Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazirgi_kazak_tili_KazUPU.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.59 Mб
Скачать

Хіі модуль

Модаль сөздер Жалпы сипаттама

Модаль сөздер тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлемнің құрамына енгеніп, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжалдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады (31.163 - 164.). Профессор С. Исаев «атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекші сөздер қатарына қосады (32. 440.).

«Модаль» термині латын тілінің «modus» -«шама, тәсіл, көрініс» деген сөзінен алынған, «modalis» -модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальдігіне қарай бөлуді тұңғыш енгізген Аристотель.

Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінетін тілдің негізгі өзек категориясына жатады. Айналадағы әр алуан болмыс түрлері, іс-әрекет сөйлемде әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтылмайды. Онда сөйлеушінің сол хабар туралы пікірі, сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі көзқарасы қоса беріліп отырады.

Модальділіктің тілдік категория ретінде танылуы орыс тіліндегі модальділік категориясы мен модаль сөздер туралы алғаш пікір айтқан В.В.Виноградовтың есімімен байланысты (36. 81). Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық - бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің баяндауына сенімділік, сенімсіздік тұрғыдағы қөзқарасын білдіретін болса, ішкі синтаксистік модальділік мағынада іс-әрекетке сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі.

Модальділік категориясы – негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа, ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлеу мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады.

Модальділік қатынас бір жағынан айтушы тарапынан шындық туралы берілетін логикалық қатынас та. Айтушының шындыққа деген эмоциялық қатынасы да модальділік қатынасқа жатады. Осыдан келіп сөйлем модальдігі коммуникативті модальділік, логикалық модальділік және эмоциональді модальділік деген топтарға жіктеледі. Бұл модальділік мағыналарынсыз сөйлем болмайтыны және ондағы негізгі мазмұн субьектінің көзқарасы арқылы берілетінін көрсетеді. Модальділік жалпы өзінің мазмұндық сипаты бойынша сөйлеуде ғана жүзеге асады. Ендеше, модальділік - сөйлем мазмұнындағы обьективтік байланыстарды және сөйлеуші көзқарасы тұрғысынан сөйлем мазмұнының айқындық дәрежесін білдіретін тілдік категория.

Модальділік әрбір тілдің өзінің құрылымдылық ерекшелігіне, ішкі даму заңына сәйкес, рай, шақ түрлері, жеке сөздер, кейбір шылау, демеуліктер, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, интонация, белгілі бір сөйлем типтері тәрізді әр түрлі лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Түркі тілдерінде модальділікті толық мағыналы кейбір есім де, етістік те, кейде тіпті көмекші сөз де білдіреді. Бұларды тіл білімінде модальды сөздер деп атайды (36.80.).

Модаль сөздер түркi тiлдерiнде сөйлеушi-субьектiнiң айтылған ойдың шындыққа сәйкестiгi жөнiндегi көзқарасын білдіруде қолданылатын сөз ретінде көмекшi сөздер тобына жатады. Модаль сөздердiң даму жолдары барлық тілдерде бiркелкi емес, сондықтан бұлардың сандық көлемi де, жалпы табиғаты да түркі тілдерінде әлі нақтыланбаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]