
- •Лексикология пәні, зерттеу объектісі
- •І модуль
- •Қазақ тілінің сөздік құрамы және негізгі сөздік қоры
- •I блок Қазақ тілінің сөздік құрамы
- •II блок
- •Киіз үй жиһаздары
- •Іi модуль
- •Ұғым және сөз мағынасы
- •III модуль
- •Ііі модуль семасиология
- •I блок Сөз мағынасының түрлері
- •II блок синоним
- •Синонимдерге тән өзіндік белгілер
- •Синонимдік қатар
- •Синонимдердің қолданылу мақсаттары
- •Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған синонимдер
- •III блок сөз варианттары
- •Сөз варианттарының өзіндік белгілері
- •Орфографиялық, орфоэпиялық және морфологиялық тұлғалардың фонетикалық варианттары
- •Сөз варианттарының түрлері
- •Үi блок омоним
- •Әртекті (гетерогенді) және біртекті (гомогенді) омонимдер
- •Омонимдердің түрлері
- •Омонимдердің жасалуындағы амал–тәсілдер
- •Ү блок антоним
- •Антонимдердің ерекшеліктері
- •Лексикалық және стильдік антонимдер
- •Сөз таптарынан болған антонимдер
- •Градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозициялар
- •Фразалық антонимдер
- •Iү модуль
- •Фразеология Фразеологизмдердің қазақ тіл білімінде зерттелуі
- •I блок Фразеологизм және оның белгілері Фразеологизмнің релеванттық белгілері
- •II блок Фразеологизмдердің сыртқы құрылысы
- •III блок Фразеологизмдердің ішкі құрылымы
- •Төле би туралы
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Аударма сөздік
- •Іі блок Сөздердің сипатталу мақсатына қарай түрлері
- •Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі
- •Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі
- •Этимологиялық сөздік
- •Синонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің омонимдер сөздігі
- •Қазақ тілінің антонимдер сөздігі
- •Алыс 1 – Жақын 1 Алыс 1 – жуық
- •Алыс 2– жақын 2
- •III блок Сөздердің кімге, неге арналғандықтарына қарай бөлінісі Терминологиялық сөздік
- •Диалектологиялық сөздік
- •Шет тілдер сөздігі
- •Іү блок Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай бөлінісі
- •Фразеологиялық сөздік
- •Туынды сөздер тізбегі
- •Ү блок Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі
- •Үi модуль
- •Зерттеу нысаны
- •Үii модуль
- •Үііі модуль
- •Лексикалық құбылыстар
- •Фонетика
- •Ү қазақ графикасы мен орфографиясының дамуы
- •І модуль і блок фонетиканың зерттеу нысаны мен салалары
- •Іі блок қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
- •Ііі блок фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер
- •Іү блок дыбысты қарастырудың үш аспектісі
- •Ү блок дыбыс, әріп, фонема
- •Іі блок дауысты дыбыстар және оның түрлері
- •1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;
- •2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.
- •1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
- •2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
- •2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
- •Ііі блок дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Іү блок дауыссыз дыбыстар
- •Дауыссыз дыбыстардың түрлері
- •1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай:
- •2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай:
- •3. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:
- •Үі блок дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер
- •Ііі Модуль
- •III модуль
- •І блок қазіргі қазақ тіліндегі буынның ерекшелігі
- •Іі блок буынның түрлері
- •Ііі блок буын жігі және тасымал
- •Іү блок буынның дыбыстық құрамы
- •Іі блок тiл үндестігi
- •Ііі блок дыбыстардың алмасуы
- •Іү блок ықпалдың түрлері
- •Ү блок ерін үндестігі
- •Ү Модуль
- •Ү модуль
- •Қазақ орлфграфиясы мен орфогрфиясының дамуы
- •Қазақ жазуы мен емлесінің дамуы
- •5) Жазуға қойылатын замана талабы оны техника негізінде (жазу машинкасы, компьютер, телеграмма, телекс, телефакс, линотип, т. Б.) пайдалануды қалайды.
