
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
Сөз тіркесіне байланысты мәселені оқыту үшін, ең алдымен, сөз тіркесінің табиғатын, өзіндік мәнін ашып алу қажеттігі бірінші орында тұрады. Осындай қажеттілікті шешу үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан, атап айтқанда, сөйлемнен, атаулы сөйлемнен, атау мәнді тіркестерден, фразеологиялық тіркестерден, түйдекті тіркестерден, сондай-ақ, күрделі сөздерден бөліп алып, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету қажет болса, екіншіден, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларын тілдік материалдардың негізінде айқындап алу керек.
Сөз тіркесі және номинативті тіркестер. Сөз тіркесі де сөйлем сияқты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды, бірақ сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақ әлі де шешімін таба қойған жоқ. Бұл мәселе — тек түркі тіл білімінде ғана емес, тіпті орыс тіл білімінің өзінде де талас туғызып жүрген жайттардың бірі.
В.В.Бабайцева, В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, К.Аханов, Н.А.Баскаков сөз тіркесіне номинативті қасиет тән десе, Ю.В.Фоменко, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.
В.В.Виноградов: “Сөйлем құрамына ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына ене алады”-дейді [19].
К.Аханов бұл пікірді қуаттайды. “Сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдік грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады”[6].
Біздің ойымызша, екі номинативті мәнге ие сөздердің тіркесуінен үшінші бір номинативті мән пайда болады деу - дұрыс емес. Мысалға екі номинативті сөз алайық, ақылды қыз. Осы екеуінің тіркесінен үшінші бір номинативті мән пайда болып тұрған жоқ, жаңа грамматикалық мағына жасалып тұр. Ол — анықтауыштық қатынас.
М.Балақаев номинативтілік қасиет туралы өз еңбегінде анық көрсеткен [12]. Ол сөз тіркесінің бәріне номинативтілік мән тән емес екендігін, тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті деп тануға болатындары бар деп, оған сөз тіркесі құрылысында пайда болған терминдік тұрақты атауларды (социалистік жарыс, қант қызылшасы, темір жол т.б.) жатқызады. Сол сияқты газет, журнал, кеңсе атауларын да номинативті тіркестердің қатарында қарастырады. Ғалым, профессор С.Исаев мұндай тіркестерді атаулық тіркестер деп атауды ұсынады. Тіл білімінде тіркес атаулы екі үлкен топқа бөлініп қарастырылатынын (еркін сөз тіркестері және фразеологиялық тіркестер немесе идиомалық тіркестер) айта келіп, осы екі топтан да айырмашылығы бар тіркестерге тоқталады. Олардың бір-бірінен айырмашылығын мысалдар арқылы салыстыра отырып дәлелдейді де, “… атаулық тіркестердің басыңқы немесе тіркес құрауға ұйтқы болған діңгек сөзі көрініп тұрады… Беретін мағынасы, негізінен, заттың я құбылыстың атауы болғандықтан, оларды атаулық тіркестер деп бөліп отырмыз” дей келіп, ашық хат, аяқ киім, кәмелеттік аттестат, балалар бақшасы т.б. тәрізді тіркестерді атаулық тіркестердің қатарына жатқызады да, “… қазақ тіліндегі атаулық тіркестер жаңа сөз жасаудың да бір көрінісі болып есептелсе керек” деп тұжырымдайды [29].
Сонымен, номинативті тіркестер немесе атаулық тіркестер — еркін тіркестер мен біріккен, кіріккен, сондай-ақ, күрделі сөздер аралығындағы, яғни белгілі бір атауға көшіп бара жатқан тіркестер. Мұндай тіркестерді тұрақталған атаулар деп те айтуға болады. Мысалы: Алматы қаласы, Арал теңізі, опера және балет театры т.б. Бұдан шығатын қорытынды — сөз тіркесіне номинативті қасиет тән емес, ол күрделі сөздерге тән қасиет.
Сөз тіркесі және сөйлем. Жалпы сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында қандай айырмашылық бар, ол неден байқалады деген сұрақ — әлі де болса толық шешімін таба қоймаған мәселе.
