Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әр түрлі. М.Балақаев сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын синтаксистік тәсілдерге септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын және шылауларды (септеуліктер, жалғаулықтар), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны жатқызады да, сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын синтетикалық тәсіл, ал қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық тәсіл деп қарайды.

Р.Әміров синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар(жалғаулық, септеулік), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны аналитикалық тәсілге жатқызады. О.С.Ахманова, Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық деп үшке бөледі.

Біздің ойымызша, оқулықтағы сөз тіркесі туралы түсініктен бұрын қойылған сөздердің байланысу тәсілдері де, байланысу түрлері де сөз тіркесі нысанасында қаралуы қажет. Себебі қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстыратын амалдар алуан түрлі. Осындай тәсілдердің арқасында сөздер өзара байланысқа түсіп, тізбектеліп, сөйлем құрамына енеді. Сөздер бір-бірімен байланысқанда белгілі бір заңдылықтарға сүйеніп байланысады. Мәселен, жүгіре-жүгіре шаршады тіркесін алайық. Осындағы жүгіре-жүгіре сөзі қосарлану тәсілі арқылы жасалған, яғни қос сөзге тән тәсіл, бірақ нәтижесі сөз тіркесі емес, қос сөз. Сол сияқты Ботакөз, итмұрын, соқыртеке сөздеріндегі байланыстыру амалы — бірігу тәсілі, нәтижесі біріккен сөз. Әрине, біріккен сөздер тарихи тұрғыдан алғанда сөз тіркесінің қатарына жатқаны күмән туғызбайды. Бірақ тілдің дамуы барысында олар сөз тіркесі құрамынан шығып, біріккен сөзге айналған. Сөздердің байланысу тәсілдерін оқулықтарда: 1/ қосымшалар арқылы байланысуы; 2/ септеулік шылаулар арқылы байланысуы; 3/ орын тәртібі арқылы байланысуы; 4/ интонация арқылы байланысуы деп береді.

Сөз тіркесінің қосымшалар арқылы байланысуын сөз еткенде мынаны нақтылай түсу керек. Байланыстың бұл түріне көптеген еңбектерде көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары жатқызылып жүр. Әрине, септік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысқан тіркестер күмән туғызбайды. Бірақ көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейді. Қазақ тілінде көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады: сендер оқушысыңдар, сендер келгенсіңдер, отырғансыңдар, сендердің айтқыларың келмейді.

Ал жіктік жалғауы арқылы жасалған сөз тіркестері сөйлемнің қаңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқан сөздер көбінесе бастауыш және баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады. Сондықтан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнің аясында қаралуы керек. Себебі, қиысу екі жақты байланысқа негізделеді, яғни бірінші сөз атау септігінде тұрып, екінші сыңары атау септікте тұрған сөздің қай жақта тұруына қарай сол жақтағы жіктік жалғауда жұмсалады. Сол жіктік жалғаудың жақ түріндегі тұлғасына қарай бірінші сөз де семантикасы арқылы белгілі жақта тұрады. Бірақ бұл байланыс субъектілік-предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан сөз тіркесі болмай, сөйлем болады. Міне, сондықтан да көптік жалғауы сияқты жіктік жалғауы да сөз тіркесінің байланысу тәсілдерінің қатарына ене алмайды.

Кейінгі кездері ғалымдар қосымшалар арқылы байланысу тәсіліне көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысқан сөз тіркестерін де жатқызып жүр. Мәселен, мен етпеттей жығылдым (Ж.Тәшенов). Андамай сөйлеген ауырмай өледі (Мақал). Жапырақ көгермей солды, жастық гүлденбей өлді (Мақал). Сөйлемдеріндегі етпеттей жығылдым, аңдамай сөйлеген, ауырмай өлер, көгермей солды, гүлденбей өлді тіркестері көсемшенің -й жұрнағы арқылы өзінен кейінгі сөзбен байланысып тұр. Алайда, сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнақтар арқылы байланысуы жалғаулар арқылы байланысқан сөздердей актив құбылыс емес. Дегенмен тіл фактілерінде кездесіп отырады.

Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілінің қосымша тәсілінен өзіндік ерекшелігі бар. Яғни қосымшалар арқылы байланысқа түскен сөздер орны жағынан біршама жылжымалы, еркін болатын болса, қосымшасыз байланысқан сөздердің орны тұрақты, орнықты болады. Орын тәртібі арқылы байланысқан биік тау, үлкен бөлме, алтын сағат тәрізді тіркестерді тау биік, бөлме үлкен, сағат алтын деп өзгертетін болсақ, онда бұл тіркестер предикаттық қатынасты білдіреді. Демек, сөздердің орын тәртібі тәсілі сөз тіркесіне қатысты грамматикалық мағыналарды айқындауда жетекші қызмет атқарады. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркестерінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерге өте ұқсас екенін айта кету қажет, мәселен, жүрек жалғау, қол көру, Аяз ата, т.б.

Интонация тәсілінің есім сөздерден жасалған сөйлем мен анықтауыш сөздерден жасалған сөз тіркестерінің жігін ажыратуда атқаратын қызметі зор. Мысалы, Бұл - мұғалім, бұл мұғалім. Бірінші сөйлемде бұл сөзінен кейін кідіріс жасап айтсақ, сөйлем болады, себебі, бастауыш баяндауыштық құрылым бар. Ал екіншісінде кідіріс жасамасақ, анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болады.

Сөздердің байланысу формалары. Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М.Балақаев жанасуды қабысудың бір түрі ретінде береді. Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қарау керек пе, не сөйлем ретінде қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, профессор С.Исаев — “қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп анықталады.

… қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да өзгеше. Сондықтан қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, байланысқа түскен сыңарлары грамматикалық меншіктілік, қатынастық, объектілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттық т.б. сияқты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субъектілік-предикаттық (бастауыштық-баяндауыштық) қатынасты білдіреді. Сөйтіп, коммуникативті қызмет атқарады”- дейді [27.36-41].

Біз қиысуды сөйлем аясында қарастыру керек деген тұжырымды қолдаймыз.

Матасудың екі мүшесі де қосымша арқылы жасалады. Матаса байланысқан сөз тіркесінің басқа байланысу формаларынан бір ерекшелігі — мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, анықтауышық қатынаста жұмсалатындығы, екі жақты байланыста болатындығы. Екінші бір ерекшелігі — оның екі мүшесі де жақ жағынан түрленіп байланысатындығында.

Матасудан кейінгі байланыс түрі — меңгеру. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғану арқылы жасалады.

Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі — қабыса байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз, қатар тұру арқылы жасалады. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші - Құрманғазының сүйегі жатқанымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жұлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес, ұлы сөзі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Кейбір жағдайларда қабысуды меңгерумен, матасумен, тіпті күрделі сөзбен шатастыратын кездер де болады.

1. Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып, қабысуға ұқсайды. Мысалы: Ол хат жазды. Мен қант әкелдім. Хат жазды, қант әкелдім тіркестерінің арасына сөз қойсақ, не алдынан сілтеу есімдігін жалғасақ, жасырын тұрған септік жалғауы ашық тұрады. Хатты жиі жазады. Мына қантты мен әкелдім. Бұдан шығатын қорытынды, қабысуды меңгерумен шатастырмас үшін, сырт тұлғасы ұқсас байланысқан сөздердің арасына басқа сөз қойса, не алдына сілтеу есімдігін қойса, ұқсас сөз тіркестерінің байланысу түрлерінің қай түріне жататындығы оңай ажыратылады.

2. Матасумен салыстыру. Матасудың бірінші сыңарындағы ілік септігі жалғауы түсіп қалып, қабыса байланысқан тіркес сияқты болып көрінеді. Мысалы: Әке ақылы, ауыл баласы. Мұндай тіркестердің қабыса емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғауынан байқауға болады, егер тәуелдік жалғауын түсіріп айтар болсақ, олардың арасындағы грамматикалық байланыс бұзылады, яғни әке бала, ауыл бала болып қалады да, мағынаға нұқсан келеді. Әке баласы, ауыл баласы тәрізді тіркестердің екінші бір ерекшелігі изафеттің 2-түрі 3-түріне ұласады. Бұл аталған тіркестердің генетикалық тұрғыдан байланысы бар екендігін, әке баласы, ауыл баласы дегендер меншіліктілік мәнді білдіру қасиетінен мүлдем қол үзіп кетпегендігін көрсетеді.

3. Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда, күрделі сөздің бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді болып көрінеді. Мысалы: он бес, жүз отыз, ақ құба т.б. Күрделі сөздерде сөз тіркесіне тән негізгі белгілер болмайтындықтан, оның бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланыспайды.

Қабысу байланысында дауыс ырғағына да көңіл бөлінеді, қабыса байланысқан сөздер бір леппен айтылады. Мысалы: Бұл оқушы, көк аспан. Ал, бұл – оқушы десек, екі сөздің арасында кідіріс бар, сондықтан олардың арасындағы қарым-қатынас сөйлем түрінде беріліп тұр.

Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі – жанасу. Тіл ғылымында жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі деп жеке қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың бір түрі деп қана қарастырады, яғни арасына сөз салуға келсе жанасу, келмесе қабысу деп қарастырады. Біз де осы соңғы пікірге қосыламыз. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын есім, сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимылдады, сабақтан соң келді, үйге дейін барды т.с.с.

Сондай-ақ қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болады. Ал жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, сондықтан, сыртқы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін қай сөз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою арқылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады.

Сонымен қорыта келгенде сөз тіркесі синтаксисі бойынша мынандай тұжырым жасауға болады:

Сөз тіркесі туралы түсінік:

-кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұратындығы;

-бір-бірімен салаласа байланыспай, сабақтаса, яғни, бірі екіншісіне иек арта, бағына байланысатындығы;

-олардың байланысынан басқа бір лексикалық мағына пайда болмай, грамматикалық мағына туатындығы.

Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар:

-атаулы сөйлем сөз тіркесі бола алмайды. Сол сияқты, кез келген сөздердің тіркесі атаулы сөйлем бола алмайтындығы;

-тұрақты, терминдік тіркестердің, күрделі сөздің, салаласа байланысқан тіркестердің, толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздер тіркесінің сөз тіркесі қатарына жатпайтындығы.

Сөз тіркесін топтастыру туралы:

-басыңқы сыңардың қай сөз табынан жасалуына қарай есімді, етістікті болып бөлінетіндігі;

-есімді сөз тіркестерінің бірінші пайда болғандығы;

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері:

-кейбір сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне аталып жүрген көрсеткіштердің ішінен тек септік, тәуелдік жалғаулары, септеулік шылаулар және орын тәртібі тәсілі мен интонация жататындығы;

-кез келген тәсілдің сөз тіркесін тудыра бермейтіндігі (біріккен сөз, қос сөз);

-жіктік жалғауы арқылы жасалған тіркестердің көбінесе сөйлем болатындығы.

Сөз тіркесінің байланысу формалары:

-сөз тіркесінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу байланысу формаларының барлығы;

-қиысу байланысының сөз тіркесі емес, сөйлемнің аясында қаралу керектігі.

Сөз тіркесінің құрылысы:

-сөз тіркесінің синтаксистік бірлік ретінде өзіне тән құрылысы болатындығы;

-бір-бірімен сатылай және жарыса байланысатындығы.

Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағыналары:

-кем дегенде толық мағыналы екі сөздің тіркесінен жаңа бір грамматикалық мағына, яғни анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық мағына пайда болатындығы;

-ол, негізінен, бағыныңқы сыңардың қай сөз табынан жасалғанына қарай ажыратылатындығы.

СӨЖ

  1. Ғалымдардың сөз тіркестерінің байланысу тәсілдері туралы тұжырымдарын жинақтап, таразылаңыз.

  2. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері туралы жазылған профессор Ә.Абілақовтың еңбектеріне талдау жасаңыз.

  3. Қиысу байланысына қатысты ғалымдардың еңбектеріне сараптама жасаңыз.

СООЖ

  1. Жанасу байланысы туралы еңбектер мен мақалаларға талдау жасаңыз.

  2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін /синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық/ саралаған ғалымдардың ой-пікірлерін салыстырыңыз.

1-тапсырма. Бірінші топтағы сөздерді екінші топтағы сөздермен

мағынасына қарай қабыса байланыстырыңдар.

  1. Қызыл, биік, гүлденген, әсем, қалың, баяу, ақ, отыз.

