Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі

Сөйлем – синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.

Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана зерттеумен шектелмейтінін уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н.Ю.Шведова қазіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін. Бұлар қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастықты құрайды деп есептейді [57;129]. Қазір осы аталғандардың ішінен тек сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең басты синтаксистік бірлік деп тану жөніндегі көзқарастар басым.

Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көқарастар қалыптасқан. Олар, негізінен, үш түрлі.

Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді.

Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзқарасты Ф.Ф.Фортунатов, В.К.Поржезинский, Н.М.Петерсон, А.М.Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы дейді.

Үшіншіден, В.В.Виноградов, Ю.Шведова, В.Н.Ярцева, О.С.Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар қарастырады.

Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев т.б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп қарастырса, профессор М.Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ.Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б.Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А.Ж.Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны – сөз формаларынан басталуы тиіс дейді [29;111].

Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттелуі жүйелі дамып келеді, ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әміров, Қ.Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Т.Сайранбаев сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты.

Тіл мамандарының барлығы да сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты категория екендігін мойындайды. Біріншіден сөйлемнен сөз тіркесін де, сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де, айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем – құрмалас сөйлемді құраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы жай сөйлем негізінде құрала келіп, күрделі ойды білдіреді.

Тіл-тілде сөйлемнің қандай белгілері бар, сөйлем аяқталған ойды білдіре ме, әлде біршама аяқталған ойды білдіре ме деген сұрақ төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар.

Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен нақтыланады, атап айтқанда: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік және иннотация. Бірақ бұл белгілер бірден қалыптасқан жоқ. Іргелі дамыған орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов сөйлемнің негізгі белгілері ретінде тек предикативтілік пен иннотацияны ғана жатқызып келді. Кейін оған модальділік пен коммуникативтілік те қосылып, аясы ұлғая бастады.

Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайранбаев: «Сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және интонация – үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз. Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады»- дейді [42;6]. Ал модальділік белгісі ретінде – рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және интонацияны көрсетеді. Профессор Р.С.Әміров «Жай сөйлемдер синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш-баяндауыштың қатынасы – предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады. [10;56], - деп шақтық формасы мен жақтық формасына қоса рай формасын да көрсеткен. Предикативтіліктің сөйлемге тән басты белгі екенін көрсетеді.

Предикативтілік. Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші-ғалымдар сөйлем атаулының қандай түрі болмасын предикативтілік қасиетке ие және бұл оның басты белгісі болып саналады деп есептейді. «Предикативтілік – синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің құзырына енетін барлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып зерттеуге арналған категория» [37;392].

Предикативтілік сөйлемді формальдық, құрылымдық (структуралық) тұрғыдан қарайтындар үшін – бастауыш пен баяндауыштың немесе синтаксистік бас мүшелердің қатынасы, сөйлемді семантикалық құрылым тұрғысынан қарайтындар үшін – логикалық бас мүшелер деп есептелетін субъект пен предикаттың қатынасы, ал сөйлемді коммуникативтік құрылым ыңғайында зерттеушілер үшін – тема мен реманың (актуалдық мүшелердің) қатынасы ретінде танылады.

Модальділік. Сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальділік болып табылады. Яғни сөйлеуші ақиқат шындыққа қалай қарайды, оған қандай сипаттама береді, оны қалай түсінеді – модальдық қатынастың мәні, міне осында. Модальділік, ең алдымен, сөйлемде көрінеді. Сөйлемнің модальділік қасиеті иннотация арқылы, етістіктің рай, шақ көрсеткіштері, түрлі етістік жұрнақтары, түрлі демеулік, тіпті сөздердің орны тәртібі, сондай-ақ қыстырма мүшелер арқылы да беріледі.

Коммуникативтілік. Сөйлемді қатынас құралы болу тұрғысынан сипаттау. Адам бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Тіл бірліктерін коммуникативтілік аспектіде, контекст, ситуация және сөйлеудің даилогтік формасында қарастыру қолға алынып жатыр.

Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі сөйлемді құрайтын құрылымдық компоненттер болғанымен, бұлар пікір алысу дәрежесіне көтеріле алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Тіл сөйлем ғана қарым-қатынастың (коммуникативтілік) негіз болып табылады. Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің коммуникативтік дербестігі жоқ, бірақ құрылымдық дербестігі бар. Бұлар дара жұмсала алмайды, тек коммуникативтік дербестігі бар тұлғалардың (жай сөйлем, құрмалас сөйлем, синтаксистік шалым, текст) құрылымдық компоненті ретінде ғана танылады.