Белгілі түркітанушы Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану туралы айтқан пікірлері де тіл білімінде біраз талас тудырды. Әсіресе бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер табының бәрін сөз тіркесіне жатқызу, байымдауды (суждение) сөйлемнің сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тануы біраз дәлелдеуді қажет етеді [17. 202-203].
Байымдауды сөйлемді сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тану туралы көзқарастар Н.А.Баскаков еңбектерінде де кездеседі [17.50]. Ғалымның сонымен бірге аталған екі синтаксистік категорияны (сөз тіркесі мен сөйлем) ажыратуда басыңқы сыңардың грамматикалық формасын меже етіп алу керектігі туралы пікірі де бар. Автордың пікірінше, атқа мінді десек - сөйлем, ал, атқа мініп, атқа мінген десек - сөз тіркесі, дәлірек айтсақ, сөз тіркесі болу үшін оның басыңқы сыңары есімше, көсемше тұлғаларынан жасалуы керек.
Қазіргі қазақ тіл білімінде предикаттық емес (бастауыш-баяндауыштық) қатынаста тұрған тіркестердің барлығы бірдей сөз тіркесі бола алмайтындығы, байымдаудың грамматикаға емес, логика ғылымына тән екендігі туралы пікірлер орныққан.
Сөз тіркесін жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі -Е.И.Убрятова якут тілі синтаксисіне қатысты еңбегінде сөз тіркесінің негізгі түрлерін синтаксистік байланысқа негіздей қарастырады [63.38]. Ғалымның сөз тіркесін “предикативті”, “предикативті емес” деп қарастыруы және т.б. пікірлері, бір жағынан, сөз тіркесін грамматикалық тұрғыдан зерделеуінен туған болса, екінші жағынан, өзіндік қыр-сыры мол тіркес табиғатын тануда сол кезде үстемдік алған көзқарастардың ықпалынан екені айқын сезіледі. Ғалым ұсынған таптастыруды тек синтаксистік тіркестерге қатысты емес, жалпы бір-бірімен грамматикалық байланысқа түскен сөздер тобына қатысты алсақ дұрыс болар еді. Сөйтіп, тіліміздегі тіркеске түсуші сөздердің арасындағы синтаксистік қатынастарды предикативті және предикативті емес деп топтастырсақ, бастауыш пен баяндауыштың қатынасы — сөйлем предикативті қатынасқа, ал сөз тіркесіне тән анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастар предикативті емес қатынасқа негіз болатынын аңғару қиын емес.
Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркесі өзара ұқсас, бірақ олардың елеулі айырмашылықтары бар. Сөйлем сөз тіркесінен коммуникативті қызметі жағынан ажыратылады. Мынадай мысалдар келтірейік: 1/Марат келді. Ол жазды. 2/ Ауылдан келді, қаламмен жазды. Біріншісі — сөйлем, екіншісі — сөз тіркесі.
Сөйлемнің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады. Ол — бастауыш, баяндауыштық құрылым. Сөйлемге мұнан басқа мынадай белгілер тән: коммуникативтілік, предикативтілік, интонация, модальділік. Сонымен, сөйлем сөз тіркесінен коммуникативтілік қызметімен, предикативтілік қасиетімен, интонациялық, модальділік белгілерімен ажыратылады. Ал, мұндай ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.
Сөз тіркесін өзге құбылыстардан ажыратуға негіз болатын бірнеше белгілер бар, соның ішінде ең негізгісі — бағыныңқы, басыңқылық қасиет. Осы тұрғыдан предикативтілік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл мамандары осы уақытқа дейін әр түрлі жауап беріп келеді. Бұл жайында О.С.Ахманова былай дейді: “Байланыстың негізгі үш түрі — атрибутивті, комплективті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әрқашан да сөз тіркесін тудырады; байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз тіркесін туғызады, үшіншісі оны (сөз тіркесін) ешқашан да тудыра алмайды” [5. 454-455].
Мұндай пікірді жақтаушылар предикативті қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарында қарамай, предикативті конструкция немесе предикативті тізбек деп есептеп, бұларды сөз тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі деп тану керек дейді.
