Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Үйірлі мүшелер

“Үйірлі мүше” деген термин қазақ тіл білімінде де, түркі тіл білімінде де таңсық емес. Үйірлі мүше жайлы өз көзқарасын білдіріп, құнды пікір айтқан – С.Жиенбаев. Алайда С.Жиенбаев оларды құрмалас сөйлем компоненті ретінде таниды. Қ.Шаукенов те “Үйірлі мүшелер, оларды оқыту методикасы” деген еңбегінде үйірлі мүше туралы былай дейді: “Мұндай мүше өзара субъект-предикаттық ыңғайда келеді. Тіпті оның құрамында бұлардан да басқа сөздердің болуы мүмкін (66 ,4).

Ал С.Аманжолов, М.Балақаев, Т.Қордабаевтар сөйлем мүшесі деп таниды. С.Исаев: ”Сөйлемде күрделі мүше тәрізді бір сөзге қатысты болып, бір сұраққа жауап беретін, бірақ өз ішінде сөйлемдік қасиеті бар сөздердің синтаксистік тобы үйірлі мүше деп аталады”,-деп ( 29,136) нақты, дұрыс анықтамасын береді.

Жалпы үйірлі мүше жасауда жиі қолданылатын қатар тұрған, бір мағынаға ие сөздер тізбегінің өзара субъект-предикаттық ыңғайда жұмсалуы болса, екінші ерекшелігі үйірлі синтаксистік топ құрамында барлық сөз таптары кездеседі. Тіліміздегі әр сөйлем үйірлі болып қолданыла береді.

Үйірлі бастауыш. Үйден жүгіре шыққандар біраз уақыттан кейін қолдарын бұлғап, қалып қойды.

Үйірлі баяндауыш.

Үйірлі анықтауыш. Орамалын бұлғап келе жатқан қыз бірдеңеге шалынысып, құлап түсті.

Үйірлі толықтауыш. Біз Жәкемдердің келуін қанша күн тостық десеңізші.

Үйірлі пысықтауыш. Түс ауа бергенде аудан орталығынан шыққан қаралы шеру бір сәт шетінеген жоқ.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп бір сұраққа жауап беретін, бір ғана сөйлем мүшесі бола алатын бірнеше сөздерді айтамыз. Бірыңғай мүшелер тек бір тұлғада тұрады, яғни бір сөз табынан жасалады.

Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің де өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ол туралы арнайы еңбек жазған М.Шаяхметова былай дейді:”Қазіргі қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелер – тілдің грамматикалық құрылысында ертеден келе жатқан синтаксистік құбылыс. Бұған көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін фактілер айқын айғақ. Онда (Орхон, Енисей ескерткіштерінде) бірыңғай тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүшелер кездеседі. Мұндай пікірді Н.Сауранбаев та айтады.Т.Қордабаев та жазба ескерткіштердің сипатына қарай адам, су, жер, ру аттары жиі қолданылғанын көрсетеді” ( 37,6).

Сонымен қазіргі тіліміздегі сөйлемнің бірыңғай мүшелері – ертедегі нұсқамен салыстырғанда, дамудың талай өткелдерінен өткен, тарихи қалыптасқан категория.

Белгілі ғалым С.Аманжолов та бұл мәселе жөнінде: “Кейбір сөйлемде бастауыш, баяндауыш толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштар бірнеше болып келеді. Мұның ойға, ой толықтығына әсері бар. Өйткені бұлардың көп болуы ойдың жан-жағынан көрінуін, айқындалуын қамтамасыз етеді. Көп бастауышты, әдетте, сыйысқан сөйлем дейміз. Өйткені олар істің бірыңғайлылығымен ғана бір сөйлем болып тұрады. Істері бірыңғай болмаса, әрқайсысы бөлек сөйлем болатыны даусыз”,- деген пікір айтады (2,184). Бұл - өте орынды пікір. Алайда автор сыйысқан сөйлемді құрмалас сөйлем ретінде қарастырады.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің ерекшеліктерін М.Шаяхметова төмендегідей көрсетеді:

1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері өзара салаласа, басқа мүшелермен

сабақтаса байланысады. Оларды байланыстыратын амалдар –

интонация мен жалғаулықтар.

2. Сөйлемде олардың әрқайсысы бірдей синтаксистік қызмет атқарады.

3. Барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады.

4. Бірыңғайлар бір сөз табынан жасалып, көбінесе тұлғалас болып

келеді ( 68,45).

Бірыңғай мүшелердің құрамы әрдайым біркелкі болып келе бермейді. Олардың құрамында түбір сөздер де, жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер де, қосарланған немесе біріккен сөздер де, тұрақты сөз тіркестері де кездеседі. Әр сөйлем мүшесі бірыңғай сөйлем мүшесі болады. Бірыңғайлар сөйлемде үтір арқылы ажыратылады.

Бірыңғай бастауыштар. Дене келбеті де, астындағы атының бітімі де Рабиу-Сұлтан-Бегім көркімен мінген жүйрігінен анағұрлым асып түскендей (І.Есенберлин).

Бірыңғай баяндауыштар. Арқан бойы ғана жорғалатып, үй қасынан ұзай берді де, шоқытып кетті (Ғ.Мүсірепов).

Бірыңғай анықтауыштар. Бақытты екеніме, жер әлемдегі ең асыл, ең абзал, ең аяулы, ең сұлу әйелдің жары екеніме күніне мың мәрте тәубе айтатынмын (М.Мағауин).

Бірыңғай толықтауыштар. Кітапты да, газетті де, журналды да бұрынғыша ұзақ сарыла отырып оқиды (С.Шаймерденов).

Бірыңғай пысықтауыштар. Еліміздегі көптеген тарихи ескерткіштер әлденеше жылдан, әлденеше ғасырдан сақталып келе жатыр (Түркістан).

Жалпылауыш сөз. Бірыңғай сөйлем мүшелерін жинақтап тұратын сөз жалпылауыш сөз деп аталады. Ол жалпылау, сілтеу есімдіктерінен және жинақтық сан есімнен жасалады.

Кейін-кейін Айша айтады ғой: сол түні Оспаналы қамбашы, Айша, Сүлеймен – үшеуі барып, қамбаны ашып, қара арпадан бір-екі пұттай алса керек (Ш.Мұртаза).

Егер жалпылауыш сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін қос нүкте қойылады. Төбе басына жиналғандар мыналар: Шәлтіктің Оспаны, мұртты Қали, Мелстің ақикөз Қапаны (Жұлдыз).

Егер соңында келсе, алдынан сызықша қойылады. Оның мына ұсынысына шешесі, өзге ауылдан келіп отырған нағашы апасы, інісі Тұрар – бәрі қарсы шықты (А.Шәріпов).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]