
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Сөз тіркесі синтаксисі
1- модуль
2 -модуль
3 -модуль
4 - модуль
С
өз
тіркесі Сөз тіркесі және
Сөз тіркесін Сөз тіркесінің
синтаксисінің оған
ұқсас топтастыру
байланысу зерттелуі тұлғалар
тәсілдері
Есімді тіркес Етістікті тіркес
Ортақ басыңқылы
тіркес
Аналитикалық Синтетикалық
Аналитика-синтетикалық
Формалары
Сөз тіркесі Сөз тіркесі және Сөз тіркесі және Матасу Меңгеру
және сөйлем атаулық тіркестер күрделі сөз
Қабысу Жанасу
Сөз тіркесі және
сөздердің салалас
қатарлары
І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
1950 жылдарға дейін қазақ тіл білімінде сөз тіркесі мәселесі жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлем синтаксисі аясында қарастырылғаны болмаса өз алдына зерттеу нысаны болған емес.
1967 жылы шыққан “Қазақ тілінің грамматикасында” сөз тіркесіне мынандай анықтама берілген: “… синтаксистің басты, арнаулы объектісі екеу: бірі – сөз тіркесі, екіншісі сөйлем. … екі сөзді тіркестіріп жаңа сөз жасау үшін емес және де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлдеу, толықтыру үшін емес, қосымша, жаңа грамматикалық мағына тудыру үшін тіркескен сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі.”[40.7].
Т.Қордабаев: “Қазақ тіл білімінің тарихына шолу жасау екі кезеңге бөлініп құралады: бірінші кезеңі – арғы ғасырлардан бастап 1917 жылға дейінгі, екіншісі – Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі кезең,”- деп көрсетеді [37. 10.].
Ғалымның көрсеткен бірінші кезеңінде сөз тіркесі синтаксисі туралы айтылған ой-толғамдар, тұжырымдар кездеспейді. Синтаксис мәселелерінің кең көлемде зерттелуі 20-жылдардан басталады. Бұл кезеңдерде жарық көрген мақалалар мен оқулықтарда көбінесе жай сөйлем мен құрмалас сөйлемге қатысты нәрселер айтылған.
Орта мектепке арналған Қ. Жұбановтың авторлығымен 1936 жылы жарық көрген оқулықта ғалым жай сөйлемдерді мағынасы мен құрылысына қарай жіктейді. 1939 жылы шыққан С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың “Қазақ тілінің грамматикасы” оқулықтарында атаулы сөйлем туралы айтылып, сөздер тіркесі жөніндегі пікірлер де осы жылдардан бастап айтыла бастады.
1940 жылдары Мәулен Балақаев жай сөйлем синтаксисімен терең айналысып, “Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым тілдік материалдарға сүйене отырып, сөйлем мүшелерінің байланысы ретінде қарастырылып келген сөз тіркесін терең де жан-жақты зерттеп, оны синтаксистің негізгі нысаналарының бірі ретінде көрсетті. Ол кезде сөйлемнің өзін сөз тіркесінің бір түрі деген пікірлер де бар болатын. Орыс тіл білімінің өкілі М.Петерсон синтаксистің негізгі нысаны сөз тіркесі, ал сөйлем сөз тіркестерінің бір түрі деп есептеген. Қазақ тіл білімінде бұл пікірді М.Балақаев қолдады. Қазақ тілі материалдарының негізінде арнайы еңбек жазған Мәулен Балақаев зерттеулерінде сөз тіркесі мәселесі кеңінен қарастырылып, онда сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тән белгілері, ерекшеліктері, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары және олардың тіркесу қабілеттері ашып көрсетілді. Сөз тіркесіне толық мәнді ереже шығарып, осы ережеге сүйене отырып, оның негізгі қағидаларын ашып көрсетеді. [3]
Сөз тіркесі синтаксисі М.Серғалиев, Ә.Аблақов, Т.Сайрамбаев, С.Исаев, Р.Әміров, Г.Жаркешова т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды.
