
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Есімше оралымды сөйлемдер
Күрделенген сөйлемдердің қазақ тілінде ең жиі кездесетін түрі есімше оралымдармен күрделенген сөйлемдер.
Сөйлемдегі негізгі ой бір бас мүшенің (бастауыштың) төңірегіне жинақталса, есімше сөздері оралымды құрылымдарды ұйымдастыруда орталық байланыстырушы дәнекер болады. Есімшелі оралым негізгі сөйлемнің мазмұнын толықтыра отырып, күрделенген сөйлемдерді жасауға қатысады. Мысалы, ауылға тақай бергенде, алдынан Рай шықты. (Ә.Н.)
Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай екі түрлі амалмен жасалады: 1) септік жалғаулы есімше оралымдар. Мысалы, Ауру баланы көргенде, Ақбала есіне түсті. (Ә.Н.)
Қозыны қолына ала бергенде, Айгүл аз ғана әлсіреу де сезініп еді. (Ғ.М.)
2) Көмекші сөзді есімше оралымдар: -ған соң түрінде келген есімшелі оралым сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі мағыналық қатынастарда жұмсалып отырады. Солардың ішінен ең көп кездесетіні – себептік мәніндегілер. Мысалы, Шұжықтан көбірек жеген соң, Байсейіт азырақ көңілденіп алды. (С.Сейфуллин).
-ғаннан кейін. Есімге оралымның осы түрі мезгілдік мәнде жұмсалып негізгі сөйлемдей оқиға, әрекеттің орындалуына мүмкіндікер туғызады: Жылқыдан босанып келгеннен кейін, мен тағы да белгілі Жаманшұбарда жүре бастадым. (С.Мұқанов)
-ғаннан бері. Бұлар да есімше оралымды жасауға қатынасып, мезгілдік мәнде жұмсалады: Әйгерім, Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз жылауда еді. (М.Әуезов)
СООЖ
1. Есімше оралымды күрделенген сөйлемдердің жасалу жолдары.
2. Көсемше оралымды күрделенген сөйлемдердің жасалу жолдары
СӨЖ
1. Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі.
2. Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері. Оның жай сөйлем мен күрделі мүшеге ұқсастық жақтары мен олардан айырмашылығы. Үйірлі сөйлем мүшелері.
3. Айқындауыш. Айқындауыш мүшенің атқаратын қызметі, тұлғалық белгісі, сөйлемдегі орны, интонациясы.
1-тапсырма. Жай сөйлемді күрделендіретін синтаксистік құрылымдарды табыңыз:
Аттылы кісілер оқшаулау тұрған жалғыз үй – Кәленнің үйіне туралап келеді. (Ә.Н.) Түн қойнына, қарлы боранның құшағына сүңгіген үшеу алыстай берді. (С.С.) Күні бойы от жанбаған үй ызғып тұр екен. (Ә.Н.) Ертемен Жомарт батыр Қарабайды шақыртты. (С.С.) Біржан енді ғана есін жиып, ананы-мынаны барлай бастады. (Ә.Н.) Осы кеште Тәкежан ауылының шеткі лашығы – Иіс кемпірдің үйінде де сары уайым еді. (М.Ә.) Қазыбек би қалың ойға шомып кетті. (С.С.) Абайдың қасына келгенде, Ербол жаңағы көргенін жасырған жоқ. (М.Ә.)
Қаратпалы сөйлемдер
Қаратпа сөз дегеніміз – тыңдаушының назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған сөз немесе сөз тіркесі. Қаартпа сөз сөйлемнің басқа мүшелерімен белгілі синтаксистік тәсілдер арқылы байланыспайды, бірақ сөйлем құрауға қатысып, өзіне тән мағыналық қызмет атқарады.
Қаратпа сөз сөйлем мүшесі болмайды, ол сөйлемнен тыс тұруы да мүмкін, сөйлем ішінде келуі де мүмкін. Қаратпа сөздің сөйлем ішіндегі орны әр түрлі болып келеді. Қаратпа бір сөз болып та, бірнеше сөз болып та келеді.
Қаратпа сөз болатындар:
1) Жалқы есімдер, көбінесе, туыстығына, жасына, жынысына байланысты айтылатын сөздер мен сөз тіркестері:
– Жеңеше, сабыр етіңіз, Әбіштей баласы бар шеше де жылай ма екен? О неғылғаныңыз! – деді. (М.Ә.) Оны байқап қойған Айғанша:
– Жиен-ау, көзің талды ғой… Тым болмаса кірпігіңді бір қақсаңшы, - деді Назыкеш қолынан тартып, қасына отырғыза беріп. (Ғ.Мүсірепов).
