Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Айқындауыш

Айқындауыш - қазіргі қазақтың әдеби тілінде өте жиі қолданылатын, анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды. Сөйлем ішіндегі бір сөзге ерекше көңіл бөлу үшін немесе соны ерекшелеп айту үшін қолданылады. Сондықтан да айқындауыш сөйлемді айтатын адамның ойымен байланысты болып келеді және сол берілетін ойдың ерекше қырларын берудің амалы болып табылады. Алайда бұлар анықтауыштар сияқты синтаксистік емес, стилистика – синтаксистік тәсіл. Сонымен бірге бір заттың не нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын т.б. белгілерін көрсетіп анықтайды.

Айқындауыш жайлы қазақ тіл білімінде алғаш сөз қозғағандардың бірі –С.Аманжолов. Ол өз еңбегінде: “Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады... Осы бастауышты я баяндауышты айқындау үшін тұрған сөздерді айқындауыш дейміз”,- (2,144) деп анықтама береді. Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев сынды ғалымдар да айқындауышқа қысқаша тоқталып өтеді.

С.Исаев “Қазақ тілі” оқулығында: “Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айқындап, дәлдеп, түсіндіріп тұрады”,-(29,135) десе, М.Қараев: “Сөйлемде бір мүшені айырықша назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер беріледі. Мұндай сөздер сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп аталады”,- деп анықтама береді (36,174). Бұл ғалымдар өз еңбектерінде айқындауыш мүшені қарастырып қана өтсе, жалпы қазақ тіл білімінде аталған мүше жайлы біршама деректі О.Күлкенованың еңбектерінен алуға болады. Ол өз еңбегінде айқындауыштарды толық, жан-жақты зерттеуге тырысады. “Айқындауыш дегеніміз – анықтауыштың ерекше бір түрі. Айқындауыш өзінің анықтайтын сөзіне грамматикалық жағынан тығыз тең байланыста тұратын сөйлемнің шартты бағыныңқы мүшесі. Айқындауыш анықталатын сөздің жетегінде кейде қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып, өзінен алдыңғы сөзді атап, я оның мазмұнын ашып, дәлдеп, анықтап тұратын бір я бірнеше сөз тіркесі. Сөз табы жағынан өзінің айқындайтын сөзіне орайлас жасалып, тұлға жағынан өзінің алдындағы анықталатын сөзімен түрлес болады да, мазмұн жағынан алдындағы жалпы ұғымның біреуін дәлелдейді, мағынасын ашып, дәлелдейді я атап көрсетеді”. Осы анықтама айқындауышты танытуға жеткілікті. Сонымен бірге автор айқындауыштың түрлері, жасалу жолдары, тыныс белгілері, орын тәртібін, тағы басқа белгілерін бере білген.

Түркі тіл білімінде де, орыс тіл білімінде де айқындауыш мәселесі туралы сөз қозғалған. Орыс тіліндегі айқындауыштың өзіндік өзгешеліктері болғанмен, жалпы түсінік өзара жақын.

Ф.Буслаев, А.И.Пешковский, А.А:Шахматов, С.Бархадуров сияқты ғалымдар “айқындауыштар затқа немесе берілген ойдағы нәрсеге басқаша атау береді” деген көзқараста (18,31). Алайда олардың бұл мүше жайлы қысқаша тұжырымдауы оның бүкіл қасиетін толық қамти алмайды.

Жалпы айқындауыш мүше өзінің анықтайтын сөзінің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің не болмаса бір сөйлем мүшесінің мағынасын ашып, айқындап тұрады.

Айқындауыштар, негізінен, анықтауыш мүшеге ұқсас. Дегенмен төмендегідей айырмашылықтары бар: а) Анықтауыш сын есімнен жасалып, заттың сынын, сапасын анықтаса, айқындауыш зат пен затты өзара қатыстылығы, ұқсастығы жағынан салыстыра айқындайды.