- •Фонетикаға байланысты терминдер сөздігі
- •Грамматикалық мағына және оның түрлері
- •Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары
- •Іі блок Грамматикалық форма
- •Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың сәйкестіктері
- •Ііі блок Грамматикалық категория
- •Грамматикалық категорияның түрлері
- •Сөздерді таптастыру ұстанымдары
- •Тапсырмалар
- •Іі модуль
- •Іі модуль
- •Зат есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты
- •Адамзат және ғаламзат есімдері
- •Жалпы есім мен жалқы есімдер
- •Көптік мәнді есімдер
- •Эмоциялы-экспрессивтік реңді есімдер
- •Көмекші есімдер
- •Іі блок Зат есімнің морфологиялық сипаты
- •Зат есімдердің құрылымы
- •Зат есімнің түрлену жүйесі
- •Зат есімнің көптік категориясы
- •Зат есімнің тәуелдік категориясы
- •Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі
- •Атау септік
- •Ілік септік
- •Барыс септік
- •Табыс септік
- •Жатыс септік
- •Шығыс септік
- •Көмектес септік
- •Зат есімнің жіктелуі
- •Жекеше Көпше
- •Ііі блок Зат есімнің синтаксистік қызметі
- •Зат есімнің көптік категориясы және ерекшеліктері
- •Сын есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сын есiмнi» морфологиялыº º½рылымы Çàò есiмнi» º½рылымы
- •Ііі модуль
- •Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
- •Сын есімнің жалпы сипаттамасы
- •І блок Сын есімнің семантикалық топтары
- •Іі блок Сын есімнің морфологиялық құрылымы
- •Жалаң сын есімдер
- •Күрделі сын есімдер
- •Сын есімнің шырай категориясы
- •5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады. Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.
- •Сын есімнің заттану процесі
- •Ііі блок Сын есімнің ситаксистік қызметі
- •Іү модуль
- •Сан есiмнi» жалпы сипаттамасы
- •Сан есiмнi» ма¹ыналыº топтары
- •Сан есімге жалпы сипаттама
- •І блок Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
- •Іі блок Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері
- •Сан есімнің мағыналық топтары
- •Реттік сан есім
- •Жинақтық сан есім
- •Топтық сан есім
- •Болжалдық сан есімдер
- •Бөлшектік сан есімдер
- •Ііі блок Сан есімнің синтаксистік қызметі
- •Ү модуль
- •Ү модуль
- •Есімдіктің зерттелуі
- •Есімдіктің жалпы сипаттамасы
- •І блок Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
- •Жіктеу есімдіктері
- •Сілтеу есімдіктері
- •Сұрау есімдіктері
- •Өздік есімдіктері
- •Белгісіздік есімдіктері
- •Болымсыздық есімдіктері
- •Жалпылау есімдіктері
- •Іі блок Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Есімдіктің синтаксистік қызметі
- •Үі модуль
- •І блок Етістік түбірінің грамматикалық ерекшеліктері
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Жетекші және көмекші етістіктер
- •Бол, ет, қыл көмекші етістіктері
- •Аналитикалық форманттар
- •Етістіктің семантикалық топтары
- •Етістік категориялары і блок Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары
- •Сабақтылық-салттылық категория
- •Етіс категориясы
- •Болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы
- •Қимылдың (амалдың) өту сипаты категориясы Қимылдың өту сипаты категориясының ғылымда танылуы мен зерттелуі
- •Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық ерекшеліктері
- •Қимылдың өту сипаты категориясының грамматикалық ерекшеліктері, берілу жолдары
- •Іі блок Ерекше тұлғалық түрлері
- •Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
- •Есімшенің түрлері
- •Көсемше
- •Ііі блок Етістіктің таза грамматикалық категориялары Рай категориясы
- •Шақ категориясы
- •Келер шақ
- •Жақ категориясы
- •Үііі модуль
- •Үііі модуль Үстеудің зерттелу тарихы
- •Үстеудің жалпы сипаттамасы
- •І блок Үстеулердің лексика-грамматикалық топтары
- •Іі блок Үстеудің морфологиялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Үстеудің синтаксистік қызметі
- •Іх модуль
- •Жалпы сипаттама
- •Іі блок Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты
- •Ііі блок Елiктеу сөздердiң синтаксистiк қызметі
- •Студенттiң оқытушымен орындайтын жұмысы (соож)
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Х модуль Шылаулардың зерттелу тарихы
- •Шылаулардың жалпы сипаттамасы, түрлері
- •І блок Жалғаулықтар
- •Іі блок Септеуліктер
- •Атау септігін меңгеретін септеуліктер
- •Барыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер
- •Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
- •Ііі блок Демеуліктер
- •Хі модуль
- •Жалпы сипаттама
- •І блок Одағайдың түрлері
- •Іі блок Одағайдың интонациялық ерекшеліктері
- •Ііі блок Одағайдың құрамы мен қызметі
- •Хіі модуль
- •Модаль сөздер Жалпы сипаттама
- •Модаль сөздердің қалыптасуы
- •Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
- •Синтаксис пәнінің обьектісі, мазмұны.