Жалқы есімдердегі әр түрлі реңкті білдіру олардың одағаймен, эмоционалды сөздермен тіркесіп, қолданылуынан, сол сияқты түрлі демеуліктерді үстеуінен көрінеді. Келісімен Әбішпен жақсы амандасып:
– Қалқам, Әбіш-ау, қара жерге отырып қапсыңдар ғой! Тұрыңдаршы, орын жайлап берейін! – деп шапшаң қозғалып, үйден таза сырмағын әкеп жайды. (М.Ә.)
2) Басқа да тірі жан-жануарлардың аттары да қаратпа ретінде қолданылады:
– Шыдай тұрыңдар, қошақандарым. Ертең кешке дейін шыдаңдар. Әйтпесе Жәкеннің пышағы қайраулы көрінеді. Шыдаңдар, - деп Айгүл әр қозының басын бір сипады. (Ғ.М.)
3) Жансыз, дерексіз заттардың атауы да қаратпа бола алады: – Ой, дүние-ай, соның бәрі, енді мінекей көрген түстей. (Ә.Н.)
Қаратпа сөздер құрылымы жағынан жалаң және жайылма болып келеді.
1. Атау тұлғадағы жекеше, көпше түрдегі тәуелдік жалғаулы және тәуелдік жалғаусыз зат есімдер немесе зат есім орнына қолданылған есімше, сын есім.
– Жігіттер, осы біз тым қызып кеткен жоқпыз ба? – деді ол отырғандарға жағалай көз салып. (Қ.Ж.)
– Балам дүниеге қызығып қайтесің. (Қ.Ж.)
– Уа, лебізің, періштенің құлағына шалынсын, өркенім, жалғасым!
2. Жасы кіші адамға, балаға, жақсы көрген адамға айтылатын қарағым, жаным, шырағым т.б. сөздер І жақ жекеше тәуелдік жалғауда тұрып, қаратпа сөз ретінде жұмсалады:
– Жаным, есен жеттің бе?
– Сәулем, ұзағынан сүйсіндірсін!?
– Көп сағындырдың ғой, қуатым!
– Айналайын, күнім!..
– Сапарың құтты болсын, қарағым!
– Қош келіпсің, Әбішжан! – деген сан тілеулес жүректерден шыққан ыстық сөздер. Әбіш үйге кіргенше барлық жиын атаулының тұла бойын шымырлатқандай. (М.Ә.)
3. Әй, ау, ей, ой, уа тәрізді одағайлар да қаратпа сөз ретінде жұмсалуы мүмкін:
Сонда үйде отырған желөкпелеу жігіт, анау кіргенде:
– Әй, сен менің үстіме негі кіресің? – дейді. (М.Ә.)
– Уа, үйде кім бар? (М.Әуезов).
Жайылма қаратпалар құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.
1.Жалқы есім мен туыстық қатынасқа, адамның жасына, кәсібіне, әскери шеніне, қызмет дәрежесіне т.б. байланысты сөздердің тіркесі:
– Жоқ Игілік мырза, сіз уақытты бағаламайды деп ешкім айта алмас!.. (Ғ.М.)
Сейіт күндегі әдетінше есікті еркін ашып кіріп:
– Айғанша апа, пана бола көріңіз… Бұл Назыкеш екеуіміз ғой, - деді шошып оянған Айғаншаға. (Ғ.М.)
2. Бір немесе бірнеше сөзден жасалған анықтауышы бар қаратпалар. Ол анықтауыштар сын есім, есімшеден жасалуы да, ілік септікті сөз болуы да мүмкін:
– Осы бір көмірі құрғырымен-ақ басымызға секіріп болды-ау, жынды ит! – деп оған да бір кейіп қалды. (Ғ.М.)
3. Есім мен етістіктің тіркесімен жасалған қаратпалар тілек, қарғыс, ұрсу т.б. сәттерде айтылады:
– Құдай атқыр-ау, ендеше, мына ашығып келе жатқан жұртқа сойсаңшы бір атыңды, - деді Мыңбай «Құдай атқыр-ау» деп сөйлейтін әдетімен. (М.Ә.)