М.Балақаев мұндай көзқарасты құптамайды: “Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау керек”, - дейді [12,94].
К.Аханов жоғарыда сөз болған белгілі түркітанушылардың көзқарасына сүйенген Балақаевтың пікірін теріске шығара келіп былай дейді: “…бір ғана құбылысты (атқа мінді) әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады” [6. 385].
Біздің ойымызша, атқа мінді деген – сөйлем емес, сөз тіркесі. Өйткені мұнда сөйлемге тән бастауыш, баяндауыштық құралымдық үлгі, предикативтілік, модальділік, интонациялық қасиет жоқ, меңгерудің бағыныңқы байланысына тән тәуелді септік тұлғасы бар.
Ал жоғарыдағы жазық дала тіркесі тек сөйлем ішінде ғана сөз тіркесі болады да, жеке тұрған кезде атаулы сөйлем болады. Мәселен, жазық дала типтес егіс даласы дегенді алалық. Егіс даласы. Жайқалған алқап көз тартады. Комбайндар егіс даласында сап түзеп барады деп алсақ, осындағы бірінші сөйлемдегі “егіс даласы” атаулы сөйлем, ал екіншісі - сөз тіркесі. Себебі, атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен байланысты болады. Атаулы сөйлем көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат құбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі қалпын айтуға арналады. Ал сөз тіркесі сөйлемнен тыс қолданылмайды, ол тек сөйлем ішінде танылады.
Кез келген сөздер тіркесі атаулы сөйлем бола алмайды. Атаулы сөйлем болу үшін оның айтатын ойға қатысы болу керек. Өзінен кейін келетін атаулы емес сөйлеммен мезгілдес, сабақтас болуы шарт. Сондықтан газет-журналдың, мекеменің маңдайшасына жазылған атаулар атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестерді кейінгі кезде ғалымдар “атаулық тіркестер” деп атап жүргенін айттып кеттік.
Сөз тіркесі және фразеологиялық тіркестер. Сол сияқты фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің қатарына жатпайды, өйткені фразеологиялық тіркестер грамматикалық мағынаны емес, басқа бір лексикалық мағынаны білдіреді, орны жағынан тұрақты, бір ғана сұраққа жауап береді, өзге тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.
Еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздер бірігіп келіп, басқа бір лексикалық мағынаны емес, грамматикалық мағынаны, яғни анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынасты білдіреді.
Сөз тіркесінің әрбір сыңарларының арасындағы байланыс анағұрлым еркіндеу болады. Бірақ бұл еркіндіктің де шегі болады. Ал фразеологиялық тіркестің сыңарларының арасындағы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық тіркестер бұрыннан даяр тұрған қалпында қолданылады.
Сол сияқты фразеологиялық единицалардың бір қатарының негізі еркін сөз тіркестеріне келіп тіреледі, басқаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйтқы болады. Мұны көптеген тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғандығы, әрі ондай құбылыстың осы уақытқа дейін сақталғандығы қуаттайды. Салыстырып көрелік: етпетінен жату – етпетінен түсу; зат көру - қол көру (ойын); жіп жалғау – жүрек жалғау т.б. Осылардың алдыңғылары – еркін сөз тіркестері де, соңғылары – тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалып тұр.
Күрделі сөздер тәрізді тұрақты сөз тіркестері де сөйлеу кезінде жасалмай, бұрыннан даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына келіп енеді.
Тұрақты тіркестердің бір ерекшелігі – олардың тұтасымен бір ғана лексикалық мағынаны білдіретіндігі. Ал еркін сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие.
Тұрақты тіркестердің тағы бір ерекшелігі - құрамындағы сөздердің орны жағынан тұрақты болып келуі. Сондықтан да тіркес сыңарларын басқа бір сөздермен ауыстыруға болмайды, ауыстырған жағдайда олар тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркестерінің сыңарларын орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық мағынаға нұқсан келмейді, мәселен, ақ қағаз тіркесін, сары қағаз, қара қағаз, жасыл қағаз т.б. деп алмастыра беруге болады, өйткені бұл тіркестердің барлығы анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Бірақ кез келген сөзбен ауыстыра беруге болмайды, бұл жерде ескеретін бір жайт - тіркес негізге алынады. Сонымен бірге лексикалық тұрғыдан да байланыс болуы қажет.
