Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері

Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Құрмалас сөйлемдер ішінде сабақтас құрмаластар аталмыш тәсіл арқылы жасалады. Бағыныңқы компонент баяндауышы төменгі формаларда тұрады:

  1. Көсемше тұлғасынан;

  2. Есімше;

  3. Шартты рай және басқа етістік формалары.

1. Жай сөйлемнің көсемше арқылы құрмаласуы. Қимылдың өзін немесе іс-әрекеттің амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі – көсемше. Ол сөйлемде пысықтауыштық және баяндауыштық қызмет атқарады. Көсемшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы басты қызметі оның бағыныңқы компоненттің баяндауышы болуынан көрінеді. Көсемше - етістіктің тиянақсыз түрі болғандықтан, құрмалас сөйлемнің баяндауышы болып келген бөлшегін екінші компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, ол морфологиялық жағынан түрленбейді. Яғни көптік, тәуелдік, септік қосымшалары қосылмайды, әрегідік жіктік жалғаулары ғана жалғанады. Сөйтіп құрмалас сөйлем компоненттері арасында дәнекерлік қызмет атқарады.

Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы есебінде ең жиі қолданылатын көсемшенің тұлғасы –ып,- іп,-п. Ол өзі баяндауыш болып келген компонентті тиянақты компонентпен қилы мағыналық қатынаста құрмаластырады. Сонымен қоса –ып, -іп, -п тұлғалы тиянақсыз компонент тиянақты сөйлемге тек тұлғалық жағынан өз дербестігін сақтап басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады.

Жай сөйлемдерді құрмаластыруда -а, -е,-й жұрнақты көсемше де қатысады. Ал –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемше өте сирек қолданылады.

Мысалы: Тап-тар тас қапаста отырғанын есіне салып, қара құлыптың кілті шақыр-шұқыр шиқылдап әрең ашылғандай болды /Ш.Мұртаза “Тамұқ”/. Немесе Олар өткендегі оқиғаны естеріне түсіре, бәрін ой елегінен өткізіп, ақылдаса келе, бір байламға тоқтасты /”Ана тілі” газеті/.

2. Жай сөйлемнің есімше арқылы құрмаласуы. Есімшелер де бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы функциясында қолданылады. Алайда есімше мен көсемшелердің жай сөйлемдерді құрмаластыру тәсілі бірдей емес. Бағыныңқы сөйлем баяндауышы құрамындағы көсемше ешқандай қосымша сөзсіз, дәнекерсіз немесе қосымша формасыз жай сөйлемдердің функциясын атқара беретін болса, есімшелер міндетті түрде көмекші сөздер не болмаса қосымша тәсілдерді қажет етеді.

Олар жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруда түрлі тұлғалық құбылыстарға ұшырап, тиянақсыз формада келеді. Оларды тиянақсыз дәрежеге жеткізетін, есімше тұлғалы сөзді басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын дәнекерлер – есімшеге жалғанатын түрлі қосымшалар және шылаулар. Мұндай қызметте ең жиі қолданылатыны –ған, -ген, -қан, -кен формалы есімшелер. Аталған тұлғалы есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы қызметінде төмендегідей тұлғаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:

1. Жатыс септік жалғаулы есімше.

а) Мезгілдік мағына: Досан Хакімнің халін білуге кеткенде, үйге жолаушылап бір адам келіпті /”Жас Алаш”/.

ә) Шартты мағына: Егер біраз уақыт кешіккенде, далаға шығып үлгермейді екенбіз /К.Әбдіков/.

2. Көмектес септік тұлғасындағы есімше.

а) Қарсылықты мағына білдіреді. Ертерек баратын жеріне асыққанымен, дәл уақытында жете алмады.

3. –Ша, -ше жұрнақты есімше.

а) Мезгілдік қатынасты білдіреді: Ол бірдеңе деп айтып болғанша, ұрылар үй айналып көрінбей кетті /М.Кәрімов/.

ә) Салыстыру мәнінде келеді: Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір.

Есімшенің басқа тұлғаларының бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалуы тілде өте сирек кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]