
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
Сөздердің бір-бірімен тіркесуі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық сиымдылығы мен грамматикалық сипатына негізделеді. Мәселен, сын есім заттың сынын, сапасын білдіретіндіктен, көбінесе зат есіммен тіркеске түседі, үстеулер қимылға тән сапаны білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесуге бейім тұрады. Нәтижесінде, сөз тіркесінің белгілі бір үлгілерін құрайды. Мәселен, үстеу+етістік, зат есім+зат есім, сын есім+зат сеім, сан есім+зат есім т.б.
Сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарамай, сөйлем мүшелері негізінде қарау орын алып келді. Мұндай көзқарас осы кезде де некен-саяқ болса да бой көрсетіп қалады. Бірақ ғалымдардың көпшілігі сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде қарау, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жібереді, сондықтан сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарау керектігін ұсынады.
Тіл фактілері де сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде емес, сөз таптары негізінде топтастыруды қажет етеді. Сондықтан сөз тіркесін топтастыруда алдымен оның басыңқы сыңарының қай сөз табынан, оның грамматикалық табиғатын айқындау мақсатында бағыныңқы сыңарының да қай сөз табынан жасалғандығы негізге алынады. Сөз тіркесі синтаксисі есімді тіркестер мен етістікті тіркестері, ортақ басыңқылы т.б. деп бөліп қарау тәжірибесі осы негізге сүйенген.
Алайда сөз тіркесі мәселесі тек оның қай сөз табынан жасалуын анықтаумен шектелмейді, өйткені сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысу тәсілдері мен формаларын, олардың арасындағы синтаксистік қатынас түрін ажыратудың да өзіндік мәні бар.
Осыған орай, тіл білімінде сөз тіркестерін басыңқы сыңарларының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі; байланысу формасына қарай: қабыса байланысқан, матаса байланысқан, меңгеріле, жанаса байланысқан сөз тіркестері; байланысу тәсіліне қарай: аналитикалық тәсіл, синтетикалық тәсіл, аналитика – синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан; синтаксистік қатынасына қарай: атрибутивтік, объектілік, адвербиальдық қатынастағы тіркестер деп ажыратылады.
Жоғарыда айтылған мәселелердің бәрі синтаксистің сөз тіркесі деп аталатын саласының өзіндік қиындығы мен күрмеуі мол, оның сан қырлы аспектілері ашылып, ғылыми орныққан қағидалары басшылыққа алынатынын ұмытпауымыз керек.
СӨЖ
Н.З. Гаджиеваның “Основные пути развития синтактической структуры тюркских языков”/М., 1973г./ еңбегіндегі басыңқы, бағыныңқы компонеттер туралы тұжырымдарын сараптаңыз.
Н.К.Дмитриевтің “Грамматика башкирского языка”/М.-Л., 1948/еңбегінің мәні мен маңызына ойталқы жасаңыз.
СООЖ
Т.Р.Қордабаевтың “Тарихи синтаксис мәселелері” /А.,1963ж./атты еңбегіндегі пікірлеріне талдау жасаңыз.
Т.Сайрамбаевтың “Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі”/А.,1991ж/ еңбегін талдаңыз.
1-тапсырма. Алынған мысалдардың қайсысы есімді тіркес, қайсысы етістікті тіркес екенін ажыратып, әрқайсын бөлек топтап жазыңдар
Үміттің де белгісі, теңізге шыққан едім, жаманға жорыдым, үйді дірілдеткен, әдемі айна, қолына ұстап, аспанға ұшты, үйде отыра алар емес, қорқыныш іздері, алтай ағашы, айтылған уақиға.