М.Серғалиев сөз тіркестерінің синонимиясын қарастырды. “Сөз тіркестерінің синонимикасында басыңқы сыңарларды бір түбірлі болу керектігін ескерсек және бағыныңқы сыңар қызметіндегі сөздер де бір түбірлі болып, соңғыларының тұлғалары әр түрлі болатындығына көз жеткізсек, синонимдік қатар жасаушы сөз тіркестерінің мазмұн-мағынасы жақын болатындығы өзінен-өзі түсінікті,-” деп атап көрсетіп, объектілік және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің синонимдігін мысалдар арқылы дәлелдеп береді [50.3].
Сөз тіркесі туралы құнды пікірлер, ой-тұжырымдар жасап жүрген Т.Сайрамбаев өз еңбегінде күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолына жан-жақты тоқталады. Ғалым күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының ара жігін ашып көрсетеді. “Сөз тіркестерін құрауда сөз таптары басты элемент, бірақ сөз тіркестерінің түрлерін ажыратуда олардың да арақатынасы бірдей емес. Сөз тіркестерін құрауда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер затқа қатысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз, көсемше, сын есім, сан есім т.б, сөздер қимылға қатысты, яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді. Бұдан қай сөз табының қай сөз табына қатысты екені айқындалады. Жалпы алғанда сөз тіркестерінің әрбір сыңары арқылы жеке сөз табын, оның морфологиялық өзгерісін, құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын көрсетеді”,- деп, сөз тіркесі синтаксисінің морфологиямен өзара байланысын жіктеп көрсетеді. [51.37]. Сөз тіркестерін диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерттеп, әсіресе, меңгеру байланысын жан-жақты қарастырған – профессор Ә.Әбілақов. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан етістікті тіркестерден өзіндік ерекшелігі барлығын, етістіктердің сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететінін, ал есімдердің ондайды қажет етпейтінін мысалдар арқылы дәлелдеп береді. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан есімді тіркестерден бұрын пайда болғандығын көне ескерткіштер тіліне сүйене отырып дәлелдейді [8.34].
Сөз тіркесі синтаксисі туралы жинақталып, теориясы бір ізге түсіріліп соңғы жаңалықтарды сараптап, сұрыптап берген еңбек - Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтың авторлығымен 1997 жылы жарық көрген “Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі” атты тарихи-салыстырмалы негізде жазылған оқу құралы. Бұл оқу құралында ғалымдар сөз тіркесінің табиғатын ашып көрсетіп, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары жөнінде соны пікірлер айтады. Сөз тіркесі синтаксисі төңірегінде болып жүрген әр түрлі көзқарастар мен пікірлерді талдап, тіл фактілері негізінде дәлелдеп, саралайды. “… сөз тіркестері номинативтеніп, лексикалық бірліктер құрамына енуі де мүмкін, не болмаса предикативтеніп, аяқталған ойды білдірудің құралына айналуы мүмкін. Осылардың бәрі адамдар арасындағы қатынасты жақсарту мақсатымен және ойды барынша түсінікті, әсерлі жеткізу үшін тілдік мүмкіншілікті сарқа пайдалану қажеттігінен туындайды”,-деп, сөз тіркестерінің дамуындағы басты тенденцияларды сұрыптап көрсетеді [7.300].
Сөз тіркесін зерттеген ғалымдардың бәрінің де сөз тіркесіне берген анықтамалары бір жерден шығып жатады да, ал оның байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларға келгенде пікір қайшылықтары кездесіп отырады. Бұл сөз тіркесі синтаксисінің кейінірек зерттелуіне және аталған тіркестердің үнемі даму үстінде болатындығынан болар.
СӨЖ
А.Байтұрсынов еңбектеріндегі сөз тіркесіне қатысты мысалдарды жинап, саралау.
М.Балақаевтың сөз тіркесі туралы тұжырымдарының мәні мен маңызы.
СООЖ
Н.А.Баскаковтың “Словосочетания каракалпакского языка”атты еңбегі бойынша ойталқы дайындау.
Е.И.Убрятованың “Исследования по синтаксису якутского языка” еңбегін М.Балақаев тұжырымдарымен салыстыра қарастыру.
1-тапсырма. Берілген тіркестердің қайсысы сөз тіркесіне жатады, қайсысы жатпайды?