Синтаксистік сөз тіркесі болу үшін мағына дербестігі міндетті болса, ал фразеологиялық тіркес үшін мұның қажеті жоқ, өйткені тұрақты тіркес құрамындағы сөздер лексикалық мағынасы жағынан не солғындап, не айырылып, сол тобымен өзге бір лексикалық мағынаны білдіретіндей болып қалыптасқан. Тұрақты тіркестер тұтас қалпымен сөз тіркесінің бір сыңарының қызметін атқармаса, өзі дербес тұрып сөз тіркесі бола алмайды.
Сөз тіркесі және күрделі сөздер. Еркін сөз тіркестерінің сыңарлары белгілі бір сапаны, іс-әрекетті, белгіні, түрді, түсті білдіреді. Егер сөз тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-әрекетті білдіру қасиетінен айырылып, лексикаланып, мағыналық тұрғыдан өзгеріске түссе, мұндай тіркестер сөз тіркестері болудан қалып, фразеологиялық тіркестердің немесе күрделі сөздердің қатарына қарай көшеді. Демек, бұл тіркестердің түпкі тегі - еркін сөз тіркестері. Мысалға бозторғай, қараторғай деген сөздерді алайық. Бұлар тарихи тұрғыдан алғанда, еркін сөз тіркестері болған да, тілдің дамуы барысында лексикаланып, белгілі бір заттың атауына көшкен. Бірақ бозторғай сөзін боз кілем тіркесімен шатастыруға болмайды, боз кілем тіркесіндегі боз сөзі заттың түрін, түсін білдіру мәнінде жұмсалып, өзінің лексикалық мағынасын сақтап, соған орай кілем сөзін анықтап, анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Сондықтан да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап береді, сөйлемнің белгілі бір мүшесінің қызметін атқарады, ретіне қарай тіркес құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болады. Мәселен, кілем сөзін боз сөзімен емес қызыл кілем деп айтсақ, одан грамматикалық мағына өзгермейді, сол анықтауыштық қатынаста қала береді. Бозторғай тіркесінің бойынан мұндай қасиетті таба алмаймыз, өйткені боз сөзі лексикаланып, анықтауыштық қасиеттен айрылған.
Балқия Қасым өз еңбегінде:“… күрделі сөздің қай-қайсысы болмасын, оның көзінде-сөз тіркесі тұрғандығы белгілі. Ең бастысы олардың тіл заңдылығына қалай келіп, қалай жасалатындығында болса керек,-”дейді[38.21].
Сөз тіркесі және сөздердің салалас қатарлары. Тұрақты тіркестер сияқты салаласа байланысқан тіркестер де сөз тіркесі бола алмайды. Салаласа байланысқан тіркестер қатарына әке мен бала, бойжеткен мен бозбала, ақылды да айбатты тәрізді тіркестер жатады. Осы типтес тіркестер тіл білімінде салаласа байланысқан тіркестер немесе сөздердің салалас қатарлары деп аталып жүр. Мұндай тіркестердің ерекшеліктерін сөз тіркесінен ажырату үшін, оның құрылымдық ерекшелігіне назар аударған жөн. Сөз тіркесі өзінің тұйықтылық қасиетімен сипатталады, сөз тіркесі сыңарларының бірінің басыңқы, екіншісінің бағыныңқы болып келу қасиетінен көрінеді. Мысалы биік үй, мектепке келді тәрізділердің бірінші сыңарлары – тәуелді, бағыныңқы мүше де, екінші сыңарлары - ұйтқы, басыңқы мүше. Демек, сөз тіркесін жасауда ұйтқы мүшенің рөлі зор. Сөз тіркесі сөйлем құрамындағы өзге сөздермен басыңқы сыңарлардың тұлғалық өзгерістерге түсуі арқылы байланысады, ал бағыныңқы сыңарлар өзінің бастапқы қалпын сақтап өзгеріске түспейді. Бұл қасиет түркі тілдеріне ғана тән, ол оның артықшылығына емес, ерекшелігіне байланысты. Орыс тіл білімінде бағыныңқы сыңар басыңқы сыңардың ыңғайына қарай жекеше, көпше, септік және тек (род) тұлғасына қарай түрленіп отырады. Ал салаласа байланысқан тіркестерде мұндай ерекшелік жоқ, олар бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысады. Салаласа байланысқан тіркестердің бір ерекшелігі – олардың орнын алмастырып айтуға көнеді, бірақ бұдан салаластық қатар ыдырамайды, жойылып кетпейді. Мысалы, ұл мен қыз, қыз бен ұл - сөйтіп, бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелерін құрайды. Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарларының орнын бұлай алмастыруға болмайды, өйткені мұндай жағдайда сөз тіркесінің мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді.
