескенде-ақ сойылдар шарт-шұрт сынып қалды /Ғ.Мүс/. Мересьев гимнастика жасалғанда аяқтары қатты ауыратын еді, сонда ол оған шыдады /Б.Пол./.

3-тапсырма. Аралас құрмалас сөйлемдерді тауып, ажыратыңыздар:

Орта жасқа келіп қалған кісі болса да, жаттығу үстінде жас жандарша ұршықтай үйіріледі, қиғаш сермеген жұп-жұмыр ақ білектері аққудың қанатына ұқсайды /Ө.Қанах./. Ол жер бетінде ауыр қозғалғанымен, суда жақсы жүзе біледі, бірақ сүңги алмайды /”Зерде” журн./. Әкесінің шешіле сөйлегенін қатты ұнатып, оқимын деген талабына бөгет болмайтынын біліп, Хакім жадырап кетті /Х.Есенж./. Әңгімесін аузымен тоқтатса да, көңілінде соның аяғын тағы да созып, қайғының қат-қабат шыңына ақылымен кіріп отыр /М.Әуезов/. Екі жақ тақолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер көп-ақ /Ғ.Мүс./.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]