СООЖ
1. Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі,
2. Қаратпа сөздер, жасалуы, құрамы, тыныс белгісі.
3. Қыстырма сөздер, жасалуы, құрамы, мағыналық түрлері, орын
тәртібі. Тыныс белгілері.
4. Одағай, құрамы, мағыналық түрлері, орын тәртібі, тыныс белгісі.
СӨЖ
1. Оқшау сөздердің тілдік табиғаты.
2. Қаратпа сөз. Мағыналық түрлеріне шолу жасау.
3. Қыстырма сөздер мен сөйлемдер қызметі. Олардың жасалуы мен
мағыналық түрлеріне шолу жасау.
4. Одағайлы оқшаудың өзіндік ерекшелігі мен атқаратын қызметін
сипатта.
1-тапсырма. Қыстырма сөздер мен қыстырма сөйлемдердің астын сызып, олардың сөйлемде айтылған ойға қандай мағыналық қарым-қатынаста тұрғанын көрсетіңіз.
Сенен несін жасырайын, шырағым, мен он жасымнан бастап жалшылықта тұрған адаммын. (С.М.) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз. (Ғ.М.) Оның бұл жорамалы, шынында да, дұрыс болып шықты. (М.И.) Олардың айтуынша, Молдағазы аршын бойлы, өзі сұлу, ақылды, салмақты жігіт боп өскен. (С.М.) Сол айтқандай, Оразбай Жігітекті алдадым деп жүр ғой. (М.Ә.) Абырой бергенде, оқиға мен ойлағандай болмады. (М.И.) Рас, ауыл үйдің малына тиген жоқ. (Ә.Н.) Өзі-өз болып ат жалын тартып мінгелі бұның, сірә, ел билеу, қол басқару үш ұйықтаса түсіне кіріп пе еді? (Ә.Н.)
2-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді күрделенген жай сөйлемге айналдырып тұрған оқшау сөздерді (қыстырма, қаратпа, одағай) тауып, тыныс белгілерін қойыңыздар.
1. Шамасы сірә бұл ат та Қален қолынан шыққан болар деп ойлады. (Ә.Н.) Оның ішінде әсіресе пейілі түскен кісіге ағыл-тегіл (Ә.Н.). Әрине оған теңіз жағасының сүреңсіз, жүдеу тірлігі ұнамасы анық. (Ә.Н.)
Айғанша жеңгесінің мойнынан құшағын жазып алды:
– Жеңеше сен кете бер. Мен …мына ауылға соғам.
– Қарағым-ау бұның қалай болды? Ағаң білсе..
– Мейлі білсе біле берсін, - деді де, Айғанша жүріп кетті. (Ә.Н.) Бақсақ жұқпалы дерт Оралдан ере келген екен (Ғ.М.). Мен әрине ол арадан кетіп қалам. Себебі біріншіден Мұстафаның өлі ағасына бауырмалдық сөздер айтып зарлау тұлабойымды түршіктіреді екіншіден қаптаулы және жабылуы көбейе түскен масалар бір орында тұруға шыдатпайды. (С.М.)
2. Үлкен кісі жүзден жиырмасы кем аулының адамдары қайда жатады екен? (Ғ.М.) Білсем жар деп кісі үй жолдасын айтат та! (М.Ә.) Осымен қатар Әбіштің байқауынша кейде Абайды бір мазасыз ойлар алаң етіп толқытқандай болады. (М.Ә.)
Дәулен манадан бір орында шөгіп қалған әкесінің қасына тағы шауып келді.
– Ойбай-ау, көке, неғып отырсыз? Жүрмейсіз бе?
– Дәулен, кел. Отыршы қасыма. (С.С.)
3. Бұл сөздерді Кәкітай сүйсіне тыңдады.
– Ақыл аға! Осы айтқаныңыз мен білсем талай хакім ойшылдардың да сан кітаптарында осылайша қойған сауалы сияқты. Олай болса әділет те зұлмат дегеніміз де әр заманда әртүрлі өзгерсе керек еді. Осының бәрі рас болса онда кім біледі Кеңірбай заманында Кебектердің өлтіру тіпті зұлымдық емес те шығар. Бәлки сол заманның өз хақиқаты өзінше ғаділетті сол жазғанның өзін шафқатым деп білген шығар. Бұған не айтар едіңіздер?! – деп, Мағашқа қарады. (М.Ә.)
2-тапсырма. Төмендегі сөйлем сөйлемнің қай түріне жатады?