Сөз тіркесі және толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздер тіркесі. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзара сабақтаса байланысуы керек, әрі дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің (шылаулардың, көмекші етістіктердің, көмекші есімдердің) тіркесі сөз тіркесін құрай алмайды, өйткені көмекші сөздер өзі тіркесіп тұрған сөздердің мағынасын толықтырады, жетілдіреді, бірақ жаңа бір грамматикалық мағына тудыра алмайды, яғни толықтауыштық, анықтауыштық, пысықтауыштық қатынасты білдірмейді, сонымен, сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларының әрқайсысының дербес, толық лексикалық мағынасының болуы – сөз тіркесіне тән басты шарттардың бірі.
Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің байланысы сөз тіркесін құраған, өйткені қазіргі кезде көмекші сөздер деп жүргеніміз - ертеде өзінің лексикалық мағынасы болған сөздер. Олар тілдің дамуы барысында, қажеттілікке орай, көмекші сөздер қатарына қосылған. Осыған байланысты, олар сөз тіркесі болудан қалған, бірақ сөз тіркесіне тән байланысу амал, тәсілін сақтап қалған. Мысалы: үйге дейін, концерттен соң (синтетикалық тәсіл арқылы, меңгеріле байланысқан), көпірдің үсті, үйдің маңы (синтетикалық тәсіл арқылы, матаса байланысқан). Осы тәрізді тіркестер қазақ тіл білімінде түйдекті тіркестер деп аталып жүр.
Мұндай тіркестер сөз тіркесі болу үшін, басқа бір лексикалық мағынасы бар сөздермен тіркесуі керек: үйдің маңын тазалау, көк майса, концерттен соң барды т.б.
Сөз тіркесі және сөздер тіркесімділігі. Біз ойымызды екінші біреуге жеткізу үшін тіліміздегі сөздерді пайдаланып, тіркестіріп, сөйлемдер құрап, қажетіне қарай пайдаланамыз. Бірақ, мұнда ескеретін бір жайт - кез келген сөзді тіркестіре беруге болмайды. Мысалы, ақылды сөзін тек адамға байланысты ғана айта аламыз, ал ақылды сиыр, ақылды түйе деп айта алмаймыз. Демек, сөздер мағыналық тұрғыдан үйлесімін тапқанда ғана өзара тіркеседі. Мұндай ерекшелік қазақ тіл білімінде сөздердің тіркесу қабілеті немесе сөздердің тіркесімділігі деп аталады.
Жоғарыда келтірілген мысалдардан кез келген екі сөздің тіркесімділігі сөз тіркесін құрай бермейтіндігін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды, грамматикалық қасиеті жағынан сөздер өзара тіркесе беруі мүмкін. Мысалы: ақылды жер, былтыр барады. Бірақ бұлай қолдануға болмайды. Оның себебі - бұл сөздер лексикалық мағынасы жағынан үйлесімділігін таппаған сөздер. Сондықтан, сөздердің бір-бірімен тіркесе түсуінде лексикалық мағынаның атқаратын қызметі зор.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгендегі айтар түйін - әрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие сөз таптарының синтаксистік қарым-қатынасы негізінде сабақтаса байланысқан кем дегенде екі сөздің тіркескен тобы - сөз тіркесі деп аталады.
