Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

І блок Жай сөйлем типтері

Синтаксис туралы ғылыми зерттеулерде жай сөйлем құрамына, формасына, құрылымына және мазмұнына қарай:

1) Толымды және толымсыз жай сөйлемдер.

2) Жалаң және жайылма жай сөйлем.

3) Айтылу мақсатына қарай бөлінетін жай сөйлемдер.

4) Екі негізді және бір негізді жай сөйлем.

5) Номинативті және етістікті жай сөйлем.

6) Күрделенген жай сөйлем.

І. Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді. Кез келген сөйлем қандай да бір дауыс сазымен айтылады. Онсыз сөйлем сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, тыңдаушыға деген қатысын білдіре алмайды. Бұл – интонацияның жалпы тіл-тілдегі маңызы.

Хабарлы сөйлем. Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалды.

2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлем жай сөйлем және құрмалас сөйлем түрінде де кездесе береді. Мысалы, Көлқора табанына бір топ атты сау ете қалды. Түс кезінде үй алдында аттар пысқырып, қоңырау сылдырады (Ә.Н). Сондай-ақ, екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді: Кәлен көз қиығын қарт балықшыға қайта тастады (Ә.Н.).

Сұраулы сөйлем. Белгілі бір ой сұрау мақсатымен айтылса, сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады:

1. ма, ме, па, пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы:

- Сонымен, Мөңке қалай? Жағдайы жақсы ма? (Ә.Н.).

- Теңізге шықпаймыз ба? (Ә.Н.).

2. Сұрау мағыналы ғой, ау, ше шылаулары арқылы:

- Балалы болды деп есіттім ғой?

- Ие, құр қол емес, күл шашары бар (Ә.Н.).

- Қаратаз ше?

- Ол да сонда… (Ә.Н.).

1. Сұрау интонациясы арқылы:

- Сен артыңа ерген жастарды адастыратын алапаттың тұрманысың.

- Алапат? (Ә.Әбішев).

Мәди ақырып қалды:

- Мұнан жеті жыл бұрын? (Ә.Әбішев).

2. Сұрау есімдіктері арқылы: «Бұл не? Қалың жаудан қаймықпайтын бетімнің мына қыздан қайтқаны қалай? Мен кеше қандай едім? Қайрап алып қалың жауға сермеген көк семсер емес пе едім? Бүгін қандай? Қанатым қайырылғандай, семсерім майрылғандай күйдемін, бұл қалай?» (Ә.Әбішев).

3. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады:

- Көп керек шығар? – Екі жүз елу пұт жетеді (Ғ.Мұст.).

Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болады: ашық сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ.

3. Бұйрықты сөйлемдер. Белгілі бір ой бұйрық мақсатымен айтылса, бұйрықты сөйлем болады. Бұйрықты сөйлемнің мақсаты – тыңдаушыны немесе айтушыны әлдебір қимыл әрекетке, іске итермелеу. Мысалы: Тапсырманы орындамай көрші! Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасынан ғана, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.

  1. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуіміз – ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді.

Дәл осылайша ел ішінен тері-терсек жинап жүрген Ебейсінді бір күні Тәңірбергеннің атқосшысы – ақикөз жігіт іздеп кеп:

- Мырза шақырып жатыр. Қәне, дереу атқа мін,- деді (Ә.Нұрпейісов, «Қан мен тер», 265-б.).

2. І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды –айып, -ейір, -айың, -ейін формалы етістіктер жасалған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айып, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін, -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ық, -ік, - жақтық көрсеткіштер. –ын, -н жақтық көрсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған.

ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.

3. Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем алғын, келгін формалы баяндауыштардың қатысуымен де құралады: Сен кешке ол жерге барғын. Бұл баяндауыш өте ертеден қолданылып, айтылып келеді.

4. Бұйрықты тұжырымдылау етіп білдіру үшін алсаңшы, алсаңызшы түрінде құралған етістіктер баяндауыш болып жұмсалады.

Сол кезде төмен отырған сары кісі басын көтеріңкіреп, дүңкілдеген келеңсіз жуан дауыспен:

- Әй, Бақтығұл, жөніңе көшсеңші!.. (М.Әуезов, «Қараш-қараш оқиғасы», 38-б.).

Баяндауыш шартты рай тұлғасын қатыстыру арқылы жасалған; ал-са-ң-шы, ал-са-ң-ыз-шы. Қарапайым сөзде бұл баяндауыш –шы, -ші жұрнағын қоспай да айтылатыны болады: Бүгін уақытында келсең!

Барсаң, келсең сияқты бұйрық мағыналы баяндауыштар әдеби норма шеңберінен тыс, тек қарапайым тілде жұмсалғанмен, ол сөз бастапқы бір формасын бұзудың, қысқартудың нәтижесінде пайда болған форма емес. Бұлар тілімізде ерте кездегі қалпының ізі.

5. Бұйрықты бұдан гөрі тұжырымды етіп, үзілді-кесілді айту үшін ІІ жақ бұйрық форма – деген соң – ІІ жақ бұйрық форма болып құралған баяндауыш (ал деген соң ал) жұмсалады.

- Көп деген соң көп!- дейді ол ақшагы қайырмай, уыстап тұрып (Ә.Н).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]