1. Енді, Шоқанды оқуға әкеле жатқан мына сапарында, кекірейген басын амалсыз имек.
а) оңашаланған айқындауышты сөйлем;
в) қыстырма сөйлемді күрделенген сөйлем;
с) сабақтас құрмалас сөйлем;
д) бірыңғай мүшелі сөйлем;
е) қаратпа сөз.
3-тапсырма. Сөйлемнен үйірлі мүшені табыңыз:
Оқудан арқасы бос жүрген Әлібек пен Әділбек түбекті мейлінше аралаған болатын. (Х.Е.)
а) Әлібек пен Әділбек;
в) арқасы бос жүрген;
с) түбекті аралаған болатын;
д) аралаған болатын;
е) бос жүрген.
4-тапсырма . .Төмендегі сөйлем қандай сөйлем?
Жолында Мәмет атаған Ахмет ұстаның үйі бар. (Ғ.М.)
а) оңашаланған айқындауышты, үйірлі мүшелі;
в) қосарлы айқындауышты, бірыңғай мүшелі;
с) қосалқы айқындауышты, үйірлі мүшелі;
д) бірыңғай айқындауышты, қыстырма сөзді;
е) оңашаланған айқындауыты.
5-тапсырма. Берілген жай сөйлемдердің неліктен күрделенген жай сөйлемге жататындығын ауызша дәлелдеңдер.
І. Мөңкенің аласа тар үйіне кісі-қара толып кетіпті. (Ә.Н.) Осы өткен қыста, тағы бір келген сапарында Мәкішпен ұзақ сырласқан-ды. (М.Ә.) Келелі шаруа, күнделік қам, ас, дүние, мал-мүлік дегеннің бәрі ескерусіз, елеусіз қалды. (М.Ә.) Жауынбай ауылының дәл ортасындағы үлкен ақ ордаға – әке үйіне кеп ат басын тіреді. (С.С.) Тоғжан да білезік толы аппақ, жұмыр білегін табаққа қарай сирек созады. (М.Ә.) Әрине, оған теңіз жағасының сүреңсіз, жүдеу тірлігі ұнамасы анық. (Ә.Н.) Жаниша самаурын, дастарқанын жинап әкете бастады. (Ғ.М.) Күні бойы мұз ойған жігіттің кешке қарай екі алақаны дуылдап жанып кетті. (Ә.Н.) Қазыбек бидің аулынан шыққан күні Қуаттар онша ұзамай, қозыкөш жерде ат басын суытты. (С.С.)
ІІ. Әппақ қар үстінде қызыл түлкі, қара бүркіт, құйқылжыған алыс қимылдармен Абай көзіне ерекше бір, ойда жоқ, оқшау суретті елестетті. (М.Ә.) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ. (Абай) Өзіне салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің қасына, қазір кетер еді. (М.Ә.) Араларында бұрыннан кикілжіңі бар екі ауыл бұл жолы Ақмарқаға қатар қонды. Малы, жаны көп ауыл салған жерден суға ала көздік жасады. (Ә.Н.) Жаңа жерге қонғанда жас төл-қозы, лақ қандай рахаттанады. Киіз үйдің іргесінде, көген басында күйіс қайырып жатқан түйелер ауық-ауық пысқырып қояды. (Ә.Н.) Басынан базары өткен кісінің ендігі қалған тірліктен ешқандай қызық күтпейтін үмітсіз халін танығандай болатын. (Ә.Н.) Теңіз үстінде ол күннің ауа райы, жел-құз жайын ойлады. (Ә.Н.)
Қасына Есбол қария кеп отырды. Бір екі – рет тіл қатқысы кеп оқталып еді. Тамағына жас тіреліп тоқтап қалды.
Бірақ отырып бойын жиып алғаннан кейін ғана:
– Уәй, Мөңке, - деп өктем тіл қатты. Жұрт тына қап, тегіс қарияның аузына қарады.
– Уа, жарқыным, басыңды көтер. Құдай өзінің бергенін өзі алады. Алданың әміріне қай пенденің араша болғанын көріп едің. Неге айналаңа көз салып тәубаға келмейсің! Уа, мен сенен кем бе едім? Сен өлген балаңа жылап жатырсың. Менің, тым құрыса, молада да тілекшім жоқ екенін неге ойламайсың, - деп жасы үлкендігін арқаланып, зілдене сөйледі. (Ә.Н.)