  2. Орман, ауыл, орамал, аймақ, жел, кітап, қағаз, үй, самал

2-тапсырма. Мәтіннен матаса байланысқан сөз тіркесін табыңдар:

Қоршауда

Түс ауып барады, алайда жаудың қысымына шыдамай, шегінді, бірақ мұны Бауыржан білген жоқ-ты. Калистованы жаудың алуы және көршілердің шегінуі Бауыржанды толық қоршауда қалдырды. Жау автоматчиктері мен жаяу әскерлерін Бауыржанға қарсы салды. Бұлар Бауыржанның бүйірінен, алды-артынан қысым жасай бастады. /М.Ғабдуллин/

3-тапсырма.Сөздерді бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланыстырыңдар: дала, оқу, кел, айт, сәлем, күт, арнайы, терек, Асқар, былтыр, ұзын, жаз, бар, көше, студент, сен.

4-тапсырма. Текстен қабыса байланысқан сөз тіркестерін табыңдар:

… Төрт жерден салбыраған аспалы шамдар жаңа үйдің жайын айтқызбай баяндап тұр. Бәрі де қазақ даласына бұрын келмеген, жарығы мол, үлкен шамдар. Қара барқытпен оюланған туырлықтың иығын шығара керней тұрған алтын бояулы уықтар шам жарығында бұрын бір көрмеген салтанат сияқтанады. Бірімен-бірі араласқан бояулар, қызылды-жасылды терме баулар, түкті кілемдер, күміс адалбақандар бұл үйдің жасалуына бірталай-ақ ой кеткендігін айтып тұр. /Ғ.Мүсірепов/

5- тапсырма. Матаса байланысқан сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар

Нағыз адамның белгісі — кісілік. /Ю.Баласағұни/

Өнерлінің қапасы көп, өнерсіздің өкініші жоқ. /А.Иүгінеки/

Білім — ердің дәулеті. /С.Сарайи/

Тәрбие басы — тіл. /М.Қашқари/

6-тапсырма. Сөйлемдерден қабыса байланысқан сөз тіркестерін табыңдар

Тамылжыған дала, жібектей жұмсақ ән, көңілді тыныштық Олжабекті әлдилеп келе жатқан сияқты еді, /Ғ.Мұст./ Ізгі білім — сөнбейтін шырақ. /Мақал/. Ұқпаған кісі білімді бұзады. /Ю.Баласағұни/

7-тапсырма. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тауып, қай септік жалғауы арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. /Мақал/ Отан үшін отқа түс — күймейсің. /Б.Момышұлы/ Ер-тоқымдарын қолдарына құшақтатып қойыпты. /Ғ.М./ Есіктен қапсағай қара кісі көрінді. /Ә.К./.

8-тапсырма. Матаса байланысқан сөз тіркесін табыңдар

Ерлік-елдің қасиеті, Жүректілік — жігіттің қасиеті. /Б.Момышұлы/

Оқу — білім азығы, Білім — ырыс қазығы. /Мақал/

Білім — адамның байлығы /С.Сарайи/.

9-тапсырма. Орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркестерін табыңдар

Қыр мұрынды, атжақты, қой көзді, қызыл күрең, шырайлы, толық адам. /А.К./ Келер таң қарлы жаңбыр аралас дауылмен басталды. /Ә.С./. Қашқан лақ, қуған қасқыр дәл біздің тұсымызға келегнде аралары үш метрдей-ақ еді. /Ғ.М./

10-тапсырма. Қосымша тәсіл және септеулік шылаулар арқылы жасалып тұрған сөз тіркестерін табыңдар.

Содан бері тілдеспейміз. /Ә.С./ Түнге қарай мені тағы да сұраққа апарады. /Қ.Т./. Ол сен туралы, екеуіміз жайында жазылған кітап. /Ә.Нұрш./. Жақсыға жанас, Жаманға адас. /Мақал/

Ж ай сөйлем

1-блок

2-блок

3-блок

4-блок

Мағынасына қарай

Предикативтік бас мүшелердің қатысына қарай

Структура семантикалық компоненттердің қатысына қарай

Субъект жақтың қатысына қарай


  1. хабарлы 1. бір негізді 1. толымды 1. жақты

  2. сұраулы 2. екі негізді 2. толымсыз 2. жақсыз

  3. лепті 3. сөз-өйлем 3. жалаң

  4. бұйрықты 4. жайылма

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]