Мен жаздым, маған жазды, хат жазу, жазу әрі оқу, студент қыз, қатты күлу, қонақ күту, қатты кету, қонақ кісі, боз торғай, үйдің қасы, боз кілем, таудың төбесі, әнші бала.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін схема бойынша жазып көрсетіңдер
Үлгі: үлкен қала /Сын-Зат/, үйге келді /Зат-Етістік/.
Күзде келу, жылдам сөйлейді, түнімен ұйықтамады, кішілеу үй, ұлы күйші, біздің тау, олардың атына, арбамен жүріп кетті.
3-тапсырма. Схеманы пайдалана отырып, сөз тіркесін құра.
Үлгі: Зат3 — Ет үйге келді
1/ Сын-зат; 2/ Зат2 -Ет.; 3/Сан-Зат; 4/Зат4 -Ет;
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына ойдан бағыныңқы сыңарын тауып, сөз тіркесін жасаңдар:
… келді, … алқап, … суы, … басы, … қала, … жиналды, … барды, … бұлақ, … қыз, … қаламы.
6-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестерді сөз тіркесінің бір сыңары етіп, сөйлем құраңыз
Бос белбеу, қолды болу, қол жалғау, қан сонар. Түйе үстінен сирақ үйту, айызы қану, “Мақпал қара”, ақ жүрек, апай төс, ала көз, арқа тұту, арқа сүйеу. Ақ теңіз, аспанмен тілдесу, тілі тию, уайым жеу, тісін қайрау.
7-тапсырма.Сөйлемді сөз тіркесіне талдап, басыңқы сыңарының қалай жасалып тұрғанын айтыңыз
Елсіз шың, ұлы таудың іші жым-жырт. Өзеннің бірсыдырғы сыбырынан басқа, дүниедегі ұйқы тыныштығын бұзған ешбір естілген дыбыс жоқ. 2. Жалғыз-ақ анда-санда әлдеқайда тау астында жүрген түн құстарының бірқалыпты дауыспен, жүргінші шошытқандай болып, қылғынып айтып қалған сұңқылы естіледі. 3.Ауылдың үлкендері көрсе, жібермейді. Әкемнің дәулеті сол күнде де мол болатын. Сондықтан менің ұрлық қылғанымды барлық ағайын-туысқан иттің етінен жек көретін. /М.Әуезов/.
8-тапсырма.Берілген сөйлемді сөз тіркесіне талдау жасап, бағыныңқы сыңарының қай сөз табынан жасалып тұрғанын айтыңыз.
Місе тұтпай көк жеп жердің көркіне, көкірегінде көп арманы бар болды. /Г.З./ Оның қандай еңбектері барын, тек әндерін жазып алғанға місе тұтпай, терең зерттесе ғана, әңгіменің сыры ашылады. /А.Жұб./ Дәрі жөппен ем қылып, өлтірмеуді ойладым./Ж./ Адасқан тәріздімін, жүре алмайтын болдым. Енді сол бұйраттың бір жеріне жатуға ойладым. /С.С./ Өмір бойы мәдениетке, теңдікке, машиналы еңбекке аңсаған қара бұқара, дес өзіне тиген соғысы, колхоз бен
қаланы бірдей жасап жатыр./Ғ.Мұст./
9-тапсырма.Берілген тіркестерді сөз тіркесінің бір сыңары етіп, сөйлем құраңыз
Қол шапалақтау, тіс батпау, тіл аузы тасқа, тыр жалаңаш, санын соғып қалу, отқа қарап қалу, місе қылмау, мойнына қою, мидай дала, мауқын басу, маңдай алды, меңзең болу, аза бойы қаза болу, табыстан бас айналу, қуып жетіп, басып озу, ит терісін басына қаптау, жұлдызы қарсы болу.
10-тапсырма.Схема бойынша сөз тіркесін құра
Үлгі: Зат2 — Затт.ж (қазақтың жері)
1) Зат3 — Етістік; 2) Есімше — Зат; 3) Сын — Зат; 4) Зат4 — Етістік; 5) Зат6 — Етістік; 6) Үстеу — Етістік; 7) Зат2 — Есімдік; 8) Сын — Зат.