Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ү блок антоним

Тіл-тілімізде тілдік бірліктердің мағыналары кейде бір-біріне қарама-қарсы келіп жатады. Мысалы: дабыра – құпия; дағдарыс – даму, даңғой – байсалды; дарақы – ұстамды; дөрекі – нәзік т.б.

Тіліміздегі осындай мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін антоним сөздерді түсіну үшін қарама-қарсылық дегенді анықтау керек. Өйткені тілімізде қайшылықты ұғымдар және қарама-қарсы ұғымдар кездеседі. Мысалы, сулы– сусыз, ауқымды – ауқымды емес, таза – таза емес сияқты сөздер қайшылықты ұғымдарды білдіреді. Себебі бұл сөздердің мағыналары бір-бірін жоққа шығара отырып болымсыздық мәнде жұмсалады. Яғни бұлардың арасында аралық ұғымдарды білдіретін сөздер жоқ. Бұлар тіл білімінде болымсыздық категория делінеді.

Ал қарама-қарсы ұғымдардағы жұп құрайтын тіл бірліктері бір-бірін жоққа шығара отырып, затқа, құбылысқа жаңа баға береді. Мысалы: Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін, Бұлайды біреу күшін, біреу түсін. Не қылса да надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін (Абай). Салынба қылсаң дағы сан құмарлық, Алдыңда уайым көп шошынарлық: Жарлылық, жалынышты, жалтаң, көздік, Сүйкімді, икемі жоқ шалдуарлық. (Абай). Осы мысалдардағы байлық-жарлылық сөздерінің мағыналары бір-бірін жоққа шығарып қана қоймайды, байлық сөзіне мүлде керағар жаңа жарлылық деген баға береді. Тіл білімінде мұнай сөздер антоним делінеді.

Антонимдердің ерекшеліктері

Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:

  1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама –қарсы бағасының атауы болып табылады. Мысалы: Жомарттың бергенін көріп, Сараңның іші күйер (мақал). Жомарт жоқтығын білдірмес, жүйрік тоқтығын білдірмес (мақал). Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның бейілі енер (Абай). Бұл мысалдардағы жомарт – сараң сөздері біртектес ұғымдар. Сапаға қатысты әр тектес ұғымдар антонимдік жұп құрай алмайды. Мысалы: тәуір, жылы деген сөздер сапаға қатысты болғанымен антонимдік жұп құрай алмайды. Себебі бұлардың бірі сынды білдірсе, екіншісі температураны білдіріп, әртектес ұғымдарды анықтап тұр. Ендеше антонимдік жұп құрау үшін біртектес ұғымды білдіруі тиіс.

  2. Антонимдер кез-келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық-жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.

  3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.

  4. Антонимдер – семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама-қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала. Мысалы, Бұлардың, кейбірінің мінездері, Еш нәрсе көрмегенсіп бұлтақтаған. Кейбірі жайдары ашық боламын деп, Орынсыз адамдармен жартақтаған (Абай). Бұрын да өзі аз сөйлеп өзгені көп тыңдайтын Иванов айрықша бүгін сөзге сараң, сырға тұйық еді. (Ә.Нұрпейісов)

Осы мысалдардағы жайдары – тұйық деген антонимдік жұптың сыңарларының синонимі – ашық. Осы бірінші сөз «тұйыққа» қарсы мағынада қолданылып антоним болады.

Сонда жайдары – тұйық, ашық – тұйық деген екі антонимдік жұп шығады.

Мұның алғашқысы адамға қатысты айтылады, ал екіншісі жұп адамға да, жансыз нәрселерге қатысты да қолданысқа түсе алады (ашық буын, тұйық буын, ашық адам, тұйық адам).

  1. Антонимдер – лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді. Мысалы: Сендерде бірлік болмаса, Алалылықтан өлеміз. Қорлық көріп дұшпаннан, қан сорғалап кеудеден жара болып өлеміз. («Манас»).

  2. Бір-біріне қарсы мағыналас жұрнақтары (-лы, -лі, (-ды, -ді, -ты, -ті) мен –сыз, -сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені –лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа баға бермейді. –сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]