Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.

Айтпа, айтпа деймін анаған! Айтушы болма анаған (М.Ә).

Бұл баяндауыш негізінен тек екінші жаққа тән формада жұмсалады.

7. Іске жұмсауды тілек, өтініш ретінде айту үшін алшы, келші түрінде құралған баяндауыштар қызмет етеді.

- Апырау, оязға шапсаңдаршы!- деді Оспан (Ғ.М).

8. –айық, - ейік тұлғалы баяндауышқа синонимдік сыңар ретінде жұмсалатын –алық, -елік арқылы жасалған баяндауыш бар: баралық, келелік. Соңғы формадағы баяндауыш эпостық жырларда және соған ұқсайтын мәнерленген сөзде жұмсалады. Егінді даланы бөліп әуре болмалық дестік,- дейді Қасен (Ғ.Мұстафин).

9. –алықшы, -елікші бұйрықты өтініш, тілек ретінде білдіру үшін жұмсалады. Осы жерге суға түселікші.

10. Іске қосу қызметінде ерекше жұмсалатын тағы бір баяндауыштар бар. Бұл баяндауыштың бір түрі келер шақ етістік – сұраулық шылау ба (бе) болып құралады: келесің бе, барасың ба.

Сен оны осында алып келесің бе, үйде біраз шаруалар бар еді.

Бұл сөйлемде алып келесің бе деген сұрау емес, ол екінші адамды жұмысқа шақырып тұр. Іске қосуды өтініш ретінде ғана емес, келер шақ –бе болып құралған баяндауыш – ауызекі сөйлеу үстінде ерекше мән тудыратын сөз болып есептеледі.

4. Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (қуаныш, сүйініш, өкініш, реніш, ыза, қарсылық, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді.

1. Эмоциялық мағына таңдану арқылы: Еламан бір сәт көзін жұмып тұрып, құшырлана жұтты.

– Қайран дала! Жарықтық, осы жусан дәрі-ау!… (Ә.Нұрп.).

2. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да, де (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді.

Кенет әлдекімнің: ойбай қасқыр келіп анау қойды алды кетті! – деген ащы айқайы шықты.

3. Көңіл-күй баяндауыш сын есім – десеңші, етістік – десеңші болып та құралады. Мықты десеңші, жарады десеңші. Бұл баяндауыштар сұраулық сөз араласқан лепті сөйлемдер құрамында жасалады.

Мына жердің табиғаты неткен тамаша десеңші!

Бұл машинаның моторы мықты болса 500 шақырымды 3-ақ сағатта алады десеңші!

4. Көңіл-күй баяндауыштың бір түрі -тын, -тін формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бірігуі арқылы жасалады. Есімше, есім сөз және өз есімдігі матасып байланысады: түбін түсіретіннің өзі.

5. Бір топ баяндауыштар тек өткен шаққа қатысты іс-әрекетті эмоциямен атау үшін қызмет етеді.

Солардың бірі -ған (-ым) тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: барғаным бар ма. Сол қуанышты хабарды естіген бойда жетіп барғаным бар ма!

Баяндауыш қызметінде жұмсалатын бұл тіркестің құрамындағы негізгі сөздер өзара предактивтік қатынасқа түсіп байланысқан. Бірақ экспрессивтік мағына, соған байланысты иннотациялық қалып компоненттердің арасындағы синтаксистік қатынастың біртіндеп көрінбей кетуіне соғады. Сондықтан да -ған формалы есімше – бар ма құрамы бір баяндауыштық тұлға болып танылады.

6. Өткен шақта болған іс-әрекетті көңіл-күймен, әсерлі етіп айту үшін -ар, -ер тұлғалы есімше мен шылау ма, ме бірігіп жасалған баяндауыш та қызмет етеді; ала қоярсың ба, айта қояр ма, ұшып келермін бе. Есім шығып, жанжал болып жатқан жерге ұшып барармын ба!

7. Арманды, тілекті көңіл күй барысымен білдіру үшін пайдаланатын баяндауыш шартты рай тұлғасында жұмсалады:

Шіркін-ай, мына бастаған ісімізді ойдағыдай бітірсек!

8. Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталап құралған бармақ түгіл барамын сияқты баяндауыштар пайдаланылады.

Негізгі компонент ретінде ауыспалы осы шақ, нақты осы шақ, өткен шақ етістік сөзі келеді де, қайталанатын көсемше сөз істеген істі, әрекетті өкінішпен атау үшін сыңар - мақ, -мек, (-паң, -пек) т.б. формасында келеді.

Бармақ түгіл барармын!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]