Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз құрамындағы сөйлемдері өзара тең дәрежеде болмай, бір-біріне тәуелді, бағына байланысқан құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Оның бір компоненті бағыныңқы, екінші компоненті басыңқы деп аталады. Олар бірі екіншісіне бағына байланысады да, бағыныңқы сыңары өз алдына дербес сөйлем болып танылмайды. Өйткені онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердің көбі жоқ. Оның сөйлемдік мәні құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана айқындала түседі: тіпті кей жағдайда басыңқы компонент бағыныңқы компоненттегі іс-қимылды әр қырынан айқындап, нақты түсіндіру мақсатында қолданылатын қосымша бір мүше тәрізденіп кетеді.

Үй төбесі кенет ашылып кетіп, маңайы нұрға толған тәрізденді /Б.Майлин/. Түнде жылқышы ұйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті /М.Әуезов/.

Жалпы тіл ғылымында құрмалас сөйлем, оның ішінде сабақтас құрмалас теориясы жөнінде пікір қайшылықтары болды. 1950 жылдың аяғына дейін осындай пікір етек алды. Мұндай пікір алшақтықтары қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл түркология ғылымында да орын алды. Оны Н.З.Гаджиеваның мына сөзінен көреміз: “Құрмалас сөйлем проблемасы –түркологиялық әдебиеттердегі ең даулы мәселе. Алуан түрлі, көп жағдайда, бірін-бірі жоққа шығарып жататын пікірлерді кездестіруге болады. Бұл - түркологтардың көсемшелі, есімшелі, қимыл есім тіркестерінің құрылыстарын әр түрлі түсіндірулерінен туындап отыр”, - (21 ,91) деп сабақтас құрмаластың құрмаласу тәсіліндегі баяндауыштың құрамы жайлы айтады.

Қ.Есенов өзінің “Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі типтері” деген мақаласында: “Қазақ тіліндегі сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын өзара саралап тапшылағанда, жоғарыда аталған синтетикалық, аналитикалық және аналитико-синтетикалық тәсілдердің мұнда да кездесетінін байқауға болады”, - дей келе, жасалу тәсілін үшке бөліп көрсетеді ( 27,42).

Сабақтас сөйлемнің жасалуымен қатар оның бағыныңқы сөйлемдерін ажыратуда да пікір қайшылықтары бар. Т.Қордабаев өз еңбегінде “Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті де, әдетте, сөйлем деп аталады. Бірақ олай аталғанмен мұнда қалыпты сөйлемдерге тән қасиеттердің көпшілігі жоқ. Бұл шын мағынасындағы сөйлем емес, күрделі сөйлемнің бір бөлшегі, бір мүшесі ғана. Сондықтан мұның өмірі, тіршілігі сөйлемдік құрмалас сөйлемнің құрамында айтылғанда ғана. Одан тысқары бұл қолданылмайды да, сөйлем болып есептелінбейді де»,- дейді (11,260). Біз бұл пікірді қостамаймыз.

Құрмалас сөйлемдер туралы құнды пікір айтушы М.Балақаев болды. Ол сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдерінің өзінің жай сөйлемдік қасиетін жоймайтындығын айтқан еді. Сонымен бірге автор: «сабақтас сөйлемдердің синтаксисін айқындауда бағыныңқы сөйлемнің қызметі ерекше. Сондықтан сабақтас сөйлем синтаксисінің басты обьектісі бағыныңқы сөйлем болады (13 ,44),- деп жазады.

Ал Н.Сауранбаев сабақтас құрмаласты тану жөнінде мынандай тұжырым жасайды: егер сөйлем ішінде компоненттердің дербес бастауышы болатын болса, онда ол сөйлем құрмалас сөйлем болғаны, ал сөйлем бұдан өзгеше болып шықса, ол бірыңғай мүшелі жай сөйлем болады (58,48). Әрине бұл жөнінде орыс, түркі және қазақ тіл білімінде қаншама дау-дамай болды. Соның қорытындысы, нақты шешімі ретінде Н.Сауранбаевтың жоғарыдағы пікірін келтіруді жөн көрдік.

Бұл қазақ тілі бағыныңқыларын топтауда бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негізделуіне жол ашады. Сабақтас құрмалас сөйлемді дәл тануда субъект-предикаттық қатынас ең басты белгі болып табылады.

Сонымен сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентін тануда төмендегідей ерекшеліктер меже етіп алынады:

  1. Бағыныңқы компоненттің баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақ жағынан біркелкі болмайды.

  2. Бағыныңқы компоненттің жеке, өз алдына бастауышы болады.

  3. Компоненттің белгілі мөлшерде сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан аяқталып тұрмағанмен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.

  4. Аталған компонентте тек тиянақсыз интонация ғана болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]