- •Сөз тіркесі синтаксисі
- •І модуль Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелу тарихы
- •Іі модуль Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар
- •Ііі модуль Сөз тіркесін топтастыру
- •Үі модуль Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
- •Ү модуль Жай сөйлем синтаксисі
- •І блок Жай сөйлем типтері
- •1. Сұрау интонациясы арқылы:
- •6. Осы қызметте –іуші формалы есімше – болма құрамында жасалған баяндауыш та жұмсалады.
- •Болымсыз сөйлемдер
- •Номинативті және етістікті сөйлемдер
- •Атаулы сөйлемдер
- •Үі модуль сөйлем мүшелері
- •І блок сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш
- •Баяндауыш
- •Іі блок сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері және олардың зерттелу тарихы
- •Үйірлі мүшелер
- •Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •Айқындауыш
- •Шарты рай тұлғалы оралым
- •Үіі модуль Күрделенген жай сөйлемдер
- •Іі. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
- •Айқындауышты сөйлемдер
- •Қыстырма сөйлемдер
- •Қыстырынды құрылымдар
- •Көсемше оралымды сөйлемдер
- •Есімше оралымды сөйлемдер
- •Қаратпалы сөйлемдер
- •Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелері
- •II блок
- •Үііі модуль і блок құрмалас сөйлем синтаксисі
- •Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
- •Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
- •3. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы.
- •Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
- •Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы
- •Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.
- •Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
- •Іх модуль
- •І блок Құрмалас сөйлем түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлем, оның мағыналық түрлері
- •Іі блок Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Ііі блок аралас құрмалас сөйлем
- •Х модуль
- •І блок Көп компонентті құрмалас сөйлемдер
- •Көп компонентті салалас
- •Көп бағыныңқылы сабақтас
- •Іі блок Бөгде сөз, оның түрлері
- •Ііі блок Пунктуация
- •Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметтері
- •Пайдаланылған әдебиеттер Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
- •43.Мамытбеков қ. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғаты жөнінде // Қазақ тілі мен әдебиет мәселелері. ҚазМу, 8-шығ. 1971.
- •Мазмұны Лексикология
- •Фонетика
- •Морфология
- •Синтаксис
Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуы
Модаль сөздер лексика-грамматикалық белгілеріне қарай семантикалық сипаты жағынан сөйлеушінің пікірін білдіруде әр түрлі сөз таптарынан грамматикалану арқылы жасалынған сөздер болғандықтан, біразы сөйлемдегі синтаксистік қызметі мен байланысы жағынан қыстырма сөз ретінде келіп, мағына жағынан айтылған хабар жөнінде сөйлеушінің пікірін білдіреді.
Лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның айтылған хабар жөніндегі пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздер қатарына жатқызылуына, біріншіден, оның семантикалық белгісі - грамматикалану сипаты, екіншіден, олардың түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты жағынан айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы негізге алынған. Қазақ тіліндегі модаль сөздер қатарына Е. Жанпейісов мына сөздерді жатқызады: сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, сияқатты, әлпетті, сыңайлы, сынды, тәрізді, рәуішті, ләзімді, тақылетті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кәдік, шек, шамасы, сиқы, тәрізі, аңғары, әлпеті, нәті, туасы, нәяті, зады, асылы, түрі, жобасы, қисыны, сыңайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында,, асылында, расында, рас, шын, расы, әрине, әлбетте, білкі, бәлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым (ләзім), шығар, болар, зайыр, тайлас, меңзес, зәліттес, көрінеді, білем, дейді, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар (жоқ), -са (-се) деймін, -сам (-сем) дейім, -са (-се) керек, -у (-уға) керек, -уы (-уі) керек, -уы (-уі) тиіс, -у қажет,, -ға (-ге) ұқсайды, (ұсайды) т.т. (32. 577). Бұлардың біразы жергілікті ерекшеліктерге байланысты қолданылатын сөздер.
Модаль сөздер семантикалық сипаты жағынан болжал мәнді модаль сөздер, міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер, біреудің сөзі не бір дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, қостау (растау) мағынасында қолданылатын модаль сөздер және күмән (күдік) ұғымын білдіретін модаль сөздер деген топтарға бөлінеді.
«Болжал мәндi» модаль сөздерге сияқты, сыңайлы, сынды, әлпеттi, мүмкiн, шамасы, аңғары, әлпетi, жобасы, қисыны тәрiзi, сиқы, нәтi, бәлки,бәлкiм, бәлкi, ықтималы, кәдiк, болар, шығар, бiлем, -ды бiлем, -қан,-кен бiлем, -са,-се керек,-у керек, -ға,-ге ұқсайды, -уы мүмкiн, тәрiзi,түрi, бар т. б. осыларға ұқсас лексемалар жатады.
«Мiндеттiлiк» мағына негiзiнен керек, тиiс, қажет,лазым сөздерiнiң қатысуымен жасалатын –у керек, -у қажет, -у лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уға тиiс, -уы(-уi) тиiс сияқты аналитикалық форманттар арқылы беріледi.
Сөйлеушiнiң сөйлемде айтылған «хабардың ақиқаттығына әбден көзi жеткендiк» модальдық мағынасы қазақ тiлiнде көрiнедi, екен формалары арқылы берiледi.
«Бiр нақты дерек негiзiнде бiлдiрiлетiн» модальдық мағына қызметін қазақ тiлiнде «де» формасы атқарады. Бұл көбiне «дейдi» түрiнде, ара-тұра тiптi «деп айтады, деп естимiз, деген сөз бар» сияқты құрамда да қолданылады.
«Айтылған ойды өз тарапынан қостау» мағынасында рас, анығында, шынында модаль сөздері қолданылады.
Сөйлеушiнiң сөйлемде «айтылған ой жөнiндегi нық сенiмiн» бiлдiру әрине, әлбетте сөздерi арқылы берiледi.
«Тiлек, қалау, ниет-пиғыл мәндi» модальдiлiктi қазақ тiлiнде – са/-се екен, -са/-се дейм, деймiн аналитикалық формалары арқылы бiлдiрiледi.
Модальдiлiк мағынаның сөйлеушiнiң сөйлемде «айтылған хабар жөнiндегi күдiк-күмәнiмен байланысты түрiн» тiлiмiзде –ар ма екен, -са неғылсын, кiм бiледi аналитикалық конструкциялары бiлдiредi.
Модаль сөздер қолданылу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: сөйлемде тек синтаксистiк қыстырма мүше қызметiнде қолданылатын модаль сөздер, үнемi тек баяндауыштың шылауында көмекшi мүше қызметiнде ғана жұмсалатын модаль сөздер; сөйлемде әрі синтаксистік қыстырма сөз ретінде, әрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолданылатын «мүмкін» модаль сөзі тұрғысында қаралады.