2-тапсырма.Пысықтауыштық қатынасты білдіріп тұрған сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз
Күні бойы бұларға Базаралы өз ауылдарының кедейлік қиыншылық күйлерін көп сөйледі. /М.Ә./ Ойға шомып келе жатып, байқамай қалған екенмін, етпетінен құлаған Айдарбектің аяғын басып кеттім. /Б.Мұқ./ Тал түсте үйіне зорға жетті. Бәрі де Нұртаза мен Мұсабайдан төмен отырды. Павловтың бұрыңғы революцияшыл қауымы бұл күнде көп ілгері болып, өзгеріп өрлеп кеткен. /М.Ә./
3-тапсырма. Келтірілген сөйлемдерден есімді сөз тіркестерін тауып ажыратыңыздар
Өткеннің жақсысы, жаманы бүгінгі өлшеуімен өлшенеді. /Ғ.Мұст./ Өз баласы мен өз туысы үшін бір жауап керек. /М.Ә./ Сағынатын кімің бар еді? /С.М./ Маңындағы қырық сегіз болыс қазақ сауда саттығымен, оқу іздеген балаларымен жазы-қысы әуре. /Ғ.Мұст./ Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізді. /М.Ә./ Көше сапырылысқан малдар мен адамдардың дауысынан ың-жың. /С.М./
4-тапсырма.Төмендегі сөздерді мағынасына қарай байланыстырып сөйлем құраңыз
Өзен, жел, жері, шелі, самал, күн, көлбей, зор, сонау, дала, боз, көгілдірленген сәуле, биіктігі, беті, бүркіт, алқызыл, жылдамдық, ай, бес, қырық, дауыл, километр, шақырым, әрең, қасақана, керуен, күн, бойы, ұллу, бұл жайында, асыл, жақын, кеше, қабылдау, бірнеше, алуан.
5-тапсырма.Есімді сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз
Өтірік сөз жанға қас, өткір пышақ қынға қас. Бөжей өлген күннің ертеңінде тігілген осы қара Бөжейдің өлімі өзге өлімнен ерекше күтілетінін жариялады. Соның шарты: Бөжейге ас берілді, жыл бойы арты қатты қатты күтіледі деген болатын. Қара тіккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас берем деген ырымын жасады. Қайдағы алыс ел Мұрынға барып, бір айғыр үйір жылқыны тұтас қуып келген айыпкер осы. Сонау алыстан ай бойы жүріп, сұрау салып зорға дегенде, ақадал малының сорабын тауып отырған жолаушылар мыналар. Мұның бірі — бурыл сақалды, кішілеу шегір көзді, зор мұрынды, салмақты адам. Екіншісі — сорағай ат жақты, көселеу келген, өткір көзді, ұзын бойлы қара жігіт. /М.Ә./
6-тапсырма. Текстен есімді сөз тіркестерін бір бөлек, етістікті сөз тіркестерін бір бөлек теріп жазыңдар
Аспалы шамдар, жаңа үй, жақсы көмектесті, Абайдың шыншылдығы, сұрақтар қойылды, саяхатқа шықтық, жылдам жазып отыр, гүлденген ауыл, кең бөлме, жатық сөйлеу, ақ қағаз, жаңа көйлек.
7-тапсырма. Етістікті сөз тіркесін тауып, жазыңдар
Сізге сәлем бергелі бұрылдым. /С.М./. Онда Тайман он жыл оқыды. /З.Қабд./ Амантай да бірге келді. /С.М./ Жұрт жапыр-жұпыр атқа мінді. /М.Ә./ Мейрам бой жазуға вагоннан шықты. /Ғ.Мұст./
8-тапсырма. Есімді сөз тіркесін тауып, қай сөз табынан жасалып тұрғанын айтыңдар
Жақсы киім бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады. /Ә.Науаи/
Бағбан жүзімнің дәмін білмейді. /С.Сарайи/
Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай. /Ю.Баласағұни/
9-тапсырма. Толықтауыштық қатынасты білдіріп тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыз
Жыр нөсерін төгуден Жан емеспін жалыққан. /Н.Б./ Ертістің сол жағасындағы темір жол көпірі төбеден төне түскендей. /Н.А./ Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды. /Ғ.Мұст./
10-тапсырма.Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып жазыңыз
Алдыңғы сапта ұзын бойлы, қара сұр жігіт келеді. /Қ.Ж./ Басында қара көк елтірі папақ, үстінде қайырма жағалы, жалғыз ілпекті түймелі түйе жүн пальто-шапан, етегін дөңгелете басқан күрең сақалды, қоңыр өңді, мұртының алды темекі түтінімен ысталып, күзгі жапырақтай сарғая бастаған, салдырап сөйлейтін ақ көңіл Аббас дәрігер екен. /Д.Ә./ Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, әм ол киімін былғап, былжырап кимей, таза кимек — дұрыс іс. /Абай/