Интонация. Сөйлем біршама аяқталған ойды білдіргендіктен, оның өзіндік иннотациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты әлде лепті мәнмен айтылатындығы сөйлем бойынан тұтастай көрінетін иннотациядан байқалады. Сондай-ақ сөйлемнің өн-бойынан ғана көрінетін мұндай иннотацияда сөйлеушінің көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, салқын сыпайылық, енжарлық, мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, күмән, сенімсіздік, үміт т.б. сияқты тыңдаушыға қатысы байқала алады.

Интонацияның бұл рөлі тілдегі модальдық категориясымен шектесіп жатыр.

Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен басқа тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) нақтыланады. Бұл белгілердің әрқайсысы жеке-жеке жұмсалмай, барлығы бірлікте келіп, сөйлемнің сөйлемдік қасиетін нақтылайды.

1-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді үлгі-схема бойынша талдаңыздар.

1. Жомарт одан әрі шыдамады. (С.С.) – Ызғұтты аға, осыны жадыңда сақтағайсың! (М.Ә.) Аң алғандағы көтеріңкі сезімі де жоқ. (С.С.) Аздан соң сам жамырайды. Одан кейін көп ұзамай маңайды қымтай бүркеп түн оралады. (С.С.) Сикорский енді тырп етпесінші, қәне! (Ғ.М.) Елдің бозбалалары сол ауылдан шықпайды. Сен, Болат, концертке үлгермей қалғанбысың? Бірақ бұл жолы Ботагөз дыбысын шығарған жоқ (С.М.) Өркөкіректі бұрқ-сарқ қайнататын ашуы қайда? (С.М.) Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады. Бірақ жатқан қалпынан тырп етіп қозғалған жоқ, қимылдаған жоқ. (С.М.) Еламан да қараңғы үйде көзі ашық жатыр. (С.С.)

2. Келіншегінің сырын алғашқыда Еламан да түсінбеді. Соның өзінде де ол Ақбаланы кінәға қимады. (Ә.Н.) Маржан кібіртіктей басып ұзай берді. (С.С.) Бүгін бірде-бір нәрсе қарт ананың назарын аудармады. (Ә.Н.)

– Қар жаумаса нетсін!

– Тезірек бұлақ басына жетіп алайық!

– Осы жөніміз, бағытымыз дұрыс па?

Кеш бата бұлаққа жетіп еру жасады. (С.С.) Ошаған отырған орнынан бір қозғалған жоқ. (С.С.) Қолбасының бес сайлы жорық шатыры тігілді. Әр жерден бір жамырай шыққан сауалдарға жігіттің жауабы мардымды болмады.

Жомарт Садырбайға бұйрық етті

Бар! Осы қазір жылқыдан бір үйірді өзің Мұқатайдың аулына айдап апар! Айыбыңның өтеуі – сол! Тез жөнел!

Мұз – су қаймағы (М.Ә.). Өзінің ауру сауын да айыра алмайды. Өне бойы соққы жеген кісідей мылжа-мылжа. Кейде Абай жүріп келе жатқан сияқты емес (М.Әуезов). Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Үркер төбеден ауып кетті. Шықырлаған аяғынан өзге тырп еткен дыбыс жоқ. Аппақ, кең далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр. Ақ бесікте құндақтаулы бала сияқты (Ғ.Мұстафин).

Айдала. Көлдің биік қабағы. Маңайы құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Әлсіз жел. Ең аяғы ызыңдаған шіркейдей жанды мақлұқ сезілмейді. Күн батып барады... (С.Мұқанов).

Сөйлемдер

П р е д и к а т и в т і л і к

Интонация

Модальдылық

Шақ

Жақ

1

Ертеңіне таңертең Любка Сергейді жатақханадан кездестіре алған жоқ (А.Ф.).

хабарлы

болымсыз (жоқ)

бұрынғы өткен шақ (-ған, -ген)

ІІІ жақта айтылып тұр, грамматикалық көрсеткіші жоқ.

2

Кішіпейілдіктен қорлық көрген адамды естіген де, көрген де емеспін.

х абарлы

болымсыз (емеспін)

бұрынғы өткен шақ

І-жақ, грамматикалық көрсеткіші - пін

3

Бұл теорияны қорғап, оның пайдасына не айтуға болады?

с ұраулы

болымды

жалпылама жақсыз

4

Ізғұтты аға, осыны жадыңда сақтағайсың! (М.Ә.)

б ұйрықты

болымды

ІІ жақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]