ә) Анықтауыш пен анықталушы сөз сабақтаса байланысса, айқындауыш пен айқындалатын сөз салаласа байланысады.

б) Орны жағынан да әр түрлі болады. Анықтауыштар тек қана анықтайтын сөзінің алдында тұратын болса, айқындауыштар, керісінше, айқындайтын сөзінің соңынан тұрады.

Айқындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы үтірмен бөлінеді.

Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың негізгі үш түрі бар. Олар: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш және қосарлы айқындауыш.

Оңашаланған айқындауыш – айқындайтын сөзінен соң тұрып, оқшауланып айтылып, сол сөзді әр жағынан айқындайтын сөздер немесе сөз тіркесі. Күздің бір әдемі кешінде, жиырма тоғызыншы қазанда, олар ақыры кездесті (Қазақ әдеб.).

С.Аманжолов оңашаланған айқындауышқа тоқтала отырып, оның екі түрін береді. Біріншісі – сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын оңашаланған сөз. Екіншісі - өзінің айқындайтын сөзімен көбінесе жалғау арқылы қиысып тұратын оңашаланған сөз (2,158).

Қосалқы айқындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдыңғы сөздің мағынасын заттың заттық сапасы ретінде айқындайды. Ал Барақ сұлтан болса, Әбілқайыр айтқандай, хан ордасынан әжептәуір ұзап барып, ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан (І.Есенберлин.).

Қосарлы айқындауыш деп мағыналас, мәндес сөздер тіркесіп, күрделі атау жасайтын сөздерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығын алып шығады.

СООЖ

  1. Жай сөйлемнің үйірлі мүшелері

  2. Сөйлем мүшелерінің жіктелу принциптері

  3. Бірыңғай мүшелер

СӨЖ

1.Жай сөйлемнің құрылымдық ұйысымы

  1. Айқындауыштардың стилистикалық қызметі, қолданысы, зерттелуі.

1-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді тұрлаулы мүшелердің (бастауыш, баяндауыш) қатынасына қарай екі құрамды және бір құрамды түрлеріне ажыратыңыз:

Жел күшейді. Дауыл басталды. Айнала тез-тез меңіреулене қалды. (С.С.) Еламан жан-жағына сергек көз тастап келеді. (Ә.Н.) Тостағандай қап-қара көзі мөлдіреген әп-әдемі ботасын қасына келген кісінің бәрінен қызғанады. Түндігі ашып тастаған алты қанат ақ үйдің іші жасауға тіреліп тұр. (Ә.Н.) Зу-зу аққан оқтан жасқанып дереу ат жалына жабысты. (Ә.Н.) Бөрте сол отырғаннан мол отырды, үлкен үйден келген «жеңешесінің» уәжін де, назын да тыңдаған жоқ. Бүкіл тұлабойын езіп бара жатқан делсалдық бар. Құйып кеткен нөсердің астында тапжылмай отырып қалың ойға шомды. (С.Сматаев) Анадан туғалы теңізге иек артып келеді. (Ә.Н.)

2-тапсырма.

Қорабай үш қанат үйіне жүдеп енді. (С.С.) Шаңқай түс. Күн ысып тұр. Күйіп тұр. Сағым мұнартады. Салқар көшті сабылтып, сандалтып ойнайды. Сарғайтып алдайды. (С.С.) Ел орынға отыра Құнанбай ауылына келген. (М.Ә.) Беймезгіл шақта бейсауыт жүрістің төркінін бағдарлай алмай отыр. (С.С.) Жаңбыр суы толған сай-салалар ауыл іргесінде сарқырап жатты. (Ә.Н.)

К үрделенген сөйлемдер


Айқындауыштық қосалқы сөйлем

Синтаксистік оралым

оңашаланған

қыстырма

қабыспалы

жанаспалы

қыстырынды

бірыңғай мүшелі

есімді

Есімше

есімшелі

көсемше

Шартты рай

қарсылықты есімді

қимыл есімді оралым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]