Айтылған ойдың немесе пікірдің анықтығын көрсету үшін сөйлемде «әлбетте, әрине, рас, шынында, сөзсіз» модаль сөздері қолданылатын болса, айтылған пікірдің анық екендігіне көз жетпегенде, күмән келтіргенде, шамалағанда модаль сөздердің «мүмкін, шамасы, тәрізді, сияқты, бәлкім, шығар» сияқты түрлері қолданылады. Бұлардың ішінде «шамасы, мүмкін, сияқты, әрине, бәлки» модаль сөздерінің мағынасында модальділік мән анық, өйткені олардың лексикалық мағынасының өзі модальді. Ал «білем, көрінеді» сөздерінің мағынасынан ондай нақтылық жоқ, оның сыртында мағына күрделігі байқалады. Бұлар негізгі лексикалық мағынасынан өзге қолданыста тағы да қосымша басқа мағыналарды білдіре алады. Яғни олар негізгі лексикалық мағынаны білдірумен бірге, басқа сөздермен тіркесте келгенде, күрделі мүшенің құрамында көмекшілік қызметте жұмсалатындықтан, мұндайда негізгі мағынаның сыртында қосымша модальділік мағынаға ие болады.
СООЖ
Модаль сөздерге қатысты тақырыптар бойынша ғылыми еңбектердің библиографиясын жасау.
Тарихи тұрғыда модаль сөздердің қалыптасуына талдау жасау.
СӨЖ
Тілде модальділік мағынаның берілу туралы ғалымдар пікірін конспектілеу, сипаттама беру, шолу жасау.
Модаль сөздерді көркем шығармалардан теріп, олардың қолданыстағы мағынасын сипаттау.
Тапсырма: Мәтіндерден модаль сөздерді тауып, оның семантикалық ерекшелігі мен грамматикалық сипатын түсіндіріңіздер.
1- тапсырма. Модаль сөздер арқылы модальділік мағына берілген сөйлемдерге талдау жасаңыз. Модаль сөздердің мағынасын анықтаңыз.
Қатені келешекте қайталамайтын боп түсіні керек. Мүмкін, анада ауырардан бір күн бұрын келгенде, айтпақшы болған шығар. (З.Ш.). Гүлсімге Тұрар сырының тарихы ертеден басталған сияқты.(З.Ш). Әжім пайда болған тәрізді.(З.Ш). Қаны ұйып қалса керек.(З.Ш). Адамды тізгіндеп отырмаса, тойынған жылқыдай осқырып, есіріп кететін сияқты.(З.Ш.).Екі күн болды аспанды бұлт басқала, жауып кетуі мүмкін.(З.Ш). Айтыңыз, мүмкін, біз албырттықпен білмейтін де шығармыз.(З.Ш.). Осы күні оның бірі жоқ, басқа бір Райханды ауыстырып тастап кеткен тәрізді.(З.Ш.). Хатшы тосып отырған болар.(З.Ш.).
Өзі бізге жақын көрінеді.(С.М.) Осылар кетіп қалған білем(С.М.). Бұл дауды менің бітіретінім рас (Ғ.Мұст.).Тіпті, өзінің дүниеден өтіп, мәңгі жоғалатын жылы мен күнін, уақытын білу қасиеті де дарыпты («Қ.Ә.»).
2- тапсырма. Берілген сөйлемдерді модаль сөздердің қыстырма сөз ретінде қолданылғандары мен күрделі мүшенің құрамында келгеніне қарай топтап, модаль сөздердің сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметін түсіндіріңіз.
Поэзия – жан бұлқынысы. Бұлқыныс пайда болғанда қаламнан қол үзбеу керек.(М.М.). Шешесінің соңғы сөзі Абайдың құлағына әлі естіліп тұрған секілді (М.Ә.). Сіздің тасыңыз, рас, қасиетті тас екен. Сірә, мен зат танысам, бұл балтаның қабы болар,- депті («Х.ау.әд.»). Байлар қазір тақырға, шөлге, тау мен тасқа қамалған шығар (Ғ.Мұст). Арт жағындағы жол бойында қыбыр еткен жан жоқ, тым-тырыс сияқты. (Б.Т.).
Сонда балалары кімге еркелейді?
Халыққа.
Халық көтере бере ме?
Әрине.
Тіпті, басына шығып кетсе де ме?
Бай: Уа,Қожа! Керек болса қазанымды тағы алып тұруыңа болады (Х.а.әд.). Айдабол сынды адамның баласына болмаған атты қойғаны несі екен? («Ел аузынан» кітабынан).