Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Модаль сөздердің қалыптасуы

Модаль сөздердің саны тілде аса көп болмаса да, атқаратын қызметі зор, әрі маңызды. Модаль сөздер айтылатын пікірдің бағытына, ыңғайына қарай қолданылады да, сөйлемнің экспрессивтігін күшейтеді. Осыған байланысты модаль сөздердің құрамы мен мағынасы да түрліше болады.

Қазақ тіліндегі модальділік мағынаның модаль сөздер арқылы берілуіне қатысты тақырыпта Е.Жанпейісов кандидаттық диссертация қорғаған (18.). Е.Н. Жанпейісов қазақ тілінде модальділік мағынаны білдіруде қолданылатын тілдік құралдарға етістіктің райлары, интонация, қыстырма сөздер, модаль сөздер және кейбір демеулік шылауларды жатқызады. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық белгілері, қалыптасу көздері, семантикалық сипаты мен қолданылу ерекшеліктерін жаңадан шыққан грамматикада толық баяндайды (32. 567-580.).

Модаль сөздерде тек грамматикаланған модальділік мағына болатындықтан, оның семантикасы әдетте модальділікті бiлдiретiн грамматикалық мағынамен ұласып жатады. Демек, осынысы үшiн де олар – көмекшi сөздер.

Модаль сөздер көмекші сөз табына жататын морфологиялық категория ретінде, басқа көмекші сөздер сияқты, толық мағыналы дербес сөздерден өзінің ұзақ лексика-грамматикалық даму процесінде бастапқы мағынасынан біржола ажыраған сөздер болғандықтан, жеке тұрғанда модаль сөздер толық лексикалық мағынаны білдірмейді.

Қазіргі түркі тілдердегі модаль сөздер әр түрлі жолдар арқылы жасалады. 1) Модаль сөздердің жасалуының өнімді жолына таза модальді және есiм модальдi сөздердiң тәуелдi формада әбден тұрақтап, қалыпты бiр орнықтылық алған, лексемалар қатарына изафеттiк тiркес арқылы көшкен, үшiншi жақтық тәуелдiк жалғауының жақсыздығы мен заттық мәнiнiң жалпылануы арқылы жасалынған сөздер (қысқасы, ыңғайы т.б.) жатады. 2) Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен және пысықтауыштық қызметінен айрылу нәтижесінде пайда болады. 3) Модаль сөздер өзінің предикаттық функциясынан айрылған бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышынан да жасалады. Қазақ тiлiнде «дейдi, деседi, бiлем» тағы басқа сөздер осы жолмен жасалған. 4) Модаль сөз сондай-ақ кей жағдайда тiптi модаль тiркестiң бiр компонентiнiң түсiп қалуы арқылы да жасаллынуы мүмкін. 5) «Бет, бейне, пiшiн, порым, түр» мағынасын бiлдiретiн түбiрлерден сияқты, сықылды, секiлдi, тәрiздi, тақылеттi, рәуiштi, iспеттi, әлпеттi модаль сөздер қалыптасқан. 6) Тiлiмiздегi бәлки, бәлкi, бәлкiм, әлбетте, зайыры, нәтi (нәйәтi), лазым (ләзiм), ықтимал, мүмкiн, рас т.б. бiраз сөз «дайын күйiнде» араб, парсы сөздерiнен ауысқан (18. 571-572.).

Модаль сөздер шығу, даму жолы жағынан алғанда негізінен толық мағыналы сөздердің грамматикалану құбылысы арқылы модальдік мағынаға біртіндеп ауысқан сөздер екені олардың сөздіктердегі морфологиялық құрылымын анықтаумен дәлелденеді. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген модаль сөздердің барлығы дерлік бөтен текті, тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер. Қазақ тіліндегі «сияқты» модаль сөзінің түп төркіні «Араб тілі сөздігінде» көрсетілген «форма, вид, формальность, формула» мағынасын беретін зат есім –сыйах /сиакь екеніне келіп тіреледі. Түрік тілдерінің біразында кездесетін «сияқты, сияқ, сиық, сиықты, сияқатты, сиқыл, сықылды, секілді модаль сөздері бір-бірімен синонимдік мағынада қолданылатын сөздер. Сықылды, секілді, сияқты, сиықты, сияқатты модаль сөздері «сиық / сияқ, сиқыл / секіл» түбірлеріне -ды жұрнағы жалғану арқылы жасалынғаны көрінеді. Мұндағы «сықылды мен секілді» сөздеріөзінің лексикалық мағынасынан мүлде ажыраған тек бірыңғай модаль сөз ретінде қолданылатын бір сөздің әр түрлі фонетикалық варианттары.

Фольклорлық шығармаларда кездесетін «сынды» модаль сөзінің морфологиялық құрылымы «сын+ды». Қазір сирек қолданылатын бұл модаль сөз «Орыс тілінің сөздігінде» былай талданып берілген: «кир. сынды (сынлы+лы)= сындуу» екі мағынада «имеющий наружность» және «как подобный; каз. сынсыз (сын+сыз) без формы, безобразный.

Модаль сөздер «тәрізді, тәрізі» -нің түбірі «тәрз» - вид, форма мағынасын беретін араб сөзі, «тәрізді» - подобный. Тілдегі «тақылетті» модаль сөзінің төркіні де «тақылет» -похожий мағынасын беретін деген араб сөзінен шыққан. Қазақ тілінде бұл сияқты модальділік болжал мағынасын білдіретін «іспетті, рәуішті сөздері де бар. Бұлар мағына жағынан сияқты, сықылды, тәрізді, секілді сынды сөздерімен синонимдес. Бұлардың қатарына қазақ тілінде сирек болса да қолданылатын «әлпетті» модаль сөзін, түбірі «ал және бет » - кир. наружность вид наружный вид» қосуға болады. Қазіргі тілімізде модальділік мағынада жиі қолданылатын «керек, қажет, тиіс» сөздерінің мағыналары да бір-біріне жақын, синонимдес сөздер.

Қазақ тілінде болжалдық мағынаны білдіруде қолданылатын «бәлки, бәлкім, бәлкі» модаль сөздерінің түп төркіні арабтың «бәл» -но, однако» мағынасындағы сөзі, бұған «может быть, разве, авось» мағынасындағы «кі, кім» қосылу арқылы құранды шылау көмекші сөз жасалынған.

Бұлардан басқа тілімізде тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы табиғатын ашуды қажет ететін, морфологиялық құрамы, шығу тегі, түп-төркіні, құрылымы жағынан күңгірт модаль сөздер әлі де кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]