Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін кеңейтуге бірыңғай мүшелер де ықпалын тигізеді.

Сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбіне бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобын сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп атаймыз. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Олар санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа, бір-бірімен тең дәрежеде байланысып бір сөзге қатысты болып тұрады. Олар бір сөзден құралған жалаң не сөз тіркесінен құралған жайылма болады.

Бірыңғай бастауыш: Бері жүрер алдында Мөңке, Кәлен, Дос кеп қоштасып қалды. (Ә.Н.)

Жапарағы жетілген жас қайың, өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, тасқыны басылмай, сарқырап аққан ойнамалы жүйрік өзен, бойы өсіп бұраңдап, толқынданған жасыл шалғын, өзектің екі жағындағы қатарланған биік жартас, өзен бойындағы ойнап ұшқан жыршы құстар – бәрі де жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің отауындай жайнатып, жасартып тұр. (М.Ә.)

Бірыңғай баяндауыш: Мұның бүгінгі қонақтары Абайдың ылғи етбауыр жақын туыстары мен шәкірттері еді. (М.Ә.) Бұл жолы ол әрі ұзақ ұйықтады, әрі тыныш ұйықтады. (В.К.)

Бірыңғай толықтауыш: Жаулықты биік салатын, сәнді киінетін Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен де ұнайтын еді (Ғ.М.)

Бірыңғай анықтауыш: Шеті кестеленген, ортасы оюланған, шашақты сүлгіні ұсынды (С.С.) Жүзінде қорыққан, үріккеннің белгісі жоқ. (М.Ә.)

Бірыңғай пысықтауыш: Суық болып үскіріп, боран аласұрып әлсіз адамға қыр көрсеткендей қаһарланады. (М.Ә.)

Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және жалғаулықты жалғаулықтар қатысады: Әрбір үйдің жер ошағынан будақтап, бықсып шығып жатқан түтіндер кейде аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып тарайды. (М.Ә.) Кейде тура ағып, кейде иіріліп бұраң-шимай жасайды. (М.Ә.) Ауыз үй қазір кеңейіп те, биіктеп те кеткен. (Ғ.М.) Көкбай да, Шұбар ақын да үн қатпайды. (М.Ә.)

Бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметте есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады:

Әрлі-берлі жүгірісіп сенделген қатындар, шулап секіріп, күмп ойнаған балалар құдық басынан жаңа хабарды естіп, ауылға қарай жылдамдатып келе жатқан үлкендер – барлығы да Жұмағұлдың келуін үлкен қуаныш қылған сияқты. (М.Ә.) Сары, кәрібай, Жамақ – үшеуі… кеңеске кірді. (Б.М.)

Қысқасы бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сыйыстырып білдірудің амалы.

СООЖ

1. Күрделенген жай сөйлемнің тілдік табиғаты.

2. Жанаспалы оралымдардың ерекшелігі.

3. Шартты рай тұлғалы оралым.

4. Қимыл есімді оралым.

СӨЖ

1. Қабыспалы оралымдар.

2. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер.

3. Қыстырынды сөйлемдер.

4. Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер.

1-тапсырма. Күрделенген сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып, топтап жазыңдар.

І. Түнерген түн, уілдеген жел, сабалап тұрған қарлы жаңбыр күдік туғызды. (Ғ.М.) Жалғыз ғана құрсақ көтерген Айгүл жас баланың жылылығын әлі ұмытқан жоқ. (Ғ.М.) Осы кеште Тәкежан ауылының шеткі лашығы – Иіс кемпірдің үйінде сары уайым еді. (М.Ә.) Әсіресе, Рай қасындағы бір жігіттің қолын қысып қатып қапты. (Ә.Н.) Өзіне шақ күн көрісі, өзіне шақ қуанышы бар, әйелі бар жылы үйге Бұланбай ұзақ тұрақтай алмады. (Ғ.М.) Тозығы жеткен құрама көрпе мен қызыл шұбар жастықтар онша таза да емес. (Ғ.М.) Құрдастық қалжыңдар күлдірсе де, Жомартты жадырата алмады. (Ғ.Мұст.) Абай Дәркембайдың құшағынан шығысымен, өзге екеуді ғана таныды. (М.Ә.)

2-тапсырма. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А.Байтұрсынов) Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Жасы үлкен кісілер ер-азаматы жоқ үйге бас сұға қоймайтын әдет бар. (Ә.Н.)

Ақбала әкелген асты аузына да алмады. (Ә.Н.) Есейген сайын Бөбек өзінен басқа қорғанышы жоқ қарт ата-анасын аяды. (Ә.Н.) Қызыл-қоңыр сақалы бар Сабырбай Абайға аса бір келісті кісі көрінді. (М.Ә.) Сұлтанмахмұт ертеңгі шайын ішіп болысымен, қарағашты жағалап отырып Ыдырыс қожанікіне келді. (Д.Әбілев) Сүйеу жиен немересін жылағанына қарамай, тас қылып бауырына қысып алды. (Ә.Н.) Абайдың қасына келгенде, Ербол жаңағы көргенін жасырған жоқ. (М.Ә.) Жасағанберген бұл жолы да сылқ-сылқ күліп, деректесетін жерде тайқып шықты. (Ә.Н.)

3-тапсырма. Жетімсіреген елсіз далада жалғыз келе жатқан жаяу – зұлымдық, зорлықтан қашқан жас келіншек – Рәбиға. (М.Ә.) Шыңғырып тебіскен, үйірін іздеп кісінеген дауыстары кешкі ауадан қатты жаңғырып көтеріліп еді. (М.Ә.) Әсіресе, малшы-жалшы, қоңсы-қолаңшы біткеннің әбігер-машақаты, әуре-сарсаңы бітер емес. Тек жетіскен үйлерден шыққан қолы бос, еріккен қыз-келіншек екі-екіден үштен қосылып қалжыңдасып, күлісіп-сыңқылдасып, су жаққа барып, біресе топтанып ойнап, дөң асып барады. (М.Ә.) Тобықты ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады. (М.Ә.) Сонымен түн ортасы ауғанша барлығының жалғыз ермегі осы Мұхаметжан әкелген, Абай жіберген Татьяна сәлемі болды. (М.Ә.)

.

8-модуль

Құрмалас сөйлем синтаксисi

I блок

Құрмалас сөйлемнiң қалыптасу, даму жолдары

Құрмалас сөйлем синтаксисi

Жай сөйлемдердiң бiр-бiрiмен құрмаласу тәсiлдерi

Құрмалас сөйлем компоненттерiнiң орналасу тәртiбi

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]