Осы анықтамаға сүйенсек, түйдекті тіркестер, фразеологиялық тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, терминдік тіркестер, бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, тіркес ыңғайындағы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды. Олардың сөз тіркесі қатарына жатпайтындығы тіл фактілері негізінде жоғарыда баяндалды.
СӨЖ
Күрделі сөзге қатысты ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап, оның сөз тіркесімен ұқсас жақтарын саралап көрсетіңіз.
К.Ахановтың “Грамматика теориясының негіздері”/А.,1972 ж/атты еңбегіндегі сөз тіркесінің номинативтілігі жөніндегі пікірлеріне сараптама жасаңыз.
СООЖ
С.Исаевтың “Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы”/А.,1973ж/ еңбегіндегі атаулық тіркестерге байланысты ой-тұжырымдарын талдаңыз.
А.Н.Баскаковтың номинативтілік туралы ойларын К.Ахановтың пікірлерімен салыстырыңыз. /Словосочетания в современном турецком языке. М., 1974г./
1-тапсырма. Берілген ұқсас тұлғаларды сөз тіркесінің бір сыңары етіп, сөйлем құраңдар.
Су жүрек, терісіне сыймау, мұрнына су жетпеу, көзді ашып жұмғанша, құрал-сайман, ел-жұрт, кетіп қалды, ауылдың маңы,ит өлген жер, көзі ашылды, тайға таңба басқандай, салы суға кетті
2-тапсырма. Төмендегі текстен сөз тіркесін және оған ұқсас тұлғаларды тауып жаз.
Зылиқа жұмған аузын ашпады. /Ғ.Мұст./. Елі жоқ — жер жетім, Ері жоқ — ел жетім. /Мақал/ Біреу келсе, бетімнен отым шығады. /Ғ.Мұст./. Мен де жаңадан кірісіп, ақсақалдармен таныса алмай жатырмын. /Қ.Жұмаділов/.
3-тапсырма. Сөз тіркесін бір бөлек, тұрақты сөз тіркесін бір бөлек көшіріп жазыңдар
Көзім ашылды, ауыр жаза, қырғи қабақ, қызыл алма, үйдің қабырғасы, қабырғаңмен кеңес, ауылдың қасы, үлкен сенім, тізе бүкпеу.
4-тапсырма. Күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінің бағыныңқы не басыңқы сыңары қылып сөйлем құра.
Мойны жар бермейді, ақсақал, инемен құдық қазғандай, сары ала, отыз жеті, төбесі көкке жету.
5-тапсырма.
Момын, қорқу, шаршау, қорқақ, алыс, іскер (шебер) адам тәрізді сөздердің тұрақты тіркестер арқылы жасалған синонимін тауып, сөйлем құраңыз.
6-тапсырма. Төмендегі тіркестерден еркін сөз тіркесін бір бөлек, тұрақты сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жазыңдар
Ашық ауыз адам, қызыл алма, кең көше, төбе шашы тік тұрды, биік үй, мұрын шүйірді, жас қыз, бесіктен белі шықпай.
7-тапсырма. Берілген күрделі сөздерді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары етіп, сөз тіркесін құраңдар.
Сексен бес, қара көк, ақ сары, ақсақалды, кетіп қалды.
8-тапсырма. Сөйлемнен күрделі сөзді табыңдар
Қара торы қызды алыстан байқаған едім. Жиырма төрт сағат бойы бір тоқтамайды. Бес-алты күннен кейін ауылға кетіп қалады.
9-тапсырма. Тұрақты сөз тіркесін тауып, оның қандай мағына беріп тұрғанын айтыңдар
Оның әкесі қой аузынан шөп алмайтын адам еді. Жұмыстан салы суға кетіп келді. Өмір бойы ешкімнің ала жібін аттаған емеспін.
10-тапсырма. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесін тауып, қай септік арқылы байланысқанын айтыңдар
Абай ұзақ телеграмманы баяу оқып шықты. Көп көрмелерде бестен-оннан тізілген ерттеулі аттар тұр. Қайықтан Сейіл түсіп болғанша, бұлар да су жағасына жетті. Ауыл қыстауға қонғаннан бері, Абай өзі Некрасовты ерекше пейіл бере оқыды /М.Ә./.